Нұр-Сұлтан қаласы Топ: мрк-131 Орындаған: Болатбек Нұрсұлтан



бет3/3
Дата07.11.2022
өлшемі10,69 Kb.
#47946
1   2   3
Байланысты:
Ақпаратты қабылдау принциптері-emirsaba.org

Қызықты деректер


  • Нұр-Сұлтан қаласы – әлемдегі Ұлан-Батордан кейінгі екінші суық қала болып саналады. Тіпті, елордамыз Канаданың Оттавасын да суықтығымен басып озыпты.

  • Қаладағы ең қысқа көшенің ұзындығы 358,7 метр ғана. Ол Біржан салдың атымен аталады (ескі атауы – Вокзальная)

  • Нұр-Сұлтанда ұзыннан-ұзын созылып жатқан ғимарат бар. Oның ұзындығы екі шақырымға дейін жетеді. Әрине, ол – Министрліктер үйі.

  • Астанамыздың алып жатқан аумағы 800 шаршы шақырымды құрайды. Ол Бахрейн, Андорра, Кирибити секілді мемлекеттердің жер көлемінен де үлкен

  • «Астана Опера» орталық Азиядағы ең үлкен театр. Оның басты залы 1250 орынға арналған, партеріне 450 көрермен сияды. «Ла Скала» секілді дүние жүзіндегі үздік опера театрының залына ұқсастырылып, бірнеше қабатты етіп салынған,алайда ұлттық өю-өрнекпен көмкерілген. Оның сыртындағы ғимаратта сегіз қосымша зал мен 11 репетициялық орынжай, 205 орынға арналған камералық музыка залы бар.

  • Әзірет Сұлтан» – Орталық Азиядағы ең әдемі әрі ең зәулім мешіт. Елбасының бастамасымен екі жыл ішінде салынып біткен мешіттің құрылысын Түркияның «Сембол Иншаат» компаниясы жүргізген

  • Нұр-Сұлтан қаласының айналасында 75 мың гектарға созылып жатқан жасанды жасыл белбеу бар. Онда 9 миллионнан аса ағаш өседі.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.

Назарларыңызға рақмет!!!


http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет