пиғылмен қосымша ақша беру, сөйтіп, тиісті құжаттарды алу секілді
қатардағы тұтынушыны міндетті түрде тәуелділікке бағындырған жәйттер
болатұғын.
Ал Сыпатай шалдың машина алуға шамасы жоқ-ты. Ақшалай көмек
көрсетеді деген балалары ішімдік ішудің соңына түскен. Үрпекбай шал
автокөлікті төлеп алуға шамасы келмесе де, кедейлік тіршілігін
мойындамайтын мінез көрсетеді. Елемес шалға автокөлік құнының үстіне
артық ақша беріп, екі жігіт өз мәселелерін шешіп кетеді. Сыпатай шалдың да
көңілін тапқан бір жігіт оны өмірінде бір рет те бармаған санаторийге
демалысқа аттандырады.
Автокөлікті үкімет береді деп, аяқ астынан тегін байлыққа ие болғанын
сезген ендігідегі бес шалдың үшеуі – Елемес, Үрпекбай және Сыпатай
қолдан-қолға тимейтін аса сыйлы тұлғаларға айналады.
Санаторийге барып емделіп, таяғын тастап келген Сыпатай, Еңсебек
мұғалімге өкіл аға болып, өзінің біраз ағайындарын аралаған Үрпекбай, басы
артық едәуір ақшаға арбалған Елемес күндердің күнінде баз баяғы таз
қалпына оралады. Сөйтіп, үкіметтің соғыс ардагерлеріне тегін яки жартылай
немесе толық төлеп ала алатын машина жайлы мәселесі ел экономикасының
тұралауына байланысты кейінге қалдырылады.
«Мәшине мәселесі» әңгімесінде жеке-жеке екі желі, екі оқиғалар
мазмұны бар. Олардың әрбірі жеке әңгімені құрайды да. Постмодерндік
үлгіде жазылған әңгіме классикалық үдерістегідей тұтас оқиғалар мазмұнын
құрап тұрмағандығын оқырман айқын байқайды. Әңгіме тақырыбын да «
Көсемдер және мәшине мәселесі» деп қоюға болатындай сияқты. Себебі
әңгіменің бірінші бөлімін оқыған соң « Мәшине мәселесі» деген
тақырыптың бұл бөлімге не қатысы бар деген ой туындайды.
Әңгімеде айтылар ой тек қана замана, ондағы билік басындағы
көсемдер мен басшылар хақында емес пе деген сауал оқырман көкейінде
тұрады. Әңгіменің басты ерекшелігі де осында. Екі мазмұндағы оқиға. Бір-
бірінен алшақ, өзбетінше өмір сүре алатындай әдеби-көркем туынды.
Постмодерндік үлгідегі шығарма. Бүгінгі әлем әдебиетіндегі постмодерндік
үдерістің жазушы зертханасында орын алғандығын «Мәшине мәселесі»
әңгімесін оқу барысында көз жеткізуге болады. Жазушының әлемдік әдебиет
үлгілерімен етене таныс екендігін көзіқарақты оқырман әп-сәтте-ақ
байқайды. Бұндай әдеби-көркемдік тәсіл қазіргі қазақ прозасында өзінің
дәстүр жалғастығын аңғартып та, дәлелдеп те жүр.
«Шел» әңгімесінен кейіпкерлер психологиясын, мегаполистік және
урбанизация кезеңіндегі замандастар бейнесін анық байқаймыз. Әңгімеде әке
55
мен бала, қайын ата мен келін арасындағы қазірде жоғалған болмыстар
ерекше көзге түседі.Соның ең бастысы – адалдықтан аттау дер едік.
Адалдықтан, ардан аттау адамдар арасындағы шындықты жалғандықпен
алмастыру арқылы өмір сүруге ықпал ететіндігі көзге менмұндалап көрінеді.
Байқалады.
Шын мен жалған нәрсенің ара жігін айырмау, оған мән бермеу адам
санасын ғана емес, тәнін де дертке ұшырататынын бүгінде ғылымның өзі
дәлелдеп отыр. Баласы Мелістің көпшіл, пысық болуымен біргелікте қызмет
бабымен жоғары көтерілгеніне разы болған әкесі Тәнтейдің қуанышында шек
жоқ. Келіні де реңді. Көпке жұғымды. Бірақ Тәнтейдің келінінің бойындағы
бірді-екілі қылықтары, іс-әрекеттері қайнатасы Тәнтейдің бойын жидырады.
Әйтсе де, Тәнтей өзін-өзі жұбатады. Қазіргі жастардың емін-еркін
жүрістері мен құрдастығының нәтижесі деп біледі. Келінінің өзі үйге
қонақтар келгенде тасалау бөлме тұсында солардың біреуімен аймаласып
тұрғанын байқағанда, осылайша мән бермеуге тырысады. Және бірде түні
бойы үйінде күткен қонақтарды келесі күні Сыртоғайдың түкпірінде, сырт
көзге түсе бермес жерінде күткен шақта келінінің әлдебіреумен оңашада
жолыққан сәтіне куә болады.
Қайынатасы осы ретте де көрген шындықты өзгелердің бәрінен
жасырады. Баласына да айтпайды. Келінге де тәйт демейді. Елге, жұртқа
масқара болудан қашқақтайды. Шындықты әрдайым айта беруге
болмайтынын аңғарады. «Қорыққандарын, қолынан бірдеңе келетіндерін
сыйлап үйренген жамағат осы күні омақаса құлап, омыртқаның үзіліп
жатқанын тілейді. Тілеп-ақ тұрады. Төленшиевтердің қай дәуірде де дәуірлей
бергенін қалай ғана жаратсын жұрт». Мінеки,Тәнтей әкейдің ендігідегі өмір
сүру кредосы. Тіршілік өлшемі. Көпті көрген, тағдыр талқысынан өткен
Тәнтейдің күрделі дүниетанымы. Өмір сүрудің өзіндік бағыт-бағамы.
Алайда баласы мен келіні арасындағы күмәнді тіршіліктің асқына түсуі
Тәнтей әкейдің денсаулығына кінәрат дарытады. Көзінің көруі нашарлайды.
Шел басады қос жанарын. Көрген нәрсесін, келінінің өзге бір қонақпен ну
ноғай ішінде қолына көтеріп құшағында кетіп бара жатқанын көрудің өзін
шын емес, елес деп қабылдайды. Қайсысы ақ, қайсысы қара екенін білу үшін
адалдық пен арсыздықты таразының қос басына салудан қашқақтайды. Оған
басты себеп – өзі көрсе де, көңілі сенсе де өзін-өзі алдарқату. Көргенін
көрдім демейді. Адам баласы психологиясының иірімдері тым тереңде, сан
қатпарлы, сан алуан екендігін жазушы осы әңгімесі арқылы өте шебер, аса
аса көркем сөз өнерімен, адам жанын жан- жақты ұғына алатын
көрегендікпен дәлме-дәл берген. Әрине, өмірде мұндай-мұндай оқиғалар
болады. Бола да беретін шығар. Бірақ оны проза жанрында оқырманға ұсына
білу үлкен әдеби-шығармашылық тұрғыдағы тәжірибелілікті, шынайы
қаламгерлік шеберлікті талап ететіндігі – ақиқат.
Көркем әдебиетте кеңестік кезеңнің, яғни ХХ ғасырдың 70-жылдарына
дейінгі жағымды, жағымсыз кейіпкерлер деп екі топқа бөлу қазірде жоқ.
Мейір, шапағат, рахым, әділдік, адалдық деген секілді ұғымдардың да
56
ұсақталып кеткендігі жасырын емес. Қаталданып бара жатқан замана тым
жуас. Тым момын болу – қоғам мүшелері тарапынан да қолдау-қуаттауға ие
емес. Бұны екінің бірі түсінеді. Сол себепті отбасы басындағы екі жақты
жауапкершілік мәселелері де жеке адамдардың еншісіне көшкелі қашан.
Әрбір отбасының өзіндік өмір сүру ережесі қалыптасқан. Былайша айтқанда,
өзгенің отбасы тірлігіне есінен адасқан ғана араласа алады.
Жазушының «Бейшара» әңгімесі – эпистолярлық жанрда жазылған
туынды. Ақындық өнері бар, айтар ойы анық жас ақын Ардашердің қаламгер
ағаға жазған хаты – өзінің ішкі ой әлемінің, дүниеге көзқарасының, қоғам,
адам, дос, ақын туралы шынайы көрінісі. Жанайқайы. Қоғамда жас ақынның
ойынша шын достық пен шынайы ақындық орнықпағанынша осынау қоғам
да, заман да түзеле қоюы неғайбыл.
Әңгіме публицистикалық леппен, көсемсөзге тән алауы мол жалынға
оралып өрнектелген. Мұндағы басты кейіпкер – жасы жиырмадан асқан
шартты түрдегі жас ақын мен жазушы арасындағы ойлардың шарпысуы,
пікірлердің алмасуы әңгімеге көсемсөздік сарын дарытқан.
Жас ақын мен оның досы Адан арасындағы достық та уақытша есепке
құрылған. Оны жас ақынның өзі мойындайды. Сезіп, түйсінеді де. Себебі
Адан жас ақыннан өзіне қажетін, керегін ғана алуға дәніккен тип. Мұндайлар
да аз емес. Адан досы бірде үлкен қаладан атақты ақынды арнайы шақырып
күтеді. Қонақ етеді. Алайда жас ақын Ардашердің жазуынша: «Өзіңіз білесіз,
Аданның ақындыққа қатысы жоқ, маған арнау өлеңдер жаздырып, атақты
тойларда оқып беріп малданады... Өлең жазатыным туралы әлгі кісіге ләм-
мим тіс жармайды...
Көрмегенім-ақ, жақындамағаным-ақ жөн еді-ау, аға. Соншалықты
атақ-абыройы да, шығармашылық күш-қуаты да, бергені мен бермегі де
салмақты, ғажайып ақынымыздың Адандардың алдында арзандап кете
барғанына қатты күйіндім» дейді жас ақын шарасыз халде. Бұндай
жағдаяттар, әрине, көзіқарақты оқырманды да қатты ойландырады.
Қазіргі заманда хат жазу үдерісі тым сиреп кеткен уақытта, тіпті хат
жазу дәстүрі жоғалған шақта жазушы осынау әңгімесі арқылы қоғам
өміріндегі көкейкесті мәселенің деңгейін көркемдігі биік, айтар ойы жоғары
дәрежеге көтерген. Сондықтан да эпистолярлық жанрды бүгінде жаңғыру,
жаңару үдерісіндегі құбылыс деп толыққанды айта аламыз.
Адан жас ақын досын қамырдай илеп, дегеніне көндірген жан. Оның
өзіне есепті дос ретінде пайдаланғанын да мына сөздерінен жеткілікті мәнде
ұғына аламыз: «Әлгі атақты ақын арқылы бұл жақтағы діттеген үлкен
шаруасы біткен соң, миығына мысқыл жүгіртіп отырып: « Бейшара! – деді
досым Алан. – Бейшаралар өңшең...»
Ол шынымен-ақ бүкіл қазақ түп-түгел табынатын әлгі ақынды айтып
тұр еді.
«Сен де бейшарасың, соны ұмытпағын, – деді ол маған да сыздана
қарап. – Соңғы уақытта өзгеріп барасың. Өзгеремін десең, өзің біл. Бірақ
бейшарасың бәрібір!»
57
Осы үзіндіні оны отырып, кімнің кім екендігіне, шынайы ақын мен
жалған ақынның қайсысы екендігіне ойша талдау жасай бастайсыз. Шынайы
достықтың киелілігі хақында күмәнданасыз. Әйтсе де, өмірде кездесетін
бірен-саран опасыздыққа бола, осынау ұғымға ешқашанда көлеңке де түсіре
алмайсыз. Өйткені өмірде бәрі де болады емес пе?!
Хат жазу арқылы жас ақын Ардашер өзі ашық айта алмайтын ой-
пікірлерін, дүниетанымы мен көзқарасын қаламгер Момын ағасына еркін
түрде жеткізген. Ардашер емен-жарқын, кесек-кесек сөздермен, тіліп-тіліп
айта алмайды. Өйткені ол жастай таланған. Жетімдік оны жалтақ еткен.
Өзгенің қабағына қарауды үйреткен. «Жетімдіктің, жоқшылықтың,
жалғыздықтың алдында шарасыз болып, шала жетілгеніме кінәлімін бе мен
бейшара?.. Ағатай-ау, сіздің де сондай-сондайлардың алдында бас
имегеніңізбен, амалсыз да шарасыз қалып, азапқа түсер күндеріңіздің көп
екенін кім ұғынар?! Іштен тынасыз тек қана.»
Бұндағы ақын Ардашердің жан толғанысының салдары оның
шалажансар халінде, шала жетілгендігінде, шала болмысында. Әрине, оның
тұтас болмысы, кешенді түрде жан-жақты жетілдірілмегені үшін кінә арта
алмайсыз. Жетімдік, жоқшылық, содан соң, тек өлермен тірліктің арқасында
жетіле бастаған, төңіректі бағамдай, бағалай білген қазіргі деңгейіне
шүкіршілік етесіз. Оның қолынан келер тірлігі – дәл өзі мойындағандай хат
түрінде өз ойлары мен пайымдауларын ақ қағаз бетіне төгілдіріп жазу ғана.
Бұл – ақын Ардашердің бейнесі. Психологиялық қалпы. Ашық айта білу хал-
ахуалын жоғалтқанымен, ақ қағазды серік ете отырып, ішкі әлемін жайып
салудың өзгеше бір түрі. Эпистолярлық жанр қаламгердің де, әңгіме
кейіпкерлерінің де ойы мен идеясына, яғни айтпақшы болған ниет-
амалдарына мейілінше қызмет жасаған. Сол үшін де эпистолярлық жанрдың
өміршең болатындығына әлі де сеніміңіз арта түспек.
«Қызбелдегі қос оқиға» әңгімесі бүгінгі заман және замандастар
бейнесіне арналған. Күні кешегі кеңес кезіндегі қайта құру, ауылдық
жерлердегі жүзімдіктерді орынсыз қопарып тастау науқандары, адамдардың
бойындағы ой-түсініктердің күрт өзгерістерге түсуі, колхоз бастығы
Түйтебай мен қарамағындағы қыздың іс-әрекеттерінің көпшілікке мәлім
болуы, олардың бірінің отбасылы болса да, әйелінің кешіруі секілді
мәселелерге ел ішінің таңданыс танытпағаны, оған бейжай қарағаны сияқты
жағдаяттар сенімді әрі шынайы суреттелген. Бұл – Қызбелдегі бірінші оқиға.
Ал екінші оқиға әңгіме кейіпкері Пердештің жеке басынан өткен
жағдайға байланысты. Колхоздың жүзімін жинау – сол кезеңде елеулі
жұмыстардың бірі болатын. Оны суық түспей жинауға ерекше мән берілетін.
Сондай күндердің бірінде Пердеш өзінің тоғызыншы ұлын дүниеге келтірген
әйелі – әкесі қазақ, шешесі түрік Пәнжеремен оңашада жоңышқалықтағы
кездесуі ауыл-аймаққа түгел тарап кетеді. Бастықтың және Пердештің іс-
әрекеттері секілді әңгімелер бұдан бұрынырақта айтылмаушы еді. Ендігіде
ондай-ондай әңгімелер, оқиғалар емін-еркін айтыла бастады. Жасырын,
құпия деген әңгімелер ауаны болмай қалады. Бұл да жариялылық уақытының
58
нәтижесі болар деген ой түйеді айтулы қаламгер. Шыны керек, қазірде жабық
тақырыптар қалмағандай сыңайлы. Компьютер, интернет заманында қандай
ақпарат, нендей бейнероликтер мен бейнетаспалар қажет, бәрін де табуға
болады ғой. Тек осынау ақпараттар мен бейнетаспалар тасқынында өзіміздің
ұлттық болмысымызды жоғалтып алмасақ болған-ды. Текті халқымыз бұған
жол бермес деп ойлаймыз. Тектілік тегіне қарай тартатындығына күмән
келтіргіміз келмейді.
«Айымбала» әңгімесі – адам жанының кейбір терең де сырлы әрі құпия
иірімдеріне арналған. Адам баласын, әрине, ар, ұят, намыс секілді ұғымдар,
ұстындар ұстап тұрады емес пе. Журналистпен кездесуге келген әңгіме
кейіпкері Айымбаланың тағдыры, өзінің ұнасымды, үйлесімді, жарасымды
болмыс-бейнесіне қарамастан, қыз ғұмырының қорланғаны, зорланғаны
жайлы мұңды сырлары тілшіні тебірентеді.Толғандыруы мүмкін емес те
болуы ғажап емес-ті. Бірақ Айымбаланы, жас ұстаз қызды бір кездері Сібір
жерінде әскер қатарында бірге қызмет жасаған командирі сержант
Сержановтың зорлап, қорлағаны журналистің ойын астан-кестен етеді. «Тау
мен тау кездеспесе де, адам мен адам кездеседі» деген тәмсілге осы ретте
қалайша иланбассың. Сол кездерде сержант Сержановтың қол астындағы
әскер Осокин құрылыс әскерінде қызмет ете жүріп, тоғызыншы қабаттағы
жас құрылысшы қызды қорлап, зорлаған-ды. Намысы аяқ асты болған
сібірлік бойжеткен тоғызыншы қабаттан құлап мерт болады. Сержант
Сержанов өзгенің оспадарсыз іс-әрекеті үшін қызметтен босап, қатардағы
құрылысшы әскер қамытын киеді.
Енді мінеки, әңгімедегі сержант Сержанов та өз аулындағы мектепте
ұстаздық қызметке келген Айымбала арудың намысын аяқ асты етеді. Осы
оқиға журналисті қатты тебірентеді. Әйтсе де, Айымбаланың одан кейінгі
тағдыры жайлы журналистке беймәлім болады. Тек кезекті бір журналистік
іссапардан оралып келе жатқанда Айымбаламен жолығады. Айымбаланың
жан-сырын ұғынған, түсінген ер азаматтың бірі – әріптесі болған ұстазға
тұрмысқа шығып үлгеріпті. Балалы-шағалы да болған.
Қиыр Сібірде үйден құлап опат болған бурят әлде саха қызының
қайғылы тағдыры, сондай-ақ, қазақ даласында ар-намысы қорланған қазақ
қызы Айымбаланың талайлы тағдырының тайғақ кезеңі кейініректе өз
үйлесімін тапқаны оқырманды бір сәтке ойландырады. Қандай тұйыққа
тірелген тұста да, соңғы қадамға бармауға, Алла берген тән мен жанды
құрбандыққа шалудан қалыс қалуға, ертеңгі күннің әлбетте жақсылығы
көптеу болады деген сенімге жетелей түсетін тағылымды дүние деп білеміз
біз осынау көркем шығарманы.
«Күдірең» – оқиғаға және өзіндік айтар ойға құрылған көркем туынды.
Күдірең бидай – өздігінен шығатын жабайы бидай. Күдірең дүние, күдірең
ұрпақ дегеніміз – өз болмыс-бітімі төл табиғатынан өзге, өгейлеу
қалыптасатын нәрселер мен ұғымдар, тосын түсініктер. Мәселен, әңгімеде
баян етілетін той-томалақтарды алалық. Бесіктегі баладан бастап, сексендегі
шал-кемпірлер биге тоймай билейді. Жастары мен орта жастағылары жер
59
тепкілеп би билеуге кіріседі. Жұрт не деп баға берсе де, не десе де оған мән
беріп, көңіл аударып жатқан ешкім де жоқ.
Әңгімедегі басты кейіпкерлер – Тамғабай мен Таңсұлу бір кездері, яғни
отыз жыл бұрын бір сыныпта оқыған. Жекешелендіру жағдайында әркім
өзіне тиесілі жерге ие болып жатса да, айналасын қоршап алған Тамғабайдың
жиырма гектар жеріне күздік бидай жақсы шықпаса да, сол алқапта көктемге
салым бидай қаулап өседі. Бірақ оны орталықтағы кооперативтің иесі
сырттай иемденіп шығады.
Сол арада өзінен күшті шыққан кооператив иесіне қарсы дау айта
аларлық адамды Тамғабай ойда-жоқта тауып алады. Ол – Келдібек есімді
кеден қызметкері. Келдібек-кеденге сенген Тамғабай оны өзіне құдірет
санайды. Құрметтейді. Жер дауына байланысты Келдібекке барған кезде
Тамғабай өз сыныптасы Таңсұлуды жолықтырады. Балалық шақтағы
естеліктер мен балалы-шағалы болған отыз жыл арасындағы оқиғалар, бәрі-
бәрі де әңгіме өзегіне арқау болған. Өмірдің өзі секілді ағы мен қарасы, сан
алуан бояуы араласқан тіршіліктің сан тарамдары көркем шығармада жан-
жақты суреттелген.
Жазушы Мархабат Байғұттың «Түбіркүлөз» әңгімесі қайта құрудан
кейінгі кеңестік қоғамның ыдырап, еліміздің тәуелсіздік алған кезеңіндегі
алғашқы жылдардағы ауыл өмірі оқиғаларына арналған. Жекешелендіру кең
өріс алған жылдар. Бадамсай аулындағы тауарлы сүт фермасы да ту
талапайға ұшыраған. Жетпіс шақты тананы бөлектеу қойып, оларды елде
жок түбіркүлөз ауруына шалдыққан деген диагноз қойылған.
Кезінде бай-бағлан болған Байшымырдың ұлы Қыбырай өмірінің
басым бөлігі, яғни қырық бір жылын осы фермада бақташы болып атқарған.
Жеті жыл күзетшілік еткен. Оны да туберкулез деген аурумен ендігіде
қызметтен босатқан. Қыбырай еті тірі жан. Ол бұл аурудың себеп-салдарын
анықтау үшін Ташкентке немесе Шымкентке барып қайтуға бел буады.
Фермадағы жетпіс тананың тағдырын да білмек болады. Өмірінде жөтеліп
көрмеген Қыбырай өзінің не себепті туберкулез болғанын білмей
қоймайтындығына ауыл басшыларын иландырады.
Шыны керек, Қыбырайдың сергектігі, пысықтығы өз жемісін береді.
Шымкенттегі маман дәрігерлер Қыбырайдың туберкулезден құлан таза дін
аман екендігін дәлелдеп анықтама береді. Қыбырай Бадам-сайдағы аулына
оралады. Кеңестік кезеңде сол кездің саясатына орай кедей қызына,
Кеуіртбектің әпкесі Қиянгүлге үйленген ол өз жұбайымен сағыныса
қауышады. Қой-ешкілерін жайып жүрген Қиянгүл өздеріне төрт қара ала
тана тигендігін де ашып айтады. Жетпіс тананы өз құлқындарына жұту үшін
оларды туберкулез деп, оңаша қамап қойған құлқынқұмарлардың астыртын
ойларының құпиясы ашылып қалғандықтан оларды ұжым мүшелеріне
тиісінше бөліп беріпті.
Әңгіме шынайылығымен, жекешелендіру кезеңіндегі өмір шындығын
ойып алғандай дәл көрсетумен ерекшеленеді. Туындыда жергілікті сөздер,
яғни диалектілік мәнге ие сөз айшықтары мол ұшырасады. Мәселен, автор
60
туберкулез сөзінің өзін жергілікті тұрғындардың айту мәнерімен түбіркүлөз
деп қолданады. Ферма, запчасть, МТФ сөздері мен аббревиатуралық сөз
тиісінше перма, запшаст және Мы-Ты-Пы деп, күнделікті қарым-
қатынастағы айтылу заңдылығы сипатында оқырмандарға ұсынылған. Бұның
өзі әңгіменің өмірмен етенелігін, нақтылығын, шынайылығын арттыра
түскен. Сондай-ақ, оңтүстік өңірдің кей тұстарында жиі кездесетін жүдә
(өте), түгілі (басқа, өзге), кеп қапты (келіпті), тұрыпты (тұрды), намы (есімі)
қапа болмаң (қапа болмаңыз), таман (жақ, тұс) сөздері де көркем әңгіменің
өзіндік сипатын айшықтайтын сөздік қолданыстағы детальдар дер едік.
«Гамбургтегі қазақтар» әңгімесінде халқымыздың бойындағы кейбір
жақсы қасиеттермен бірге келеңсіз іс-әрекеттері суреттеледі. Әңгіме
жанрында жазылғандықтан әр халықтың бойындағы болмыс-бітімдер өмірдің
өзінен ойып алғандай шынайы түрде өрнектелген. Әдетте әңгіме тақырыбы
менмұндалап тұрғандай, қазіргі неміс жері – Гамбург қаласы емес. Гамбург –
бұл Түлкібас төңірегіндегі қатардағы «Бірлік» аулы. Мұнда соғыс
жылдарының басында келген немістер мекен етеді. Солардың тұрғылықты
ауылы ел аузында бірте-бірте жойылып, немістердің Гамбург қаласының
атауына ие болады.
Кеңестік жүйе ыдырап, ел тәуелсіздікке қол жеткізе бастаған
алмағайып күрделі де қиын кезеңде немістер де атамекеніне үдере көше
бастаған кез. Немістердің тап-тұйнақтай әрі әдемі салынған, таза да көрікті
үй-жайларын жергілікті тұрғындар, қазақтар сатып ала бастайды. Әңгімеде
немістердің өсек айтпайтындығы, өтірік сөйлемейтіндігі, көкіректерін
қақпайтындығы, шіренбейтіндері, құйтырқы іс-әрекеттерге бейімсіздігі
авторлық баяндаулар сипатында кестелі сөздермен өрнектелген.
Әрине неміс Ганс Вайслер мен оның жұбайы Кильда қазақ жеріне
бауыр басқан. Олардың қазақ бауырларымен қоштасуы да оңай болмайды.
Талай жыл бірге тыныс-тіршілік еткендіктен, тәртіпке бағыну, сезімге беріле
бермеу секілді қасиеттерге бой ұсынса да, олар туған жермен қимай
қоштасады.
Әңгімеде ұзақ уақыт бірге тұрған достар Ганс Вайслер мен Кильданың,
Несіпбек пен Патиманың арасындағы диалогтар тамаша әзілге, шешен де
орынды сөздермен керемет өрілген. Оқырманның өзі әңгімедегі оқиғалардың
тікелей куәгері болғандай сезіледі.
«Мал ашуы – жан ашуы» демекші, әңгімедегі Эра атауын иеленген
сиырдың, яғни Кильданың Патимаға сыйға беріп кеткен асыл тұқымды
малдың өлгені тым асыра суреттеліп кеткендей сыңайлы. Осыған орай
Патиманың жоқтау айтуы, оның денесінің тоғайдағы тау талдарының
арасына жерленуі – халқымыздың төл табиғатына тосындау сияқты емес пе.
Әлде өз болмысымыздан ауытқыңқырап, еуропашыл мінездерге бой алдыра
бастауымыздың көркем әңгімедегі бір көрінісі ме. Қалай дегенде де төл
болмысымыздағы өзгешелеу құбылыстай аңғарылады осынау эпизодтағы
жағдаяттар. Мұндайда текті халқымыз: «Өлсе мал өлсін. Бәле-жала сонымен
кетсін» деп өзді-өзіне тоқтам айтпай ма. Мұндай тұжырым әңгімеде де бар.
61
Бірақ әңгіме кейіпкері бұл ойды ашып айтуға батылы жетіп дауалмайды.
Өйткені төл болмыс әлсіреген сыңайлы.
Әңгімеде шығарма кейіпкерлерінің өздерін-өздері аямай сынау секілді
жәйттер де кездеседі. Мұндай сәттерде жазушының юморлы сөз
тіркестерінен, айтар ойларынан терең де астарлы ой иірімдерін айқын
аңғарасыз. Мәселен, әңгімедегі негізгі кейіпкерлер Несіпбек, Немеребай,
Шөберебай немістердің әсем де келісті үйлерін, жайқалған үй іргесіндегі бау-
Достарыңызбен бөлісу: |