Нұргелді уәлиев сөз мәдениеті



Pdf көрінісі
бет22/37
Дата31.10.2022
өлшемі450,47 Kb.
#46383
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
балық аулау (ловить рыбу в мутной воде) т. б. сөз тізбектері тілімізде
тұрақты қолданысқа айналды. Марксизм-ленинизм классиктері
еңбектерінде кездесетін кейбір өрнекті сөз орамдарын аударуда
тәжірибелі тәржімашыларымыз, белгілі журналистеріміз калька
тәсілін де кәдеге жаратқан. Орыс тіліндегі кейбір тұрақты сөз
тіркестерінің қазақша баламасы бола тұра, журналист,
аудармашыларымыз түпнұсқа тіліне жақындай түсу мақсатымен
волков бояться в лес не ходить – қасқырдан қорыққан тоғай араламас
(шегірткеден қорыққан егін екпес); не приметить слона – көрмес пілді
де көрмес (көрмес түйені де көрмес); черепаший шаг – тасбақа аяң, адым
(өгіз аяң) т. б. аударды. Көркем әдебиет, саяси публицистикалық
әдебиетті тәржімалауда аудармашыларымыз алдымен халық тілінен
дәлме-дәл балама іздейді. Әсіресе тұрақты сөз тізбектерін
қазақшалауда олар калькаға орынсыз бара бермей, халық тілінен
дәлме-дәл балама таба білді: своя рука владыка – қазаншының еркі бар,
қайдан құлақ шығарса; откладывать в долгий ящик – сөз бұйдаға салу;
утопающий и за соломенку хватается – суға кеткен тал қармайды т. б.
Аударма әдебиет арқылы тұрақталып, тілімізде тиянақ тапқан
қолданыстардың қатары соңғы жылдарда тарих сахнасына шықты; екі
арасын қытай қорғанымен бөліп тастауға болмайды; америка ашты
(ашқан жоқ); екінші тыныс (мартен пешінің екінші тынысы) тәрізді
тұрақты тізбектермен көбейе түсті. Осындай тізбектерден тіл
шұбарлайтын тіркестерді ажырата білу – сөз тазалығына қойылар
талаптың бірі. Кейінгі жылдарда тіл шұбарлайтын тіркестің мынадай
түрлері ұшырай бастады: «Ол түнгі тосқауыл рейдіңе
қатысушылардың қоғам мүлкіне қол сұғушыларды қалай су бетіне
шығаратынын соңғы екі-үш жыл ішінде көп естіп те, оқып та жүрді»;
«Бүкіл адамзатқа келген қару ешқашан бір елдің ішкі ісі болмақ
емес. Ондайды «ішкі іс» деп сылап-сипаушылар американ
саясатының диірменіне жел береді»; «Қаламқас поселкесінің аумағы ат
шаптырым. Көшпелі вагондар, егіз тамшыдай ұқсас үйлер», «мәселені
қабырғасынан қою» т. б. Осы мысалдардағы су бетіне шығару,
диірменіңе жел беру, егіз тамшыдай тәрізді тіркестер, сырты қазақша
болғанмен, кез келген оқушыға түсінікті ме? Тіпті оқушы автордың
айтпақ ойын әйтеуір аңғарғанмен, мұндай тіркестерді екінші бір
тілдің көмегі арқылы зорға түсінсе керек. Содан кейін ғана су бетіне
шығару дегеннің «бет пердесін ашу» екенін, диірменіңе жел берудің
«отына май кұю» екенін, егіз тамшыдай деп отырғаны «егіздің
сыңарындай» деген сөз екенін байқайды. Оқушысын бұлайша
шатастыру – сөз шұбарлау. Тілімізде осы ұғымдардың дәлме-дәл
баламасы бола тұрса да, оны елеусіз қалдырып, өзге тілдегі бейнелі


қолданыстарды сөзбе-сөз қазақшалай беру түсініксіз, тіпті түсінікті
бола койғанның өзінде әсерсіз, нәрсіз сөз тізбегін құр көбейте түсер
еді. Мазмұн-мағынасы шала-шарпылау ғана ұғынылатын, бедер,
өрнегінен айрылған мұндай тіркестер сөз тазалығына мүлде жат
элементтер.
Қазақ әдеби тілінің байып, әрленіп отыратын негізгі арналарының
бірі – жалпы халықтық тіл. Жалпы халықтық тілдің бір түрі –
диалект. Диалектизмдердің әдеби тілге қарым-қатынасы бір жақты
ғана деп үзілді-кесілді айтуға болмайтыны белгілі.
Қазақ әдеби тілінің жалпыға ортақ қасиеті – тұтастығы, бірлігі.
Бұл – ғасырмен өлшенетін ұзақ уақыттың жемісі. Ал оны елеп-
ескермей, әркім өз аулына тарта сөйлесе, әдеби тілдің ұзақ жылдар
бойы қалыптасқан тұтастығы мен бірлігіне нұқсан келмей ме? Ал
бірлік, ынтымақ – ұлы күш. Міне, тіл тазалығы дегенді әдеби тілдің
бірлігі мен тұтастығы үшін күрес деуге болады. Бірақ
диалектизмдердің әдеби тілге қатынасының екінші жағын, аса мәнді
жағын ескермеу әдеби тілді нәрлендіретін, байытатын арналы
бұлақтың көзін жапқанмен бірдей көрінер еді. Тілден заңды түрде
орын алуға тиіс ұғымдар, зат пен құбылыс атаулары әдеби тілде
болмай жатса ше? Ондайда жергілікті сөздер әдеби тілдің керегіне
жарап, мұқтажын өтеуі мүмкін.
«Қазақ говорларында кәдеге жарайтын, тіліміздің, лексикамыздың
баюына қажетті, ал әдеби тілде баламасы жоқ сөздер кездеседі.
Мысалы, мал егіз тапса, егіз дейміз, үшеу, төртеу тапса, оны бір
сөзбен атайтын әдеби сөз жоқ. Ал Ақтөбе, тағы басқа облыстарда
мұны үшен, (үшем), төртен дейді. Еркектің көйлегін де, әйелдің
көйлегін де көйлек дейміз. Ал Жетісу тұрғындары әйелдердің
көйлегін көйлек дейді де, еркектің көйлегін жейде деп екеуін екі
атаумен атайды. Сол сияқты зембіл (носилка), арасан (минералды бұлақ)
деген сияқты говорлық атаулар бар. Әдеби тілімізді байытатын
осындай сөздерді орнықтыруға, қалыптастыруға тиістіміз»
Әдетте, әдеби тілдің өзге тармақтарына қарағанда, көркем әдебиет
тілінде жергілікті ерекшеліктерді, сөйлеу тілінің әдеби түрінен
тысқары жатқан элементтерін қолданудың үлкен мүмкіндіктері бар.
Мұндайда бейәдеби элементтер (әдеби тіл нормасы ретінде
танылмаған шет тілдік сөздер, диалектизмдер, ауызекі тілге тән,
қарабайыр сөздер) екі түрлі қызмет атқарады. Біріншіден, олар ең
алдымен коммуникациялық қызмет атқарады (ойды хабарлау, сөзімді
білдіру т. б.). Екіншіден, эстетикалық қызметте жұмсалады. Белгілі
қаламгерлеріміз әдеби тілден тысқарылау жатқан бейәдеби
элементтерді кейіпкер тілін даралау, тілдік мінездеме беру,
персонаждардың білім дәрежесін, ой-өрісін, мәдени деңгейін
көрсету, ауызекі тілге тән сипат беру мақсатымен эстетикалық жүк


арта қолданады. Бейәдеби элементтерді ретсіз, жөн-жосықсыз
қолдану тіл көркемдігіне нұқсан келтіреді. Өйткені бойлай, бәткерде
қылу, шекейін дегендердің әдеби тілдегі баламасын толық бере
алатын, жалпыға ортақ эквиваленттері бар (үнемі, әшкереледі, дейін,
шейін). Мұндай сөздер эстетикалық қызмет атқарып тұрса, онда
әңгіме басқа 
16
.
Бейәдеби сөздердің көбіне диалогта қолданылуы да жайдан-жай
емес. Шебер құрылған диалогтан оқушы түсінер нәрсе аз болмайды.
Кейіпкер кім, ескінің көзі ме, жаңаның өзі ме? Білімі мен білігі
қандай? Автор кейіпкердің аузына түзу сөз салып отыр ма? Әлде
әдейі бейәдеби сөздермен бұра тарта сөйлетіп отыр ма? Қысқасы,
қалауын тауып қолданса, кейіпкер тілінде кездесетін бейәдеби сөздер
шығармаға әр береді.
Ешбір оқушы ондай шығарманың тілін сөз шұбарлау деп
түсінбейді. Кейіпкер тілінің сипаты да әр түрлі. Олар бірде қысқа
қайырым, диалогқа құрылса, бірде кейіпкердің ой тербеп, сыр
қозғайтын, сөзім күйін ақтаратын толғаныстары арқылы да беріледі.
Ондайда жазушы диалектизмге де, сөйлеу тілінің әдеби түрінен
тысқары жатқан өзге де тілдік амал-тәсілдерге жүгінуі мүмкін.
Тәжірибелі қаламнан шыққан шығармаларда бейәдеби сөздер
эстетикалық қызметте жұмсалып, жарасымын тауып жатады. Енді
бір шығармаларда бейәдеби сөздерді қоюлата қолданудан оқушы
жасандылықты, кейіпкер табиғатына үйлесімсіздікті аңғара
бастайды. Журналдарымыздың бірінде жарияланған бір повесте
нәйеті, кермалдасып, шеккі емес, бәткерде қылды, кеспір, үзір т. б. деп
сөйлейтін кейіпкерді ұшыратасыз. Институт бітірген, жас шамасы
қырықтан енді асқан жетпісінші жылдардың білімдар жігітінің
аузына автор осындай сөз салып, ерекше сөйлеткен сайын,
шығарманың шынайылығына оқушы күдік келтіре бастайды. Ой
тұтастығы бұзылып, сөзім селкеуленеді. Сырт қарағанда, бейәдеби
элементтерді қолданудың шарты бұзылмаған да сияқты. Бірақ
оларды қисапсыз көп қолдану, орынсыз жұмсау оқушының
эстетикалық талғамын мұқалтады. Ондай халдегі оқушыға сөз
өнерінің де әсері айтарлықтай болмайтыны белгілі.
Сөйлеуде немесе жазуда болсын әр сөз айтылар ойға, мазмұнға
қатысты болып, мағыналық жүк арқалап тұруға тиіс. Бірақ кейбір
адамдардың сөйлеу дағдысында сөз тазалығына нұқсан келтіретін,
сөзді әсерлілігінен айыратын «қызметсіз» қыстырынды сөздер жиі
кездеседі. Сөз арасында қызметсіз қыстырылып жүретін жаңағы,
кетіп, әлгі, мәселен, ал енді, сонымен тәрізділерге аузы үйір адам
16 Ғ . Қ а л и е в , Ш . С а р ы б а е в . Қазақ диалектологиясы. «Мектеп» баспасы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет