Жазушы Мархабат Байғұттың әңгімелерінде өмірдің әрбір сәттері,
оқиғалары және кейіпкерлердің іс-әрекеттері шынайылығымен, көркемдік
тұтастығымен, табиғилығымен ерекшеленеді. Бұл – қаламгердің өмір-
тіршілік атты қыры мен сыры көп, иірімі мен нәзік тұстары аса мол дүниені
терең білгендігінен, суреткерге тән тәжірибесінің аса жеткілікті мөлшерде
болғандығынан деп ұғынамыз. Өмірлік бай тәжірибе көркем шығарманың
тұшымды әрі шынайы болып шығуына ықпалы өте зор болмақ. Бұны
әдебиеттанушы Зейнолла Қабдолов та «Сөз өнері» атты кітабында атап өтеді
Жазушының журналистік және қоғамдық-қайраткерлік қызметтері
көркем әңгімелерді шынайы әрі шындыққа сайма-сай жазуына да әсері аз
тимеген. Оқырмандардың тарапынан ыстық ықыласқа ие болған көркем
әңгімелері соның айғағы.
«Бір дорба диплом» әңгімесіндегі басты кейіпкерлер: Қаншайым
Серперова және авторлық «Менге» ие кейіпкер сырттай оқыса да өз
30
мамандығына адал жандар. Олар, тіпті, Орхон-Енисей жазбаларына арналған
кешті де өткізуде белсенділік танытады. Олардың білімі мен біліктілігі
күндізгі бөлімде оқитын студенттерден бір мысқал да кем емес. Рас, мұндай
да өмірде аз кездеспейді. Жоғары оқу орнында дәріс бергендіктен, осылай
деп айтуға құқымыз бар деп білеміз.
Жоғарыда аталған әңгімеде өмірде кездесетін түрлі келеңсіз іс-
әрекеттер де, жеңілтек жүріс-тұрыстар да, сөздері мен істері үйлеспейтін
тұлғалар да өмірдің өзінен ойылып алғандай әсерге бөлейді. Әлдекімге
кіжінесің, әлдебіреуіне ренжисің, кей-кейлеріне бүйрегің бұрады. Ешкімге
кінә артпайсың. Өйткені әңгіме-өмірдің бір-ақ сәті – көркем туындыға негізгі
арқау болған. Жазушы шеберлігі арқасында сырттай оқыған студенттердің
диплом алғаны, жоғары оқу орнын бітіргендері қаз-қалпында көркем әрі
терең ойлармен өрнектелген. Мұндай қасиет кез-келген қаламгердің еншісіне
бұйыра бермейтіндігі де мәлім.
Жазушының «Адал адам» әңгімесінің көтерер жүгі едәуір. Мұнда адам
баласының бойындағы терең психологиялық иірімдерімен біргелікте, түрлі
ситуацияларда
әңгіме
кейіпкерлерінің
өзіне
тән
ерекшеліктері
менмұндалайды. Автордың көркемдік-поэтикалық баяндаулары мен
кейіпкерлер тілі үндесіп, тұтастық қалып танытады. Әңгіме шынайы өмір
суретін көз алдымызға елестетеді. Оқи отырып, сол әңгіме кейіпкерлері
арасында жүргендей сезімге бөленесіз. Бұл – жазушы шеберлігі. Суреткерлік
қабілет-қарымы. Сөз өнеріне қалтқысыз берілген қаламгердің өзіндік
қолтаңбасы. Сөз өнеріне деген ақ адал іс-әрекетінің ізгі де игі ниеті.
Әңгімеде жасандылық жоққа тән. Бәрі де табиғи. Көркемдік
табиғатына сай үйлесімді. Әңгіменің басты кейіпкері – адал адам Тағай.
Шыны керек, Тағай адал. Іс-әрекеттерінде әділдік атаулысы менмұндалап
тұрады. Кеңестік ұжымдық құрылыстың, яғни колхоздың мүддесін қорғай
алады. Қатардағы колхозшы, тракторшы. Колхоздың мүлкіне қол сұқпайды.
Тіпті, әйелі Садыркүл пешке су тиген тезекті тұтатып алу үшін жарты шелек
керосин сұрағанда бермейді. «Жоқ, – дейді Тағай шынымен-ақ. Қоғам
мүлкіне қол сұға алмаймын, кәпіратта кірәсін көп, барып алыңдар».
Және де. Тағай үйіне трактормен бірге тіркемесін тіркеп келгенде,
Садыркүл оның үстінде әк бар екендігін көреді. Әктен бір шелек алып
қалғысы келетінін айтады. Тағай бұл ретте де жібімейді. «Колхоздың өзіне
жетпей жатқанда, тартқылама. Әк зауыттан әке-көкелеп әзер әкелініпті.
Пермені әктемесе, тауық жұмыртқа таппайды. План жоқ, білдің бе? Кеттім.
Бұдан былай бұлай ызыңдама. Жаман үйреніп кетесің. Бір алдың ба бітті.
Тоймайсың да, қоймайсың да....»
Тағай соншалықты адал болғанымен, әйелі Садыргүлдің де ашуына
тиеді. Әрине, әйелі де үй тірлігіне адал. Сол үйдің сәні мен мәні. Өз үйінің
әсем де әдемі болғанын, қазаны қайнағанын жақсы көреді. Жетпей жатса,
оған ренішті болуы да заңды. «Саған соғыста жүргенде құдайдың оғы да
төтелеп тимей қисайып кеткенін қарашы» деп өкпе назын білдіруі де табиғи.
«– Құдайдың емес, фашистің оғы десеңші. Тимеді ғой, тимеді. Тигізе
31
алмадыңдар» дейді Тағай да өз кәсібіне бір мысқал да алақолдық танытпаған
ақ адал мінезімен.
Әңгімеде соғысқа дейінгі, одан кейінгі жылдардағы ел өмірінің
тапшылығы, кейіпкерлердің шынайы мінезі көркем әрі айқын суреттелген.
Жақсы оқыған мектеп оқушысы Жақсылықтың үстіне киетін қажетті екі
майкасы мен екі трусиінің болмауы себепті пионер лагеріне бара алмай
қалуы, оның орнына аса бір сыйлы, құрметті апайдың бір баласының баруы,
әрине, өмірде аз кездеспейтін жағдаяттар болатын-ды. Автор мұнда ешкімді
де жазғырмайды. Өмірді қаламгерге тән суреткерлік шынайылықпен
бейнелейді.
Тағай – тым жуас, жайдақ. Әйтсе де, туған топырағына деген сезімі
айрықша. Туған ауылын ірілендіру мақсатында басқа жаққа көшірмекші
болғанда, ол шенеуніктерге қарсы болады. Сол үшін де ол бригадирлік
лауазымымен қоштасады. «Бригадир дегеніңіз, біздің ауыл үшін аса үлкен
өкімет» дейді жазушы өз әңгімесіндегі авторлық баяндауында. Нақтырақ
айтқанда, бірінші жақпен айтылатын кейіпкер тілімен өрнектеп.
Тағай мен Садыргүлдің үйленуі де қызық. «Тағай ағайдың сызыла
айтқан лебізі, жаңа костюмнің лебі Садыргүл апайды сиқырлап қойған ба,
«мікәнизатір» сөзі құлағына майдай жағып, жүрегін елжіретіп жөнелген
дейді. Құрып қалғанда, кеңседе бірдеңенің есебін алып, есепшот қағып
отыратын адам шығар деп түйген. «Микәнизәтірінің май-май тракторшы
екенін білгенде бар ма, маңайынан жоламас, маңайына жуытпас.
– Құдайақы, алданып қалдым, – дейтін кейін Садыргүл апамыз. –
Мікәнизәтірмін деп шіренгені-ай шіріктің. Түсінсемші сонда.» Мінеки,
шағын үзіндіде қаншама ой, немесе ішкі сезім, түйсік түйткілдері бар
десеңізші. Қазақ тілінің жылы да жайдары, ойнақы да ойлы, сергек те жанды
сергіткіш иірімдері соншалықты шебер берілгеніне, сөз бен сөйлемдердің
ішкі қуатына, сыртқы әлеуетіне қайран қаласыз. Жазушының төл тілімізді
төбеге көтере өмірді ақ қағаз бетіне көшірген, көшіріп қана қоймай сөз
өнеріне тән өнер туындысына айналдырған зергерлігіне тәнті боласыз.
Осынау әнгімені талдау аздық етеді. Оны оқып шығу керек. Оқырман
тұшына оқиды. Керемет те, ғажайып сезім әлеміне, ой дүниесіне, жеке
адамдар сарайының әралуан тағдырына тап келеді. Танымы кеңейеді,
дүниетанымы жаңа өріске ие болады.
Әңгімені оқи отырып, еліміздің өміріндегі кейбір науқаншылдық іс-
әрекеттердің көз алдымызға келуі, әрине, заңды. Соның бірі – ауылдарды
орынсыз көшіруге, жер қыртыстарын оңды-солды жырту мәселелеріне
Тағайдың қарсылық танытуы дер едік. Кезінде қоғам жеке адамдардың
салиқалы да байыпты ой-пікірлеріне, олардың ата-баба аманатына адал ізгі
істеріне қолдау танытпады. Қазірде ауыл – халқымыздың береке, бірлігі мен
ынтымағының, тілі мен дінінің, ділі мен бүкіл менталитетінің ұйытқысы
екендігін толықтай ұғынып отыр. Ал жерлерді жаппай жырту топырақ
эрозиясына, жер экологиясының бұзылуына тікелей әкеліп соғатынын қазіргі
таңда ғалымдар қауымы ашық мойындауда. Адал адам Тағайды кезінде
32
колхоз басшылары түсінбеді. Түсінуі мүмкін де емес-ті. Өйткені, алып
мемлекет аталған күні кешегі КСРО ұлтарақтай жердің қадірін
жалпыодақтық мүдде тұрғысынан қарауды әдет еткен-ді.
«Абитуриент – 88» әңгімесі де көркем, ойлы. Естен шалдың ойы нақыл
сөздердей ұғынылады. Ойландырады. Ол былай дейді: «Ауылда тәтті тамақ
көп, ал дәмді әңгіменің қиюы қашқан ба деп таңданады». Мұнда бүгінгі
өмірдегі кереғар тұрмыс көрінісі де жылт еткендей болады.
Естен қария өз балаларының жоғары білім алғанын қалайды. Бірақ
жалғыз ұл әке арманын жүзеге асырмайды. Жалғыз ұлдан көрген үш
немеренің алғашқы екеуі де жоғары оқу орнына түсуге құлқы болмайды. Тек
қана кенже немересі – Өркен ата үмітін ақтауды басты мақсат тұтады. Естен
қарияның арғы тегінде бұдан жүз жыл бұрын Естемес деген атасы медреседе
оқыпты. Ендігіде әулет атын шығарады-ау деген Өркенге Естен шал сол
тарихты сыр етіп шертіп береді.
Естен шал бұдан жүз жыл бұрын медресеге оқуға барған. Талапты да,
зерек Естен ынты-шынтымен оқуға кіріскен. Бұрын естімеген талай данагөй
ақындар мен ғалымдардың есімдеріне қаныққан. Бірақ медреседегі оқу бұны
титықтатқан. Себебі оқудың қиындығы емес. Оқу, тіпті, кітаптарды ақтару ол
кезде тегін болмайтын. Медресеге оқуға әкеліп, сол жерде қалдырған әкесіне
мұндағылар біраз тапсырма береді. Оны орындау тұрмысы оншалықты
қоңды емес әкесіне оңайға соқпайды.
«Уайымға уланбай, жақсысы болса, бойыңа құя бер, атаңа нәлеті,
таудың арқарын әкеп тұрсам да, бір сені аш етпеспін. Оқытармын. Қала
берсе, ешкілі байға жалданармын. Сен үшін көнермін бәріне», – дейді әкесі.
Бірақ «Адамның дегені бола ма, сірә?! демекші, әкесі медреседегілер
үшін былқылдаған еті бар екі қойды, былғары мен екі қап тарыны таба
алмайды. Қолының қысқалығы ойлағанын болдырмайды. Сөйтіп, Естемес
медреседен шығып қалады. Еліне оралады. Ағайындары да ел ішінен жылу
жинап бере алмайды. Берекесі кеткен тірліктің аяғы құрдымға кетеді. Әйтсе
де оқуға, білім мен ғылымға деген ынта-ықыласы ғұмыр бойы көкірегіне,
жүрегінің төріне мықтап орналасады. Сол себепті де, келер ұрпағы өзі жүзеге
асыра алмаған арманын орындар деп үміт отын жағумен болады. Көкейдегі
мақсатпен ендігіде немересі Өркеннің «Абитуриент-88», яғни 1988 жылы
жоғары оқу орнына түсуге үміткер, талапкер болатын шақ аралығы тұп-тура
бір ғасырға тең екен. Бұл да ерекше жағдай. Қаншама уақыт өтсе де, араға
ғасыр салып өзі жетпеген биікке қол созған немересіне Естен шалдың
шынында да көңілі мен ықыласы мүлдем алабөтен еді. Көңіл сарайының
қорғасынша балқуы да балалық шақтағы аппақ арманынан туған патша-
көңілінің күмбірі жаңғырған алтын сарайының әлемі болатұғын.
Әңгімеде ұрпақтар жалғастығы, буын үндестігі, келешекке деген ерен
ұмтылыс, асқақ ниет үміттері анық байқалады және аңғарылады да. Үмітке
үкі таққан аға буынның кіші буынға адалдығын пайымдаймыз біз осынау
әңгімеден.
33
Көркем әңгімеде: «Әттең өзіңдей талаптылар қазақ ортасынан көп келе
бермейді, – дейтін Ахмет мүтәржім. – Келе қойғанымен, көре қоятын біз
бармыз ба? Саған қазірдің өзінде біраз кітапты оқи беруге болар еді. Амал
қанша, қарағым, бәріне ақы-пұл тілейді. Оған сенің жағдайың жете қоя ма?!
Міне, гәп қайда.» дейтұғын көкірек көзі ашық ұстазбен біргелікте, дүние-
байлықтан өзге ештеңе де мәселені шешпейтінін ұғындыра білетін
кейіпкерлер де бар. Мәселен, Мәшырап мұғалім былай дейді: «Уһау, ешкілі
бай немересі Естемес талапун, естуімше екі кітабны ақысыз-пұлсыз алған
көрінесіз. Екеуі де екі қойлық китаблар екенін есіңізден шығармаңыз.
Осынау
екі кейіпкердің іс-әрекеттері, дүниетанымдары мен
көзқарастары өмір-керуен атты сауда көшіндегі шырқыраған шындықтың
бірер пайымдаулары ғана. Шебер де шыншыл суреткердің, өмірден түйгені
мен білгені мол қаламгердің өмір суреттерін табиғи түрде, жасандылыққа
ұрынбай бере білуі де шығарма құндылығын айтарлықтай арттырған.
Жазушы Мархабат Байғұттың шығармаларында юмор, жылы күлкі жиі
кездеседі.Оқисың. Жылы жымиясың. Жаның жадырайды. Көңіл әлемің
кеңейеді. Бұл – қаламгер әңгімелерінің оқырманға сыйлаған құдіреті.
«Жалбыздының жағасында» әңгімесіндегі оқиға сарыны – қарапайым
ауыл әйелінің тұрмыс-тіршілігі. Бірақ сол жайшылықтағы әңгімеге көркем
сөз өнері арқылы жан біткен. Он бала туып, өсіріп, тәрбиелеген Орынкүл
балаларымен бақытқа кенелген. «Рас, нан жабудан-ақ шаршайды. Ойы-ба-ай!
Балалар да қиын-ау. Мына жақтан жауып жатса, мына жақтан жеп жатады.
Орынкүл күліп қойып, маңдайынан шып-шып сорғалаған терді сүртіп,
қайтадан нан ашытуға кіріседі-әй».
Керемет оқиға. Ғажап сурет. Ғаламат іс-қимыл. Осынау Орынкүл
секілді көп балалы ананың тамаша мінез-құлқын жазушы қаламы арқылы көз
алдымызға елестетіп, ана бақыты, шіркін, осындай-ақ болар деген ой
қорытасың. Ананың балалар үшін еткен еңбегі, оның рахатқа малынған
күлкісі, шыны керек, оқыған жанды сәулелендіреді. Нұрландырады. Неткен,
аналық мейір-шапағат десеңізші.
«Нанды жеп қойдыңдар!», «Ауыздарың бір тынбайды!», «Нан жауып
өлетін болдым-ау!» демейді. Мейірленеді. Күледі. Маңдайдан аққан терді
бар-жоғы сүртіп тастайды. Сөйтеді де, қайтадан нан ашытуға кіріседі. Бір
баласын көтеріп, бір баласын жетелеп жүретін Орынкүл ана – халқымыздың
әз анасындай аңғарылады. Әлем осындай аналардың арқасында көгеріп,
көктеп тұр-ау, сірә. Осынау мейірбан да аяулы ана бейнесі үшін жазушыға
қалайша ризашылық білдірмессіз.
Әңгімеде қала мен ауыл арасы, ондағы адамдардың бір-біріне деген
көзқарастары да оқырман жүзіне жылы жымиыс дарытады. Мысал
келтірейік: «Қара үйдің бесінші қабатында, балконда белуарына дейін
жалаңаш семіз адам тұр екен. Бұған қарап миығынан күлді. Қапшық арқалап,
аптапта ақжемденген фуражке, қара костюм киген, шып-шып терге түскен
Тұрсынбекке күліп тұр, әри-не. Е, күле берсін. Кім-кімге күлмейді бүгінде.
Тас үйде, сан қабатта Құдықсайдың теректеріндегі ұяда солықтаған шымшық
34
құсап көрген күндерің бар болсын! Сен маған күлдің ғой, мен саған күлем.
Ал, әйтпесе! Шымшық құсап, айнала алмайтын балконыңда аузыңды ашып,
тамағыңды бүлкілдетіп, неменеге мәз боласың?! Миығынан күледі. Мұздай
суым, ыстық суым, тағы басқаларым үйімнің ішінде дерсің. Ал мейлі. Суың
жақсы-ау, мұздайы, суығы. Тағы басқаларың қиын да. Өзі көкінеңмен қатар
тағы. Күледі-әй, маған барып. Қапшық па, қапшықты тапсаң, арқаларсың.
Мұның ішіндегіні көрсең, күлкің тиылып, көзің жайнап кетер. Қаладелнегің
бос-ау, ә?!»
Осынау эпизодта қаншама сурет, нешеме психологиялық терең де сан
қатпарлы иірімдер бар десеңізші. Бұны үзіп-созып айтуға болмайды. Тұтас
алып қарау керек. Дәлірек айтқанда, көркем әңгімені бастан-аяқ оқып
шыққанда ғана кейіпкерлердің болмыс-бітіміне толықтай тұшынасың.
Иланасың. Адамдар бейнесінің жанды галереясы әртектілігімен есте қалады.
Тіпті, кейіпкерлерінің өзі төл тілімізді шебер, ойнақы, ойлы әрі нәрлі қолдана
білуде өзіндік ерекшеліктерге ие. Мәселен, осы әңгімедегі Тұрлыбек төл
тіліміздің сөздік қорындағы ойбай одағай сөзін ойы-ба-ай деп қолданады.
Мысалы: «Ойы-ба-ай, мынаны-ай!» Осынау қолданыстағы сөз жалаң,
жадағай айтылмайды. Өзінің шашын өзі жұлатындай кейіпте естілмейді.
Толғаулы әрі сахналық өрнегі бар бояуымен айшықталады.
Көп балалы ана Орынкүлге орден тағуға келген Атабек, шашын да,
ернін де бояп алған Ольга Тимофеевна, солармен бірге ауданнан ере шыққан
Рахима Рахметовнаның бейнелері таныс болса да бейтаныс, өзгеше
кейіпкерлер секілді, жанымызда күнде көріп жүрсек те, жаңа сипатымен
танылған жандар. Әлі де болса, көп бала тууды білсе де, өзіне қарауды әлі де
басты міндет санамаған әзіз ана Орынкүлдің табиғи болмысы да аса
жылылығымен, аналық қасиетімен кеуде төрімізден берік орын алады.
«Көрпесайдың кітапханасы» әңгімесінде де нақты оқиғалар желісімен
құрылған сюжет бар. Әңгіме кейіпкерлері – қызыл дипломды жас инженер,
кітапханашы Сейсекүл-Комаки, Көрпесай аулындағы кітапханашы қыз
Гүлзира, бойжеткен мен бозбала жігіттерді аңдушы жап-жас өрімдей бала
Орман, тынымсыз шал және тағы басқаларының іс-әрекеттері, сөздері,
мінездері, қылықтары оқырман жадында жақсы әсер қалдырады.
Жас инженер мамандығын таңдаған жігіт Алматыда оқып жүріп,
Гүлзираны жақсы көріп қалады. Әрине, Гүлзира да жас сезім иесі. Екеуінің
алғашқы кездесуі. Алғашқы сөздер. Екеуінің ізін баққан жап-жас бала
Орманның ысқырып, олардың оңаша кездесулерін жарияға жар сала естіртуі
өмірдің өзіндей табиғи суреттеледі. Сол Орман кейініректе Гүлзираны
қолына түсіреді. Бірақ олардың да тағдыры аянышты.
Жас
инженердің Сейсекүл-Комакиге ендігіде ғашық болуы,
кітапханашы келіншектің маскүнем күйеуі – бәрі-бәрі де тағдыр талқысы әр
қилы кейіпкерлердің көркем әңгімеде таңбаланған бейнелерімен құнды.
«Махаббатта да майдандағы сияқты әркімнің өз тағдыры болады» деп
американдық жазушы Теодор Драйзердің сөзін есте тұтқан жас келіншек-
кітапханашы тағдыры да оқырман қауымды бейжай қалдырмайды. Өйткені
35
кітапханашы қызды жас инженер жапонның айтулы кино жұлдызы Комаки
Курихараға ұқсатады. Оның сұлулығы, әдемілігі, ашаңдығы, шашын иығына
таман тұстан қырқып, бұйралап қойғаны жас инженердің жүрегіне шоқ
салып, сүйіспеншілік отының жануына қатты әсер етеді.
Алайда
кітапханашы келіншек пен күйеуінің басы бірге
қосылғанымен екеуінің дүниетанымы, көзқарастары мен талғамдары кереғар,
бір-біріне қарама-қарсы. Кітапханашы келіншек Сейсекүл-Комаки ішкі
дүниесін ақтара былай дейді: «Ал күйеуім кітапты жек көреді. Кітап
атаулыны көргісі келмейді. Мені кітаптың кейіпкерлерінен қызғанып өле
жаздайды. Үйімізде бірде-бір кітап жоқ. Кітап көрсе өртейді. «Сен
кітапхананы қашан тастайсың, мен арақты сонда тастаймын», – дейді. Ал
кітапсыз, кітапханасыз мен қалай ғұмыр кешпекпін?» Бұл оның жан сыры.
Әңгіменің соңы Сейсекүл-Комакидің кітапханадан өз қызметінен
кетуімен аяқталады. Оның кітапханашы қызметін тастап кетуімен біртіндеп
күйеуі де арақты біржолата қойып кеткенін автор баян етпейді.
Суреттемейді де. Бәлкім олардың тағдыры мүлдем өзгеше де болған шығар.
Мүмкін олай емес те шығар. Әйтсе де, өмір-тіршіліктің құпиясы мен
жұмбағы аса мол бір қыры жазушы әңгімесі арқылы жан-жақты әрі әсерлі де
өрнекті тілмен оқырман қауымды ыстық ықыласқа бөлейді.
Қаламгердің «Айып» әгімесінде бірнеше эпизодтардан құралған
біртұтас сюжеттер бар. Олар: ауыл тіршілігі, онда тұратын тұрғындардың
кескін-келбеті, болмыс-бітімі, психалогиясы. Кейіпкерлері – кәдімгі ауыл
адамдары. Мәселен, Арысбайдың ұл-қыздары мектеп бітіріп, ұзаққа кетпейді.
Жоғарғы оқу орнына түспек болып, алыс қалаларға жол тарпайды. Үлкен
ұлы мектепте алған тракторшы кәсібін ендігіде өзіне таңдап алады.
Жазушы өзінің авторлық поэтикалық баяндауында оны былайша
суреттейді: «Жүр енді май-май болып. Май-май болғанына мақтанатын да
секілді. Маубас. (Арысбай осы жерге келгенде табанының астына бір
түкіреді). Дегенмен өзі қолға алған жұмысын аяғына дейін жеткізетін істің
көзін, ығытын таба білетін адам сияқты. Мектепте алған мамандығым деген
секілді, мектепте бірге оқыған қызым деп, осы күнгі келінін жетектеп келді.
Осы менің әке-шешем бар-ау, олар не дейді-ау, дайындалуы керек-ау деу
жоқ. Ойлану да жоқ, толғану да жоқ, жетектеп әкеп тұр.»
Осынау әңгімедегі кейіпкер тұлғасы әбден айшықталған. Бейне
сипатында ешбір боямасыз суреттеулер жоққа тән. Өмірдің өзіндей. Тіршілік
жасап жүрген өз замандастарымыздың, нақтылып айтқанда, кейінгі буын
өкілдерінің жастыққа тән албырт та алғашқы асау, ыстық та бір-біріне
ынтық болған, тізгінге көнбес іс-әрекеттері шынайы әрі табиғи қалыпта
аңғарылады.
Жазушының көркем әңгімелерінің бірқатарында кейіпкерлердің сөйлеу
мәнерінде, сондай-ақ авторлық поэтикалық баяндауларда, диалогтар мен
монологтарда әдеби сөздерді жергілікті сөз қолдану аясындағы
ерекшеліктерімен беру үдерісі жиі кездеседі. Бұл, бәлкім, керек те секілді.
Өйткені қаламгердің жазушылық лабороториясына мұндай тәсілдер тән
36
сияқты. Оның үстіне қаламгер бүгінде әбден қалыптасқан әрі қазақ
әдебиетінде өзіндік қолтаңбаға ие суреткер. Сол себепті жазушыға көркем
шығармаларын тек қана әдеби тіл ауқымында жазу қажет деуге әсте де
емеурін білдіре алмайсыз. Жергілікті сөз қолданыстарының өзі көркем
дүниенің табиғатын аша түскендей түйіледі. Мысалы: «– Ойпырай, өсігүннің
балдары-ай!» және де: «Бешірін» де, «кешірін» де өткізіп берді».
Сондай-ақ автор бір-ақ ауыз сөзбен әңгіме кейіпкерінің мінезін ғажап
бере білудің шебері дер едік. Мысал келтірелік: «Келіннің тілін шығармай
тұрып, өз алдарыңа үй етелік». Керемет емес пе. Қазақ сөз өнерін осылайша
құлпырта отырып, автор қалайша мінез иесінің болмыс-бітімін алдын-ала
көріп, біліп, болжалдай алған десеңізші. Болашақта болмай қоймайтындай
келеңсіз іс-әрекеттердің алдын алуға бағытталған сөз орамдарының
мұншалықты қысқа әрі нұсқа, дәл әрі көкейге қонымды айтылуы басқаша
болмаса керек-ті.
Осынау әңгімедегі Жүзімкүл бейнесі де шыдамдылықтың, төзімділіктің
көрінісіндей әсер етеді. Және бір үзіндіні оқырмандар назарына ұсынғанды
жөн санадық: «Екінші ұлы да осылайша Кемерде қалып қойды. «Қайда жүрсе
де аман болсыншы», – деді Жүзімкүл. «Сенің осындай сөзің ғой етектен
тартатын, етек-те-ен, – деп күйіп-пісті Арысбай. – Ойпырай, балам Састөбеде
ғой, кешкі автобуспен келіп қалатын шығар деген сөзді айтқан да бір ғанибет
екен-ау!» «Қайда жүрсе де аман болсыншы», – дейді тағы да Жүзімкүл.
Соғыстан үш ағасы бірдей келмей қалғандықтан, әлі күнге дейін көкірегі қарс
айрыла күрсінетін. Балаларына бір рет те қатты сөйлеп көрмеген шығар.
Үзіндіде келтірілген Жүзімкүл ана бейнесі ұлттық әдебиетімізде аз
кездеспейтін бейне. Қашанда орнықты іс-әрекетімен, ақыл-қайрат
шеңберінен ауытқымай сөйлейтін, парасаты мен пайымы төгілмейтін,
шашылмайтын қайран аналар галереясы деп ұғынамыз біз бұны.
Әңгімеде отбасы тәрбиесі, әке мен баланың қарым-қатынасы секілді
мәселелер көрініс тапқан. Рас, әңгіме бүгінгі заман тақырыбын
қаузағандықтан тәрбие мәселесіндегі жаңа жағдаяттарды елеп-ескерудің де
қажеттілігі оқырмандарға ой салғызады. Той-томалақтарда бір емес, төрт-бес
рет төбелес шығарған екінші баласы Ермекжанды әкесі Арысбай өлтіре
таяқтайды. Баласы ауыр халде ауруханаға түседі. Сұрақ-жауап алған
милиция қызметкері Арысбайдың ендігіде сотталатынын хабардар етеді.
Бірақ баласы мен кеңшар директоры тарапынан оңды мінездеме
алынғандықтан Арысбай соттан аман қалады. Тек қана айып төлеумен
шектеледі. Әңгімеден ұғынар тағылым аз емес. Соның бірі – төбелес ешкімді
де ұшпаққа шығармайтыны хақында. Зорлық-зомбылық көрсету, күш таныту
– бүгінгі қоғамның, оның адамдарының сән-сәулеті еместігін ұғындырады.
Адам болу, қайткенде адам болып қалу – әңгіменің басты айтар арқауы.
Негізгі өзегі.
Адамдар мінезін, психологиясын, оның терең иірімдерін көркемдеп,
жан-жақты көрсетуде, авторлық поэтикалық баяндау арқылы жеткізуде
жазушының шеберлігін атап айтпасқа болмайды. Мысалы, қаламгердің
37
«Варвараның көмбесі» әңгімесіндегі озат малшы Қаламанның бейнесі өте
терең берілген. Қаламан қандай кейіпкер? Жазушының бейнелеуінше «Қабақ
шытпайтын, ашуланбайтын, төбесіне шығып алып шот шауып жатсаң да
мыңқ етпейтін адамдар болады, әрине. Ондай адамдарды басынатындар да
жоқ емес. Қаламан да өзін менсінбейтіндерді, басынғысы келетіндерді, өзіне
күлетіндерді білмейді емес, біледі. Сезбейді емес, сезеді-ақ. Бірақ білмеген,
сезбеген, түсінбеген болып жүре береді. Олармен алысып-жұлысуға,
салғыласып жатуға уақыты да жоқ. Уақыт жетпейді. Алдындағы малы түгел,
қоңы жақсы болса, үйіндегі шаруашылығы тап-тұйнақтай, бала-шағасының
ойын-күлкісі ойдағыдай болса, одан артық не керек?» Қарапайым еңбек
адамының мінезіндегі сан алуан иірімдер кейіпкердің күрделі мінез иесі
екендігін танытады.
Қаламан сондай-ақ сырттай жуас болып көрінгенмен 6 қыз, 1 ұлының
тәрбиесіне қатал. Жас кезінен көршісі Варвара апайдың қиярды, помидорды,
капустаны, қалай егіп, қайтіп баптайтынын үйреніп алған. Картоп егуде де
шебер атанған. Көршілері ұзақтағы Жуалыдан картоп әкелуге бара жатса,
Қаламан бұл өнімді өз бақшасында өсіреді. Еңбекқор. Әйелі де мықты
сауыншы. Өз кәсібін дөңгелете білген кәсіпкерлер. Мұндай жандар жеке
тұрмыс-тіршіліктерінің көсегесін көгертуді жан-жақты ойлаған бейнелер
санатынан деуімізге әбден болады.
Еңбек ете білудің, оның қыры мен сырына үңілу «Варвараның
көмбесінде» өте мол. Көркем сөз бен әсерлі баяндау, кейіпкерлердің іс-
әрекеттеріне молынан тұнған эпизодтарды ынты-шынтымен оқып шығасыз,
құрметті оқырман. Эпизод және сюжет мазмұнын баяндап беруден гөрі
жазушы әңгімесіне құлақ салалық: «Ал жайшылықта ғой Қаламанға
күлетіндер табылады. Асырамайтын, екпейтін нәрсесі жоқ дейді. Құстың
неше түрін, тіпті, кептерге дейін өсіретініне, тіпті, бұл өңірдің адамдары
ұмытып кеткен жасымыққа дейін егетініне күледі. Күлуін мәз болып күледі-
ау. Бірақ соларды үйіне шақырса, қаздың жілігін қайқайып отырып мүжиді.
Осындай ерте көктемде сол күлетіндердің көбі тұзсыраған танадай болып,
мұның көмбесіне көз сүзеді. Тұздалған қияр, помидор, капуста сұрайды.
Бермесе өкпелейді. «Шөп-шаламды да әлдеқандай қылып...» – дейді. Өздері
тәжірибе алмасып, үйренейін демейді. Жалғыз малға сенуге болмайтынын,
жайылымның жылдан-жылға тарылып бара жатқанын байқағысы келмейді.
Айтқанды ұқпайды, жүре тыңдайды. Солардың көпшілігі ағайын-туыс.
Қалиманы алғаннан кейінгі екі-үш жылда айрансыз, малсыз қалғанда бірде-
бірі айран іш, май же деп айтпады ғой, айтпады. Әне туысқа-а-ан! Қайта
Варвара кемпір бұлармен барын бөлісіп, көмбесіне кірісетін.»
Мінеки, осынау әңгімедегі эпизодта талай-талай сыр жатыр. Шынайы
еңбек қана масылдықтан құтқаратындығына меңзейтін ой айтылады.
Ұлы Абай да осындайда:
Адамзат тірілікті дәулет білмек,
Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек.
Екеуінің бірі жоқ, ауыл кезіп,
38
Не қорлық құр қылжаңмен күн өткізбек, –
демеп пе еді. Қазірде де еңбек ете білу, шаруашылықты әртараптандыру
мәселелері де адам баласына келелі міндеттерді жүктеп отыр.
Жұмыс істемей-ақ дайын асқа әзір кейіпкер де осы әңгімеде кездеседі.
Ол – Қаламанның Әбден есімді ағайыны. Әбденнің жай-күйін, іс-әрекетінің
нобайын мына бір сөйлемдерден-ақ байқауға болады. «Баяғы жатыс, баяғы
ұйқы. Шымкенттегі тас үйлердің бесінші қабатында жатқандай ұйықтайды-
ау, бәтшағарлар. Шарбағы тозып, малы қысы-жазы оңалмайды. Не союға, не
сатуға жарамайды сорлы мал. Әйелі де, балалары да аурушыл-ақ. Клубтың
бір бұрышындағы фельдшерлік пункттің алдын бермейді. Әрине,
Қаламаншалап айтқанда, уақтылы ыстық ішіп, әсіресе аптасына бір мезгіл
құс етін жеп, сорпасын ұрттап, тұздалған көкөністі қытырлата шайнамасаң,
ауырмағанда не істейсің. Баяғыдай қымыз бен құрт болса ғой, май мен айран
жетіп жатса ғой, оның жөні бір басқа... Соны түсінгісі келмейді, бекер-босқа
жатыс, бекер-босқа ұйқы». Абай хакім өз кезінде айтқандай:
Орынды іске жүріп, ой таппаған,
Не болмаса, жұмыс қып, мал таппаған.
Қасиетті болмайды ондай жігіт,
Әншейін құр бекерге бұлғақтаған, – деген хал-ахуал әлі күні
де аяқ-қолы балғадай, бірақ еңбек етуге, маңдай тер мен ақыл-ойды дұрыс
бағытқа жұмсап, адал кәсіптің нәсібін татуға құлықсыздардың қатарын дәл
айқындап, аңғартқандай.
Әңгімеде салыстырулар да өзіндік сипатқа ие. Мәселен, Қаламан –
«Победа» колхозы секілді. Өйткені Қаламан осы колхоз секілді еңбекте озат.
Тұрмыста ілгері. Жағдайы күйлі. Ал Әбден – «Еңбек» колхозы іспеттес.
Қимыл, әрекетке жоқ. Баяғы ілби жүру. Ер-тоқымы мойнына кеткен тірлікке
ие. Әйтсе де, әңгіме бастан-аяқ жылы юморға, жадыраңқы көңілге толы.
Оқырман бүгінгі ауыл адамдарының хал-ахуалына, тұрмыс-тіршілігіне,
жаһандану дәуіріндегі кескін-келбетіне мейлінше қанығады. Бір жасап
қалады. Әңгіменің шеберлігі соны меңзейді.
Әңгіме – қысқа жанр. Проза саласының патшасы. Қысқа ғана көлемді
қамтитын әңгімеде айтар ой, іс-әрекеттер мен мінездер, бейнелер әлемі,
шыны керек, оқырманның рухын биіктетіп, шаршап-шалдықпас қуат
дарытады. Бұл ойдың растығына жазушы Мархабат Байғұттың «Алпыс
үшінші жылғы махаббат» атты әңгімесіндегі Бағдаттың сөзі де дәлел бола
алады. Ол былай дейді: «Қазіргідей қым-қуыт, қиын кезеңде оқырманның
жүйкесіне түсетін салмақ қандай ауыр десеңші! Сондықтан, кей-кейде тым
қиын шырларға бармай-ақ, мына мен секілді пақырлардың басынан өткен
ғашықтық хикаяларын шертіп, сәл ғана сәтке серпіліп, дәтке қуат дарытып,
езу тартқызған да бір ғанибет болар еді-ау...» Бұл әңгіме кейіпкері Бағдаттың
ғана емес, көркем әдебиеттің тағылымы мен қадір-қасиетін жете ұғынатын
жанашырларымен оны зерттеуді мақсат тұтқан мамандарының да төл пікірі
десек, артық айтқандық емес.
39
«Алпыс үшінші жылғы махаббат» әңгімесі романтикалық лепке тола.
Мектеп оқушыларының, дәлірек айтқанда жоғары сынып оқушыларының
балаң да алғашқы махаббатына суарылған оқиғалар тізбегі. Қыз бен жігіттің
алғашқы көз қарастары. Қыз бен жігіттің бір-біріне тіл қатыса алмай, алғаш
рет абдырап қалуы. Қыз бен жігіттің бір-біріне естері құлай алғаш рет
алаулай жанған жүздері. Бір сөзбен айтқанда романтикаға асқақ арман мен
үкілеген үмітке мейілдете толған, сезім ернеуінен асып-тасыған жұмбақ пен
құпияға тола жан мен тән шарпысуының терең иірімдері әңгімеде шебер
суреттеледі. Үзіндінің өзін үзіп қана келтірудің өзі осы арада жеткілікті-ақ
сияқты. «Оқта-текте ойнақы ғана бұрылып, қарап қояр Зылиха. Жанындағы
қыздарға сөйлеп, күліп қояр Зылиха. Қоңырқай қос бұрым мен көк
қиықшадан есетін леп, қып-қызыл еріндерден естілетін лебіз кейде жетер
Бағдатқа, кейде жетпес Бағдатқа. Бәрібір ғой Бағдатқа. Рахат ғой Бағдатқа!»
Көркем әңгімедегі негізгі кейіпкердің басындағы балғын да асау,
ыстық та мерейлі, бақытқа тола сезімнің табиғилығы соншалықты
оқырманды сендіреді. Иландырады. Кейіпкер сезімінің шынайылығына еш
шүбә келтірмейді.
Өткен ғасырдың 60-жылдарында КСРО деп аталатын алып ел өте
қуатты, мығым еді. Қоғамдық, мемлекеттік мүдде деңгейі күшті-тұғын.
Өзгеше ойлау, еркін көсіле сөйлеу осынау мемлекеттің қалыбына қас
болатын. Темірдей тәртіпке бағынған мемлекет сол кезеңнен бастап,
«жылымық» деп аталатын қоғамдағы мүлдем жаңаша сипатқа ие бола
бастады. Тіпті, киім кию, жүріс-тұрыстың бәрі де назарға алынған қоғамда
еркін ойлау, еркін жүріп-тұру секілді элементарлық іс-әрекеттер мен
құбылыстарға есік айқара ашылды.
Әйтпесе, мұндай жағдайдан ауылдық жерлер әлі де тым ұзақта еді.
Сонау 60-шы жылдарда оныншы сыныптың ержеткен ұлдары да, бойжеткен
қыздары да мектеп ұзтаздарының рұқсатынсыз кешкі киноға бара
алмайтындығын әңгімеден оқи отырып, өз уақытымызды көз алдымызға
елестеткендей боламыз. Әңгімеде баяндалғандай интернаттың бір қызы
жігітпен қыдырса немесе хат алса, күні қараң болатындығы өмір шындығы
еді. Ол қыз яки жігіт көптің талқысына түсіп, сезіміне тізгін салумен күн
кешетін. Әңгімедегі кейіпкер – Алгебра ағай секілді ұстаздардан сескенетін
оқушылар әр мектепте болатын. Ал қазір ше? Сол кездегі жағдайлар бүгінде
шындығынан гөрі ертегіде ұқсас сенімсіз ұғынылады. Бүгінгі жастарда ой да,
сезім де, іс-әрекеттер де еркін. Ерке. Емен-жарқын. Жастарды түсінуге,
ұғынуға болады. Тәрбиелікті, көрегенділікті ту етеді. Көпшілігі солай.
Бағдат пен Зылиқаның балғын махаббаты, екеуінің бір-біріне
өзгелерден жасырын, құпия түрде жазылған хаттары, Алгебра ағайдан қатты
қорқатындары сол уақыттың шынайы көрінісі. Солай бола тұра екеуі де хат
жазысады. Сезімдерін білдіреді. Жалған сөзбен емес, жалаулата желбіреткен
тебіреніспен ұғындырады. Алайда алғашқы махаббат, балаң махаббат
әдеттегідей баянды болмайды. Бұл ұзақ өмір көшіндегі асау да, ыстық
сезімдердің бастауы болғандықтан ба, әлде өмір ағымының кей-кейде басқа
40
арнаға бұруы ма, Бағдат мен Зылиқа қосылмайды әңгіме аяқталар тұста.
Бағдат әскерге кетеді, әскерден оралады. Ал күтем деген қызы қарсы
алдынан шықпайды. Ол басқа біреуге тұрмысқа шығып кетті ме, әлде жастық
шақта жалт еткен және бір махаббат отына шарпылып, тағдырын басқа жанға
арнады ма, әйтпесе, алданып қалды ма әлдебір себептермен, автор ол
жайында ештеңе де демейді. Бірақ алғашқы сезім Бағдаттың жадында
өмірбақи қалады. Адалдығымен. Аңғалдығымен. Ыстық жалынымен. Алғаш
рет болуымен. Өйткені алғаш рет деген сөздің ұғымында кейінгі ғұмырына
азық болар терең сезім иірімдері жатады. Зылиқаға да солай көрінер, бәлкім.
Жазушының «Уран ұрған» әңгімесі – экологиялық әңгіме. Экология,
қоршаған орта мен онда мекен ететін адам баласының арасындағы
үйлесімдікті сақтаудың аса қажеттілігі хақындағы туынды. Қоршаған
табиғат-ананы адам баласы қаншама бауыр басып аяласа, одан мәжбүри
түрде алшақтау соншалықты оңайға соқпайтындығын әсерлі де пайымды сыр
шерткен хикая бүгінгі технологиясы оза шапқан кезеңді кеңінен суреттейді.
Ия, технологиялық өркениет жердің қан тамырлары болған мұнай, газ
және тағы басқа да қазба байлықтарын қопарып та, сорып та жатқандығы
әлдеқашан. Ендігіде осынау әңгімеде уран өндіру мақсатында Онон өзенінің
маңында жүргізіліп жатқан руда өндірісі нәтижесінің кері әсері адам
денсаулығына қаупі көзіқарақты оқырманды бейжай қалдырмайды. Әскери
қызметте жүрген Бағдат Төлеевтің де қажыр-қайратының, көңіл-күйінің
төмендеуіне
уранның
әсері
тиген.
Оны
дәрігерлер
бастапқыда
анықтағанымен, сол өңірде тұратын саны аз бағзы халықтардың өкілі, тәуіп
Аксен Алексеевич тап басып, кеселінің мән-жайын ашық айтып береді.
Жылқы еті мен қымыз арқылы емдеген тәуіптің іс-әрекетінде
халықтық, ұлттық сипат бар. Өзі де түркі тілдес олған ұлтының өкілі
болғандықтан, қазақ тілімен әжептәуір ұқсастығы бар сөздердің мол
екендігін Бағдат Төлеев те жан дүниесімен ұғынады. Ендігіде Аксен
Алексеевич, оның сүйкімді қызы мен қырық үйлі туыстары бұл маңнан
мәңгі-бақи басқа қалаға көшіп кететін болады. Жоғарыдан, әскерилерден
сондай бұйрық келеді. Өйткені бұл маңда түгелдей уран алу мақсатында
кешенді қазба жұмыстары жүргізілуге тиіс еді. Кіндік қаны тамып, ата-баба
қонысынан үдере көшу жасы келіп қалған тәуіпке қатты тиеді. Амал қанша.
Уран да өндіру қажет. Ал уранның денсаулыққа әсерін де елемеске
болмайды. Қалай десек те, табиғат, адам экологиясы қазірде де күйіп, пісіп
тұрған күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Автордың осынау
тақырыпқа қалам тартуы да заңдылық. Себебі өміріміздің өзі табиғылығымен
қоса технологиялығымен де ерекшеленуде емес пе.
«Ақ шымылдық» әңгімесі жазушының ар, намыс, махаббатқа адалдық
мәселелеріне арналғандай. Өмірде, адам баласының тағдырында не
болжайды десеңізші. Бірін-бірі жақсы көрген, сүйіспеншілік отына бөленген
екі жастың мақсаты мен арманы – бір арнада тоғысу ғой. Алайда өмір-
тіршілікте ондай-ондай болмайды. Бәрі де ойға алғандай болса, қанеки
дерсіз. Арман мен үміттің жүзеге аспауына да жастық шақтың өзіндік
41
табиғаты кедергі келтіретіндей сияқты. Өйткені армандау бір басқа да, өмір
ағысы өзгеше.
Жас жігіт Бағдат Зылиқамен бір мектепте оқыды. Өзара сүйіспеншілік
сезіміне бөленді. Бірақ Бағдат әскери міндетін өтеу үшін сонау Шығысқа,
кеңес заманындағы Қиыр Шығысқа, Онон өзені жағасына аттанды. Күтуге
жаралған Зылиқа үш жыл ішінде Бағдаттың ой-арманының күл-талқанын
шығарды. Шығарғаны – басқа біреудің жарына айналды. Бұл ендігіде
трагедия деуге болмас. Өмір ғой, шіркін. Әскерден оралған Бағдат
Зылиқамен кездеседі. Сөйлеседі. Сырласады. Бірақ ол басқа Зылиқа еді.
Осы орайда 2012 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты қытай
жазушысы Мо Яньның аңыз әңгімелерге құрылған бір әңгімесі еске түседі.
Оның қысқаша мазмұны мынадай ойға жетелейді. Ашаршылық кезде жас
жазушы өзінің анасымен бидай масағын теруге барады. Бірақ алқап иесі
оларды қатты жазалап, егістіктен қуып шығады. Арада ұзақ уақыт өтеді. Бір
уақыттарда анасы мен баласы әлгі адамды кездестіреді. Баласы анасына
әбден қалжырап үлгерген адамның кім екенін айтып, кезінде көрсеткен
қорлығын өзіне қайтарайын дейді. Анасы қарсы болады. Ол былай дейді:
«Балам, ол адам мен бұл адамның арасы жер мен көктей. Екеуі екі басқа
адам» дейді. Сол секілді Бағдат Зылиқамен оңаша қалуға қаншама рет
ниеттенгенімен, бірге болған түнде таңға таман сол бөлмеден біржолата
кетуге асығады. Өйткені бірге болу, бірге түнеу бір басқа да, әңгіменің атауы
болған «Ақ шымылдықтың» қасиеті сол сәтте мүлдем бөлек еді. Өз-өзінен
бір нәрсені астыртын, жасырын жасау – өз-өзіңнен қашу деген сөз деп
ұғынады Бағдат. Ал ақ шымылдық – тазалық, ақ ниет пен адалдықтың
белгісіндей ұғынылады.
Бұны әңгімені оқи отырып ойға түйеміз. Ата-бабалар аманатының
қаншалықты жауапкершілік жүктейтіні де сондықтан болар. Қазірде сол
баяғы жеңгесінің ақ шымылдығы есіне түскен сайын Бағдат шынайы
тірліктің мәні мен маңызын сезіне түскендей болады. Түрлі адамдардың
әртүрлі тағдыр талайымы сырлы да шындыққа суарыла суреттелген «Ақ
шымылдық» әңгімесі тазалықты, пәктікті биіктете түскендей әсер
қалдырады.
«Киікоты» әңгімесін оқып отырғанда ауылдың қасиеті мен жайдары
жазы, еркін ескен самалы, көкорай шалғыны еріксіз көз алдыңа оралып,
кеудеңді кеңіте түскендей күйге енгізеді. Ауылда тұрсаң да бүгінгі
мегаполиспен қоян-қолтық араласып кеткендіктен бе, әйтеуір, өз аулыңмен
қайтадан, жаңадан қауышқандай боласыз. Ауылды көрмеген бала осы
әңгімеде,тіпті, оны көрмеген соң, әкесі айтқан сайын көз алдына үлкен село
елес беретінін айтсаңызшы. Өйткені ауыл деп, оған үлкен мән беріп
айтқаннан кейін қалада өскендіктен оны еңселі, ауқымды түрде түсінуі де
мүмкін ғой.
Ауыл жайлы бала Қисаның ұғымы да қызық. Ол таза ауасы бар ауыл
туралы ойлағанда терезені ашқан кезде ішке енетін жеңіл бір жел дейтұғын.
Бірте-бірте таза ауа жайлы тамсана айтатын әкесінің сөзіне қарап, тіліне тәтті
42
бір дәм үйіріле бастаған. Ата мен әже маңдайына жазылмағандықтан
Қисаның ауылға өздігінен баруы да қиындай түседі. Әкесі жұмыстан шыға
алмайды. Сөйтіп жүргенде ауылға жолы түседі. Киікоты шөбін көреді
алғашқыда. Оның иісін сезеді.
Әңгімеде балалардың жан-жақты тәрбиелену ісінде мектепте
өткізілетін іс-шаралардың, оның ішінде сахналық қойылымдардағы рөлдерді
мінез-құлыққа байланысты бөліп берудің ерекше сипатқа ие болатындығын
оқырман қауым оқи отырып көз жеткізеді. Көркем әдебиеттің тағылымы,
танымдық сипаты дегеніміз де осы. Мәселен, Қиса тым момын. Тіл алғыш.
Басқа балалардай жұлымыр емес. Сол себепті «кей-кейде қасқыр бола
білмесең, аузыңа түсіп тұрған наннан айырылуың оп-оңай». Класс жетекшісі
момын Қисаның мінез-құлқындағы осынау бір біржақтылықты өзгерту,
жетілдіру мақсатында Қасқырдың рөлін осылайша әдейі тапсырады. Бұл да
тиімді тәрбие тәсілі.
Осы орайда ойға мына бір тәмсіл еске түседі. Мысық тышқандарға
тиіспеуге сөз беріпті. Бұдан кейін тышқандар мысықты момынсынып, оның
төбесіне шығыпты. Мазаққа, келекеге айналдырыпты. Содан мысық олай
айтса да, былай айтса да көнбеген соң, дәрігерге кеңес алу үшін барыпты.
Дәрігер оған қасқыр мінез дарытатын дәріні ішуге ақыл айтыпты. Емді
қолданған мысықтың айбатын көрген тышқандар індеріне қашып
тығылыпты.
Бұдан шығатын қорытынды – мықтыны да басынуға болады. Егерде ол
өз табиғатына тән емес жұмсақ мінез танытса. Әлсіз де басынады. Егерде
оған сыпайы көңілмен тым артық қарай берсең. Әңгімеде адам баласы
бойындағы, болмысындағы мінез иірімдерінің кейбір ретте сирек байқалатын
құпия тұстары автордың қарымды қаламы арқылы тамаша суреттелген.
Қисаның әкесіне балалық шақтағы жаннан артық көруші досы
Қасымбек ем үшін киікоты шөбін алып келеді. Киікотының иісі, емдік
қасиеті Қисаның әкесі үшін өзгеше. Ерекше. Үзінді келтірелік: «– Міне,
қарашы. Иіскеп көрші сен, дәл соның өзі. Өзі болғанда біздің таудағы
киікоты басқа жақтағылардан бөлекше ғой, тіпті ұқсамайды. Гүлінің түсі
қою, жапырағы жиі, иісін айтсаңшы мұның. Мұндай иіс қайталанбайды. Мен
осы уақытқа дейін тек ауылдыкін аңсап, күтіп жүрдім емес пе? Әйтпесе кез
келген жақтан, тіпті мынау жайылып жатқан жапан даладан тауып ала салар
едім.»
Әкесі Ормантай арқылы жазушы өз шығармашылығында иістің,
киікоты иісінің сезімді селт еткізер қасиетін шебер өрнектеген. Туған жерге,
төл топыраққа деген сүйіспеншілік сезімнің құдіретін кіндік қаны тамған
аулында өсетін емдік сипаты ғажайып киікотының иісі бұрқыраған
қайталанбас кереметімен асқақ суреттелген.
Ормантайдың жаннан артық жақсы көретін балалақ шақтағы досы
Қасымбек, шыны керек, досқа адал, көпшіл, ақпейіл, адам баласын
жатсынбайтын ақкөңіл жан. Ондай тұлғалар қазірде де арамызда жүр.
Жазушы Мархабат Байғұттың бір ерекшелігі, мінеки, дәл осындай
43
замандастарымыздың бейнесін көркем әдебиетке жанды тұлғасымен, іс-
әрекетімен, сөзімен, мінезімен енгізе білгендігінде. Тап басып, дәл тауып сөз
құдіретінің күшін шебер пайдаланып, көз алдымызға тұнған қалпында
елестете алуында. Оның ішкі монологы ғана емес, дүниетанымы мен
көзқарасы іспеттес берілген сөзін бейжай оқу мүмкін емес. Зымыран
уақыттың құрбаны болған Ормантайдың бейнесіне де жаның ашиды екен
осындайда.
Қасымбектің сөзіне құлақ асалық. «– Айтса, айтты дерсің, жаңа біраз
қақсап өттім, – деді папасының досы. – Ауылға барсаңдар, сендерді
көкіректеріңнен итердік пе? Баяғыда ақсақалдың қызмет бабымен аудан
орталығына көштіңдер, ол кісі көп ұзамай кетіп қалды ғой, қандай адам еді?!
Содан сен өзің қалаға зытып жоғалдың ғой, әйтеуірім. Не істеп, не қойып
жүргеніңді де білмейміз... Киікотыңды да әлде-е-қандай ғып, жыламсырап
хат жазыпсың. Не ол. Бірақ былтыр көп жинай алмадым. Мұны сұраушылар,
ауылдан шауып-шауып, буып-буып алып кетушілер жүдә көбейді. Шай
демдеп ішкенді қойып, ваннаға бумалап салып, буына түсетіндерді қайтесің
қазір.»
Жазушы туған топырақтағы өсімдіктер әлеміне, соның ішінде
киікотына жай оғындай төбеден түскен қауіп-қатерді де дәл нұсқап отыр.
Мегаполистік жағдаят адам баласын өркениетке бір табан жақындата
түсуімен біргелікте қоршаған ортаны да бірте-бірте қусырап, қырқып, қырып
бара жатқаны да шындық. Оны уақыт өткен сайын байқап та, сезіп те жүрміз.
Қолмен ұстап, иісін сезіп те жүрген киікотының күндердің күнінде ботаника
пәндері кабинеттерінде кездесетін гербарилер арасынан ғана көріп
қалуымыз, әрине, қиын-ақ. Қазірше киікотын адам баласы қаптап та, буып-
түйіп те жинап жатыр. Сатып, күнкөріс жағын да қамдастырумен қарекет
етіп жүр.
Қисаның қабілеті, оқу үлгерімі жақсы екендігін класс жетекшісі ата-
аналар жиналысында айтады. Бірақ оның тым ұяң, тартыншақ, өте момын
екендігін де жасырмайды. Бұндай мінездің өзіне кейін өте қиын болатынын
да ескертеді. Тіпті, оған рөл беріп, Қасқырдың бейнесін сомдатады да. Әйтсе
де, Қиса Қасқыр бола алмайды. Адам бойындағы кейбір мінез кемшіліктері
мен олқылықтарды өмір бойы жетілдіру мәселесін шешудегі класс
жетекшісінің нақты іс-әрекеттері оқырман көңіліне дөп тиеді.
Киікотының өсуі, оның бүгінгі хал-ахуалы да жазушы назарынан тыс
қалмаған. Киікоты мүлдем сиреген. Адамдардан үркіп, төменнен қашып тау-
тастың қуысына тығылып, қорқып өскен кейпі, таудың биігіне қарай
жоғарылап кетуі де оқырманның көз алдына жанды суретті елестетеді.
Жазушы Мархабат Байғұттың «Құмар қыз» әңгімесі халқымыздың
бойындағы «Туған жердей – жер болмас» деген ұлағатты сөзін ұлықтайды.
Алайда туған жерден еріксіз көшкен жағдаяттар да тарихымызда аз болған
жоқ. Оны көзіқарақты оқырман жақсы біледі де. Сыртқы жаудан үдере
көшкен кездер де аз кездеспеген. Сонымен бірге қазақ даласына келіп, оның
шұрайлы жерлеріне көз алартқан, оларды тартып алып, бекіністер салып, ата-
44
бабаларды төл топырағынан зорлап ығыстырған уақыттар да тарих
беттерінен мәлім.
Жезбалақ Тілеміс те жетпіс үйлі шаңырақты қарашекпенділердің
зорлық-зобалаңынан қорғап, қияндағы құмға ауып кетеді. Сол жақтағы
нағашы жұртын сағалайды. Бетіне келе қоятын жан болмағандықтан
Жезбалақ Тілеміс нағашы жұртында жан сақтап, мал күйттеп біржолата
қалып қояды.
Немере ағасына біржолата қарсы келіп, оның өз жұртында емес,
нағашы жұртында жүргенін бетіне салық етіп, «– Көке, нағашыны
сағалағаннан намыстанбайсыз ба?» деген сөзі Жезбалақ Тілемісті қатты
сілкіндіреді. Сезімінің де, ой әлемінің де астан-кестенін шығарады. Алғаш
рет тірлігінде бетіне келген немере інісі Сауранды үш рет тоғыз өрім
қамшысымен сабап та алады.
Бірақ Жезбалақ Тілеміс нағашысын сағалап барғандағы басты себеп –
қарашекпенділерден көрген зорлықтың салдары болатұғын. Әйтсе де,
қарашекпенділердің арасында адамгершілігі жоғары жандар да аз емес-ті.
Сауранның ата-баба қонысынан көшпей, сол арада қалуы олардың адами
қарым-қатынасының арқасы еді.
Жас болғандықтан, соған сай табиғаттың заңдылығы болар, Сауран
алтын сары шашты Света-Сәулеге ғашық болып қалады. Света-Сәуле де
Сауранның батыл да батыр мінезін, тұлғасын ұнатады. Екеуінің бір-біріне
деген сүйіспеншілік сезімі оянады. Сұлу қызға орыстың үлкен бір бастығы
көз салады. Әйелі қайтыс болған сол бастыққа Света-Сәуле ұзатылып кете
барады. Бірақ Сауранның өзі туып-өскен Балықты аулына деген махаббаты,
сүйіспеншілігі іспеттес Света-Сәулеге айтқан оның өтініші нәтижесінде
туған жерінің атауы ешбір өзгеріссіз қалады. Ал өзге елді мекендердің бәрі
дерлік орысша атауға ие болады. Бұл да Сауранның туған жерге деген ыстық
сезімінің бір көрінісіндей әсер қалдырады.
«Ақ орамалды қыз» әңгімесі адамдар арасындағы нәзік те мейірімге
тола қарым-қатынасқа арналған көркем туынды. Адамдар бірін-бірі тек қана
қоян-қолтық араласу арқасында түсінісе алатындығына, білетіндігіне көзіміз
жете түседі. Бұндай нәтижеге әңгімені оқу барысында бірлесе еткен еңбек
қол жеткізгендігін анық аңғарамыз.
Рас, біздің халқымызда киім киюдің үлгісіне қарап-ақ, кімнің кім
екендігін ажырата алады. Мәселен, ақ орамалды басына тұрмысқа шыққан
қыз тартады. Ал тұрмысқа шықпаған қыз ақ орамалды тартуға тиіс емес.
Онда ол әңгімеде жазылғанындай әңгімеге, келекеге, мазаққа тап болады.
Алайда әңгіме кейіпкері ауылда емес, үлкен селода тұрады. Оларда ақ орамал
тарту – елеулі әңгіме емес. Оған ерекше мән де берілмейді. Бірақ ақ орамал
тартқан Қалбибі еріккеннен, білмегеннен тартып жүрген жоқ. Әкесі қайтыс
болған. Анасы сал ауруына ұшыраған. Басындағы қызыл орамалы күнге
күйіп, көнетоз болған. Ақшыл түске енген.
Қалбибінің ішкі дүниесі кең. Ашық әрі таза. Бір топ болып, дала
жұмысында жүгеріні жекелеуге қатысқан жиырмадан аса қыз-келіншектерді
45
өз үйіне шайға шақырады. Тамақ береді. Ізет көрсетеді. Ақ орамал тартқан
Қалбибі жөнінде талай-талай келеңсіз сөз айтқан сөзді ашық айтуға құмар
болса да жаны жайдары Маржанбике өзінің орынсыз сөздеріне ренжиді.
Ауру анасы мен іні-қарындастарына өнегелі ісімен үлгі болып жүрген
Қалбибіге алғысы шексіз болады. Жетінші сыныпқа өтіп, бригадирдің
сынағынан өткен жас жігіт бөшкемен су таситын ат арбаны айдаушы болуға
жарайды. Сенімнен шыққанына ол да қуанады. Жазғы демалыста келесі
сыныпқа өткен бала ер жетудің жаңа бір биігіне осылайша көтеріледі.
Қалбибінің хал-ахуалы мен бір үйді бағып отырған тірлігіне қаныққан
жас оқушы жігіттің анасы оған сыйлық ретінде қызыл орамалды баласы
арқылы беріп жібереді. Қалбибі де көргенділік танытады. Жас оқушы балаға
күміс білезікті анасына апарып беруін өтінеді. Шығыстың атақты ақыны әрі
ірі ойшылы Абдулла Рудаки «Мен алу арқылы да, беру арқылы да –
бақыттымын» деп айтқанындай жөн-жосықты, әдет-салтты орынды
пайдаланып білетін Қалбибідей кейіпкердің ақ адал іс-әрекеті оқырман
жанын жадырата, мейірлендіре түскендей ықпал етеді.
Әңгімеде әдеттегідей жазушының көркем тілі мен жылы юморы
жеткілікті әрі мол. Адамдардың бейнесі анық әрі замана шындығын табиғи
суреттеудегі шынайылығы оқырманды бірден-ақ баурап алады. Әдебиеттану
ғылымына тән гиперболалық мысалдың үлгісін де ойдағыдай келтіруге
болады. Атап айтқанда: «– Әй, сенің бойың қайда кетіп қалған-ей?! – деді
бригадир. – Басың бұлт арасынан көрінбейді ғой, жүдә». Жас оқушы баланың
бойы тез өсіп кеткенін дәл осылайша көркем сөз арқылы суреттеу әр
қаламгердің басты арманы болса керек дегіміз келеді біз осы арада.
«Жанымайдың жотасы» әңгімесі туған жер тақырыбына арналған. Күні
кешегі соғысқа аттанғандардың Жанымай жотасына дейін атпен шығарып
салу үрдісі, Түлкібас, Түркібас атауларының шығу тарихы, туған жерге деген
ыстық ықыластың оянуы, туған ауылдан жоғары оқу орнына білім алуға
ұмтылған алғашқы перзенттері, бәрі-бәрі де көркем әңгімедегі оқиғаларға
желі болған.
Ауылдың әлі де оқу-білімге деген қызығушылығының төмен екендігі
де авторлық поэтикалық баяндауларда, диалог сөздерде кейіпкерлер
көзқарасы тұрғысынан шынайы суреттеледі. «Ай, айналайын ауыл-ай,
ішкеніне мәз, жегеніне тоқ, бірін-бірі бас-сираққа шақыр-е-еп, жүріп жатыр.
Жүріп жатқан жоқ, ұйқы үстінде.
– Жұмыс істеп жатырмыз ғой, елдің бәрі оқи берсе, қойды кім бағады?
Бидайды кім егеді?
– Әне, әне! Айтамын ғой, біліп айтамын. Біздің Қанай аулының сөзі
осы. Жетекке жарар ешқайсың жоқсың. Біреуін жетектеп ала кетейін десең,
көткеншектеп, баспайды-ау, баспайды». Сондай-ақ ауыл адамдарының иірімі
мол сан қатпарлы мінезін де қаламгер жан-жақты суреттейді. «– Әне, біздің
ауыл қалғып отырып, қыршиды» деген Базарбектің сөзі де көп нәрсені
аңғартып тұрғандай.
46
– Әрине, бүгінгі ауыл, оның бет-бейнесі түбегейлі өзгерген. Әңгіме
кейіпкерлері болған Қанай балалары қазірде ғылымды да, өзге салаларды да
игерген. Туған жер тарихын да жете зерттеген. Алайда олар ендігіде өздері
қанаттанған ауылға ат басын сирек бұратындығы да қазіргі уақыт
көрінісіндей бедерленген.
Көркем әңгімелерінің бірқатарында жазушы Мархабат Байғұт авторлық
баяндауларда,
кейіпкерлер
тілінде
төл
тіліміздің
фонетикалық,
морфографиялық, лексикалық, синтаксистік өзгерістерге ұшыраған орыс
тілінің сөздері жиі ұшырасады. Оны жоғарыда жаздық та. Қоғамдық-саяси,
әлеуметтік-экономикалық, мемлекеттік құрылымы тұтас болған кеңестік
заманда тіліміздің бұндай өзгерістерге ұшырауы заңды да болатын. Кезінде
төл тілімізде араб, парсы тілдерінің де дендеп енуі сол кезеңдегі ислам
дінінің кеңінен таралуы, Шығыс ғылымы мен білімінің, Ұлы Жібек жолының
бойындағы өзара байланыстың тұрақты түрде жүзеге асуының жемісі
болғандығы, сол замандағы өмір шындығының көрінісі екендігі деп айта
аламыз.
Жазушының
«Жемелек»
әңгімесі
–
этнографиялық
әңгіме.
Лингвистикалық туынды да. Мұнда тіліміздегі кейбір сөздердің өзге
халықтардың тілінде кездесуі секілді ұқсастықтар көркем тілмен, қызықты
оқиғалар желісімен суреттеледі. Бір кезде қанды соғыста мадиярлар жерінде,
яғни Венгрияда шайқасқан Жаманқұлды сол уақытта жолыққан полковник,
қазірде үлкен ғалым Іштуан Шандер іздеп келеді. Тілдегі ұқсастықтар мен
халықтық этнография үлгілері қызықтырған ғалымның ішкі ой иірімдері, іс-
әрекеттері оқырман қауымға адам баласының қайдан келіп, қайда бара
жатқандығы туралы бір сәтке ойлануы қажеттігін ескерткендей болады.
Шынында да, әңгіме тақырыбына айналған жемелек сөзі келіншегі-
кемпірінің қос бұрымы ұштарын байлап бекіткен жіптен ескен шашбауы
және жуәрмек сөзі мадияр тілінде қыршын жас деген мағынада кездесуі –
лингвистикалық танымымызды кеңіте түсуімен біргелікте тіл тарихының
тым тереңде жатқандығынан хабардар етеді. Төл тіліміздегі сөздік қорды біле
түсуге ынта-ықыласымызды арттырады. Сөзді айту бір басқа да оның мәні
мен мағынасын ұғыну әлдеқайда маңыздырақ екендігін де әрдайым
ұмытпауға тиіспіз. Сөздік қорымызды білу арқылы көркем әдебиетіміз де
толықси түскендей сезінеміз. Сол арқылы көркем әдебиеттің құнары да
артқанын ұғынамыз.
|