Нұрғали Қадырбаев



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата21.01.2017
өлшемі0,86 Mb.
#2344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

*  *  * 
 
 
Жазушы  Мархабат  Байғұттың  «Дос  пейілі»  повесінде  адамдардың 
қарым-қатынасы,  ішкі  психологиясы,  дүниеге,  қоршаған  ортаға  көзқарасы 
белгілібір  оқиғалар арқылы өмірдің  өзіндей шынайы әрі табиғи суреттеледі. 
Әрбір  ситуациядағы  повесть  кейіпкерлерінің  мінездері,  іс-әрекеттері 
сонылығымен, өзіне тән ерекшелігімен менмұндалайды.  
Балдыберек  ауылының  түлегі  Сұлтан  Қойшыбаев    әскери  адам. 
Келіншегі екеуі сонау Мәскеуден елге оралып келе жатады. Сұлтан  – майор. 
Ол  ендігіде  кеңестік  кездегі  бүгінгі    ТМД    елдеріне  астана  болған  Мәскеу 
қалсындағы  Фрунзе  атындағы  әскери  академия  таңдаушысы.  Болашағы 
жарқын.  Өз  елінде  үлкен  құрметке  ие.  Аудан  басшыларының  өзі  оны  қарсы 
алуға, аса зор пейіл танытуға құмар.  
Повестегі кейіпкерлердің және бірі – Жиенқұл. Ол Сұлтанмен сегізінші 
класқа дейін бірге оқыған. Қазірде ауылда. Аға  шопан қызметінде. Жиенқұл 
өзінің  қоғамда,  адамдар  арасында  алатын  орнын  жақсы  біледі.  Аудан 
басшылары  секілді  Сұлтанға  бірінші  барып  сәлемдеспейді.  Бәрі  амандасып, 
қауышып  болған  соң  ғана  барады.  Сұлтанның  келешекте  әскери  қызмет 
саласымен жоғары көтерілетініне де сенімді. 
Бірақ  Сұлтанның  әйелі  Талшынның  көзқарасы  тұрғысынан  алып 
қарағанда  Жиенқұлға  берілер  баға  екі  түрлі.  Бірі  –  Жиенқұлға  Талшын 
таңданыс білдіреді. Өйткені ол Сұлтанмен түйдей жасты болса да, салмақты. 
Байыпты.  Жүйкесіне  өзге  біреу  тиісе  сөйлесе  де,  селт  етпейді.  Екіншісі  – 
Жиенқұл барша нәрсеге кекесінмен қарап, баға беретіндей секілді. Себебі ол 
Сұлтанға  көрсетілген  құрметті  оншалықты  жөн  санамайтындай.  «Бізге 
пайдасы  не  осының?  Ауданға  пайдасы  не?  Аудандық  атқару  комитетінде 
отырған  көкеміз  де  қызық.  Кім  болса  соған  иіліп,  бүгіліп...  Осы  біреуге  де 
ауыл-ауданымызбен  шапқылап?...»  деп  тұрғандай  аңғарылады.  Әйтсе  де, 
Талшын  өзінің  Жиенқұлға  деген  теріс  пікірінен  де  бас  тартады.  Бұл  оның 
бәлкім табиғи көзқарасы да болуы мүмкін деп, Жиенқұлды іштей ақтайды. 

 
97 
 
Повесте  адамгершілік  мәселелері  аз  қамтылмаған.  Қазірде  қым-қуыты 
мол заманда осынау мәселе өте көкейкесті болып отыр. Адам баласының бір-
біріне  мейір-шапағаты  да  сатулы  кезеңде  адамдық  бейнені,  болмыс,  бітімді 
сақтап  қалу  өте  қиын-ақ.  «–  Адам  еткен  ағасына,  анасын  жоғалтпаған 
жеңгесіне рахмет. Айналайындар-ай, қабақтарын шытуды білмейді ғой, тегі. 
Қабақ  шытпайтын  адамдар  көп  пе  қазір  өзі?»  деп  ел-жұрттың  ағасы  мен 
жеңгесінің  Сұлтанға  жасаған  қамқор  пейілі  мен  қадір-қасиетін  шынайы 
бағалауы да оқырман жанын жадыратады. 
 
Сұлтан  әскери  саладағы  биіктерге  жай  әншейін  жеткен  жоқ.  Ол  өз 
елінің,  Балдыберек  аулының  аңыз,  ертегілеріне,  өткен  батырларына  еліктеп 
өскен.  Сол  аулында  Қалмаққырылған  атты  сай  жөнінде  апасы  талай  рет 
әңгімелеп  берген  де.  Жүз  қалмаққа  қарсы  жалғыз  өзі  шапқан  Қожағұл 
батырдың  ерлігі    оның  жадында  өшпестей  жатталып  қалған-ды.  Батырдың 
Келібас  атты  тұлпары  да  ерекше  қасиетке  ие  еді.  Тұлпар  жау  ортасында 
қалғанда басымен оңды-солды соққылап, жауды жайратып салатын. 
 
Сонымен  бірге  Сұлтан  әскери  оқуға  түскенде  нәзіктеу  болса  да, 
намысқа  тырысып,  өзгелер  бір  рет  жаттықса,  бұл  үш  есе  жаттығуға  бел 
байлайды. Әскери училищені бітіріп, Сібірде, тундрада взвод, кейін батальон 
басқарғанда  да,  талай-талай  ауыртпалықтарды  бастан  кешіреді.  Сырттай 
қарағанда өзгелерге Сұлтанның өмірі ғажап болып көрінуі де мүмкін. Алайда 
әскери  өмір аяуды  да,  аялауды  да  білмейтін,  ер  азаматты  нағыз  шыңдайтын 
тірлік  екендігін,  оған  әлсіз  жандар  шыдамайтындығын  жазушы  авторлық 
баяндау тәсілімен шебер әрі көркем суреттей алған. 
 
Повестегі төрт дос – бір мектептің түлектері. Олар – Сұлтан, Жиенқұл, 
Наурыз  және  Иван.  Наурыз  –  ақкөңіл,  аңқылдақ,  елгезек.  Ол  Иванмен,  яғни 
жас  кезіндегі  Ванямен  бірге  жүрген.  Бірге  ойнаған.  Жұп  жазбай  жүрген 
төртеуі кейінірек төрт жаққа кеткен. Наурыз бен Иван арасындағы достықты 
шынында да үлгі-өнеге етсе болады. Екеуінің бір-біріне деген шынайы ынта-
ықыласы,  бірінсіз-бірі  тіршілік  ете  алмауы  оқиғалар  үдерісінде  толыса, 
толыға түскен. Тіпті, Иван өлгеннен кейін Наурыздың дел-сал болып, өзін-өзі 
жоғалтуы  да  адам  баласының  қалыптаса  бастауына  өзіндік  әсері  мен 
ықпалын тигізетіндігін анық түйсінуге болады. 
 
Үзінді келтірелік: «Кешір, Иван мен бейбақты. Сенен айырылған соң не 
боп кеткенімді өзім білмеймін. Кім екенімді өзім де түсінбейтін сияқтымын. 
Өзіме-өзім  бағынбаймын.  Сен  барда  бәрі  де  өзгеше  еді.  Бәрі,  барлық  нәрсе, 
бүкіл әлем, барлық адамдар орын-орнында емес пе еді? Сенен айырылған соң 
мен  бар  салмағымнан,  дүние  бар  түр-түсінен  айырылып  қалды.  Сен  кеткелі 
ешкіммен емен-жарқын сөйлесіп, шер тарқата сырласпаған сияқтымын. Әне, 
Сұлтан кетіп барады. Алысқа, Мәскеуге. Ол келгелі жон арқамның біраз желі 
күтір-күтір  үзілген.  Ол  да  кетіп  барады,  әне...»  Рас,  өте  жақын  жанның  күн 
сайын  жаныңда  жүріп,  бірден  ғайып  болғандығы  адам  жанын  жетімсіретуі, 
жалғызсыратуы,  мына  жалған  да  жалпақ  әлемде  жеке-дара  қалдырғандай 
сезімге тап келтіретіндігі табиғи әрі заңды психологиялық құбылыс дер едік. 
Жазушы  адам  баласы  бойындағы  осынау  нәзік  те  сағынышқа  тола  сәтті 

 
98 
керемет  суреттеген.  Оқырман  жанын  толқыта,  сан  қатпарлы  сезім 
қабаттарына жетелей білген. Тебіренте алған. 
 
Повесте  адамзат  баласы  үшін,  жер  бетінің  қай  ұшпағында  мекен 
етпесін,  оның  ұлтарақтай  топырағында  тіршілік  жасамасын,  баршаға  ортақ 
мүддені,  ниет  пен  пейілдің  адалдығын,  адамилығын  ту  еткен  ситуациялық 
оқиғалар мен эпизодтар көптеп ұшырасады. 
 
Мәселен,  Наурыздың  балалық  шағындағы  досы  Иван  вагондағы  өрт 
өзге  вагондарға  ұласып  кетпеуі  үшін  оны  сөндіріп  жүріп,  қатты  күйеді. 
Ауруханада  жатқан  Иванның  көңіл-күйін  білмекші  болып  келген  Наурыз 
оның  ауыр  халін  көреді.  Баяғы  арсалаңдап  мойынға  асылатын,  бұрынғыдай 
алыса  кететін  Иванды  Наурыз  танымай  қалады.  Оның  тұла  бойының  басым 
бөлігін өрт шалған екен. 
 
Наурыздың  осы  реттегі  ішкі  психологиялық  мейірі  мен  бауырмалдық 
сезімі жазушы қаламы арқылы оқырманды адами терең иірімдерге жетелейді. 
Наурыздың  ішкі  монологы  ғой  мынау:  «Біз  –  ғасыр  құрдастарының 
баласымыз.  Ғасырымыз  бел  ортасынан  ауғанда  туғанбыз.  Әкелеріміз 
армандап жүріп, әзер жеткен мына бізге. Әкелеріміз небір сұмдықты бастан 
өткеріп, азап-тозақты көріп, көп жасай алмады. Жарақаттары айрықша ауыр, 
тым  көп  болды.  Жамап  киіп  те  қуанды.  Ал  біз  солар  үшін  келесі  ғасыр 
ортасынан  ауғанша  жасауымыз  керек.  Келесі  ғасырды  біздің  балаларымыз 
бәле-жаласыз,  сұмдық-сұрапылсыз,  жамау-жасқаусыз  бастауы  керек»,  –  деп 
қиялдана жырлайтын Иван ба мынау?!» 
 
Осынау  Наурыз-Иванға  ортақ  ой-пікірдің  салмағы  XXI  ғасырдың 
өкілдері үшін де толғақты. Көкейкесті. Мәнді. Ірі. Бізге адамзат баласы үшін 
дәл  осындай  ұлағат,  тағылым  керек.  Соны  сақтауымыз  қажет.  Кеудеден 
итермейтін,  бауырға  тартатын,  құшаққа  басатын  пейіл  керек.  «Дос  пейілі» 
повесі соны меңзейді. 
 
Тентектеу  мінезді,  бірақ  ақжарқын,  ақпейіл  Наурыз  бейнесі  повесте 
жан-жақты  суреттелген.  Жас  кезінде  Сібір  жақта  әскери  қызмет  атқарып 
жүріп, жастықтың алаулы көңілімен жергілікті хакас қызы Цэрэгмаға ғашық 
болды,  тіпті,  оны  аулына  әкелмен  болып,  оттай  сезімге  бөленуі  шынайы 
бейнеленген.  Екі  жастың  ортасындағы  сүйіспеншілік  авторлық  баяндаулар, 
диалогтар арқылы сөз өнерінің қасиетімен шебер өрнектелген. 
 
Жастықтың  жалауы  болған  алғашқы  махаббаттың  тізбегінде  болған 
осынау  жағдай  екеуінің  екі  жаққа  айырылысуымен  тәмамдалады.  Себебі 
Цэрэгма жоғары оқу орнына міндетті түрде оқуымыз керек дейді. Үйлену, үй 
болу қазірше ару хакас қызын еліктірмейді. Бірақ Наурызбен қоштасарда көз 
жасын  төгіп  те  алады.  Әйтсе  де,  ол  үшін  оқу,  жоғары  білім  алу,  кәсіп  иесі 
болу – басты мақсаттардың бірі еді. 
 
Повесте  бүгінгі  заман  адамдарының,  әсіресе,  халқымыздың  өз 
перзенттеріне деген ата-аналық парыздарының бірі  – үй болу, отбасын құру 
секілді  мәселе  де  айқын  суреттеледі.  Оқымай-ақ,  жағдайы  жақсы  деген 
психология  Наурыздың  анасына  тән.  Алайда  анасы  аурушаң  болғандықтан, 

 
99 
беті  бері  қарамай  жатқандықтан  қолына  келін  түсіруді  арман  еткен  ананы 
түсінуге болады. 
 
Наурыздың  Цэрэгмаға  деген  ақ  сезімі  адал.  Жастықтың  жалынына 
оранған  кезде  жолыққан  хакас  қызының  ақжарқын,  ашық  мінезі  оқырман 
көңіліне  дөп  тиеді.  Бірақ  өміріне  серік  болған,  ендігіде  төрт  баланың  анасы 
атанған  жары  Нәзипаға  деген  өзгермес,  таза  сезімі  де  қаламгердің 
суреткерлік  назарынан  тыс  қалмаған.  Жазушы  отбасына  байланысты 
адалдықты  мораль  оқумен,  ақыл  айтумен  байланыстырмайды.  Өмірдің  өзі 
секілді  нағыз  қайнаған  ортадағы  оқиғалар  арқылы,  нақты  кейіпкерлердің 
мінездері, іс-әрекеттері негізінде көркем шығармасына арқау ете білген. 
 
«Дос  пейілі» повесінде  бауырмалдық,  мейір-шапағат,  адамдардың  бір-
біріне деген сүйіспеншілік сезімдері оқиғаларға бай рәуіште суреттелген. Бір 
қарағанда  арсын-гүрсін,  тентек  мінезді,  тіпті,  көктемде  көтеріңкі  мінез 
танытатын  Наурыз  досқа  берік.  Адал.  Ол  тентек  емес.  Ақылды  тентек.  Өз 
жөнін,  жолын  адам  баласына  деген  әділдігі  мен  адалдығынан  адаспаған 
кейіпкер. «Ақынға да аздаған тентектік керек» демекші, ақын жанды, өнерге, 
сәулет  өніріне  бір  табан  жақын  Наурыздың  көркемдік  атаулысына 
сүйіспеншілігін автор осынау повесте шынайы бейнелеген. 
 
Досқа  адалдығы  Наурыздың  көркем  туындыда  ерен.  БАМ-ға,  күні 
кешегі  кеңестік  дәуірдегі  Сібір  өңіріндегі  алып  құрылыс  Байкал-Амур 
магистраліне  барамын,  соны  көремін  деп,  өзі  бұрын  әскерде  жүргенде 
сүйіспеншілік  сезіміне  бөленген  Цэрэгма  аруды  бір  көруге  ынтызар  да 
болады.  Солдат  болып  жүргенде  ғашық  болған  Цэрэгманы  көреді  де.  Ол 
ендігіде  сол  жердегі  бір  колхоздың  бас  зоотехнигі  екен.  Тұрмысқа  да 
шығыпты. Бір қызы да бар болып шықты. 
 
Бірақ Наурыз оған жолықпайды. Хакас елінің Сурхарбан атты мерекесі 
кезінде көптің ішінде елеусіз адамдай жүріп, бәрін де байқайды. Бақылайды. 
Өткенді  жаңғыртып,  жүрегін  жаралағысы  келмейді.  Отбасы    ынтымағын, 
жарасымдылығын  ескереді.  Әрине,  мұндай  ситуацияда  кейіпкерлер  қандай 
іс-әрекет    танытатындығы  беймәлімдеу.  Өйткені  БАМ-ға,  өзінің  жастық 
шағындағы  Цэрэгманы    бір  көру  арман  болған  соң,  онымен  жолыққан  да 
абзал  болар  еді.  Әлде  едәуір  уақыт  өте  келе  Наурыз  шопанның  бойындағы 
қайран  жастықтың  желігі  басылып,  өзі  байыпты  да  байсалды  шаққа  ойыса 
бастады ма екен...  Бәрі де болуы мүмкін, әрине. 
 
Наурыздың досы Иванға деген пейілі де өзгеше. Ол қайтыс болған соң, 
басына  ескерткіш  орнатады.  Баласы  Сергейді  балалар  үйінен  алып,  өзіне 
бесінші  бала  етіп  асырап  алады.  Өзі  жұмыс  жасайтын  қой  өсіру  кешені 
балалар  үйін  қамқорлыққа  алады.  Ендігіде  Наурыз  бұрынғыдай  асау  емес. 
Қоғамның белді де беделді азаматына айнала бастайды. 
 
Повесте жазушы жеке адамдардың тұрмыс-тіршілігі, олардың күйініші 
мен  сүйініші,  ішкі  психологиялық  әлемі  жөнінде  терең  әрі  сан  қатпарлы 
деңгейде өрнектеген. Сонымен бірге қоғам мен уақыт, замана талабы секілді 
көкейкесті мәселелер де сөз құнарымен шебер де шынайы суреттелген. 

 
100 
 
«Дос пейілі» повесінде екі-үш сюжет желісі бар. Бастапқыда шығарма 
кейіпкері  –  әскери  жігіт  Сұлтанның  елге  келуі,  ел-жұртпен,  дос-жармен 
қауышуы  және  Наурыздың  ақкөңіл,  аңқылдақ  мінезіне  құрылған  оқиға 
оқырманды    өзіне  қаратады.  Содан  соң  шығармадағы  оқиғалар  үрдісі  бірте-
бірте Наурыз-Иван арасындағы достықтың беріктігімен дами түседі. Үшінші 
сюжет  сипатында  Наурыз  бен  Цэрэгма  ортасындағы  романтикалық  оқиғаға 
желі  болған  сюжетті  айтар  едік.  Әрине,  повестің  көркем-әдеби 
шығармашылық тәсілге құрылғандығын атап өтіп, композициялық тұтастығы 
берік екендігін айтқанымыз абзал. 
 
Жазушының  «Ақ  шымылдық»  повесі  көлемі  тұрғысынан  алып 
қарағанда ауқымды. Повестегі оқиғалар Сібір жеріндегі Онон өзені бойында 
өрбиді. Әскери қызметте жүрген Поляков қайтыс болады. Оны жауынгерлер 
зорға  іздеп  тауып  жерлейді.  Жерлеу  рәсіміне  анасы  мен  әйелі  қатысады. 
Қайтыс  болған  әскери  жігіт  Поляковтың  өліміне  ішімдік  ішіп,  үсіп  өлген 
деген диагноз қойылады. 
 
Осы  жағдайдан  кейін  Бағдаттың  да  жағдайы  қиындайды.  Ауырып 
ауруханаға түседі. Осы жерде ол Поляковтың анасы мен аяғы ауыр келіншегі 
Поляға жаны ашиды. Олардың болашақтағы тағдырына адам баласы ретінде 
көңіл аударады. Поляков ең үздік солдат болмаса да, ең нашар солдат емес-ті. 
Әкесі  ішкіш  болған,  тіпті,    көрмеген  де  секілді.  Бастапқыда  жүдеу  бір 
деревняда  тұрыпты.  Кейін  ірілендіру  мақсатымен  болған  іс-шарадан  соң, 
тұрғылықты  жеріндегі  шахта  жабылып  қалыпты.  Ешкімге  керек  болмай 
қалған  деревняның  тағдыры  секілді  Поляков  та  өз  айтуынша  тағдырдың 
жазуымен жүре беріпті. Училищеге де түспек болыпты. Бірақ бұзақылардың 
торына  түсіп,  сотталып  та  кете  жаздапты.  Деревняда  өзін  пысықпын  деп 
есептейтіндерге  ілесіп,  ішкіш  те  болады.  Үй-іші  қайтадан  тозып,  аза 
бастайды. Сол кезде Поля есімді аруға ғашық болады. «Ғашықтық дегеніміз, 
егер ол нағыз шын, шынайы болса, жынды адамды сауықтырып, сау адамды 
ақылынан  адастырып  жіберер.  Коля  да  солай,  сауығып  сала  берген.»  деген 
авторлық-танымдық баяндаулар  Поляковтың  дұрыс  жолдағы  жігіт  екендігін 
аңғартады. Біз айтар едік, ғашықтық қай-қайсымызға болмасын, ғаламат күш 
береді.  Тау  қопарарлық  қайрат-жігер  сыйлайды  деп.  Ғашық  болып 
сүйіспеншілікке бөленген Поляков әскерге кетер алдында Поляға үйленіп те 
алады. 
 
Әскери қызметте жүрген сержант  Бағдат  Төлеев  Поляковтың өлімінен 
кейін  қатты  ауырып  қалады.  Туған  елін,  топырағын,  мектепте  онбірінші 
сыныпта  оқып  жүріп,  оныншы  сыныпта  оқитын  ғашық  қызы  Зылиқаны 
сағынады.  Ауылда  бірге  жүргенде,  жүгері  собығын  жинау  кезіндегі  қатар 
жүрген, бірге еңбек еткен шақты романтикалық арманмен жадына түсіреді. 
 
Повесте ХХ ғасырдың 60-жылдарында бұрынғы КСРО-да коммунистік 
қоғам  құрамыз  деген  сенімнің  күшті  болғанын,  осынау  идеяның  ғылыми-
теориялық  тұрғыда  негізделгенін  тарихи  шындық  сипатында  жазушы 
шынайы  суреттеген.  Жастардың  бойындағы  сезімді  тізгіндеп  ұстау,  оған 
бақылау  жасау  Бағдат  пен  Зылиқа  оқыған  мектептерде  де  мықтап  орныққан 

 
101 
болатын. Зылиқаға хат жаза алмауы да, сол кезеңдегі тәрбие көрінісі. Бағдат 
та,  Зылиқа  да,  өзге  оқушылар  да  ұстаздар  атаулысынан  қатты  тайсалатын. 
Тіпті,  қорқатын  да.  Повестегі  Алгебра  ағайынан  шошынатын  Бағдаттың  да, 
Зылиқаның  басындағы  жағдай  сол  кезеңдегі    мектеп  оқушыларына  тән 
болғандығын, сірә де, жасыра алмаймыз. 
 
Бұны,  әрине  құлдық  деңгейде  қорқытып,  үркітіп  тәрбиелеу  деп 
ұғынбаймыз.  Бұндай  тәртіпті  болашақ  ұрпақты  тәрбиелеу  ісіндегі  сол 
кезеңдегі,  сол  уақытқа  сай  қалып,  шынайы  пейілден  туындаған  жәйт  деп 
білеміз. Авторитарлық жүйеден демократиялық жүйеге өту, сол жылдардағы 
қоғамда  орын  ала  бастаған    ой-санадағы  еркіндік  бірте-бірте  адам  сезіміне 
байланысты табиғи заңдылықтардың мұздай құрсаған сеңдерін де қақыратып 
бұза бастады. Бірақ бұл бірден жүзеге асқан жоқ. Бірте-бірте, ұзақ жылдарды 
қажет етті. 
 
Әйтпесе,  повесте  жазылғанындай:  «...мектеп  қабырғасында  жүріп 
ғашық  болмауға,  қыздарға  хат  жазбауға,  жеке  жоспарын  жасап,  сол  жоспар 
бойынша  саяси  және  мәдени  білім  дәрежесін  көтерумен  айналысуға  уәде 
еткен» Бағдаттың бір сыныптасының іс-әрекетін бүгінде сол уақыттың өзіне 
тән шындығы деп ұғынамыз. 
 
Повесте  романтикалық  суреттеулер  баршылық.  Ауырып  жатып,  өзінің 
ғашық  болған  қызы  Зылиқа  Жауынбаева  жайлы  ойлаған  Бағдаттың  ой, 
үміттері  романтикалық  сипат  алған.  Поляков  Коля,  Құдайқұлов  Ержан 
секілді  солдаттардай  қайтыс  болып  кетсе,  Зылиқа  келер  ме  еді,  әлде  келмес 
пе  еді  деп,  санасының  сан  алуан  сауалдар  жетегінде  кетуі  ұлттық  таным 
тұрғысында  өрнектелген.  Шыны  мен-ақ  осы  отрядта  ажалы  жетсе,  ол  келер 
ме  екен?  Әй,  қайда-а-н.  Әлі  күйеуге  шықпаған,  ақ  шымылдықтың  арғы 
жағында  бірге  түнеп  көрмеген,  қыздың  жігіті  әскерде  өліп  қалса,  артынан 
келуі, әй, қайда-а-н, мұның аулындағы қазақтарда ондай әдет жоқ қой, жоқ.» 
деп Бағдаттың ойға берілуі повестің негізгі тақырыптық арқауына сайма-сай 
келеді. 
 
Бағдат  пен  Зылиқаның  алғаш  рет  бір-бірімен  ауыл  түнінде  кездесуі, 
бір-бірімен сырласуы, қауышуы аса мөлдір, тым таза психологиялық тұрғыда 
суреттелген.  Бірін-бірі  сыйлауы,  бірін-бірі  аялауы  секілді  иірімдер  ұлттық 
тәрбиенің  ауқымынан  аспаған.  Оның  бәрі  де  табиғи  әрі  мәнді  де  маңызды, 
оқырманды баурап аларлық құнарлы тілмен әспеттеп жазылған. 
 
Өмірді  тану,  үлкен  өмірдің  өзіне  тән  ерекшеліктері,  өзгешеліктері 
повесте танымдық сипатта өрбиді. Мәселен, Бағдат Төлеевтің мектепте оқып 
жүргенде  ертеңгі  күніне  деген  сенімі  өте  зор  еді.  Өмірді  білемін,  оны 
түсінемін, күні ертең елімнің тірегі боламын деген ойда болатын. Сол кезеңге 
сай коммунистік қоғамның жеңетініне, ондай қоғамды көретініне бек сенімді 
еді.  Ал  әскерде  жүргенде  ол  мұндай  көзқарастан,  сондай  дүниетаным 
ауқымынан ұзақтай бастайды. 
 Повестен үзінді келтірелік: «Мектептің жоғары кластарында жүргенде 
коммунизмнің көп ұзамай-ақ  келіп жетеріне керемет сенетін. Бағдат Төлеев 
өздерінің  өмірге  ешқандай  да  әзірленбегеніне  сол  Ангарскідегі  құрылыс 

 
102 
полкінде  алғаш  рет  анық  көз  жеткізген  еді.  Новосібір  қаласындағы 
сержанттар  даярлайтын  мектепте  сезіне  бастағанымен,  сенбейтін.  Рас, 
сержанттар мектебінің бастығы подполковник   Акулич ақсақал:  «Оқу басқа, 
курсанттар, өмірдің өзі мүлде басқа, біз әлі екеуін қабыстыра алмай әлекпіз,» 
– деп, ашық айтатын.» Әрине, теория мен практика ұштасуы тиіс. Керісінше 
болған  жағдайда  өмір  жайлы,  қоғам  туралы  қаншама  жан  сүйсінтерлік  ой-
толғамдарды  айтқаныңызбен,  іс  жүзінде  бәрі  де  басқаша  болатындығын 
өмірдің өзі  дәлелдеп те, көрсетіп те жүргендігін көзіқарақты оқырмандардың 
бәрі дерлік жақсы біледі. 
 
Повесте  өзінің  іскерлік,  қамқорлық  қасиетімен  есте  қалатын 
кейіпкерлердің  бірі  –  подполковник  Акулич.  Күні  кешегі  қан  майданда 
соғысқан,  бейбіт  өмір  уақытында  Новосібір  қаласындағы  сержанттар 
даярлайтын  мектептің  бастығы  Акулич  мейірімді  әрі  әскери  міндетке  адал 
жан.  Ол  жас  солдаттарға  талапшыл,  қатқыл.  Сонымен  бірге  оларды 
жігерлендіре де алады. 
 
Мысал келтірелік. Ол былай дейді: «Бәрін де көру керек. Оңай болады, 
жеңіл  соғады  деп  айта  алмаймын.  Қиындықтың  әлі  көкесін  көресіңдер.  Бәрі 
өздеріңе  байланысты,  балалар.  Итің-тыртыңнан  биіктей  алмай,  сотанақ-
саталақ, кір-қожалақ, бүлінген дүниенің ішіне еніп, білінбей кете барасыңдар 
ма,  жоқ  әлде,  жарқ  етіп  көрініп,  шұғыла  шаша  ағартып-тазарту  жағын 
жақтайсыңдар  ма,  бәрі  өздеріңе  байланысты.»  Рас,  көпті  көрген,  көпті 
көңілге  түйген  жанның  сөзіндегі  шындықты  жазушы  дәл  әрі  тұшымды 
ойлармен, сөз құдіретімен ойдағыдай жеткізе білген. 
 
Бағдат  Төлеев  те  сержанттың  оқуын  бітіріп,  взвод  командирі  болған 
кезде  әскердегі  тәртіптің  оң  және  осал  тұстарын  шешуге  кіріседі.  Үш  жыл 
бойы  Сібір  жақтағы  тастақты  жерді  қазып  жүрген  солдаттардың  өміріне 
өзгеріс әкелуді де көздейді. Техникасы ғарышты меңгеріп жатқан алып елдің 
адамдары, әсіресе, өзі қызмет етіп жүрген солдаттардың азапқа тола жер қазу 
жұмыстарына  көңілі  толмайды.  Оны  саяси  орынбасар  Канцидайлоға  айтады 
да. Бірақ көзі үнемі тұманданып жүретін лейтенанттан ештеңе де шықпайды. 
Оған  айтылған  сөзден  еш  нәтиже  болмайды.  Тесірейіп,  мізбақпай  қарайтын 
лейтенант  сержантқа  қараудан  өзге  еш  мінез  танытпайды.  Өз  есебі  өзінде 
екендігінен де хабар береді ол. 
 
Шыны керек, лейтенанттың ішкі сыры да елеп-ескеруді қажет етеді. Ол 
өзінің бағыт-бағдарын, іс-әрекетін алдын ала болжалдап, нақтылап алған. «– 
Қызу  екенсің,  кіші  сержант.  Ротаны  да,  взводты  да  сен  жөндей  алмайсың. 
Адам  өзін-өзі  жөндей  алмай  жатқанда,  сен  құшағыңды  жеткенше  жаяды 
екенсің. Менің, мына менің мақсатым мүлде бөлек. Сендейлер үшін аласа да 
төмен,  күлкілі  де  күдікті  көрінер.  Осында,  қарғыс  атқан  Қиыр  Сібірде  қала 
берер  дейсіңдер  ме  мына  мені?  Осы  полкте  он  айлап,  жиырма  айлап,  жүре 
береді дейсің бе? Бүгін осындамын, ертең көкетайымның қасындамын, біліп 
ал... Басыңды тауға да, тасқа да ұрмай, құры бекерге қатырмай, беті-жүзіңді 
жылтыратып,  ішіңді алдырмай, тып-тыныш, тым-тырыс, жұрт қатарлы жүре 

 
103 
бер»  дейді  ол.  Лейтенант  та  оған  пайдаңды,  оңтайыңды  ойла  деп  кеңес 
береді.  
Акулич  өмір  көрген  адам.  Өмірде  нақты  азаматтық  бағыт-бағдары 
анық,  дүниетанымы  кең  жан.  Ал  лейтенанттың  да  өзіндік  көзқарасы  бар. 
Бірақ  бұның  дүниетанымы  көпке,  қоғамға  сәуле  тарату  орнына  өз  жарығы, 
сәулесі  өзінен  артылмайтын  шектеулі  бейне.  Әйтсе  де,  оның  философиясы 
қоғамда өміршең екендігі де белгілі. 
 
Повестегі  капитан  Золиннің  бейнесі  жазушы  суреттеген  өзгеше 
бейнелердің  бірі.  Ол  да  жазушы  кейіпкерлері  қатарын  молайтып,  олардың 
айрықша  түрін  аңғартып  тұрғандай  әсер  етеді.  Капитан  Золин  өзінің 
менмендігін  биіктетіп,  өзгенің  хал-ахуалына  күдікпен  қарайтын,  сенімсіздік 
танытуға  даяр  тұрған  бейнелердің  бірі.  Бірдеңені  ойлап  тұрып,  мүлде  басқа 
нәрсе айтуға дағдыланған тұлға. Ал солдат Шачнев ақты – ақ, қараны – қара 
дейтін  адал  да  ақкөңіл  жауынгер.  Мінеки,  әртүрлі,  әрқилы  мінездер  әлемі 
қаламгер  шығармасының  құндылығы  мен    өміршеңдігін  арттыра  түсуде 
басты шығармашылық-көркемдік тәсіл болғандығын атап айтуға тиіспіз. 
 
Қаламгер  оларды  жай  әншейін  бейнелер  ретінде  қолданбаған. 
Шығарманың  табиғилығын,  шынайылығын  көрсетудегі  өзінің  шебер 
суреткер  екендігін  айқын  түрде  таныта  білген.  Сол  үшін  де  айтулы  жазушы 
Мархабат  Байғұтты  кемел  суреткер  деп  толыққанды  түрде  айта  аламыз. 
Көркем сөзге, сөз өнеріне адал суреткер ғана қоғамдағы, өз заманы мен өмір 
сүрген  уақыттың  басты-басты  қаһармандары  мен  қатарда  жүрген 
кейіпкерлерін  тұлғалық  деңгейге  көтере  алатындығына  және  бір  рет  көз 
жеткізгендей  боламыз.  Повесть  қаламгердің  суреткерлік,  ойшылдық, 
дүниетанымдық    және  зергерлік  шеберлігін    айшықтай  түскен.  Қаламгерлік 
қуатының мол екендігін мойындатқан. Бұл – шындық. 
 
Мархабат  Байғұт –  кемеліне келген қаламгерлік-суреткерлік,  ой қуаты 
мол    жазушы.  Жаратқан  Ие  қаламына  салған  қасиетті  де  киелі,  құнарлы  да 
нәрлі көркем де көсемсөзді ұлт мүддесіне сай, ұлттық бояуын төмендетпей өз 
оқырмандарына ұсына білді. Әлі де ұсынуда. 
 
Жазушы  прозасында  төл  халқымыздың  жаны,  қаны,  ой  жүйесі  айқын 
сезіледі.  Бәлкім,  оның басты  себебі  –  қаламгер  тілі  мен  діні,  ділі  мен  жаны, 
салт-дәстүрі  уыз  күйінде  сақталған  қасиетті  Оңтүстік  өңірінде  туып,  сол 
топырақта  өніп-өскен,  тер  төккен,  ғылым-білім  іздеген,  сөз  өнері  мен  ұлт 
өнегесін  өгей  етпеген  өлкеде  туғандықтан  болар.  Мүмкін,  осынау  қалың 
қонған  ел-жұртының,  қара  орман  халқының  қақ  ортасында  аралас-құралас, 
етене араласуының жемісі шығар. 
 
Жазушы  туындылары  өз    оқырмандарын  о  бастан  жоғалтқан  жоқ.  
Бүгінде  көркем  әдебиет,  оның  теориясы,  сыны  түбегейлі  өзгерістерге, 
жаңаруларға ұшырап жатқанда, қаламгер де туындыларына соны соқпақ, тың 
тақырып,  жаңа  мазмұн  қосуда.  Ол  соқпақ  уақыт  талабына  сай  қатарымызға 
қосылған интеллекті, зердесі мен әрекеті жоғары замандастар әлемі дер едік. 
Ия, бүгінгі оқырман қауым аңғал, аңқау емес. Ол күрделі мінез иесі. Оқыған. 
Тоқыған  да.  Бірақ  солай  бола  тұра  адам  баласының  әу  бастан  материалдық 

 
104 
байлық  па  әлде  рухани  байлық  па  керек  екендігі,  ар-ұят  бірінші  ме,  әлде 
мұндай категория, бұндай ұғымның өзі қажет пе бүгінде деген шақта жазушы 
адам  баласы  үшін  мәңгілік  тақырыпқа,  сауалға  айналған  мәселеде  өзінің 
адами, адамгершілік, қаламгерлік мақсат-мүддесіне адал. Берік. Осы үшін де 
Мархабат  Байғұт  шығармалары  әдебиет  теориясы  тұрғысында  құнды  әрі 
маңызды. Тағылымды әрі мәнді. 
 
Жазушы  Махабат  Байғұт  айтулы  қаламгер,  сөзден  зергер  өрнектеген 
суреткер  ретінде  сыршыл  да  ойдың  терең  иірімдеріне  құрылған  заманауи, 
психологиялық тұрғыда көркем әрі көсемсөзге тұнып тұрған шығармаларын 
болашақта  да  мол  беретіндігіне  сенімдіміз.  Оқырмандармен  мың  жасауға 
құқы бар жазушыға халқымыздың дүние-жалғанды бес күндік деп есептесек, 
соның екі яки үш-төрт  күні мен түнін емес, бес күні мен түнін толық түнеп 
өткенін алғаусыз қалар едік. Әділі сол деп ұғынамыз. 
 
«Ақ  шымылдық»      повесі  –  тазалықтың,  пәктіктің  белгісі.  Повестегі 
басты кейіпкер Бағдат Төлеевтің Зылиқаға деген ақ махаббаты, мөлдір сезімі. 
Әрине,  екі  жастың  екеуі  де  екі  жақта,  бірі  –  әскерде,  екіншісі  –  ауылда  
жүргенде  талай-талай    оқиғалар  мен  өзгеше  жағдайлардың  болатындығы 
табиғи.  Бағдат  та  Зылиханы  жақсы  көреді.  Одан  хат  келмесе,  сағынышы 
сарытапқа  айналады.  Тіпті,  ауырып  та  қалады.  Махаббат  –  ұлы  күшке  ие  
еткізетіндігіне, махаббат  – айықпас дертке ұшырататынына осындайда және 
бір рет көз жеткізесіз. 
 
Повестің  «Ақ  шымылдық»  аталуы  да  көркем  шығармадағы 
тақырыптық  және  мазмұндық  сипатқа  қызмет  етуімен  ерекшеленеді.  Бағдат 
пен  Зылиқа  екеуінің  арасындағы  сезімнің  қандай  ахуалда  екендігі  де  ақ 
шымылдықтың  түрі  мен  түсіне  де  байланысты  аңғарылады.  Повестен  үзінді 
келтірелік: «Түсі кеткен жаман еді десеңші. Ақ шымылдықты түсінде жиі-жиі 
көретін, ешкімге білдірмей, өзі ғана көріп, өзі ғана жорып, өзімен-өзі болып, 
қиял тербеп, тәтті ойларға беріле рахаттанатын еді. Ал бұл жолғы түсінде сол 
үлбіреген  ақ  шымылдығы  табан  астында  қоңырқайланып  барып  қарауытып, 
қап-қара болды да, солды да қалды».  
Бұл  –  Бағдаттың  түсі.  Рас,  ол  өз  түсін  жориды.  Зылиқа  екеуінің 
ортасына  әлдеқандай  сызат  түскен  болар  дейді.  Әйтсе  де,  ол  мұндай 
болжамға бармайды. Ауруым асқынып, қайтыс болып кеткен Құдайқұлов пен 
Поляков  секілді  болармын  деп,  түсті  жеке  өзіне  байланысты  жориды. 
Шымылдықтың  қарайғаны  өзіне  көрінді-ау  деп  ойлайды.  Бірақ    Бағдаттың 
шын мәнінде өлгісі келмейді. Өмір әдеттегінше одан әрі жалғаса  береді.  
 
Әскери  отряд  орналасқан  жерден  әрі  қарай  екі  сағаттай  уақыт  бойы 
автокөлікпен жол жүріп, үй саны қырықтан, ал халқы жүзден аса қоймайтын 
деревняда тұратын тәуіпке де көрінеді  Бағдат. Ол Бағдаттың кеселінің түрін 
айтып береді. Уранның кесірі тигенін жеткізеді тәуіп Бағдатқа. Қалың  тайга 
ішінде жер астын қазып жүрген әскерлердің неге  ауруға тез ұшырайтынын, 
айықпас дертке не үшін жолығатынын Бағдат  сол кезде бір-ақ аңғарады. 
 
Және  де  повестегі  ақ  шымылдық  туралы.  Ақ  шымылдықты  Бағдат  өз 
досы  Дабылдың  ауылында  да    көбірек  кездестірген-ді  мектеп-интернатта 

 
105 
оқып  жүрген  кездерінде.  Ақ  шымылдыққа  қарап-ақ,  ерке  әрі  кей-кейде 
оспадарсыз іс-әрекет танытатын Дабыл керемет ой-пікірлерін айтатын. «– Ақ 
шымылдықтың  ішінде  ауылдағы  ең  бақыттылар  ұйықтап  жатыр,  –    деді 
Дабыл.  –  Менімен  жасты  жігіт.  Жетіншіден  кейін  оқымай,  ауылда  қалды. 
Жақында  үйленді.  Тойлары  да  керемет  өтті.  Бақытты,  екеуі  де  бақытты.» 
Повесте дәл осындай романтикаға тола диалог сөйлемдер аз кездеспейді. 
 
Жазушы  кейіпкерлері  бозбала  шақтағы  жастар  болса  да  парасат-
пайымы  мол  ізгі  ниеттегі  жандар.  Мәселен,  Дабылдың  өзі  Бағдаттың 
бойындағы  кей-кей  мінездерді  жақтырмайды.  Олардан  арылуға  бұйырады. 
Үзінді  келтірелік:  «–  Қатын  құсап,  болмашыға  бұртима,  білдің  бе? 
Бәлсінбегін.  Еркек  болуға  үйрен.  Үйретем    мен  сені,  білдің  бе?  Ердің  бе 
маған,  еркетотай  ете  алмаймын.  Сен  маған  ұнайсың.  Бірақ  тым  үлбірексің. 
Үлдірексің.  Мектептің  өзі  де  сендейлерді  ұнатады.  Сызылып  тұрса,  жақсы 
оқыса,  тәртіпті  бұзбаса  дейді.  Тәртіптің  не  екенін  талдауға,  талғауға 
үйретпейді бізді. Ал өмір басқа, Бағдат бала. Сен өмірді түк те білмейсің, түк 
те дайын емессің. Содан сорлап, қорлық көреді сорлы жас... Ал мен осының 
бәрін  қайдан  білем?  Титімдейден  әкелі  жетіммін,  шешемді  көрмедім.  Міне, 
содан білем...» 
 
Әрине, Дабыл әкенің айбарлы мінезін көрсе де, ананың аялы алақанын 
сезбей  өскен.  Ал  Бағдатта  сыпайылық,  өзін  де  өзгені  де  аялай  білу  секілді 
мінез  бар.  Оны  Дабыл  аңғарды.  Сол  үшін  ол  Бағдатты  жақсы  көреді.  Бірақ 
мұндай    мінезбен  ұшы-қиыры,  шет-шегі  жоқ    өмір  атты  әлемде  өмір  сүру 
қиынға соғатынын балаң мінезді Бағдатқа ұғындырады. Өмірде қаталдық та, 
еркекке тән қаттылық та қажет екендігін өмір ерте есейткен Дабыл Бағдатқа 
ересек адамдарға тән зерек ойымен жеткізеді. 
 
Повестегі  Дабылдың  бейнесі  күрделі.  Одан  бұзақылық  та  шығады.  Өз 
аулында түн ортасында төсекте жатқан келіншектердің үстінен көрпе жұлып 
алатын мінезі де бар. Әр келіншекке өзінше баға береді де. Кейде тебіреніп, 
толғанып  әдемі  ой-пікірлер  де  айта  алады.  «Бұрынғы  замандарда  ақ 
шымылдыққа  кір  келтіріп,  ақ  жүздерін  күйе  жаққан  келінді  күн  кідіртпей 
төркініне  жөнелтеді  екен  деседі.  Қазір  шымылдық  та  сирек,  бәрін  де 
өзгерттік  өйдеп-бүйдеп.»  дейді  ол  ертеректе  әжесінен  естігенін  Бағдатқа 
түсіндіріп. 
 
Повесте Сібірдегі тәуіп  Аксен  Алексеевичтің  емін қабылдаған  Бағдат 
сол  халықтың,  олған  аулының  салт-дәстүріне    сай    Ла    есімді   келіншекпен 
түнеп  шығады  бір  төсекте.  Бағдат  сол  кезде    тәуіптің  оған  бір    сұйық  дәрі 
ішімдігін    бергенін,  есіне    кіресілі-шығыңқы  Ланың  кіріп-шыққанын,  ал 
таңертең  оның  ғайып  болғанын  жадына  алады.  Өзінің  осынау  ісінен  Бағдат 
қатты  ұялады.  «Бізде  баяғы  ғасырларда  үйге  келген  қонақтан  бала  көтеру 
салт  болған.  Кейін  қойдық    қой  ондайды.  Түндегі  тірліктің    айыбы  жоқ.  
Азаптанып, ұялма» дейді тәуіп Бағдатқа. 
 
Сол  түннің  ертесіне  тәуіп  өздері  отырған  жердің  өте  қауіпті  аймақ 
екенін  Бағдатқа  айтады.  Бір  ай  ішінде  осынау  тұрғылықты  жерден,  ата 
топырақтан  үдере  көшу    керектігін  қынжыла  жеткізеді.  Әскери  құрам  сол 

 
106 
тұста  уран  өндіру  мәселесімен  шұғылданып  жатқанын,  оның  ала  қатерлі 
зардабын  тәуіп  те,  Бағдат  та  жан-тәнімен  сезінеді.  Өйткені  көзіқарақты, 
дүниетанымдары  мол  олар  ғылым  жетістіктерінің  пайдасы  мен  зарарын  бір 
кісідей жақсы түсінетін-ді. 
 
Повесте  бейнеленетін  майор  Расков  өзінің  мейірбандығымен, 
жылылығымен  есте  қалады.  Ол  Бағдаттың  ауру  хал-ахуалын  байқап,  оны 
елге қайтару жөнінде нақты қамқорлық танытады. Бағдат ауру деп танылған 
өзге  де  жиырмадан  астам  солдаттармен  бірге  аулына  аттанады.  Әскери 
қызметі    өткен  Сібірмен,  ну  орманмен,  Онон  өзенімен  мұңдана  қоштасады 
Бағдат. Өйткені ол бұл қиыр шеттегі топыраққа да бауыр басып қалған-ды. 
«Ақ  шымылдық»  повесі  –  Бағдаттың  өзі  сүйген  Зылиха  туралы  аппақ 
арманы,  досы  Дабылдың  ақ  шымылдық  жөніндегі  әралуан  хикаялары, 
ақпейіл  Жайсаңгүл  жеңгесінің  ақ  шымылдығы  жайлы  көркем  туынды. 
Сондай-ақ,  Бағдаттың  әскери  өмірі  хақында  оқиға  өрбіткен  шынайы 
прозалық шығарма. 
«Ақ  шымылдық»    повесі  екі  жастың  Бағдат  пен  Зылиқаның  екі  түрлі  
тағдыры,  екеуінің  бір-бірімен  ақ  шымылдық  ішінде  бола  алмауы,  өмір-
тағдырдың екеуін екі жаққа бағыттап жібергені хақында жасалған мұңды да 
шынайы шындыққа суарылған романтикалық-реалистік дүние.  
Айтпақшы,  Зылиқа  жамандыққа  қиюға  келмейтін  кейіпкер.  Оның  өз 
ой-пікірі,  өмір  сүруі  қалыптасқан  жеке    философиясы  бар.  Зылиқа  
қиындықты  көргісі,  бастан  кешкісі  жоқ.  Кім  қиындықты  қалайды  дерсіз. 
Бірақ  адами  қалыптан,  өз  болмысынан  шықпау  үшін  кей-кейде  небір 
қиындықтар  мен  ауыртпалықтарды,  бастан  өткермеді  дерсіз  аға  ұрпақ 
өкілдері.  Бірақ  солай  екен  деп,  қиындық  атаулысын  жеңу  қажет  деп,  барша 
адамдарға  ақыл  айту,  жөн  сілтеу  қалай  болар  екен?!.  Әркімнің  өз  ақылы 
өзінде  екендігін ескерсек, мұндай ұғымнан бас тартуға  тура  келеді.  Зылиқа 
шынын  айтқанда  басқа  түсініктің  адамына  айналған.  Оған  ақ  шымылдық, 
аппақ арман қиялилардың, әлі де балалықтан арылмағандардың әлемі секілді 
ұғынылады. Сол себепті де Бағдатты өмір көрмеген деп, өзгермеген деп, сол 
баяғы  балаң  қалпы  деп  қана  қарайды.  Әскерден  қайтқан  Бағдаттың  да 
Зылиқамен  ақ  шымылдық  ішінде  емес,  өзге  үйде  бір  төсекте  түнеуі  –  ақ 
шымылдық  жайлы  түсініктің    бүгінде  кей-кей  замандастарымыздың  сана-
сезімінен ұзақтап, ғайып бола бастағанының белгісі іспеттес. 
Әрине,  ұлттық  болмыстан,  ата-баба  тектілігінен  арылмау  –  бүгінгі 
күннің,  қазіргі ұрпақтың  межелі  міндеті.  Пайымды  парызы.  Басты  борышы. 
Повесть Зылиқаның өзгеге тұрмысқа шыққан кешімен,  Бағдаттың сол кеште 
үнсіз  күлімсіреп,  ұяңдау  көрінген  қызға  бертін  келе  үйленуімен 
тәмамдалады. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет