Нұрғали Қадырбаев



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата21.01.2017
өлшемі0,86 Mb.
#2344
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
шайқадық  емес  пе?  Демек,  заман  өзгерген  сайын  байлық    жайлы  ұғым, 
түсінігіміз де түбегейлі өзгерістерге ұшырайды екен-ау, шамасы.  
Алматыға  атақты  академиктің  жарты  ғасырлық  мерейтойына 
барып,жап-жаңа  үш  қабатты  котедж    үйін  көріп,  оған  таң  қалған  жазушы-
публицист  Алатаудың  баурайынан  одан  да  мықты,  ғажап  үйлер  тізбегін 
көреді.  Шынында  да,  бұндай  көріністерді  көріп,  қаламгер  марқаяды  Елде 
мұндай кереметтердің көп болғанын қалайды көсемсөзші. 
Қайтар  жолда  атақты  сауда-саттық  орны  «Ақыртөбеде»  аялдайды. 
«Аят»  атты  дүңгіршекке  кіреді.  Шай  ішіледі.  Дүңгіршек  иесі  Салтанаттың 
әсем  бейнесі мен болмысына қызығады мақала-очерк авторы. Оның  табиғи 
мінезі,  іс-әрекеті  авторды  баурап  алады.  Бұрын  мұғалім  болған,  ендігіде 
жұмыс  орнының  қысқаруымен  сауда  жағалап  кеткен  қарындасқа  ақ  жарма 
тілекпен тіл қатып, бақытты болуын қалап қоштасады. 
Ия,  әртүрлі  тағдырлар.  Саналуан  бейнелер.  Жазушы-публицист 
қаламынан  шыққан  әрбір  дүниеден  адамгершілікке,  адам  болып  қалуға 
үндеген  лепті  үнді  естігендей,  сезгендей  боласыз.  Қаламгер  қашанда 
адамшылық үшін қызмет етуге жаралғандай аңғарылады. 
Автор,  прозашы-публицист  өзінің  қара  сөздері  жанрында  жазған 
мақалаларында, очерктерінде, жолжазбаларында, қағаз бетіне түскен әр түрлі 
басқосуларда  жасаған  баяндамаларында  өзінің  заманы  және  уақыты 
тұрғысынан биік талғаммен, үлкен жауапкершілікпен үн қатады. Өркениетке 
ұмтылу,  өз  замандастарының  іскерлік,  біліктілік  қасиеттерін  жан-жақты 
елеп-ескеругеуге,  бұларды  өзгелерге  жеткізе  білуге  аса  зор  ынта-ықылас 
танытады.  Бүгінгі  замандас  білімді.  Іскер.  Істің  көзін  ашып,  оны  жүзеге 
асыруға құмбыл екендігін де жете түсінеді жазбагер.  
«Интернат  пен  интернет»  деген  шағын  мақалада  тәуелсіздіктің 
бастапқы кезіндегі ауыл балаларының мүшкілдеу хал-ахуалы өткір жазылған. 
Түсінікті  тілмен,  ұғынықты  көңілмен  оқырман  қауымға  да,  есітіп-елер 
құлаққа  да  ұғынықты  тілмен  ойдағыдай  жеткізілген.  Мұнда  екі  сюжет  бар. 
Бірі – соғыстан кейінгі кезеңде ауылда оқыған балалардың бір-біріне мейірлі 
түрде  есептеспей,  міндетсінбей  жасаған  қайырымды  іс-әрекеттері 
баяндалады. Әсілбек секілді есіл азаматтың интернатта оқитын өз құрбылары 
үшін қамқорлық жасап, қысты күні тау жолдарында аяғымен із салып, ағалық 
қолғабыс көрсеткені оқырман жадына жарық сәуле дарытады. 
Ал  екінші  сюжетте  тәуелсіздіктің  бастапқы  ауыр  жылдарында 
интернаттарды  жойып,  ауылдарды  көзден  тасалау  ұстап,  оған  өгейлік 
танытқан уақыт көріністері суреттеледі.  Тіршілік қамымен жол үстінде сауда 
жасап  жүрген  оқушылар.  Интернаттардың  түп-түгел  тарқатылуы.  Осының 
бәрі  де  ауыл  балаларына  қатты  тигені  рас.  Әсіресе,  тұрмыс  жағдайы  төмен 
отбасыларына. 

 
152 
 
Ендігіде  ауылдағылар  жұмыстың  жоқтығынан  қалаға  ауысқан.  Автор-
публицист  ауылға  деген  теріс  көзқарасты  жойып,  оның  дамуы  үшін  жағдай 
жасаса,  дұрыс  болар  еді  деген  ой  айтады.  Автор  қаланың  рөлін  теріске 
шығармайды.  Ондағы интернетті де қолдап-қуаттайды. Бірақ ауылдың рөлін 
де ешбір төмендетпейді. Аласартпайды. 
 
«Бір  ауыз  сөз...»,  «Бабалар  биіктей  береді»,  «Жер  бусанып  жатыр 
еді...»,  «Нәуірзек»  секілді  шағын  мақалалардың  көтерген  жүгі  салмақты. 
Әңгіме  өзегі  –  тілдің  қадір-қасиеті.  Ұлы  бабалар  –  Төле  би,  Қазыбек  би, 
Әйтеке  бидің  ел  бірлігі  жөнінде  және  олардан  қалған  ұлағатты  сөздердің 
тағылымы  мен  дәрістері  тым  құнды  екендігіне  автор  публицистің  сенімді 
бағыт-бағдары мен уәжді сөздері мықты дәлел-ақ. 
 
Қазақстан  ұлан-байтақ  жер.  Халқы  да  өсіп,  саны  жағынан  жетіліп 
келеді. Оның әрбір ұлтарақтай жері баршамызға қасиетті. Қымбат. Жазушы- 
публицист  Мархабат  Байғұт  –  Оңтүстіктің  түлегі.    Қазақ  елінің  перзенті. 
Туған  топырағына  адал  қаламгер-суреткер.  Сол  үшін  де  Махаңды 
сыйлаймыз.  Қадір  тұтамыз.  «Шымкенттің  барына  шүкір»  мақаласы  да 
елдікті, бірлікті, туған топырақты ұлықтауға бағытталған шап-шағын дүние. 
Осы  мақаладан  бірді-екілі  үзінді  келтіре  кеткенді  жөн  санадық,  құрметті 
оқырман.  Онда  былай  делінген:  «Бауыржан  Момышұлынан:  «Осы  сізді 
жерге,  жүзге,  руға  бөлмейді,  бөлінбейді;  жершілдікке,  жүзшілдікке, 
рушылдыққа жаны қас дейді, сол рас па?» – деп сұраған ғой. Сөйтсе, Баукең: 
«Шырағым, мен сол жершілдік, жүзшілдік, рушылдық сияқты шеңберлеріңе 
сиямын  ба  өзі?»  –    деген  емес  пе?!  Қазақтың  пірі    Бауыржан  Момышұлы 
осылай айтқан ағайын». 
 
 Және де:  « Қараңдаршы, мына ғажайыпты!  Қап-қара шаштар,  қаракөз 
жастар!  Көз    ұшына  дейін  қарақұрым,  қаптап  жүрген  қазақтар... 
Қазақстанның  бірде-бір  қаласында  да,  даласында  да  тап  мұндай  көрініске 
кездескен  емеспін.  Айналайындар,  қап-қара  шаштарыңнан,  қазақы 
бастарыңнан  айналайындар,  өсе  берсінші,  көбейіп,  жетіле  берсінші... 
Шымкенттің  барына  шүкір».  Бұл  сөзді  1988  жылы  қазақ  ақыны  Сырбай 
Мәуленов  Шымқалаға  келгенде,  темір  жол  перронында  ары-бері 
сапырылысқан ел-жұртты көріп, қатты толқығанда айтқаны екен. 
 
Еліміз  болашақта  да  жасампаз  тірлікті  бетке  алып,  өркениет 
баспалдақтарымен  алға  қарай  қозғала  беретіндігіне  еш  шүбә  жоқ.  Тілі,  ділі, 
діні,  салт-дәстүрі  қалыптасқан,  сөйтіп,  қазірде  өзінің  заңды  жалғастығын 
тауып отырған еліміздің ертеңі жарқын істерге, ізгі ниеттерге тола бергей. 
Жазушы-публицистің қаламынан туған  жазбаларды оқи отырып, көңіл 
көкжиегіңіздің  кеңейе  түскеніне  және  де  ұтымды  да  ұлағатты  тірліктердің 
қанаты  кеңге  жайылатынына  бір  мысқал  да  күмән  келтіре  алмаймыз.  Туған 
халқы мен оның төл тілін өзінің жазушылық-суреткерлік әлеміне серік еткен 
қаламгер жайлы сөзімізді біз осылайша түйіндеуді жөн санадық. 
 
 
 

 
153 
 
МАЗМҰНЫ 
 
                                                                                                                                                                                    
беті 
Мархабаттың әлемі..................................................................................................3 
Жазушы Мархабат Байғұттың әңгімелеріндегі замана шындығы.....................9 
Жазушы  Мархабат  Байғұттың  әңгімелеріндегі    еліміздегі  қайта  құру    және 
өтпелі кезең көріністері (1985 – 2005ж.ж.) ........................................................47 
Жазушы Мархабат Байғұттың повестері және ондағы кейіпкерлер әлемі......84 
Жазушы Мархабат Байғұт шығармашылығындағы көсемсөз........................123 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
154 
 
 
 
Нұрғали ҚАДЫРБАЕВ 
 
 
 
ЖАЗУШЫ 
МАРХАБАТ 
БАЙҒҰТТЫҢ 
ПРОЗАСЫ 
 
 
 
Редакторы: Каюпова Айгүл 
Корректоры: Нұрғали Адиса 
 
Кітап дайын компьютерлік терім бойынша беттелді. 
Басуға 12 қараша 2014 жылы қол қойылды. 
Офсеттік басылым. Пішіні 60х90 
Шартты баспа табағы 10. 
Таралымы 500 дана. 
Тапсырыс №312 
 
 
ISBN  9944 – 23– 58 – 5 
 
 
Кітап «Баспа өнімдері» ЖШС орталығында басылды. 
050012 Алматы қаласы. Жандосов көшесі 14. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет