* * *
«Таудағы андыз» повесі мектепті бітіргендеріне жиырма жыл толуына
байланысты кездесуге келген түлектердің салтанатты жиында басқосуымен
басталады. Бұлар 1965 жылғы мектепті бітірушілер болатын. Бұрынғы
жиырмаға жетер-жетпес өрендер ендігіде қырықтың қырқасына ілінгендер.
Үйлі-жайлы, балалы-шағалы, тиісті қызмет иелері болған.
Араларында сол күнге жетпей қайтыс болған кластас бала Бауыржан
Кәдірбеков те бар. Жетім өскен баланың қабірі қазірде қайда жатқанын
бастапқыда ешқайсысы да білмей абдырап қалады. Бұрынғы оқушылардың
ішінде Бауыржанның қабірін білетін Айсұлу болып шығады. Оның бұрынғы
күйеуі Оқас. Қазіргісі жолаушылар таситын автопаркте бас инжинер. Ол тез
арада автобус ұйымдастыруды қолға алады.
«Таудағы андыз» повесінде де саналуан кейіпкерлер бейнесімен
қауышады оқырман. Мәселен, мектеп мұғалімі, математик Есқали Сәрсенов.
Ол өз ісіне берілген, кәсіби білігі жоғары ұстаз. Әйелі Кәмила мектепте
кітапханашы. Бірақ ұзақ жылдар бойы мектептегі кітапхана іші суық
болғандықтан, пеш жылымағандықтан бедеулікке душар болған. Сонда да өз
ісіне адал. Кәсібін құлай сүйген. Мұндай замандастар әруақытта да бар. Бола
беретіндей. Есқалидың ағайындары екеуінің ортасында бала болмағандықтан
Кәмиламен ажырасуға кеңес береді. Есқали бұған көнбейді. Ағайындары
қатты кетеді. «Бұл әйелді таста, өзгеге үйлен. Әйтпесе, бізбен ағайын, туыс
боламын деп ойлама» дейді. Сол себепті де Есқали өз ауылынан көшіп, басқа
ауданға көшуге мәжбүр болады.
Есқали сонымен бірге өз шәкіріттерін алдамайтын оқытушы. Жақсы
оқитындарды жаны қалайтын жан. Нашар оқитындарды да жек көрмейтін.
Үздік оқитындардың да ішінен жаман адам шығатынын өз өмірінен,
тәжірибесінен аз байқамайтын. Бұны ол өз ғұмынында жақсы ұғынған-ды.
Соны Есқали ағай өзінің оқитын оқушылардың бірінен де айна-қатесіз
аңғаратын. Оқушысы мұғалімнің жұқалтаң өміріне жаны аши қоймайтын.
Ұстазының не себепті басқа жаққа амалсыз көшіп бара жатқанына жаны
күйзелмес те еді. Оқушының есіл-дерті математика бойынша дәріс беретін
сол мектептегі мықты ұстаздан өзіне алатын білімді толық сарқып алу
болатын. Оны ұстаз да жақсы біледі. Бұны оқушысының мына бір жалғыз-ақ
сөзінен байқап бағамдайды: «Ең болмаса, біз бітіргенше қоя тұрыңызшы,
115
ағай.» деген оқушының сөзін де, әрине, айыптай алмайсыз. Бірақ Есқали
ағайдың түсінігінше, осы оқушы қыз өте жақсы оқыса да, рақымы тапшылау
сияқты байқалатын.
Мұны Есқали ұстаздың ішкі монологы да толықтырып тұрғандай.
«Мықты математик болғаныңнан, облыстық олимпиадада бірінші орын
алғаныңнан не пайда, тек өз басыңды күйттейсің? Әлде мойындары өзгелерге
бұрылмайтын, өздерінен төмендерге иілмейтін әке-шешеңнен жұққан
кесапат па? «Сельмаг» ішінде ұятты кісілермен тұрған кесепаттың тоны –
қалың, мұғалімнің киімі – жұқа. Менің мына сөзімнен тоны қалыңның майлы
күлкісі көбірек әсер еткені ме? Ойпырай, неге осы күнге дейінгі көп
ауылдағы жүдеп-жадаған клуб пен кітапханаға келуден гөрі жұрт сәулетті,
салтанатты үйлерде отыратын отырыстарды биік санайды» деп мұң шағады
Есқали ұстаз.
Рас, ұстазға деген құрмет төмен тартқан жерде мәдини, рухани
құндылықтар да құнсыздана, елеусіздене түсері хақ. Ақиқат. Бәлкім,
шынында да, жазушының поэтикалық баяндауындай Кәмиланың бедеу
болуына өзі жауапкершілікті аса жоғары деңгейде сезіне қараған қыс
кезіндегі іші суық, мұз қарыған кітіпхана бөлмесі шығар. Бірақ сол жағдайды
кінәлайтын ешкім жоқ. Шыны керек, кеңестік кезеңде де өздерін ұмытып,
өзгелердің қамына көп шығынданатын адамдар аз болған жоқ. Олар жеке
мүддеден гөрі көптің, қоғамшыл кеңестік жүйе мүддесін көбірек ойлады. Ал
қоғам, оның мүшелері кей-кейде жеке-жеке адамдарды, тіпті, тұлғаларды
құрбан етуден еш танбады. Кеңестік жүйенің өмір сүру тәртібінің бір қыры
осылай да болғанын ұмытпау керек.
Қаламгер адами құндылықтардың азбауын, арзандамауын, қалайды.
Көркемдік-шығармашылық тәсілдерді шебер қолдапа отырып, прозадағы
көсемсөздің мәні мен маңызын да жазушы назардан тыс қалдырмаған.
Көсемсөзді және де журналистік деңгейдегісін емес, жазушылық
қолданыстағы табиғатын, сондай-ақ, төл тілдің нәрі мен құнарын ұтымды
өрнектеген. Бұл – повестегі монологтан да, диалогтан да, авторлық
баяндаулардан да анық байқалады.
Оқытушы Есқали Сәрсенов балаларды бөле жара қарамаса да,
табиғатынан, болмысынан өзіне тартып тұратын оқушыларға иіген. Төбесіне
көтерген. Сондай оқушылардың бірі – Бауыржан Кәдірбеков болатын.
Бастауыш сыныпта мұғалімі ауырып қалған соң оның орнына бір ай сабақ
берген ол үшінші класта оқитын Бауыржанның сабақты өте жақсы айтып
бергені үшін үрпиіңкіреген, бірақ сабақ айтқанда ғана жанып, жарқылдап
кететін Бауыржан баланы кеудесінен қыса аспанға көтерген. Білген, әрине,
оқушыға солайша құрмет көрсетуге болмайтынын, алайда сол баланы жақсы
көріп кеткені соншама, оны көкке самғатқан.
Үрпек сары Бауыржанның содан соң өз орнына барып, екі иығы
селкілдеп жылап отырғанын көргенде ұстаздың жаны қалмайды. Әлденеге
бір жерін ауыртып қойғандай өбектей жөнеледі. Бауыржан да еш жерінің
ауырмағанын айтады. Өйткені Бауыржанды бұған дейін айналып, толғанып,
116
керек болса, қолға алып, көкке көтеріп, ешкім де еркелетпеген еді. Өйткені
ол жетім болатын.
Повесте мектеп оқушыларының туған өлке төсіне, оның тамылжыған
табиғатына, тауына экскурсияға шыққаны, Бауыржан мен Оқасты кластас
достарының бірі Айдардың достастырғаны оқиға дамуы барысында табиғи
түрде жарасымды суреттелген. Жазушы Мархабат Байғұттың осы повесінде
және қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сайын Мұратбековтың «Басында
Үшқараның» повесінде кездесетін өзара ұқсастық бар. Мысалы:
– Қалайсың, айналайын?!
–Жақсымын айналайын.
– Тұра алмай жатқаның нең?
– Еркелеп жатырмын.
– Қашан тұрасың, айналайын?
– Ертең осы уақытта келші. Жүгіріп шығайын, айналайын.
Бұл «Таудағы андыз» повесінен. Ал енді «Басында Үшқараның»
повесінен үзінді келтірейік:
– Айналайын, атың кім? – деді.
– Айналайын, атым Шынар, – деді қыз да ойнақы күймен іліп әкетіп.
– Айналайын, жасың нешеде?
– Айналайын, он сегіздемін.
Және де:
– Айналайын, онда неге шықтың мен шақырғанға?
– Айналайын, сіз ұнадыңыз...
Осынау көркемдік-шығармашылық тәсіл ме, әлде қаламгерлердің
шығармашылық-көркемдік зертханасының әдеби-көркемдік үдерістегі үн
қатысуы ма, әйтеуір, қызық-ақ ұқсастық байқалады. Сонымен бірге мұны біз
халқымыздың «айналайын», «қарағым», «шырағым», «жаным» деген
сөздерді аялау мағынасында, кейде, юмормен астасатын аса бір көңіл қойып
айтатын айырықша әрі мейір-шапағатқа орайтын ортақ сөздер деп те
ойлаймыз. Әйтсе де, Сайын Мұратбековтың повесінде айналайын сөзін
юмормен, еркелікпен, астармен айтса, Мархабат Байғұттың повесіндегі ерлі-
зайыпты Есқали мен Кәмила бұл сөзді шынайы, іш тартып, бауырға тарта,
мейір, ықыласпен білдіреді.
Оқытушы Есқали өз өмірін оқушылармен, мектеппен байланыстырған.
Оның болмысына бала көңіл, балаң мінез тән. Үлкендердің ойыны, олардың
іс-әрекеті, психологиясы, тіпті, өз мүддесі үшін өтірік сөйлеу секілді мінез,
іс-әрекет оған жат. Сол үшін де түлектердің үйлеріне шақырған кештеріне
баруға ол бас тартады.
Есқали ұстаз әке-шешесі жоқ Бауыржанға болысқысы келеді. Оның
жақсы оқитынын да қолдап-қуаттайды. Оқуға бару үшін үлкен селоға барып,
сабан аралас кірпіш құйып, жолға біраз қаражат жинап алу үшін тер төге
еңбектеніп жүргенін өз көзімен барып көреді. Жаны ашиды. Ақыл-кеңес те
айтады.
117
Алайда оның мұғалім болғанын қаламайды. Мұғалімнің мерейі,
мәртебесі тым төмен екенін ескертеді. Алайда Есқали сүйікті ұстазына уәж
айтады. Ағайының өмірде көп қиындықты көргендігін, сол себепті
шәкіртінің де солай болмауын жәй әншейін жанашырлықпен айтып
отырғанын ол ортаға салады. Өз пәніне адал ұстазға Бауыржан да болашақта
математик болатынын жеткізеді.
Жоғары білім алу үшін Айсұлу да, Оқас та, Бауыржан да бәрі бірге
Алматыға аттанады. Айсұлу мен Оқастың әкелері мықты қызметте. Олар өз
перзенттерінің қамын алдын ала жасап қойған. Мәселелерін шешіп қойған
ертерек. Ал Бауыржанның оқуға түспейтінін бұлар жақсы біледі. Бірақ
Бауыржан да түседі. Бұдан алдын жақын ағасы Бауыржанның көңілі қалмас
үшін үлкен қалаға Оқастың әкесінің айтуы бойынша жіберген еді. Ендігіде
Бауыржанның аты бәйгеден озып келгенде, ағасы кері мінез танытады. Ол
былай дейді: «Оқу сенің не теңің, кім оқытпақшы сені, тамағыңды кім
асырайды... Бармайсың ешқайда. Бір тиын да бермеймін. Мынау үйге кім
қарайды? Бес жыл көз майыңды тауысқанда мұғалім болады екенсің, анау
сіңірі шыққан Сәрсенов құсап жүргенің кімге керек. Қатыны өліп еді, төсек
жаңғыртуға шамасы келмей, тозып кетті. Пәдеріңе нәлет, осы уақытқа дейін
асырап баққаным жетед. Давай, малға қара, шопыр боласың кейін».
Делқұлы дерлік ағасы оқу десе жанып тұрған Бауыржанның
болашағына осылайша балта шабады. Бауыржанды сергек көңілі, алғыр
ойлылығы үшін Айсұлу жақсы көрген. Бірақ оны Оқаспен салыстырған.
Бауыржанға тұрмысқа шықса не болатынын алдын ала болжалдаған. Жетім
бала, көрген тәрбиесі Айсұлуға дөп келмеген. Оның үстіне Оқастың және
өзінің әке-шешесі жақсы қарым-қатынаста болған. Тіпті, бірін-бірі құда-
құдағи деп, өзара сыйласа үн қатысқан. Сөйтіп, Айсұлу мен Оқас бірінші
курсты бітірер-бітірмес отау құрған.
Екеуінің тойына Бауыржан да барған. Ауылда өткен тойдың бір
кезінде жарық өшіп қалады. Сол шақта бағанаға өзі тіленіп шыққан
Бауыржан жарықты іске қосады. Төмен түсіп келе жатқанда аяғы тайып,
жердегі тасқа басымен құлап ауыр дертке ұшырайды. Ұзақ емделеді. Соңыра
мерт болады. Көрер күні енді-енді атып келе жатқан жетім Бауыржанның
ғұмыры аянышты тағдырмен аяқталады.
Бауыржанның зиратын өзімен бірге мектеп бітірген түлектердің ішінен
жалғыз Айсұлу ғана білетіндігін айтады. Өйткені ол Оқаспен екі ай
шамасында бірге тұрады. Одан әрі бірге тұруға болмайтынын түсінеді. Содан
кейін күйеуге шықпайды. Қызмет бабымен жүреді. Бірде оқу министрлігі
тарапынан құрылған комиссия құрамында облысқа, одан соң өзінің ауданына
келеді. Өзі бір кезде экскурсияға келген табиғаты ғажап тау шатқалына
комиссия мүшелерімен демалуға келеді. Сол жерде тау қарауылы атанған
қариядан Бауыржанның зиратын есітіп, байқаған еді. Бауыржанның зиратын
білемін деудегі Айсұлудың сөзінің мәнісі сол болатын.
Повесте жақсы ойлар, романтикалық ойлар жеткілікті. Тіпті, Бауыржан
ақыл-есінен адасып, дертті болғанда да, автор-кейіпкер Есқали Сәрсенов ол
118
жазылады, жазылып кетеді деген сенімде болады. Жас кезінен бастап, жетім
атанған, қиындықтар көрген жанның өсе келе тіршілікте рахат көруі
қажеттілік, заңдылық деп есептейді. Бұны өмірдің тепе-теңдік заңы деп
түсінеді. Бірақ Бауыржан айықпас ауруға ұшырағанын кейін бір-ақ біледі.
Повесте жиырма жылдық мектеп бітіру кешіне келгендер бақилық
болған Бауыржанның бейітіне барып, басына гүл қойып қайтады. Әрбірі
жастық шағын есіне алады. Әрбірінің өз болмысы, ішкі рухы тазарады.
Жастық шақтарын еске түсіреді. Өздерінің іс-әрекеттерін, мінезін, жадтарын
да жаңғыртады. Повесть – адамдардың рухани тұрғыдағы тазаруы жайлы
көркем туынды.
Повесть Есқали Сәрсеновтың Айсұлумен бірге бас қосуымен
аяқталады. Оқаспен екі айдай тұрмыс құрған, одан соң бірге түтін түтете
білмейтіндігін сезіп, ажырасқан ол өз ұстазын бақытты етуге белін бекем
буады. Жазушы шығармасының мәресіне дәл ондай шешіммен келу, бәлкім,
дұрыс та шығар. Әр кейіпкер қазірде әрқилы әлем. Жұмбақ та сырлы.
Әрбірінде өзі дұрыс деп есептейтін заңдылықтар. Бастапқыда таңданасыз,
таңғаласыз. Содан соң көзді ашып-жұмғанша солай болуы қажет секілді
қабылдайсыз. Повестің шешімін де біз солайша түйсіндік. Өмірге де, көркем
шығармаға да бәрі-бәрі жарасады. Жарасымды. Тірі жанның қай-қайсысы
болса да бақытты болуға, өзінше тірлік жасауға, заман мен уақытқа сәйкес
келуге, ары мен намысы, болмыс-бітімі қор болмауға құқылы ғой. Повесть
осыған үндейді. Соған шақырады. Адам жанының тым күрделі екендігін
пайымдатады.
* * *
Жазушы Мархабат Байғұттың төрт томдық шығармалар жинағының
үшінші томын, яғни повестер жинағын қаламгердің «Әдебиет пәнінің
періштесі» хикаяты тәмамдайды. Бұл повесть – жазушының мемуарлық
туындысы іспеттес. Өз өмірі өзек болған, өзегін жалындатқан, алаулатқан
бірегей шығармасы. Төл перзенті, өз ұлының қапияда қайтыс болып, ботадай
боздатып кеткен ғұмыры, әке-жазушы қаламын ақ қағаз бетіне төндірген.
Төндірген емес-ау, жазушының қаламы мен қағазы өзіне серік болған.
Сырласына айналған. Сырларын төккізген ақ қағаз беттеріне. «Менің нәзік
жанымды кім түсінер...» деп, ақиық Мұқағали ақынның өлеңіндегі иірімі тым
терең жолды повеске эпиграф ретінде алған қаламгер.
Сонымен, әдебиет пәнінің оқытушысы 28 жастағы ауыл мұғалімі
дүниеден өтеді түс көргендей етіп өзгелерді. Әке-шеше, бауыр, туыс-
жекжаттар, дос-жаранды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне арналған кабинетті
әзірлеу мақсатымен жүрген жас ұстаз мектеп кітапханасына қажетті
кітаптарды алады. Сондай-ақ аудан орталығындағы суретшіге жолығу үшін
сол жаққа аттанады. Одан кейін өз мектебіне қайтадан оралмайды. Ол жолда,
боранда, түнде, үскірікте қайтыс болады. Қалай болғанда да жұмбақ өлім.
119
Жаңбыр мен қар аралас шақта әдебиет пәнінің оқытушысы жолға
шығады. Жол бойы өзінің өткен өмірін еске алады. Сол жерге қалай көшіп
келегенін, әпкесі, інісі және өзінің Шымкентте қызмет жасап жүрген әкесін
қалайша сағына күтетіндерін жадында жаңғыртады. Қара теңізге жетінші
сыныпта барып, үлкен жарысқа қатысып, дойбыдан жеңімпаз атанып
келгенін де ойдан, санадан өткізеді. Бұдан төрт апта бұрын қайтыс болған,
ұйқыдан оянбаған досының үнемі күліп жүретін болмыс-бітімін де
сағынышты көңіл төрінде тоқиды. Рас, бәрі де сағынышқа тола романтика.
Жылы елес, тәтті сағыныш. Бітпес, түгесілмес үміттер мен армандар.
«Әдебиет пәнінің періштесі» повесі. Бұл повесте адамдардың өмір сүру
өлшемі, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы жан-жақты суреттелген.
Қоғамда өмір сүріп, одан тыс ғұмыр кешуге болмайды. Бұл – ақиқат.
Талдауды, дәлелдеуді, тексеруді қажет етпейді. Әлмисақтан бері айтылып
келе жатқан ұғым.
Автор әдебиет пәнінің періштесі, яғни өз ұлының пәк, балаң, таза,
мөлдір болып өсіп келе жатқанына қапаланады да. Өйткені қоғамда тазалық
та бар. Лас жағдайлар да жеткілікті. Қайткенде адам адам болып қалады.
Автор өз ұлынан осыны да талап еткендей. Жолда, моншаға бара жатқанда,
автобус ішінде әйел мен еркектің былапыт сөздерді сапырып
жанжалдасқанынан жазушының ұлы, сол кезде бесінші-алтыншы сыныптың
оқушысы қатты шошынып лоқсиды. Өмірінде бұндай сұмпайы да тым
былғанышты сөздерді естімеген-ді.
Автор сонда ұлына қаттылау, бірақ шынайы сөзін ашып айтады:
«– Періштем-ау, кішкентай ғана... Қалай, қайтіп адам боласың сен? Қалай,
қайтіп өмір сүресің сен? Мынадай кір-қожалақ, лас әлемде? Ондай-ондайды
титімдейіңнен елей берсең, ауыр қабылдасаң, қайда барып, паналарсың, жан
балам. Біреудің аузынан шыққан боқтық сөзге бола ауырып қалдың-ау,
аңғалым. Мына кір-қожалақ, лас өмірден бір сәт тазару үшін адамзат талай-
талай нәрсені ойлап тапқан. Соның бірі – монша. Жүр жуынайық, балам...»
Автор-кейіпкер періште ұлына өмірдің тек сәулелі жақтары ғана емес,
оның саналуын бояулары болатындығын ұғындырады. Жаңару үшін, бәлкім,
өмірдің әр қырын, бейнелеп айтқанда, айдың арғы бетін де көрген ләзім.
Автор-кейіпкер періште ұлды, өмір сүруге, қоғамға бейімдемек болады.
Ұлының мектебіне барады. Ата-аналар жиналыстарына қатысады. Класс
жетекшісімен жеке әңгімелеседі де. Әрине, автор-кейіпкердің өз ұлын,
періштесін тәрбиелеудегі өзіндік тәжірибелері, ой-пікірлері бар. Әке өз
ұлының өзін-өзі тәрбиелеуін, жетілуін қалайды. Жетекке алып жүруді, оны
үлпілдетіп, қанаттыға қақтырмай өсіруді, жөн санамайды. Рас, автор-
кейіпкермен де келісуге болады. «Жетектеген ит ауға жарамайды» деген,
қаттырақ айтсақ. Ретсіз, жөнсіз қорғай берген де жөн емес. Қиындық,
ауыртпалық көрмесін деп. Ендігіде өзін-өзі алып та жүре алмайды, деген
сөздерді есітіп те жүрміз. Автор-кейіпкердің «Жойқын әділетсіздіктің бәрі
жетесіздерді жетектеуден» деуінің сыры да бар. Бәлкім, әке-кейіпкер өз
ұлына қаншама қатал боламын дегенімен, өз бойындағы ашу-айбардың арғы
120
жағындағы жібек ормалдың тез кебетініндей қасиетінің әсері де өз ықпалын
тигізетін шығар. Әрине, алма жемісі алма ағашының түбіне түседі.
Алыстамайды. Әке-кейіпкер мен ана-кейіпкердің ақкөңіл, шектен тыс сенгіш,
иланғыш мінездері бәрібір періште ұлға әсер етпей қоймасы анық.
Повесте періште ұлдың, әдебиет пәнінің періштесі атанған кейіпкердің
жан сыры өзінің монологы, ішкі сыры арқылы терең иірімдермен,
поэтикалық баяндау тәсілімен жан-жақты суреттелген. Әдебиет періштесі
өзінің мектеп жолындағы, одан кейін білікті маман атанған кездерін әкемен
сырласу үдерісінде ұғындырған.
Әке ақылымен, өзінің көңіліне тоқығанымен әдебиет пәнінің періштесі
жоғары оқу орнындағы аспирантурада қалмайды. Оған дәлел ретінде
кейіпкер-ұлдың әкеге айтқан ішкі үні бар: «Алғаш ақ қағазға обал жасап
жазғыш болмай-ақ қой, дедіңіз. Кейін сауаты кем, жаңалық ашпас, жалған
ғалым болмай-ақ қой, дедіңіз. Айтқаныңызды істеп келем. Түбінде мен жазар
болсам, оқулық жазам деп жүрмін. Ол мақсатым жөнінде енді сізді
тыңдамаспын, Әке». Кезінде әке-кейіпкердің ұлына жоғарыда айтылғандай
ақыл-кеңестер бергені рас-ты. Бірақ әке-кейіпкердің бір кезде ұлына айтқан
ақыл-кеңестері дұрыс болмады-ау, сірә, деп қиналған сәттері де жоқ емес.
Повесте адам жанының әрқилы сезімдері, түйсік, түсініктері шынайы
өрнектелген.
Әдебиет пәнінің мұғалімі ауылдан аудан орталығына қарай жаяу бара
жатқанда, өзінің үйленген сәттерін де жадында жаңғыртады. Ол екі жақтың
ата-аналары құптаған қызға үйленеді. Екеуінің бір-біріне деген ғашықтығы
үнсіз махаббат аясында қалыптасады. Бірін-бірі үнсіз ұғысу, үнсіз түсінісу
бұл да ғаламат махаббат екендігін шығыс әдебиеті осы күнге дейін ұлықтап
келеді.
Әдебиет пәнінің періштесі, яғни автор, кейіпкер-әкенің ұлы шын
мәнінде өз пәніне адал. Үлкен жауапкершілікпен қарайды өз кәсібіне.
Шәкірттеріне де қамқор. Адал. Тентек мінез танытқан оқушыларына,
сыныптас қыздарға мазалай, мазақтай қарайтын ұлдарға да түсіністікпен
қарайды. Олардың шалыс басты-ау деген іс-әрекеттерін болдырмаудың тың,
соны жолдарын іздейді. Қарастырады да. Құрғақ ақыл-кеңес беруге әуес
емес. Мысал келтірелік: Қыздарға қайырымды, қамқор болсаң, бойың да тез
өседі...» дейді ол. Керемет сөз бе? Ия. Егерде бойыңда сәл-пәл бұйығылық
болса, өсе алмай жүрмін-ау, деген ренжу пайда болса, оны болдырмаудың
бірден-бір жолы осы екен-ау, деген ойға қалдыратын қозғаушы күш қой бұл.
Нағыз педагогтар ғана сөздің тағылымын, ғибратын, әсер етуші құдіретін
осылайша түйсінбек керек. Ұғынбақ қажет. Қолдана білуге тиіс дейміз біз.
Сол күні бесін ауған шақта әдебиет пәнінің жас мұғалімі аудан
орталығындағы суретшінің үйіне жетеді. Онда өз пәнінің бөлмесіне арналып
жасалған көрнекі құралдарды көреді. Және де алдағы уақыттарда жасауға
тиісті жұмыс жобаларын ұсынып, ендігіде сенбі күні келетінін ескертеді.
Суретшімен бұрыннан таныс-біліс болғандықтан, оның ұсынған ішімдігінен
ауыз тиеді. Қайтар жолда ауылына баратын аудан орталығындағы таксилер
121
де көзден бал-бұл ұшады. Сөйтіп, ол ауыл мен аудан арасын жалғастырған
төрт шақырымды үскірік ұрған аязды кеште тағы да жаяу жүріп өтуге
мәжбүр болады. Жолда нәзік жүрегі сыр бергендей болады. Ол өзін
әлденеден уланғандай тұншыға бастайды. Сонда да үйге жетуге деген
құштарлық өз бойында басым еді. Өйткені сол қаладағы зәулім үйлердің
есігінің бірін ашсам, сөйтіп, аяздан қорғансам деген ойының ешқандай да
пайдасы жоқ екенін ол түсінеді.
Себебі, қала бейтаныс біреуге зәулім қақпасын ашуға зауқы жоқ-ты.
Тас қала, тас мейір психологиясын әдебиет пәнінің періштесі жақсы білетін-
ді. «Ашпайды ешкім қақпасын. Қаққыла, мейлі соққыла, тоқпақта, мейлі
басыңды ұр. Айқаратын адам жоқ. Өзің де болсаң сөйтерсің. Өзіміз де
ашпаспыз. Дейсіздер-ау бәріңіз». Әдебиет періштесінің ішкі үні, ішкі дауысы
бұл. Дәл осындай дүниетанымның ешқандай да жаңалығы жоқ екендігін
қазірде, мегаполистік психология дендеп ене бастаған шақта айқын аңғаруға
болады. Адамдар да, көпшілік те, әсіресе, агломерациялық жағдайда, яғни
кішігірім ауыл-аймақтардың ірі-ірі қалаларға бірігуі, кірігуі ахуалында жеке
адамның ой-пікірі, көзқарасы да қауқарсыз күйге еніп, жеке ұлтқа тән
менталитеттің жұтылып жоғалып, сейіліп кетуі де заңды. Оны жасырып,
құпиялаудың қажеті де шамалы.
Жиырма тоғыз жасында қалалық атанған әкесі секілді әдебиет пәнінің
періштесі, яғни ұлы да аязды түнде жанармай құю бекетінен оншалықты ұзақ
емес тұста суықтан, бораннан арыла алмай, санасы сансырап жатқанда
болашақта қалаға кетер едім, ауылда жаңа үй салар едім деген арман мен
үміт шырағы жанған ойдың жетегіне ереді. Әкесін, анасын, бауырларын,
шәкірттерін ойлап тебірене толғанады.
Повестің басты кейіпкері – қазақ әдебиеті пәнінің періштесі есімін
әкесі Баубек деп қойған-ды. «Баубектейін қазақтың бір ақеділі болғайсың,
жастай кеткен боздақ еді, жалғағайсың өмірін» деген әке үміті қапияда
үзіледі. Баубек қайтыс болады. Періште секілді. Күнә, қателіктері көп
болмай, таза, пәк күйінде.
Повесте әлем әдебиетінде постмодерндік үлгіде жиі кездесетін аңыз
оқиға бар. Сол аңыз мазмұны повесте айтылар ой мен идеяның жүгін арқалап
тұр. Аңыз бойынша, тым ертеректе бір кемпірдің күн көрісіне жарап тұрған
ешкісі болыпты. Сол қара ешкінің арқасында жүрміз дейді екен кемпір.
Және бір жалындаған жас жігіт болыпты. Ол биік үй салыпты. Қабырғасын
күн өткен сайын биіктете беріпті. Сондай-ақ, байлығы асқан, мерейі тасыған
бір бай болыпты. Әзірейіл Алланы аузына алмаған кемпірдің қара ешкісін
өлтіріп, кейуананы сорлатыпты. Ал жас жігіттің қайрат-жігеріне ел-жұрт
сұқтана беріпті. Жалған дүниеден шын дүниеге кеткені мақұл оның, деп
Әзірейіл оның да жанын алыпты. Ал байға Әзірейіл тиіспепті. Дүние-боққа
алданған бай жалған дүниеде жүре берсін. Оның алдында тозақ тұр дейді
аңыз тағылымы. Ия, аңызда ғибрат бар. Тәлімі терең. Баубек тап-таза, пәк,
мөлдір шағында жалғаннан өтті. Әрине, адам ретінде көңілде мұң, өкініш
122
қалады. Жасқа өлім емес, жайсаң өмір тілегіміз келеді біздің. Бірақ қай
дегенің болып жатыр деп тоқтайсыз. Өзіңізді тежейсіз.
Повесте аңсау, сағыныш бар. Әкенің балаға деген аңсары. Әкелік
сағынышы. Әкені туған жері, төл топырағы демегендей. Сондықтан да оны
төл топырақтың доланасы, тау пістесі, андызы, бәрі-бәрі де сүйеп, тіреп,
қолдап тұра бергей дейміз біздағы.
Достарыңызбен бөлісу: |