Нұрғали Қадырбаев



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата21.01.2017
өлшемі0,86 Mb.
#2344
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
үшін  орталыққа,  Мәскеуге  жалтақтайтынбыз.  Ендігіде  өз  елімізде  ондай 
тәуелділіктен арылдық. Сол жылдары облысымызда «Жібек жолы» журналы 
шыға  бастады.  Ол  –  әдеби-көркем,  қоғамдық-саяси,  ғылыми-танымдық 
журнал болатұғын. 
 
«Жібек  жолы»  журналы  және  Төрегелді  туралы  сыр»  деген  мақалада 
жазушы-публицист  басылымның  бас  редакторы,  журналист  Төрегелді 
Байтасов хақында әңгіме-сыр шертеді. 
 
Төрегелдінің  ойлылығы,  мәдениеті,  этнографиялық  мақалаларындағы 
тың  мәселелердің  көкейкестілігі  айрықша  еді  дейді  қаламгер-публицист. 
Адами  болмысы  да  назардан  тыс  қалмаған.  Өзгелердің  сыртынан  сөз 
айтпайтындығы, бетіне айтатын мінезі де елеп-екшеленген. Оның журналист-
жазушы,  баспагер  ретінде  «Жібек  жолы»  журналын  шығаруы  –  қазақ 
баспасөзі  тарихындағы  айрықша  беттердің  бірі  дер  едік  біз.  «Жібек  жолы» 
журналының  әрбір  саны  руханият  әлемінің  бір-бір  кітабы  деп  жазады 
публицист-қаламгер. 
 
«Жібек  жолы»  журналы  жазушы-публицист  Мархабат  Байғұт 
жазғанындай,  республикадағы  тұңғыш  тәуелсіздік  журнал  болды.  Төрегелді 
Байтасов  –  бас  редактор,  жазушы-журналист  Шойбек  Орынбаев  бас 
редактордың  орынбасары  әрі  жауапты  хатшысы  қызметін  атқарды.  Журнал 
халқымыздың  рухын  көтеруде,  ұлтымыздың  намысын  оятуда  ерекше  рөл 
атқарды деп ой түйеді қаламгер-көсемсөзші. 
 
«Асудағы  арылу»  мақаласы  ХХ  ғасырдың  соңында  жазылған  дүние. 
Адамзат  баласы  қашанда  ертеңінен  үміт  күтеді.  Ал  ғасырлар  алмасарда, 
әрине,  арманға  иек  артады.  Келер  ғасыр  кереметтей  көрінеді.  Әйтпесе,  өтіп 
бара  жатқан  ғасырдың  орнына  жаңа  ғасыр  келгенде,  ескінің  орнын  жаңа 
ғасыр  басқанда  өзгере  қалар  ештеңе  де  жоқ.  Бәрі  де  жалғасып,  сабақтасып 
жатады. Әйтсе де, ХХІ ғасырдан адам баласы көп нәрсені аңсары ауа күтетіні 
де хақ. 
 
Орыстың  ұлы  жазушысы  Лев  Толстой  өзінің  жазбаларының  бірінде 
«Айда  темір  бар  ма,  жоқ  па,  білуге  болады,  ал  адам  баласының  қитұрқы 
тірлігін,  әдіс-айласының  сан  қатпарлы  иірімдерінің  қалтарыстарын  біліп 
болмайды» дегендей сипатта жазған ойы бар. Дұрысы сол. Өмір көрген, бай 
тәжірибеге  ие  данышпан  жазушының  ойына  қосып-алар  ешнәрсе  де  жоқ. 
Бірақ адамзат өткеннен сабақ алып, болашаққа тиісті  қорытынды жасары да 
рас. 
 
Және  бір  адамзаттың  Айтматовы  атанған  заңғар  жазушы  да  өмірінің 
соңында  нарыққа  негізделген  қоғамның  қарыштай  басып  келе  жатқанын 
қадамына  қауіп  білдіре,  Ақша-Құдай  болатын  уақыттан  қорқатынын  ашық 
айтқан.  Ақша-Құдай  болғанда  ар-ұят,  намыс,  иман  жоғалатынын  да  дөп 
басқан. Әрине, данышпан ойшыл осынау ойын қауіптенген соң іштен сыртқа 
шығарған  да.  Жаңа  ғасыр  әрбіріміз  үшін  санамызды  сәулелендірер,  ұлттық 
рухымызды биіктетер ғасыр болса екен деп калаймыз біз де. 

 
145 
 
Ал  «Көктүрік  рухын,  көкбөрі  киесін  сезіндік»  мақаласы  түркі  дүниесі 
халықтары арасында өткен VIII құрылтайы хақында. Мұндай басқосу Түркия 
елінің  Самсун  шаһарында  өтіпті.  Түркі  жерінде  түбі  түркі  халықтарының 
достығы,  бауырмалдығы,  сол  елдің  мұнтаздай  тазалығы  да  мақалада  өз 
көрінісін  тапқан.  Адамдарының  иманжүзді,  ибалы,  еңбексүйгіштігі  де 
назардан 
тыс 
қалмаған. 
Байларының 
шіренбейтіні, 
кедейлерінің 
кіжінбейтіндігі де қаламгердің кестелі ойларымен әсем өрнектелген. Орынды 
ойлар,  келісті  пікірлер  оқырман  танымына  тағылым  дарытқандай 
аңғарылады. 
 
Түркістан шаһарына 1500 жыл толуына орай 2000 жылы қолға алынған 
«Сайрам-Түркістан»  бағытында  жаяу  жүріп  өту  сапары  жайында  жазылған 
мақалада  осынау  іс-шараның  ең  алдымен  Аллаға,  данышпан  Қожа  Ахмет 
бабаға,  сосын  Түркістанға  тағзым  сипатында  өткендігі  баян  етіледі.  Бұның 
өзі  өз  кезегінде  діл  мен  дінге,  тіл  мен  ата-баба  дәстүріне  адалдықтың 
белгісіндей  көрінетіндігі  –  мақаланың  негізгі  арқауы  дер  едік.  Және  де  үш 
жүздің басын қосқан Абылай ханға, өзге де айтулы  хандар мен билерге, қол 
бастаған  батырлар  мен  ғұлама  ғалымдарға  тағзым  екендігі  о  бастан-ақ 
баршаға  аян  екендігін  қаламгер-көсемсөзші  «Жеті  күндік  жол»  («Сайрам-
Түркістан жаяу сапарларынан жазбалар) мақаласында түстеп, талғап, талдап, 
айшықтап жазыпты. 
 
«Сықақшы  Әкім  Ысқақ»  атты  мақаласында  жазушы  Мархабат  Байғұт 
белгілі  ақын,  сазгер,  қаламгер,  қайраткер  туралы  ой  қозғаған.  Айтулы 
тұлғаның  өмір  жолдарына  тоқталып,  Ел  Пардламентіндегі  жемісті  қызметін 
жадқа  қайтадан  оралтады.  Шыны  керек,  Әкім  Ысқақ  елдің  ең  жоғарғы  заң 
шығарушы  билігінде  депутат  болған  кезде,  алғаш  рет  мемлекеттік  тілде 
«Халықтың көші-қоны туралы» Заңды даярлады. Бұл – үлкен ерлік болатын. 
Төл тіліміздің сөздік қорына оралман деген кең тынысты жаңа сөз қосылды. 
Бүгінде  мен  бұл  сөздің  мәні  мен  мазмұнын  жоғары  бағалаймын.  Оған  теріс 
баға  бере  алмаймын.  Басқаша  ойлайтындардың,  әрине,  өз  еркі,  өз  құқы  бар 
болар.  Десек  те,  елге  оралғандар  үшін  қамқорлықтың,  бауырға  тартудың 
құқықтық  негізі  жасалғандығы  үшін  де  осынау  құжаттың  аса  мәнді  де 
маңызды болғандығын еш уақытта жоққа шығара алмаймыз. 
 
Жазушы-публицист  сондай-ақ  ақын  Әкім  Ысқақтың  поэтикалық 
шығармашылығы мен кітаптарына біршама шолу жасап, әрі физик, әрі лирик 
ақын-қайраткердің  сегіз  қырлы,  бір  сырлы  ер  азаматқа  тән  қасиеттерін 
биіктете  түскен.  Мақтаныш  еткен.  «Сүйер  ұлың  болса  сен,  сүй,  Сүйінерге 
жарар  ол»  демей  ме  осындайда  ұлы  Абай.  Біз  осынау  мақаланы  тұтастай 
солай қабылдадық. 
 
Жазушы-публицистің көсемсөз саласындағы еңбектері ел адамдарының 
болмыс-бітімін,  көзқарасы  мен  дүниетанымын,  адами  қарым-қабілеттерін 
көрсетумен  толыға  түскен.  Дәл  осындай  тақырып  ауқымында  жазылған 
очерктің  бірі  –  «Дарияның  арғы  бетінде»  деп  аталады.  Дәлірек  айтқанда 
очерк-триптих  және  онда  суреттелетін  оқиғалардың  мекен-жайы  мен 
кейіпкерлері  –  ұлан-байтақ  еліміздің  ең  қиыр  оңтүстігіне  орналасқан 

 
146 
Мырзашөл  өңіріндегі  бүгінгі  Мақтаарал  ауданы  және  мақтааралдықтар. 
Очерк  үш  бөлімнен  тұрады.  Біріншісі  –  «Кировтың  Романы  немесе  Жиделі-
Байсынның Шерағасы». Екінші бөлім – «Асықатаның Асаны немесе бір өзі – 
бір энциклопедия» деп аталады. Үшінші бөлімнің атауы – «Жетісайдың Бөрі 
Исасы – Мырзашөлдің Нұрғисасы». 
 
Ендігіде  осынау  очерк-триптихтің  бірінші  бөлімі  жөнінде  әңгімеге 
ойысалық. Мұнда баяндалатын әңгіменің басты кейіпкері – мақтааралдық ел 
ағасы,  ел  ардақтысы  болған  Роман  аға  Зұлпыхаров.  Әділдікті    жаны 
қалайтын,  құқық  қорғау  саласында  ұзақ  жылдар  жемісті  қызмет  атқарған, 
аудандық  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  болған  Рекеңнің  адами  болмыс-
бітімі  ерекшетұғын.  Дүйім  жұрт  бұл  кісіні  сыйлайтын.  Сөзін  бөлмейтін. 
Өйткені  Рекең  сөзді  ірі  турайтын.  Кесек  мінезді,  кесек  сөзді  еді. 
Майдаламайтын  әңгімені.  Ұсақтыққа  бармайтын.  Сол  үшін  де  елі  мен 
жұртының алдында абыройы биік, мәртебесі жоғары болатын. Сөздің ашығы 
осы. Көзіміз көріп, тікелей араласып, іргелі ауданда өтетін үлкенді-кішілі іс-
шаралар  мен  басқосуларда  жолығатын  соң  солай  деуге  құқымыз  да  бар 
шығар. 
 
Жазушы-публицист  Мархабат  Байғұт  осы  очеркте  Рекеңді  Жиделі-
Байсын  жерінің  Шерағасына  теңейді.  Шерхан  Мұртазаға.  Қазақ  халқының 
біртуар  азаматына.  Халқымыздың  көрнекті  тұлғасына.  Рас,  ұқсастық 
жеткілікті.  Рекең  де,  Шерағаң  секілді  бұлғақтамайды.  Жалтақ  мінезден  ада. 
Кесіп сөйлейді. Бетің, жүзің бар демейді. Ел-жұрттың, көптің мүддесін қамти 
айтады. Елдік мінездің адамы. 
 
Рекеңнің  балалық  шағының  кешегі  қанды  майдан  жылдарымен  тұспа-
тұс келгендігі, бейбітшілік  уақытта  Алматыға жоғары оқу  орнына  түсіп, заң 
факультетін  бітіргені  де  осынау  мақалада  айтылады.  Жоғары  оқу  орнын 
тәмамдап,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  соттың  мүшесі  болады.  Қиыр 
оңтүстіктегі үш аудан Өзбекстанға қосылғанда, Сырдария облыстық сотының 
орынбасары болып  қызмет атқаруы, әрине, зор жетістік екендігі әмбеге аян. 
Рекең  туралы  сөзді  ендігіде  Махаңның  өзіне  берелік:  «...  нені  де  болса, 
кібіртіктемей,  күбіжіктемей,  бетке  тіп-тіке,  жүзге  тұп-тура  айтатын.  Тура 
биіңіздің тап өзі, ел ағасы, Жиделі-Байсынның Шерағасы.» 
 
Рекеңнің болмыс-бітімін толықтыра түсетін және бір штрих бар. Оқып 
көрелік:  «Бір  жылдарда  мына  мақтап  жүрген  Алманияңыздың  алпауыттары 
да  асап-асап,  қылғытып-қылғытып  алып,  қанағат  тауыпты  да,  жаппай 
жұмылып,  елі  мен  жерін  көркейтіпті  ғой.  Неғыпты  сонша,  біздегілер  де 
қанағатқа  келер.  Келе  алмаса,  өз  обалдары  өздеріне.  Адамзаттың  арғы 
тарихындағы  екі  миллион  жылды  айтпағанда,  өздерің  өңмендей  өзеурейтін 
өркениеттің  бес  мың  жылында  қанағатсыздықтан  қағынғандардың  бәрінің 
ақыры  оңып  көрмеген.  Осындайды  айтам  деп  жақпай  жүрген  жоқпыз  ба?!» 
Ойлантатын, ойланатын жәйттер-ақ. Жазушы-публицист очеркінің тағылымы 
біле білгенге аз емес. 
 
Очерктің  екінші  бөлімінің  басты  кейіпкері  –  Асан  Піләлов. 
Энциклопедиялық  білімге  ие  шаруашылық  басшысы,  еңбекті  оңтайлы 

 
147 
ұйымдастырудың  білгір  жетекшісі  болған  абзал  аға  Асекең.  Ауыл 
шаруашылығында  жемісті  қызмет  атқарған  Асекеңнің  бір  ерекшелігі  – 
көркем әдебиет пен көркем өнерді жанындай жақсы көруі еді. Бұндай қасиет 
кезінде колхоз, совхоз басқарған, ел экономикасының қақ ортасында жүрген 
тұлғалар үшін тым жұтаңдау болғандығы жасырын емес-ті. 
 
Асекеңнің  өнер  иелері  туралы  жан-жақты  білігі  мен  танымы,  бала 
тәрбиелеудегі  ата-ана  өнегесі  туралы,  сондаақ,  өзінің  қоңыр  үнімен,  талай-
талай  келісті  шежірелерді  шертетін  табиғаты  және  публицист-қаламгердің 
жеке ой-пікірлері де оқырмандар жадында жақсы әсер қалдырары хақ. 
 
Ал  очерктің  үшінші  бөлімінде  белгілі  сазгер,  дәулескер  күйші,  ерен 
рухты  режиссер,  «Сырдария»  университетінің  профессоры  Бөрі  Иса  жайлы 
сыр  шертілген.  Рас,  Жетісай  бүгінде  –  жер  жаннаты.  Үш  жүз  мыңнан  астам 
тұрғыны  бар.  Мақтаарал  ауданының  орталығы  Жетісай  бүгінде 
экономикасымен,  бизнесімен,  кәсіпкерлерімен,  өнер  иелерімен  қалай 
мақтанамын  десе  де  жарасады.  Бұл  өңір  шын  мәнінде  еліміздің  барша 
салалары  үшін  тұлғалы  талант  иелерін  даярлаудың  орталығына, 
ұстаханасына айналған. 
 
Ал осы өңірде тер төгіп, жемісті қызмет атқарып жүргендері де көптеп 
саналады.  Солардың  бірегейі  –  Бөрі  Иса.  Бейнелеп,  өрнектеп,  кестелеп 
айтқанда  атақты  Нұрғиса  Тілендиевтің  өзі  әзіл-шыны  аралас  «Алматыда  –
Нұрғиса,  Жетісайда  –  Бөрі  Иса»  деп  айтқан.  Бұл  сөз  бүгінде  қанатты  сөзге 
айналып  үлгерді.  Осынау  сөзде  шындық  бар.  Бүкіл  саналы  ғұмырын  әз 
домбыраға  арнау  нағыз  өнер  иесінің  қолынан  ғана  келетін  тірлік.  Қара 
домбыраға  үн  бітіріп,  оны  адам  жүрегінің  терең  де  тылсым  иірімдерімен 
ұштастыру  –  талант  иесіне  ғана  тән  қасиет.  Бүгінде  Жетісайда  Бөрі  Иса 
негізін  қалаған  домбыра  сазы  мектебі  қалыптасқан.  Ол  келешекте  де 
жалғасты, дәстүрлі болатындығына ешқандай да шүбә жоқ. 
 
Жазушы-публицист  Мархабат  Байғұттың  қаламгер  сипатындағы  ең 
басты  ерекшелігі  де  осында;  халықтың  қалың  ортасынан  шыққан,  қайнар 
бастауынан мөлдіреп аққан бұла тамшыларды және ел-жұрттың игілігі үшін 
тынымсыз да тиянақты түрде қызмет атқарып жүрген нағыз ерлерді, шынайы 
талант иелерін ұлан-байтақ еліміздің игілігіне ойдағыдай айналдыра білуінде. 
Бұндай  қабілет-қарым  әрбір  қаламгердің  қолынан  келе  бермейтіндігі  де 
шындық. 
 
Жазушы-публицист  Мархабат  Байғұт  Бөрі  Исаның  портретін  оның 
домбырасымен  қосақабат  берген  тұсты  былай  деп  кестелейді  сөз  өнері 
тәсілімен:  «Тағы  да  бір  байқап  қарағанымызда,  желмаясына  мініп  алып, 
туған  жерімізді  көктей  ұшып,  армандап  кетіп  бара  жатқан  абыз  Асан  атаны 
елестеткендей  күй  кештік.  Ал,  ол,  Бөрі  Иса,  Мырзашөлдің  Нұрғисасы,  сол, 
сәл  ғана  күлімсіреген  күйінде,  сәл  ғана  мұң  араласқан  ақсары  жүзіне  бұйра 
шашы  жарасып,  көктемгі  кәусар  аспанда  еркелей  жүзген  айға, 
айналасындағы  жұлдыздарға  қарап  қалыпты...»  Бұл  қаламгер-көсемсөзшінің 
қиялды  серік  еткен  ой-пікірі  емес,  күй  сазына  балқыған  көркем  сөзінің 
шынайы  табиғаты.  Сұлулыққа  суарылған,  табиғи  тазалықпен  астасқан  

 
148 
мөлдір  ойлары.  Саф  алтындай  сыршыл  сезімдері.  Бөрі  Исасыз  Жетісайды 
көзге елестету, шынында да, мүмкін емес дегеніміз-ақ келеді біздің дағы. 
«Күміс  кетпен»  очерк-триптихінде  де  «Ортақ  өгізден  оңаша  бұзау 
артық»  деген  заманның  еңбек  десе,  білектерін  түретін,  тер  төгіп,  қара 
жұмыстан қашпайтын кейіпкерлермен етене танысамыз. «Қодас казған» атты 
бірінші  бөлімде  бұрын  кеңшарда  жүргізуші  болған  Қодас  Арынұлының  ені 
үш  метр,  тереңдігі  де  сондай  көлемде  қырық  үш  отбасымен  каналды 
кетпенмен қазған ерен еңбегі жайлы сыр шертіледі. 
Әрине,  техника  мен  технология  дамыған  қазіргі  кезде  кетпенді 
насихаттаудың  қажеті  де  шамалы    болар.  Бірақ  тәуелсіздік  алған  жылдары 
кеңшарлар да, ұжымшарлар да тарап, техниха атаулысы қолды болған кезде, 
алғашқы 6-7 жылда экономикамыз да, сөздің құны да тым құлдырап кеткені 
мәлім-тұғын. Ғылыми тілмен айтқанда жан-жақтан инфляция қысып тұрған-
ды.  Сол  кезде  мойымай,  енжарлыққа  салынбай,  ұзындығы  бір  жарым 
шақырымдық каналды  кетпенмен қазу екінің бірінің қолынан келетін тірлік 
емес-ті. Ал Қодас секілді ерлер туған топыраққа нәр беру мақсатында ересен 
күшті,  қажыр-қайратты  талап  ететін    қадамға  барды.  Демек,  қандай  қиын 
уақыт  болса  да,  елімізге  үміт  артатын  ер  азаматтар  баршылық  екен. 
Шынында  да,  қара  түсті  кетпендер  сол  шақтарда  жарқырап,  жайнап,  күміс 
кетпенге  айналғанын  автор  мақтаныш  сезімімен  өз  оқырмандарымен 
бөліседі. 
Сондай-ақ, «Серікбай сенген» атты  екінші бөлімдегі мақала-очеркте де 
кетпенді  құт  деп  санап,  канал  қазып  жүрген  ауыл  ерлерінің  тындырымды 
тірлігін  жанды  әрі  нәрлі  сөздермен  автор  шебер  кестелей  білген.  Серікбай 
Ибадуллаев  автордың  айтуынша  нақтылы  тірліктің  адамы.  Өмір  мектебінен 
өткен.  Тәжірибесі  мол.  Экономист-қаржыгер.  Кеңестік    жүйе  ауқымында 
кеңшар,  қой  зауытын  басқарған.  Аудандық  қаржы  бөліміне  де  басшылық 
жасаған. Тік мінезін біреулер түсінеді. Түсінбейтіндер де бар. 
Үшінші бөлім мақаласының атауы – «Көпір керек». Бұл тура мағынасы 
да,  ауыспалы  мәні  де  бар  сөз.  Сырдарияның  қиыр  түстігі  жағында  іргелі 
Мақтаарал ауданы бар. Үлкен жермен тек осынау өзен арқылы өтуге болады. 
Ол  үшін  көпір  салу  керек.  Мінеки,  стратегиялық  маңызы  бар  осы  көпір 
қазірде  ел  игілігі  үшін  қызмет  жасауда.  Бұл  көпірдің  пайдалануға  берілуі  –
зор  жеңіс.  Бұған  дейін  мақтараалдықтар  өзбек  елі  арқылы  Үлкен  жермен 
байланысатын. Қазірде өздерінің Тәуелсіздік көпірі бар. 
«Көпір  керек»  тақырыпшасының  екінші  мағынасы  мынада:  ел  мен 
билік  арасына  салынатын  алтын  көпір.  Егерде  жоғарыдағылар  мен 
төмендегілер  арасына  мықты  көпір  салынса,  ел  мен  жердің  көсегесі  күн 
санап көгере берері хақ. Қазірде бұндай көпірлер ел мен туған жер арасында 
көптеп  салына  бастағанына  көз  де,  көңіл  де  сене  бастаған.  Тәуелсіздігіміз 
баянды бола берсін демекпіз біз де.  
«Сары  бала  сарыны”  очеркінде  іргелі  Мақтаарал  ауданында  тыныс-
тіршілік  жасайтын  белгілі  сазгер,  ақын,  айтыскер  Мұхтар  Құралов  жайында 
әңгіме қозғалады. Мұхтар Құраловты біз де бір кісідей білеміз. Бір институт 

 
149 
қабырғасында жоғары білім алдық. Жасы үлкен, әскер қатарынан оралған ол 
бізден екі курс төмен оқыды. Домбырамен ән айтатын. Сазгерлігі, ақындығы 
кейін  байқалды  ғой.  Айтыскерлігі  де  солай.  Айтыс  додасына  осынау  киелі 
өнер  еліміздің  босағасынан  қайта  аттағанда  оның  сахна  төрінде  көпшілікті 
дүр сілкіндіре көрінгені рас. 
Қазірде сыршыл да, терең иірімді толғаныстар мен тебіреністерге тола 
әндерін  айтсаңызшы.  «Бұлқынды  жүрек»,  «Алтыным»,  «Мені  неге  Мұхтар 
қойған?», «Қырқыншы жылдардағы бесік жыры», «Арал мұңы» атты әсем де 
ойлы әндері үлкенді-кішілі сахна төрінен әуелете шырқалғанда қаншама рет 
көрермендердің  шынайы  көзайымына  айналған  ғажайып  әуендердің 
санатында көрінді емес пе?! Арал жайлы әннің мәтіні мен сазының бір-біріне 
үйлесіп кеткендігі соншама, осы теңізге ғана арналған реквием-гимн секілді. 
Тыңдап  отырып,  бүкіл  ішкі  дүниеңіздің  атойлап,  көкке  атылғандай  жүрек 
соққысын дүрсілдете соқтырып жіберетінін қалайша жасыра алмақсыз. 
          Очерктен сары бала Мұхтар жайлы танымдық сипаттағы мағлұматтарға 
да  қанығасыз.  Шыны  сол.  Мұхтар  дүниеге  келгенде  әкесінің  жасы  жетпісте 
болған екен. Тоғыз жасында әкеден айырылыпты. Ана тәрбиесінде болыпты. 
Мұхтар  ағаның  болмысы  мен    мінезін  автор  осынау  очеркте  анық  әрі  дәл 
көрсете білген. Автор былай суреттейді: «Бұл бұйығы баланың ішінде  тұнып 
жататын  сырды  кім  айтқызбай  білер  дейсіз,  момын  ғана  түріне,  жұлқына 
жұлқынып  тұрмайтығына,  кимелеп  кіріп  кетпейтініне,  өзін-өзі  көрсете 
қоймайтынына қарайды ғой бәрі.» 
Сары баланың болмысы осы. Шынайы әрі табиғи. Біз білетін, танитын 
Мұхтар  Құралов    осы.  Бәлсінбейді.  Шіренбейді.  Міндетсінуден  ада.  Таза. 
Бірақ  бүгінгі  өмір  қаталдау-ау.  Қытымырлау-ау.  Әйтсе  де,  ақын,  сазгер 
Мұхтарды  ел  таниды.  Жақсы  біледі.  Жалғандығы  жоқ  жан.  Тұлға.  Ақырын 
жүріп,  аяғын  ойлана  басқан    ағада  сабырлылық  өте  мол.  Алайда  өнерде  де 
әділдіктің жолы тұп-тура бола бермейді. Солай болғандығы очеркте де атап-
атап айтылады. Айтыста  жеңіп  тұрса да, тиісті бағасын ала алмаған Мұхтар 
Құралов  бүгінде  айтыс  өнерінің  қақпасын  біржолата  жылы  жауып  қойған. 
Қатты,  сілкіп  жаппады.  Өзіне  тән  сыпайы,  сырбаз  қалыпта  ғана  айтыс 
өнерінің аулына ат ізін салмай қойды. Біржолата. Ұзақ мерзімге. Өкпелі емес, 
әрине.  Қанаты  қайырылғандай.  Бәлкім  шабытты  қанатқа  обал  да  жасаған 
болар кезінде. Кім білсін?.. 
Жазушы  Мархабат  Байғұт  қазақ  журналистикасы  тарихында  өзіндік 
орны  бар  журналист.  Оның  қаламынан  шыққан  саналуан  материалдары 
арқылы  елімізде  Оңтүстік    өңірі,  аудандары,  ауылдары,  елді  мекендері 
хақында қажетті мағлұматтарды оқырман керегінше ала алады. Журналистің 
іс-сапарлары облысымыздың әрбір тұсына бағыт алғаны рас. Оңтүстік елінің 
адамдары, ойлары мен мұңы, қуанышы мен мүдделері ақ қағаз бетінде уақыт 
талабына сай сайрап жатты.   
Мархабат  Байғұттың  публицистикасы  –  оңтүстік  өңірінің    ХХ 
ғасырдағы 
70-90-жылдары 
мен 
XXI 
ғасырдың 
алғашқы 
екі 
онжылдықтарындағы  жанды шежіресі. Тасқа басылған қөсемсөзі. 

 
150 
«Соқыр  мерген»  очеркі  көркем  әңгімедей  оқылады.  Бейне  бар.  Көркем 
сөздері  құнарлы,  нәрлі.  Мінез  бар.  Оқиғаның  басталуы,  дамуы,  ширығуы, 
шешім  табуы  бәрі-бәрі  де  бар.  Аңшылық  жайлы  ғажап  очерк.  Аңшылық 
хақындағы  таным  мен  түсінікті  тереңдете  түсетін  көркем  де,  деректі  дүние. 
Соқыр мергеннің есімі  – Әліпбек Байтемірұлы. Өзі диірменші, ағаш ұстасы, 
тері маманы, темір зергері және аңшы. Атқан оғының біреуі де мүлт кетпеген 
нағыз хас мерген. 
Биіктігі  800-1000  метрдей  құзар  шыңның  басына  көтеріліп,  ел-жұрт 
ішінен шығып, әбден дайындалған балуан жігіттер ала алмаған бүркіттің қос 
балапанын  бала  кезінде  бір  өзінің  жүрегі  дау  алып,  қолға  түсірген  нағыз 
ержүрек.  Сонымен  бірге  нағашысының  ауылына  барып,  оның  үш  бірдей 
мылтығының  ішінен  біреуіне  көзі  түсіп,  қалайша  қол  жеткізудің  жолын 
таппай, жиендік жасап,  ұрлап әкететін әдеті де бар Әліппек. 
Бірақ нағашысы Әліпбекті жазаламайды. Мылтықты сыйлайды. Әрі ақ 
батасын береді. Осынау ақ тілекке толы ақ батаны оқудың өзі бір ғанибет қой 
десеңізші!  Публицист    қаламгердің  қаламынан  туған  бата  мәтіні  мынандай: 
«Мына мылтығың құтты болсын! Қаруың тарс ете қалсын, атқаның жалп ете 
қалсын!  Түтін  былай  кетсін,  атқаның  құлай  кетсін!  Әумин!  Міне  саған 
дайындаған  ақ  батам  осы,  ботам!  Өтірікке  қадам  баспағын,  шырағым. 
Жаланы  шын  бөгейді,  жылғаны  шым  бөгейді.  Шын  жолмен  жүргін, 
астамшылыққа  барған  аңшының  ақыры  оңбайды,  обал  мен  сауаптан 
жаңылма, жарқыным!” 
Бата  қонған,  аңшылықтың  мергендігі  дарыған  Әліпбек  күндердің 
күнінде алдын кес-кестеп өте берген құлжаға тиіспейтін десе де, жанындағы 
қолпаштаушыларының  сөзіне  еріп,  бірді-екеуін  жаралайды.  Мүсәпір  халдегі 
құлжалардың  сонау  бейшара  күйінен  кейін,  Әліпбектің  бір  көзі  мұнарлана 
бастайды. Кім білген, дала тағыларының киесі ұрды ма, содан соң Әліпбектің 
бір  көзі  көруден  қалды.  Тап  сол  уақыттан  бастап,  аңшылықты  да  өзі  кілт 
доғарады. 
Ендігіде диірменін жүргізе бастайды. Қасиетті домбыраны серік етеді. 
Мінеки,  соқыр  мерген  атанған  Әліпбектің  қасиет  пен  киеге  тола  мергендік 
өнерінің бір қыры осылайша суреткерлік-көркемсөздік шеберлікпен терең әрі 
шынайы  өрілгенін  туындыны  зер  сала  оқи  отырып,  пайымдап  саралауға, 
талғаммен талдауға мүмкіндік алғанымызға бек қуандық. 
«Ақыртөбе.  Аят.  Салтанат.»  очеркі  де  нарық  заманының  шындығын 
суреттеген  публицистикалық  туынды.  Нарық  уакыты  қаламгерге  өмірдің 
санаулы көріністері мен замана табиғатын күн сайын қолма-қол ұсынып отыр 
десек,  артық  айтқандық  емес.  Нарық  заманы  байлық  деген  ұғымды  да 
түбегейлі  өзгертті.  Материалдық  байлық  өлшемінің  шеті-шегі  жоқ.  Ғылым 
мен  білімнің,  таным  мен  талғамның  шетсіз-шексіз  екендігін  ескерсек, 
материалдық байлық та сондай ұғыммен бара-бар болды. Бір, екі, үш қабатты 
үйлермен бірге небір зәулім үйлер салына бастады. Қазірде аталмыш мақала-
очеркте суреттелген үйлер де дәл осындай кейіпте. Бірінен бірі озады. Және 
де ондай үйлер бірен-саран емес. Ондап, жүздеп саналады.  

 
151 
Бұл да жақсы, әрине. Кеңестік жүйе кезінде әр ауылда ілуде біреу-екеу 
ғана  автокөліктер,  зәулім  үйлер  бар  болушы  еді.  Қазір  ше?  Бір  үйде  екі-үш 
автокөлік  бар.  Сол  кездегі  зәулім-зәулім  үйлер  дегеніңіз  ендігіде  ортанқол 
ғана  үйлер.  Соларды  да  сол  кезде  не  деген  үй  деп  басымызды  қайта-қайта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет