Нұрғали Қадырбаев



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата21.01.2017
өлшемі0,86 Mb.
#2344
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

*   *   * 
 
 

 
107 
«Машаттағы махаббат» повесі – бүгінгі замандастар өмірінің бір қыры 
суреттелген  көркем  шығарма.  Санаторийде  демалушы  Санжар  Саяны 
пойызға  шығарып  салады.  Қоштасу  сағынышты  жүректердің  бірін-бірі  қия 
алмауымен  ерекшеленеді.  Хикаят  осылайша  басталады.  Бірақ  бұл  көркем 
шығарманың финалы іспеттес тәсіл болатын.  
Санаторийге  келген  Санжардың  көңіл-қошы  да  ешбір  көтерілмей-ақ 
қояды. Мектепте жүріп, жүйкесі тозған Санжардың кәсібі – мектеп мұғалімі. 
Кезінде  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  бойынша  жоғары  оқу  орнын  бітірген. 
Кеңес  заманында  төл  тіліміздің  орны  мен  маңызы  ойсырап,    оған  өгейлік 
таныту  нәтижесінде  қазақ  тіліндегі  мектептер  де  күрт  азаяды.  Соның 
салдарынан  Санжар  мектепте  неміс  тілінен  сабақ  беруге  мәжбүр  болады. 
Дауласып  жүріп, мектеп директоры және кәсіподақ комитетінен Машаттағы  
санаторийге жолдама алады. Осы жерде, асханада алғаш рет Санжар Саямен 
танысқан-ды. 
Санаторийде  өзімен  бірге  жоғары  оқу  орнында  оқыған  Ғалымгүлмен 
жолығады.  Жиырма  жыл  бұрын  бітірген  Ғалымгүл  де  өз  атына  сай  бола 
алмайтын.  Өзінің  айтуынша,  ғалым    шықпапты.  Ғылымға  жолатпақ  түгілі 
маңайлатпапты  да  оны.  Сөйтіп,  Санжар  секілді  мұғалім  болып  мектепте 
жүріпті. Қазірде аудандық оқу бөлімінде әдіскер екен. 
Саяны  Санжар  бір  көргеннен-ақ  ұнатып  қалады.  Оның  курстас  кыз 
Ғалымгүл секілді жұлмыр еместігі, ұяңдығы, қазақ әдебиетіне деген шынайы 
қызығушылығы,  сондай-ақ,  Санжарды  өзімсіне  өзіне  тартуы  –  бұны,  әрине,  
бейжай қалдырмайды. 
Повесте  Машат  атауына  хикаят    кейіпкерлері  де  түсініктеме  береді. 
Онда Машат сөзі Масаты деген сөзден шыққан дейді. Сөйтіп, Масат ауылы, 
Масат  санаторийі  деп  жазылған  да  екен.  Соңыра  қайтадан  Машат  болып 
кетіпті.  Сая  «Қобыланды  батыр»  жырын  жатқа  айта  білетін  қасиеті  бар 
екендігін де танытады. Сол жердың бір тұсында: 
Бұлаңдаған  Буырылдың, 
Маңдайында машат бар, – 
деген  жыр  жолдары  кездеседі.  «...машат  деген  –  бұлақтың  баламасы.  Түркі 
тілінде болған, қазір біздің бауырластардан  қырғыз тілінде «башат» түрінде 
қолданылады  ғой...»  дейді  Сая.  «Машат  деген  –  бұлақтың  баламасы.  Бір 
кезде  өзеннен  кішірек,  бұлақтан,  бастаудан    үлкенірек  су  мөлдіреп  ағып 
жатса,  ата-бабаларымыз  машат  депті  ғой.  Ұзынмашат,  Келтемашат,  Үлкен 
машат,  Машат  содан  қалған,  –  дейді  жазушы  авторлық  баяндауы  және 
Санжар кейіпкерінің ішкі ойлау үдерісімен. 
 
Сонымен  бірге  машат  сөзі  о  баста  түркі  тілдес  өзбек  халқында 
кездесетін  майшат  деген  сөздің  кейін  келе,  бірте-бірте  фонетикалық 
өзгерістерге  ұшырап  машат  атанып  кетуі  де  бек  мүмкін  деп  ойлаймыз.  Ал 
майшат  сөзі  –  дем  алу,  көңіл  көтеру,сайран  салу,  бас  қосу  деген  мағынаны 
білдіреді.  Шынында  да  Машат  өңірі,  оның  түрлі  машат  сөзіне  қатысты  жер 
атаулары  осынау  топыраққа  келген  адамның  көңіл-қошын  көкке  көтеретін 
аялы табиғат аясы ғой. 

 
108 
 
Өзі бес баланың әкесі бола тұра, Санжар Машат санаторийінде Саямен 
сүйіспеншілік,  махаббат  сезімін  бастап  кешеді.  Бүл  әдеттегі,  санаторийдегі 
махаббат  еді  деуімізге  болады.  Бұндай  да  ұғымның  қалыптасқандығын 
көзіқарақты оқырман бүгінде жақсы біледі. 
 
Повесте  Санжар  мен  Саяның  арасындағы  сүйіспеншілік  сезімін 
жазушы  авторлық  баяндау  арқылы  да  айқын  аңғартады.  Үзінді  келтірелік: 
«Былай  ойланыңқырап  қараса,  екеуі  де  жас  емес.  Әсіресе,  жігіт  жағы 
қырықтан  асып  үлгерген,  сырттай  тым  салмақты,  тіпті  ұяндау  көрінетін 
сияқты.  Қыз  жағы    жасырақ,  отызға  жаңа-жаңа    шыққаны  біреуге  білінбес, 
біреуге  білінер  түр-тұлғасынан,  қимыл-қозғалысынан,  шаш  өрісінен 
тұрмысқа шықпағаны байқалмай да қалмас. Екеуінікі, бір қарағанда ерсі. Бұл 
шіркіндердікі нендей желік, не еркелік, қандай қылық? Масқара ғой, масқара! 
Дегісі келеді жұрттың. Деп те жатады». 
  
Мінеки,  санаторийдегі  адамдардың    пікірін    авторлық  баяндауда  
Санжар арқылы қаламгер осылайша ой түйеді. Әрине, әр оқырманның пікірі, 
дүниетанымы  мен  көзқарасы  әрқилы.  Бұнымен  таласа  алмайсыз.  Бірақ 
Санжар  мен Сая бір-бірін  сүйіп қалған-ды. Оны повестегі оқиғалар үдерісі 
мен түрлі ситуациядағы диалогтар, монологтар және авторлық баяндаулар да 
дәлелдей түседі. 
 
Санжар  мен  Сая  арасындағы  мөлдір  махаббат  сезімі  заңғар  жазушы 
Шыңғыс Айматовтың « Боранды бекетіндегі» Раймалы жырау мен «Жәмила» 
повесіндегі  Данияр секілді бірі  – Санжар, ал екіншісі  Бегімбай сұлуға және 
Жәмила бейбаққа тән сипаттарды аңғартады. Ұқсатады. 
 
Есімі  әлемге  әйгілі    Шыңғыс  Айтматовтың  «Боранды  бекетіндегі» 
Раймалы  жырауды  өз  іштерінен  шыққан  дұшпандары  қартайғанда  алжасты 
деп, арқанмен шандып байлап тастайды. Домбырасын қақ бөліп  сындырады. 
Ақалтеке  арғымағы  Сары  аласын  сойып  жібереді.  Сөйтіп,  жатқан  орнынан 
ғұмыр бойы тұра алмастай етіп, еңсесін тік көтеруге шамасын келтірмей аяқ 
астына салып таптайды. 
 
Ұлғайған  жастағы    Раймалы  жырау  мен  Бегімай  ару    арасындағы 
кіршіксіз  таза    махаббатты  сол  кезеңде    солайша  ауыздықтайды.  Санжар 
Раймалы  жырау,  ал  Сая  Бегімай  сұлу  болып,  Машат  санаторийінде  болған 
әдеби кеште сахна төрінен айтулы романнан үзінді оқыған кезде, екеуін залда 
отырған  демалушы  көрермендер  де  екіұдай  халде  бағалайды.  Кейбірі 
дүрсілдете қол шапалақтап құрмет көрсетеді. Кейбірі бұл сахналық көріністі 
екеуінің  бастан  кешіп  жүрген  махаббат  сергелдеңі  деп  ұғынады.  Оларды 
өсектегендер  де,  тымырайып  тырысқандар  да,  тілектестер  де  жоқ  емес-ті. 
Санжар  мен  Саяның  бір-біріне  аймалай  қарауы,  аялай,  еркелей  жүруі,  бірақ 
сахнадан  тыс  басы  артық  іс-әрекеттерге  бармауы  айналайын  көпшіліктің 
сыбыр, күбіріне, өсек-аяңына жол бермей тұра алмады. 
 
Санаторийдегі  би  алаңында  жолығатын  Санжар  мен  Саяны  көретін  
Мүстән  кемпір:  «–  таң  атпай  табысады  бұлар»  десе,  Санжардың  курстасы 
Ғалымгүл:  «–  Жүріңдерші  тезірек»  деп  сазара  түсетін.  Ал  мейір-шапағаты 
мол  Айгүл:  «–  Бүгін    күн  тағы  да  керемет  шуақты  болғалы  тұр»  деп 

 
109 
айналасына  жылу  дарытуға  бейім  болатын.  Үш  кейіпкердің  бойындағы 
Санжар мен Саяға берілген көзқарас деңгейінен-ақ жалпақ жұрттың бағамын,  
бағдарын білуге болар еді. 
 
Повесте жасы Саядан он бір жас үлкен қырық бір жастағы Санжардың 
бейнесі  реалистік-романтикалық  тұрғыда  бейнеленген.  Саяның  бейнесі 
өміршеңдеу.  Ол  кезінде  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығын  қалағанымен, 
діттеген оқуына түсе алмаған. Сөйтіп, тоқыма өнеркәсібі саласына ауысқан. 
Фабрикада  жұмысшы,  одан  соң  инженер,  кейін  цех  басқарады.  Нағыз 
қайнаған  өмір  ортасында,  оның    қазанында  қайнайды.  Ал  Санжар  әдебиет 
әлемінде  көркем  қиял  ауқымын  меншіктеп,  санаторийде  қапияда  ғашықтық  
сезімімен қауышып, айтулы жазушының айтулы романындағы Раймалы, яғни 
Санжар  болып,  үлбіреген  Бегімайға,  дәлірек  айтсақ  Саяға  бетін  тигізуден 
әріге бара алмай, әдеби кейіпкер тағдырын бастан кешіп жүреді. 
 
 Жазушы « Машаттағы махаббат»  хикаятында отбасына, отбасылы яки 
жеке  басты  адамдардың  өміріне,  тағдырына,  сезіміне  қатысты  көкейкесті 
мәселелерді    көтереді.  Отбасына  адалдық,  ерлі-зайыптылар  және  олардың 
арасындағы  балалар  қарым-қатынасы,  жеке  бастың  ар-намысы  секілді 
мәселелер қазірде де мәнді әрі маңызды. Қанша дегенмен өмірді, өмір сүруді 
жақсы  білеміз  дегенімізбен  адам  баласы  адамзат  және  қоғам  алдындағы 
жауапкершілікті,  адами  қалыпты  ұмытпағаны  абзал.  Бұл  ақылгөйлік, 
данагөйлік  емес.  Тектілігіміз,  ата-бабалар  аманаты  соған  үндейді.  Заманға, 
еуропалық мәдениетке қаншама иек артсақ та, шығыстық ішкі рухтың мықты 
болуына,  құқықтық  заң  шеңберінен  ұзақтамауға  тиіспіз  дейді  алдыңға  аға 
ұрпақ өкілдерінің аманаты. Тағылымы. 
Адам  өмірі,  оның  тағдыры  тым  күрделі.  Біз  біреулерді  айыптап, 
екіншілерін  ақтап  алғымыз  келмейді.  Өмір  өз  дегенін  жүзеге  асырады.  Сол 
үшін  де  өмір.  Бірақ  біз  белгілі  бір  мәселе,  нақты  тақырып,  дәлме-дәл  іс 
әрекеттер  төңірегінде,  әрине,  өз  көзқарасымызды,  дүниетанымымызды 
білдіруге  құқылымыз.  Рас,  осынау  көзқарас  пен  ой-пікірлерімізді  өзгелерге 
күштеп таңуға мүдделі емеспіз. Тағы да қайталап айтамыз  – бұл біздің жеке 
ой-пікіріміз ғана. 
 
Повесте  Санжар  мен  Сая  арасындағы  сүйіспеншілік  қарым-қатынасын 
курстасы Ғалымгүл, Мүстән кемпір, Саяның жерлесі Ләскер соттайды. Бұл  – 
өзінше  ар  соты  секілді.  Айгүл  екеуін  қорғайды,  яғни  адвокат  болады. 
Сотталушы Сая мен Санжар өздерін қылмыстымыз деп есептемейді. Машат 
санаторийіндегі Санжар мен Саяның махаббаты жазушы суреттегендей бала 
махаббаты  деңгейінен  ары  аспайды.  Бәлкім  екеуі  де  жастық  шақта  балалық 
махаббатты  өткізбегендей,  ендігіде  бірі  жасы  қырықтан  асқанда,  екіншісі 
отызға  иектегенде  кештеу  келген  балалық  махаббаттың  құрбаны  болды  ма 
екен  дейсіз.  Авторлық  көзқарас,  қаламгерлік  принцип  махаббат  атты  үлкен 
ауылдың, яғни алып шаһардың өзіндік құпиялары, жұмбақтары тым-тым көп 
әрі  күрделі  болатындығын  меңзегісі  келді  ме?!  Бұл  жағы  әлі  де  талай-талй 
ойларға,  таластарға  жетелейді.  Бірақ  оқырман  көңілі  мен  көкейіндегі  өте 
нәзік иірімдерді қаламгер шынайы шеберлікпен суреттей білген дей аламыз. 

 
110 
 
Алдымен  Айгүл  аттанады  санаторийден.  Үш  күннен  соң  Сая  кетеді 
туған  қаласы  Алматыға.  Төрт  күн  өткенде  Санжар  оралады  аулына.  Өз 
отбасына. Төл мектебіне. 
 
Араға ай салып, Санжарға, мектепке хат келеді. Саядан. Сая тұрмысқа 
шығыпты.  Тойына  шақырыпты.  Шақыру  қағазын  жолдапты.  Санжар 
мектептен  босай  алмайды.  Көктемгі  демалыста  бір  топ  оқушыларымен 
Алматыға барады. Жіп иіру фабрикасына барып, Саяға жолықпақшы болады. 
Бірақ  Сая  жұмыстан  босап  кетіпті.  Жағдайы  дұрыс,  астында  сол  заманның 
мықты  көлігі  «Волгасы»  бар,  өзінен  әлдеқайда  жасы  ұлғайған,  дәлірек 
айтқанда,  Санжардан  он  бес  жас  үлкен  отставкадағы  полковникпен  тұрмыс 
құрыпты. 
 
Санжар Саямен жолығыса алмайды. Поездға отырып ол еліне қайтады. 
Санжар  Саяны  не  үшін  іздеді?  Не  үшін  Саяны  бір  көрмекке  асықты?  Адам 
жаны  не  үшін  өз  отбасы,  өз  жары,  өз  бала-шағасы  бола  тұра  басқа  бір  әзіз 
жанды  іздеуге  іңкәр  болады  осы  кейде?  Бұған  адам  табиғатының  жұмбақ 
әлемі қазірге дейін нақты жауап қатпай отыр. Бірақ адам жаны өзге бір асыл 
жанды  іздегенде  адами  қалыптан  аспаса  екен  дегіңіз  келеді.  Олай  болмаған 
жағдайда  тағдыр  талайымызға  барша  жауапкершілікті  үйіп-төгуге  мәжбүр 
болатындай көрінеді. 
 
 
*   *   * 
 
 
Жазушы Мархабат  Байғұттың  «Патефон» повесі   ХХ ғасырдың 50-60-
жылдарындағы  қазақ  аулы  өмірінің  көркемдік  шындығы  деуімізге  әбден 
болады.  Повесте  қазақ  аулының  бет-бейнесі,  оның  тіршілігі,  мәдениеті, 
адамдардың  хал-ахуалы  толықтай  көрініс  тапқан.  Ауылда  сонау  50-
жылдардың  орта  шенінде  радионың  енді-енді  пайда  болуы  өркениет 
атаулысының  сол  ауқымда  көзден  мүлдем  таса  болғандығына  бірден-бір 
дәлел бола алады. 
Повестегі  кейіпкерлердің  бірі  –  оқушы  Қалтөренің  ғана  үйінде  
батареямен  жұмыс  істейтін  радио  бар,  оны  тыңдауға  оқушы  балалар  құмар; 
батареяның  тогы  таусылады  деп,  радионы  тыңдатпайтын  үй  иесі  секілді 
жәйттер  сол  заманның  шынайы  тұрмыстық  шындықтары  болатын.  Бір  үзім 
нанға  бола  таласатын  оқушылардың  жағдайы  да  сол  уақыттың  көріністері 
еді.  Жазушы  бұлардың  бәрін  де  оқырманды  жылы  жымиысқа  бөлеп,  езу 
тартқыза  суреттеген.  Бірақ  осынау  эпизодтар  мен  оқиғалардың  терең 
астарында ащы шындық жататын. Ауыл өмірі, тіршілігі, ертеңгі күнге деген 
үміттерін үзбей, тоя тамақ ішпей, қоңыр тіршілік кешетін-ді. 
 
Өзіміз  өмір  сүрген,  өзіміз  дәл  осынау  повеске  кейіпкер  болғандай, 
қаламгер  суреттеген  оқиғалар  мен  эпизодтар  біздер  секілді  ұрпақтың 
санасында  менмұндалап  тұрады.  Патефонның  өзі  ол  кездері  ауылдағы 
үйлердің  ілуде    бірінде  кездесетін  сирек  те  баға  жетпес,  қасқалдақтың 
қанындай дүние болатын. 

 
111 
 
Ауылдың  ұжымдасу  дәуіріндегі  бет-бейнесі,  соғыстан  кейінгі 
әйелдердің  ерлермен  бірге  дала  жұмыстарына  қатысуы,  арықты  кетпенмен 
тазалауы,  балабақшадағы  балалардың  нанға  терміліп  өз  күндерін  өткізуі, 
бәрі-бәрі  де  аға  ұрпақ  өкілдерінің,  біздің  замандастар  өмірінен  жанды 
суреттерді  көз  алдымызға  еріксіз  елестетеді.  Оқи  отырып  аяныш  сезімі 
туындамайды.  Езілмейсіз.  Күлімсірейсіз.  Жымиясыз.  Балалық  шақтың 
қиындық атаулысын, жетіспеушілікті шешуге бейім қалпын көріп тіктелесіз. 
Жаңарып,  жаңғырасыз.  Бұл  –  повестің  қаламгерлік,  суреткерлік  қуатының, 
сөз өнері арқауының мықтылығы деп түсінесіз. 
 
Повестегі балабақшада әрі мектепте оқып, әрі тәрбиеші болып  қызмет 
атқарып  жүрген  Өсербектің  бүлдіршін  балаларды  қадағалап,  бақылауы, 
олардың радио тыңдауға деген құмарлықтары, балабақшадан сол үшін әдейі 
қашатын  төртеуінің  балаң  іс-әрекеттері  ақыр  аяғында  балабақшаға 
патефонды  алып  келуге  ықпал  етеді.  Сол  себепті  де  балалар  бақшасының 
меңгерушісі  болған  анасы  Өсербекке  таудың  арғы  жағындағы  жездесі  мен 
әпкесінен патефонды қалай дегенде жеткіз дейді. 
 
Өсербектің  әпкесі  мен  жездесі  де  мейір-шапағаты  мол  жандар  ғой, 
шіркін.  Жалпы  алғанда,  жазушы  повесінде  мейірбан  да,  жетесіз  жандар  да 
жеткілікті.  Әйтсе  де  әлем  осынау  мейірім  шуағы  себелеген  жандардың 
арқасында  мәңгілік  дөңгелеуінен  бір  сәтке  де  тоқтамай  тұр-ау  деген  ойға 
бөленесіз. Өсербектің әпкесі бүй дейді: «– Балалар бақшасы не теңі оның, а ?! 
Ұнды  ұндай  береміз,  сондағы  сенің  түрің  мынау!  Өздеріңе  емес,  бақшаның 
балаларына  бердік  пе  біз  сол  ұнды?  Ойбай,  Құдай-ау,  өзіміз  мәз  болып 
отырмыз ба, осы? Жесір еді, жетім еді, денсаулығы жоқ еді деп беріп жүрміз 
ғой.  Пәтипон  депті  енді.  Оны  да  өздеріне  емес,  калқоздың  балаларына 
сұрағаны  несі?!  Қалқоздың  балалары  не  оңдырады?  Жарды  ғой  анау  бір 
бастықтың  баласы  басыңды.  Басынып  шыға  келеді бәрі.  Пәтипон  депті ғой. 
Табағы  да  қалмап  еді,  бары  үшеу-ақ.  Мейлі,  тау  асып  кепсің  енді,  тауың 
шағылмасыншы, алтыным. » 
 
Әрдайым  інісі  үшін  алып-ұшып,  жанын  қоярға  жер  таппай  жүретін 
әпкесі  авторлық  баяндауда  кейіпкер  түсінігімен  өте  бауырмал  жанның 
болмысын  көз  алдымызға  келтіреді.  Өсербектің  басын  әдейі  болмаса  да  тас 
сия сауытпен жарған Қалтөре. Бірақ Өсербек те, анасы да, өзгелер ақыл айтса 
да,  онан  әрі  ашу-аразды  өршітпеген.  Жабулы  қазан  жабулы  күйінде  қалған. 
Бірақ  Өсербек  Қалтөренің  шын  пейілмен  кешірім  сұрамағаны  үшін 
жақтырмай қалған. 
«Тау  мен  тау  кездеспесе  де,  адам  мен  адам  жолығысады»  демекші, 
патефонды  әкеле  жатқанда,  өзімен  бірге  келе  жатқан  шалдың  өктем  үнімен 
жолдан  бұрылып,  қымыз  ішуге  бұрылғанда,  сол  жерде  Қалтөремен  кездесіп 
қалады.  Өсербекті  Қалтөре  мен  оның  досы  біраз  жерге  дейін  шығарып 
салады.  Осылайша  оқиға  ширыға  түседі.  Өсербеккке  оншалықты  оң  пейіл 
танытпайтын  Қалтөре  ішкі  арам  пиғылын  сол  жерде  жайып  салады. 
Патефонды тыңдауға бұйырады. Ал Өсербектің ниеті – осынау патефонды ең 
алдымен  балабақша  балдырғандарына  тыңдату  болатын.  Әбден  қастасқан 

 
112 
Қалтөре  мен  оған  болысқан  досы  Өсербекті  екеулеп  соғып,  патефон  мен 
оның  табақшаларына  ие  болады.  Табақшаларды  Қалтөре  төбеден  төменге 
қарай дөңгелете лақтырып жібереді. 
 
Әбігерленіп,  әбден  қиналып  Өсербек  үш  табақшаның  біреуін  әрең 
дегенде  төменнен  тауып  алады.  Балабақшаға  жеткізеді  патефонды. 
«Нәуірзек»  балабақшасының  бүлдіршіндері  «Заулатшы-ай»  әні  мен  Дина 
Нұрпейісованың  «Әсем  қоңыр»  күйін  қайта-қайта  тыңдаудан  бір  танбай  әр 
күнін ән мен күйге бөлеп өткізе береді. Сөйтіп, олар радио іздеп арғы бетке 
қашпайтын  болады.  Патефонға  қатысты  оқиға  болса  да,  жазушы  суреттеген 
ситуацияда  балалар  психологиясы,  олардың  жан  дүниесі,  ар-намыс, 
жауапкершілік,  достық  туралы  түсініктері  оқырманды  толғантпай, 
тебірентпей қоймайды. Балалар әлемі де бір қызық, құпия, әрі жұмбақ дүние-
ау деген ойға келесіз. 
 
Повесте  кеңес  заманындағы  тыныс-тіршілік,  оның  саясаты,  қоғам 
мүшелерінің  азаматтық  белсенділігі,  ертеңгі  күнге  деген  сенімі,  өздері 
қоңырқай  тұрмыс  кешсе  де,  өз  жұмысына  деген  жоғары  құлшынысы,  ынта-
ықыласы  көтеріңкі  рухта  суреттеледі.  Солай  болғаны  да  шындық.  Бұл 
соғыстан  кейінгі,  Жеңістен  соңғы  ел  ішіндегі  жаппай  серпіліс  болатұғын. 
Автор  «Патефон»  повесінде  осынау  өмір  шындығын  ешбір  боямасыз, 
саясиландырмай, шынайы көрсете білген. 
 
Шағын  ауылдың  өзінде,  ұлтарақтай  ауылда  сол  кезеңдегі  1  Мамыр  –
Халықаралық  татулық  мейрамын  бригадирмен  бірге  «Нәуірзек»  балалар 
бақшасының  балдырғандары  қолға  қызыл  жалау  алып  тойлайды.  Колхоз, 
ауыл  аман  болсын  дейді.  Бригадир  балалар  бақшасының  меңгерушісі,  яғни 
жеңешем  жасасын  дейді.  Жеңешесі  мырзағам,  яғни  бригадир  жасай  берсін 
деп тілек қосады. «– Біз жасарымызды жасадық, асарымызды асадық, – дейді 
Әсем апа, – енді сендер жасаңдар, мына көргендер жасасын», – дейді ақпейіл 
жүзбен.  Сөйтіп  жүріп,  мереке  күні  ақ  жарма  тілектермен  бірін-бірі 
құтықтайды.  Әрі  мереке  күнін  жұмысқа  арнайды.  Колхозшылар  арық 
тазалайды. Бұл да өз уақытының, өз заманының даусыз шындығы еді. 
          Жасы  асыңқырап  мектепке  барған,  сол  шақта  үшінші  класты  бітіргелі 
отырған  Өсербектің  пайымдауынша,  сол  ауылдағы  Құдықсайдың  бергі 
бетінде  сілтенген  сансыз  кетпен  күнге  шағылысып,  жарқ-жұрқ,  жарқ-жұрқ 
етеді.  Ертегінің  дәл  өз  деп  суреттеледі  кейіпкердің  ұшқыр  қиялымен.  Бұны 
жазушы  шығармасының  поэтикасы,  әлде  көркемсөз  гротескісі,  яғни  асыра 
суреттеуі  дейсіз  бе,  бұл  көзіқарақты  оқырманның  өз  еншісінде.  Бірақ  мұнда 
сол  қоғамға  саяси  тұрғыда  баға  беру  мүлдем  жат.  Бұнда  тек  замана  лебі 
табиғи  еседі.  Қайран,  қиындыққа  мойымай,  еңселерін  түсірмей,  шуақты 
өмірге  ұмтылған  мөлдір  де  адами  махаббатқа  малынған  балалық  дәурен-ай, 
дегіңіз келеді. 
          Өсербек  пен  Қалтөрені  арасы  өте  ширығып  кеткенін  повесті  оқи 
отырып  көз  жеткізгенбіз.  Олар  бір-бірін  қөруді  қойған.  Өйткені  Қалтөре 
Өсербекке не көрсетпеді. Бір мектепте, бір сыныпта оқыса да, ол Өсербектің 

 
113 
басын  тас  сиясауытпен  жарған.  Тау  ішінде    патефонының  табақшасын 
тартып алып, айдалаға лақтырған. Қаныпезер жандай әрекет еткен. 
          Енді,  мінеки,  Қалтөренің  әкесі  үйін  сатып,  орталыққа  көшетін  болады. 
Сол Қалтөре Өсербек тәрбиеші болып жүрген «Нәуірзек» балабақшасына өзі 
келеді. Не үшін? Қалтөре мен Өсербек орнындағы жанжалды өзгелер жақсы 
білсе  де,  жазушы  тілімен  айтқанда  «Қарқаралық  қиын  жағдайды»  білмекке 
ынта танытады. 
           Повесте 
суреттелетініндей 
«Не 
айтсын, 
не 
істесін, 
бәрін 
ойланбайтындай,  ол  үшін  басқа  біреулер  бас  қатыруға  міндетті  секілді 
көрінетін» Қалтөре бұл жолы ойлы, мұңлы, менмендіктен ада, қөңілінде мұз, 
сыз  жоқ  секілді  аңғарлады  Өсербекке.  Екеуі  бірдей  қол  алысады. 
Сәлемдеседі. 
          Қалтөре  Өсербекке  не  үшін  өзі  келді?  Өзінің  қате  басқан  қадамына, 
теріс  те  тентек  іс-әрекетіне  өкінді  ме?  Өсербектің  бұған  жауабы  жоқ  еді. 
Анасының айтуынша Қалтөренің анасы есті жан. Қалтөре  кешірім өтінгенде, 
анасымен  көп  сөйлескендігінің,  бұның  тірлігін  қош  көрмендігін,  дұрыс 
еместігін айтқанын жасырмай жеткізеді. 
          Қалтөре  мен  Өсербек  бір-бірімен  қоштасады.  Ендігіде  достығымызға 
сызат  түспесіншісі  деп  тілейді  Қалтөре.  Сондай    күндердің  бірінде  бала 
бақша  меңгерушісінің  үстінен  жоғарыға  арыз  жазылады.  Бала  бақша  заңсыз 
ашылған;  меңгеруші  өкпе  ауруымен  ауырады;  бригадир  қайнысы  екеуі 
бірігіп, қоғам мүлкін аямай жеп жатыр; қап-қап ұн, мүше-мүше ет берілсе де, 
быламықтан  өзге  тамақ  берілмейді  деп  жазыпты  арызда.  Өсербекке 
үлкендермен  бірдей  еңбеккүн  жазылатыны  да  назардан  тыс  қалмапты. 
Тексеруге  келгендер  балабақшаны  жабуға,  меңгерушінің  денсаулығын 
тексеруден өткізуге ұсыныс жасайды. 
Анасы өз денсаулығын тексеру үшін рентгенге көрінуге бара жатқанда, 
өзінің  өмірі  жайлы  Өрісбекті  хабардар  етеді.  Алты  ағасының  болғанын, 
алтауы  атқа  мініп,  үзеңгілерін  қағысқанда,  жоғарыдан  сайдағы  елге 
сыңғырлаған  үн  естілетін    дейді  анасы.    Солардың  жартысы  отыз  жетінші 
жылдың,  жартысы  кешегі  қанды  соғыстың  құрбаны  болды  деп  мұңданады 
анасы.  Әкесі  де  жетім-жесірлерге  болысқыш  жан  екендігін  айтады.  Сөйтіп, 
жас  та  болса  басшы  болған  Қалтөренің  өктем  әкесімен  ол  өмірден  өткенше 
иілмей  өтіпті.  Сол  күнде-ақ,  алты  ағасына  анасының  айтуынша  «біреу 
қызықса, екеу күндеген екен баяғыда». 
    
Жалғыз қалған соң қызы мен күйеу баласынан қиыла сұрап, Өрісбекті 
қолына  алған  екен.  Өрісбек  бала  бақша  меңгерушісіне,  яғни  Әсем  апаға 
әбден бала болып кетеді. Өз анасы деп біледі. Ендігіде арыздан мезі болған, 
қапаланған  Әсем  апа  меңгерушіліктен  өзі  сұранып  босанады.  Рентген 
нәтижелері жақсы болып шыққанына қуанған Өрісбек қаншама өз ата-анасы 
болған  әпкесі  мен  жездесіне  барамаймын  десе  де,  табиғи  әрі  заңды  әке-
шешесіне табыстайды Әсем апа. Сол елде жалғыз тұрып, сол жылдың күзінде 
өзі де бақилыққа аттанады. 

 
114 
    
Повесть  «Бөрлісай»  атты  колхоздағы  бала  бақша  меңгерушісі 
Балқаймақ    Базарғалиеваның  теледидар  мен  магнитофонды  қолды  еткендігі 
туралы  газет  редакциясына  жолданған  арызды  тексеру  жөніндегі  оқиғадан 
басталып, сол фактінің расталуымен аяқталады. Ал осы аралықта бір кездері 
бала  бақшада  тәрбиеші  болып  қызмет  атқарған  Өсербектің  бейнесі  арқылы 
бейнеленіп, сомдалған қаншама мінездер қақтығысы, кейіпкерлер тайталасы 
мен  тағдырлар  талайымының  оқырман  қауымды  шынайы  тебірентіп 
толғантқанын айтсаңызшы.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет