«Ақ жол» газеті және Ташкент кезеңі
Орынборда бір жылдан астам тұрған Жүсіпбек
үйелменімен (әйелі Евгения Сермұхамедова, ұлдары
Бектұр, Жанақ) Ташкентке 1924 жылдың сентябрь айының
соңында көшіп келеді.
Әсілі, Ташкент – бір кезде Алаш Орда қозғалысына
ара-ласқан қазақ зиялыларының Орынборда, Орал-
да, Қостанайда, Қызылжарда, Семейде большевиктер-
ден шетқақпайды көп көріп, түстікке ауғанда паналатқан,
түрк миллеті Түркстан республикасы (1920 – 1925) болып
тұрғанында құшағын ашқан, алты алаштың ежелгі, ыры-
сты, берекелі кенті еді.
Хош, архив құжаттарына сүйенсек, сол жылдың
11-октябрінде шыққан, Ташкенттегі Қазақ институтының
директоры С.Айзуновтың қолы қойылған №49 бұйрықта
Жүсіпбек Аймауытұлының 1-октябрьден бастап қызметке
кіріскені көрсетіледі. Онда былай деп жазылған: «Оқу
халық комиссариатының жеделхатымен Павлодар
уезінен, Баянауылдан шақыртылған Юсупбек Аймауы-
тов 1-октябрьден бастап Қазақ институтында ана тілінің
оқытушысы болып тағайындалады. Институт директоры
С.Айзунов (қолы қойылған)» /260/. Бұл жоғары оқу орнын-
127
да ол Х.Досмұхамедов, Б.Сүлеев, А.Байтасов сияқты қазақ
зиялыларымен бірге қызмет істейді /261/.
Жүсекең қызмет атқарған, дәріс оқыған Ташкенттегі
Қазақ институты туралы қысқаша айта кетсек, артық
болмас. Бұл оқу ордасы 1917 жылы құрылған Қазақ
педагогикалық училищесінің негізінде 1920 жылдың
1-октябрінде ашылған /262/. Кәрім Жәленұлының жазу-
ынша, институт 4 жыл мерзім ішінде мектепке дейінгі
мекемелердің және мектептің мұғалімдерін даярлап
шығаратын болған, төменгі, орта және жоғарғы деп ата-
латын үш топтан тұратын даярлық курстары ашылған,
алғашқы түлектері 1923-1924 оқу жылында шыққан екен
/263/.
Ташкенттің орталығында, Шәулі арығының жағасында
орналасқан, XIX ғасырдың 80-жылдарында салынған
бұрынғы ерлер гимназиясына келіп орныққан Қазақ
институтының ғимараты екі қабатты, ескі үй ғана еді /264/.
Баяғы ерлер гимназиясының Шәулінің бойынан орын теп-
кен бұдан басқа тағы екі шағын ғимараты болған: көше
жаққа қараған үлкенірегі «Ақ жол» газеті редакциясы-
на және оның қызметкерлеріне пәтерге, ал кішірегі қазақ
студенттеріне жатақхана ретінде беріліпті /264.П.2/.
1924 жылдың күзінен жаңағы үлкен ғимараты қазақ
жастарының орталық клубы және «Ақ жол» газеті
қызметкерлерінің пәтері болып, кішісі басқа оқу орны-
на көшеді /264.П.2/. Институт жанында үлгілі мектеп те
ашылған екен /265/.
Архив құжаттарының айғақтауынша алғашқы айлар-
да институт әлеуметтік-экономикалық жағынан үлкен
таршылық көріп, қаржы жоқтығынан киім-кешек, отын-
су, азық-түлік жетпей, ауыр жағдайда жұмыс істепті, тіпті
күйсіз тұрмысқа бой үйрете алмаған, басқа уездерден кел-
ген оқытушылар қызметтен бас тартқан да көрінеді /266/.
128
Іс жүзінде 1920 жылдың 1-ноябрінен ғана жұмыс істей
бастаған екен институт. Дегенмен қазақ мұғалімдерін
даярлаған алғашқы жоғары оқу ордасының бірі болып са-
налатын осынау институттың қызметкерлері оның аяқтан
тез тұрып кетуіне барынша күш салған сықылды.
Мұхаметжан Тынышбаев, Мырзағазы Есполов,
Кәрім Жәленов сабақ берген оқу орнын оқытушылар
мен ұйымдастыру комитетінің 1920 жылы 9-ноябрьдегі
біріккен мәжілісінің №25 хаттамасына сүйенсек, 1921
жылы институт жанынан балалар клубын, ересектерге
және мүкіс балаларға арналған мектептерді, халық ауди-
ториясын, үлгілі ауыл шаруашылық фермасын ашу жо-
спары қабылданыпты және бір жылдық педкурстарға 100
адам алу көзделіпті /267/. Өкінішке қарай, бұл жоспардың
біразы қаржы мәселесіне байланысты орындалмай қалса
керек.
Әйткенмен институттың өзінің интернаты /268/ және
балалар бақшасы болғанын айтқан жөн /269/. Білікті пе-
дагог Жүсіпбек Аймауытұлын жұмысқа алуға бұйрық
шығарған, соған дейін 22 жыл ұстаздық еткен, өзі де
тәжірибелі маман Сегізбай Айзунов 1922 жылдан инсти-
тут директоры болып қызмет етіпті /270/. Жүсіпбек сияқты
мұғалімдер семинариясын бітірген, Шымкенттегі қазақ
педтехникумын ұйымдастырған, оның алғашқы басшысы
болған, төңкеріс тұсында педкурстарды ашуға мұрындық
болған, атақ-абыройы бар, жасы қырықтың жетеуіне кел-
ген С.Айзуновтың беделі Ташкентте де жаман болмаған
сияқты, оған 1924 жылдың 2-июлінде берілген Қазақ ин-
ституты комиссиясының мінездемесі дәлел бола алады
/270/.
Кейінгі замандарда қазақ тілі мен әдебиетінің маманда-
рын даярлайтын оқу орнына айналған бұл институт Таш-
кент қаласы Өзбекстанға кеткенде, ҚССР оқу комиссариаты
129
алқасының 1925 жылдың 8-октябріндегі қаулысы негізінде
және оқу комиссиариатының сол жылғы 2-декабрьдегі
№1989 бұйрығымен «Қазақтың педагогиалық институты»
деген атқа ие болады /271/.
1921 жылдың басынан Қазақ институтымен қоян-
қолтық Қазақ ғылым комиссиясы жұмыс істей бастайды.
Ұлт этнографиясын, қазақ халық әдебиеті мен тілін зертте-
умен, ғылыми терминологияны жасаумен, қазақ тіліндегі
оқулықтарды жазумен, сондай-ақ тарихи-этнографиялық
материалдарды жинаумен айналысатын бұл ғылым комис-
сиясы алғашқы екі жылда көп қиындық көріпті /272/.
НЭП (жаңа экономикалық саясат) жағдайына орай 1921
жылдың 1-декабрінде штат қысқартуға аяусыз ұшырап,
құрамында үш-ақ адам қалыпты. Біраздан соң екі адам ғана
(Х.Досмұхамедов пен Ә.Дибаев) жұмыс істеген. 1922 жылы
мемлекеттік баспамен тығыз байланысқаннан кейін ғана
Ғылым комиссиясының жұмысы жолға қойылған/273/.
1924 жылдың 1-октябрінен Қазақ институтында оқыту-
шы болып қызметке кіріскен Жүсіпбек Аймауытұлының,
мұрағаттардың көрсетуінше, оқу ордасының кәсіподақ
комитетінен берілген №4327 мүшелік билеті де болып-
ты/274/. Оқытушы екенін растайтын 1925 жылдың 25-май-
ында берілген №1036 куәлік те табылғанын айта кеткен
артық болмас /275/. Онда былай деп жазылған:
«Куәлік. 25.05.1925ж. Мұның иесі Аймауытов
Жүсіпбектің Қазақ ағарту институтының оқытушысы
екеніне куәлік етіледі».
Ал реттік нөмірі бойынша бұдан кейінгі №1037 куәлік
қаламгердің үлкен ұлы Бектұрдың құжаттар негізінде тоғыз
жаста екенін, институттың жанындағы үлгілі мектептің
1-тобында оқитынын растау үшін беріліпті /275.138-п/.
Институтта дәріс оқи жүріп, Жүсіпбек Аймауытұлы
«Ақ жол» газетінде де қызмет етеді. «Мен әдебиет бөлімін
130
басқардым және «Ақ жолдың» қосымшасы – «Сәуле» жур-
налына толық редакторлық еттім» деп өз қолымен жазған
кейін (21.05.1929ж.) ОГПУ тергеушісіне берген жауабында
/193/.
Қаламгер сонымен бірге Ташкент қаласында «Шолпан»,
«Сана» журналдарын шығаруға да қолұшын берген/386/.
Қаламгер істеген «Ақ жол» газеті 1920 жылдың
1-декабрінде шықпақ болғанымен /387/, алғашқы саны бір
жетідей күткізіп барып 7-декабрьде дүниеге келеді. Оның
алғашқы редакторы С.Қожанов болғаны белгілі /388.Б.24/.
Сонымен қатар алты алашқа аты шыққан көсемсөз
иесі Міржақып Дулатовтың да осы басылымның қаз
тұрып кетуіне зор үлес қосқанын атап айту керек.
Алғашқы жылдары «Ақ жол» газетінің бас жазушысы –
Міржақып Дулат баласы» болғанын /276/ «Қазақ тілі»
газеті айғақтайды. Расында да, Жақаңның еңбегі бұл
газетке де көп сіңген. 1924 жылы баспасөз күнінде «Ақ
жолдың» оның фотосуретін басып, «Қазақ мәтбұғатына
ұлы еңбек сіңірген Міржақып Дулатұлы» /277/ деп баға
беруі көп жайды аңғартса керек.
Архив құжаттары да Міржақыптың «Ақ жолдағы»
қызметін толық көрсетуге көмектеседі. Мәселен, 1921
жылдың 3-февралінде ол ТурЦИК-тің Қазақ бөлімінде «Ақ
жол» туралы баяндама жасап, газет редакциясының ескі
ғимаратының төбесі құлап қалғанын айтып, жаңа ғимарат
беруін сұраған екен және соған орай арнаулы қаулы да
қабылданыпты /278/.
Түркстан Орталық атқару комитетінің төрағасы Айтақов
«Ақ жол» газеті отаршылықтың барлық көріністерімен
күресіп, қарсы шығып және сонымен бірге түземдік
шовинизмді әшкерелеп, қазақ кедейінің тіршілігі мен мұң-
мұқтажын жазып келді» /279/ деп баға беріпті басылымның
үш жасқа толған құрметіне жіберген құттықтау сөзінде.
131
«Шындығында да «Ақ жол» - жиырмасыншы жылдардағы
Түркстан аймағының тынысын толық танытатын бірден-
бір басылым» /388.Б.27/.
Түркстанда Орталық атқару комитетінің «Тур-
кестанская правда», «Туркестан» және «Ақ жол» деп ата-
латын басты үш газет бар екені, барлық ресми өкім,
бұйрық, хабарландырулар осы үшеуінде міндетті түрде
басылуы керегі ТурЦИК-тің 1924 жылғы 13-сентябрьдегі
қаулысында атап көрсетілген /280/.
Әйткенмен сол кезде ұлттық мәселелерді көп көтерген
басылым ретінде ерекше көрінген, қазақ баспасөзінде
өзгеше орны бар «Ақ жол» газетінің әу баста жарыққа
шығуы да оңай болмаған. Оған мысал ретінде 1922
жылдың январында редакция қызметкерлерінің ТурЦИК-
ке жолдаған хатынан үзінді келтірейік: «...Толықтай
өзімізді-өзіміз қаржыландыруға біз жаздырып алатын
оқырманымыз 10 мыңға жеткенде ғана қол жеткіземіз.
Қазір 3.500 ғана оқырман бар. Сондықтан әзірге редакция
барлық шығынның 2/3-сін ТурЦИК-тен күтеді. Айтпақтай,
ТурЦИК тұрақты қызметкерлерге жалақы беруден бас
тартты. Олардың бәрі бар-жоғы 500.000 сом жалақы ала-
ды. Бұл – шынтуайтында жалақы емес, мазақы нәрсе... Ре-
дакция қызметкерлері толық не жалақы, не киім-кешек, не
азық-түлікке қажет ақша алмағандықтан өздерін тұрақты
қызметкер емеспіз деп санайтындары дұрыс қой, енді га-
зет біртіндеп өзінің шығуын тоқтатуға еріксіз бет алды»
деп жазылған онда. Соңында басылым үшін толық несие
беруін сұрапты /281/.
Міне, осы жазылған және өзге де архивтік құжаттарға
қарап отырып, М.Дулатов, С.Қожанов, И.Тоқтыбаев,
Қ.Құлетұлы сияқты журналистермен бірге «Ақ жол» ре-
дакциясында жиі бас қосып отырған Жүсіпбектің тұрмыс
жағдайы сол жылдары жақсы болды-ау деп кесіп айту қиын.
132
Түркстандағы түрк миллетінің жаңғыз ресми газетінің жа-
былып қалмауын ойлап, кейде жалақысыз жұмыс істеген
қазақ журналистерінің жанкешті еңбегі алаш баспасөзі та-
рихында өз бағасын алуы керек.
Аймауытұлы Ташкентке келісімен-ақ «Ақ жол»
газетінде «Жарасымды сүгіреттер» фельетонын бастыра-
ды. Өндірте жазып, жыл соңына шейін «Радио хабарла-
ры», «Көшпелі Көжебай» фельетондарын, «Аю мұртынан
күлді» аудармасын, «Тінікейді не ойландырды», «Қойшы
Тастамақ» көркем очерктерін, «Қазақта «жезөкше» бар
ма?», «Ташкенде сауық кеші», «Үлгілі мектеп», «Пара алу
тоқтала ма?», «Қазаққа пайдалы жас талап» мақалаларын
жариялайды
«Пара алу тоқтала ма?» атты проблемалық мақаласында
ол ел ішінде болып жатқан кейбір келеңсіз қылықтарға
тағы да үңіледі. Көсемсөзші уездік қызметкерлердің
кейбірінде пара алатын әдет қалмай келе жатқанын ай-
тып дабыл қағады. «...Уезге, елге жақындай бастасаңыз,
параның исі аңқып қоя береді» дейді. Сол кездегі совет
қызметкерлерінің бет-бейнесін Жүсіпбектей толық, жан-
жақты суреттеп берген қаламгер, әй, жоқ шығар. Оның
әңгіме, фельетондарында, кейінгі романдарында советтің
төменгі, ортақол, қаратаяқ басшы қызметкерлерінің образ-
дары өзінің нанымдылығымен ерекшеленеді.
Бұл мақаласында да автор олардың неше түрлі мінездерін,
қылықтарын айта келіп, әсіресе пара алғыштығын жасыр-
май жазады: «Уездік қызметкерлердің көбі – жергілікті
елдің адамдары. Өз еліне, құда-тамырына, жақынына тарт-
пайтын, ру намысынан арылған қызметкерді кем көресің.
Іс басындағы азамат қай елдікі болса, сол ел – уез ішіндегі
«құдайдың сүйікті құлы». Қызметке кісі керек болса, ол іс
басындағы азамат әуелі өз жақынын, өз тұқымын кіргізеді».
Көсемсөзші мұнымен бірге сырын жасырмайтын кейбір
133
ел қазағының уездік бір қызметкерге саудаласып пара
бергенін көзімен көргенін де жазады. Бермесе, жұмысқа ор-
наласа алмайтынын айтады.
Парақорлық сияқты ішмерез әдетке, жаман
қасиетке орай қаламгер көп мысал келтірген. Милиция
қызметкерлері, сайлауға шыққан белсенділер, «төңкеріс
қаскүнемдерін» іздеуге шыққан агенттер, ақша ин-
спекторлары және т.с.с. «сен тұр, мен атайын» дейтін
«өкімет адамдарының» парақорлығын, қулық-сұмдығын
әшкерелей отырып, қалың елдің олардан қорқатынын,
сондықтан пара бермеуге әдісі жоқ екенін жазады.
Оған мынандай себеп келтіреді: «Инспектор алмайды,
қасындағы пәленшенің баласы алған болады». Ол өзі алып
жүрмейді. «Пәлен ауылда пәленшеге ертеңнен қалмай
жеткізіп бересің, әйтпесе, малың көтеріледі» дейді... Та-
лай сондай сараңдық қылғандарды көрсетіп, бір қойды
қимаймын деп 10-15 қарасы қазынаға түскендер болған.
Оны көріп отырған қазақ қалай пара бермейді». Мақаланы
оқи отырып, «төңкеріс қызметкерлерінің» мінез-құлқын,
іс-әрекетін біршама тануға болады. Соңында автор
парақорлық сияқты жаппай белең алған әдетті жоюға,
оған айла-амал табуға шақырады.
«Қазаққа пайдалы жас талап» деген мақаласын
Жүсіпбек Ташкентте үш автор болып, Қ.Кемеңгеровпен,
А.Байтасовпен бірігіп жазған. Осы арада айта кетсем, артық
болмас, арада алты-жеті жыл өткен соң, 1929 жылдың
көктемінде ОГПУ тұтқындап, Мәскеудің Бутыркасында
тергеуге түскенде қайран Жүсекең Ташкент кезеңіне орай
сұрақтар қойылғанда алаштың аяулы ұлдарының көбін та-
нымаймын, араласпаймын деп бойын аулақ ұстап отырған
(«білмеймін» деген бір-ақ сөз дегендей, олар жайын-
да ешқандай айғақ бергісі келмегені түсінікті). Сол, Таш-
кент жылдарын сұрағанда тергеушіге «таныстарымнан тек
134
семейлік Даниял Ысқақұлы ғана болды» деп жауап бер-
ген өзі /193/. Әйткенмен дауыл алдындағы тыныштық бо-
лып тұрған сол бір жылдарда советтің диктатурасының
күн санап қатайып келе жатқанын сезіп отырған ұлт
зиялыларының Ташкент кезеңінде (1920-1925 жылдар) бір-
бірімен сыйласып, араласып тұрғаны айдан анық.
1925 жылдың январь айында қысқы каникул кезінде
қаламгер Орынборға Қазақ институтының жұмысымен
іссапармен жол жүріп келіпті /282/. Орынборда ол Мәскеуде
жүрген Мағжанның жазып жіберген, атақты «Алқа»
әдеби бағдарламасын Ж.Сәрсембиннен алып танысады,
Е.Алдоңғаровтың үйінде болып, осы тақырыпта пікірлер
алысады /193/.
Январь айында қаламгердің «Ақ жол» газетінде «Жаңа
өмірге аяқ басты» очеркі, «Күлкі журналы шығарылады»
деген мақаласы жарық көреді. Мақаласында автор «Ақ
жол» басқармасы газетке қосымша қылып айында екі рет
күлкі журналын шығармақ болып отыр. Журнал газет-
ке қосымша ретінде газет оқушыларға тегін таратылмақ»
/283/ деп хабарлайды. Бұл шығарылмақ болған журнал –
«Шаншар» еді.
Алайда Аймауытұлының өмірінде күтпеген тағы бір
оқиға болады. Қаламгердің жоғарыдағы мақалаларының
шыққанына екі күн өтпей жатып «Ақ жолдың» келесі са-
нында «Ел қыздары» деген бүркеншік атпен белгісіз біреу
«Жүсіпбектен үлгі алыңдар!» деген тақырыппен, мысқыл
мен қаралаудан тұратын, өсек пен өтірікке суарылған
дүниені жариялайды. Газеттің соңғы бетінде «Жастар
тіршілігі» айдарымен жарық көрген бұл мақала (мақала
деп айтуға келсе) Аймауытұлының әлеумет алдында жеке
басын барынша төмендетуге, тұқыртуға арналған еді.
Иса Тоқтыбайұлы редактор болып тұрған кезде шыққан
осынау дүниенің авторы Жүсіпбектің тек өмірінен ғана
135
өсек-аяң теріп қоймай, оның қоғамдағы және әдебиеттегі
орнын іске алғысыз етуге барынша тырысқан. Бірер
сөйлемін мысалға келтірсек, әлгі «шығарманың» қандай
ыңғайда жазылғаны бірден аңғарылады. Мәселен,
«Әдебиет жүзіндегі өміріне келсек», – деп жазады «Ел
қыздары», – «әлгі саяси жолымен байлаулы, қаңбақ
секілді: көшерін жел біледі, қонарын сай біледі. Жел
оңынан соқса, байлаудың шашбауын көтеріп, «арғы атам
– ер түрк, біз қазақ елімізді» көксейді, жел соңынан тұрса,
«жарылқаймыз жарлы қалғандыны» жазып, кедейдің ал-
дына түседі. Сөзі жоғарғы айтылғандай тым тәтті» /284/.
Міне, әлдебір күншіл замандастары осындай өктем райда
Жүсіпбектің жеке басындағы, отбасындағы өзі ғана шеш-
пек мәселелерді ақтарып, сол кезде қазақ арасына 4 300
данамен тарайтын «Ақ жол» газетінің бетіне шығарып
жіберген.
Бұл, әлбетте, шын мәнінде ағартушы-ұстаз, елге таны-
мал әдебиетші, жазушы Жүсіпбекке оңай тимеген. «Сөзде
қаңқу жаман» деп, ол Қазақ институтынан 1-февральдан
бастап өз еркімен кетуге мәжбүр болған екен. Оны архив
құжаттары көрсетіп отыр.
Әуелі 1925 жылдың 10-февралінде институт директоры
атынан ТурЦИК-тегі Қазақ өкілдігіне жазылған қатынас
қағаздан үзінді келтірейік. «Қазақ өкілдігінің қарауына Ай-
мауытов жолдастың өтінішінің көшірмесі ұсынылып отыр.
«Ақ жол» газетінде «Ел қызы» деп қол қойылып басылған
мақалада Аймауытовтың өзінің әйеліне деген қарым-
қатынасына байланысты осы мәселе туындаған. Бұдан соң
Қазақ институты студенттері ортасында Аймауытовтың
абырой-беделіне нұқсан келетін, теріс сыпаттағы атмос-
фера қалыптасқан» /285/. Осыдан-ақ тасқа басылып кет-
кен қаңқу сөздің қазақтың үлкен қаламгеріне ауыр тигенін
аңдауға болады.
136
«Ақ жол» газетінде шыққан жоғарыдағы мақалаға бай-
ланысты Жүсіпбекті білім ордасынан қызметтен кетіруге
мүдделі болған кейбір адамдардың болғаны сезіледі. Мы-
салы, 14-февральда ТурЦИК-тегі Қазақ ССР-і уәкілетті
өкілдігінің жауапты хатшысы Омаровтың Қазақ институты-
на Ж.Аймауытұлының қызметтен кетуіне қарсы еместігін
білдірген, №168 болып тіркелген жауабы жазылыпты /286/.
16-февральда институт директоры С.Айзуновтың қолы
қойылған №69 бұйрықпен 1-февральдан бастап жұмыстан
босатылған /287/. Оның мәтіні төмендегідей:
«Осы жылғы Қазақ өкілдігінің 14-февральдағы
№168 қатынас қағазы мен өзінің өтініші бойынша жол-
дас Аймауытов биылғы 1-февральдан бастап ана тілінің
оқытушысы міндетін атқарудан босатылады. Негіз:
жолдас Аймауытовтың өтініші және өкілдіктің №168
және институттың №195 қатынас қағаздары. Директор
С.Айзунов (қолы қойылған) /287/.
Бір айдан астам қызметсіз, жұмыссыз жүрген
Жүсіпбектің мәселесі осы уақыт ішінде оның сыртынан
жоғарғы қызметтегі, іштей жанашыр азаматтар арасында
да қаралған сықылды. Тағы мұрағатқа жүгініп, ҚазССР-нің
Орта Азиядағы уәкілеттті өкілі Санжар Асфендияровтың
Қазақ институты директорына 4-март күні жолдаған ха-
тын келтірейік. Онда «ҚССР-дің Орта Азиядағы уәкілетті
өкілдігі Аймауытов жолдасты қызметке қайта алуды
ұсынады. Нәтижесін хабарлаңыздар» деп жазылған /288/.
Нәтижесі көп күттірмейді. 10-мартта институт директо-
ры атынан жазушының жеке өзіне №322 болып тіркелген
хат жазылады. Оны оқушы назарына толық ұсынайық:
«Қазақ институтындағы ана тілінің бұрынғы оқы-
тушысы Жүсіпбек Аймауытовқа, – деп жазылған онда.
– Сіз өзіңіздің өтінішіңіз бойынша биылғы 1-февраль-
дан бастап Қазақ институты президиумымен оқытушы
137
қызметінен босатылсаңыз да, алайда, соған қарамай,
ҚССР өлкелік комитетінің жауапты хатшысы Қожанов
жолдастың жеделхаты негізінде және оның орындалуы
үшін және ҚССР-дің Орта Азиядағы уәкілетті өкілдігінің
осы айдың 4-індегі №375 ұйғарымы негізінде Сіз, жолдас,
маған сеніп тапсырылған Қазақ институтына жоғарғы
негізді сыныптардағы ана тілінің оқытушысы ретінде
бұрынғы өз қызметіңізге қайта шақырылып отырсыз. Сол
себепті Сізді институт штатына қайта тіркей отырып,
бұрынғы және қазіргі кесте бойынша Сізден осы март
айының 10-ынан бастап сабаққа келуіңізды сұраймын.
Қазақ институтының директоры» /289/.
Осы соңғы екі құжаттан сол тұстағы мемлекет
қайраткерлері Сұлтанбек Қожановтың, Санжар Аспан-
дияровтың Жүсіпбектей дарын иесіне қолғабыс еткені
көрініп-ақ тұр. Осы оқиғалардан кейін-ақ «Ақ жолдың»
530-шы санындағы, оны қаралаған «мақаланың» түбі шикі
екенін түсіну – қиын дүние емес.
Домалақ арыз секілді ұйымдастырылған осы бір
«мақала» оның институт ұжымы ішіндегі абыройы-
на аса бір нұқсан келтіре қоймаған. Мәселен, қайта
жұмысқа алынғаннан кейін, институттың 26-март-
та өткен педагогикалық мөжілісінде оны соңғы сы-
нып студенттерін ғылыми, педагогикалық экскурсияға
шығаратын комиссия құрамына бірауыздан сайлаған
/290/, бұның өзі Жүсіпбектің үлгілі, беделді педагог
болғанын аңғартса керек. Сондай-ақ оның әріптесі, жол-
дасы Абдолла Байтасовпен бірге Ташкенттегі «Никольск
еңбек мектебі» деп аталатын мектепке институт атынан
оқу ісінің құрылымымен танысу үшін іссапарға барғанын
да айта кеткен артық болмас /291/.
1924 жылдың күз айларында Ташкентте алты саны
шыққан «Сәуле» журналы Әлихан Бөкейханов мен Мағжан
ақын бастаған ұлт әдебиетшілерінің шығармаларын басып
138
отырған. Оның бас редакторы Жүсіпбектің өзінің «Елеусіз
ерлер»/292/, Ги де Мопассаннан тәржімалаған «Су жүзінде»
/293/ атты әңгімелері жарық көріпті.
2000 данамен тараған «Сәуле» журналы Ташкенттегі
«Советский Восток» баспаханасында басылып, «қазақ
тілінде айына бір рет шығатын білім әдебиет құрасыны» деп
жарық көріп тұрған. Жүсекең шығарған «Сәуле» журналы
– ХХ ғасырдың 20-жылдары идеологиядан тыс, қазақ ру-
ханиятын, қазақ әдебиетін дамытуға арналып шығарылған
«Шолпан», «Сана», «Таң» сықылды әдеби, мәдени басы-
лым болды.
1925 жылы да Аймауытұлы «Ақ жол» газетінің белді
қызметкері ретінде көрінеді. Осы жылдың 14-көкегінде
оған №0618 редакция куәлігі беріліпті /294/.
Бұл кезеңде білікті көсемсөзші қазақтың алғашқы
сатиралық басылымы – «Шаншар» журналын шығарады.
Оны «жарыққа келтіруде Жүсіпбек ащы тер төккен» деп
жазады Т.Қожакеев /295.Б.37/. Шынында да, «Шаншар»
сатиралық журналын шығару жалғыз адамға оңай тимеген.
Бұл журналдың әзірге бір ғана саны белгілі болып тұр.
Басқа сандары Алматы мен Ташкенттегі мұрағаттар мен
кітапханалардың арнаулы қорларынан табыла қоймады.
Соған орай, «Шаншардың» тек осы алғашкы нөмірі ғана
шығып, тоқтап қалған-ау деген жорамалым бар.
«Қазақты ел қыламыз, жұртшылық жасаймыз, кедейдің
сауатын ашып, саңылау жібереміз, өнерлі-ғылымды жұрт
санатына қосамыз, шаруасын берекелендіреміз деп жарғақ
құлағы жастыққа тимей, аяқтай басы шарадай болып жүрген
азаматтарды көзбен шоласыз. «Шаншардың» мақсұты: елді
араламақ, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны сараламақ,
тура жолдан аяғын қия басқанды біздеп жараламақ» деп
жазады редактор Аймауытұлы «Шаншар» кім?» деген бас
мақаласында /296/.
139
Журналда қаламгердің өз атынан немесе бүркеншік
есімімен берілген материалдар жоқ. Десе де, «Басқарма» деп
қол қойылған дүниелердің Жүсіпбек қолынан шыққанын
сөз саптауынан, жазу мәнерінен, стилінен білу қиын емес.
Мысалы, «Басқарма» деп қол қойылған «Шаншардың»
оқуларына қосылыңдар!» деген фельетонның оныкі екені
күмән туғызбайды. «Мінекей, қазақтың тұңғыш «Күлкісі,
– деп жазады редактор, – Тұңғыш» дегенге қазақ бұрын
ұрысқан кісіше езу тартпай жүреді деп ойламаңыздар. Еке-
уара бас қоссақ, қалжыңсыз болмайтынбыз».
Автор жеңіл әзілге сүйей отырып, замана келбетін
мысқылдай суреттейді, астарлы пікір білдіреді: «...Балша-
байлар келген кезде де талай қызықтар болып еді-ау! О кез-
де күлу қайда? «Ақты жақсы көресің бе? Қызылды жақсы
көресің бе?» деп жаналқымға алғанда «Сізді... сізді жақсы
көреміз» деп жанымыз қалушы еді. Кімі екенін қайдан
білейік! Разберске тұсында да нелер малағам болып еді-
ау! Пай-пай-пай, Розенберг дегендер қатындардың асты-
на тығылсаң да, қоймай, сүйреп алып сірестіруші еді?
Шіркіннің ызақоры-ай! Гіржондарды айтсай, 68 қазақты
бірақ жусатты ғой! Шіркіннің долысы-ай! Не керек, та-
лай қызық болып еді!.. Өтер күн өтті... Қымбат та болса,
жұрт бірсыдырғы борбайын жапты... Кедейлеріміз, жал-
шыларымыз сөзге, топқа кіріп, адам қатарына қосылып
келеді. Үйшігіне тығылғын аюдай жуандар да басын
қылтитып отыр. Әйелдер де сайрандап жүр... Бұл ду-
манда күлмейтін не бар? Шапыраш айнадан мырсыңдап
түрімізге бір қарайықшы! Бәрі бірдей жетісіп тұрған жоқ
шығар»/296.Б.І4, 15/.
Бұған дейінгі біршама сатиралық әңгіме, фельетондардың
авторы болған Аймауытұлының бұл шығармасынан да кер
заман, кесірлі қоғам сыпатын түйреп өткен астарлы күлкі,
уытты сарказмды байқауға болады.
140
Мұнымен қатар көсемсөз иесі «Басқармадан жау-
аптар» деген айдармен «Шаншардың» редакциялық
қоржынына келіп түскен хат-хабарларға, шығармалар ав-
торларына жеңіл әзілмен, жылы юмормен жауап беріп от-
ырыпты. Мәселен, «Ж-ұлы» тілшімізге», «Бекмұхаметке»,
«Ілиясқа», «Дөнентайдың Сәбитіне» деп редакция атынан
қысқаша жауаптар жазыпты.
Сондай-ақ «Жасқаншақ» деген бүркеншік атпен белгісіз
автордың «Ақ жолдың» алаңғасарлығы» мақаласы, ав-
торы көрсетілмеген «Біз де штатты қысқартайық», «Не
жазайын?», «Америкеде жаңа сағат» деген шығармалар
жарияланған. Бұлардың кейбіреуінде Жүсіпбектің
қолтаңбасына тән бірқатар сөйлемдердің ұшырасатыны
рас, соған қарағанда журналда басылатын материалдардың
үстінен редактор өзі қарап, редакциялаған болуы керек.
Жалпы, «Шаншар» журналы қазақтың ең алғашқы әзіл-
сықақ басылымы болғандықтан оның бойынан ұсақ-түйек
кемшіліктер де ұшыраспай қалмайды. Ол жайында сол кез-
де Мұхтар Әуезов «Осы сияқты анкетаның да сұрағы мен
жауаптарының көбі – орынды, мезгілді сөздер. Бірақ ара-
сына: «Ағза не нәрсе? – Адамның бір мүшесі», «Көшпелі не
нәрсе? – Қазақ», «Магнит не нәрсе? – Сұлу әйел болса ке-
рек» деген сиякты сұраулары мен жауаптары маңыз, мағына
жағынан өзге сұраулардан төмен сияқты көрінеді»/297/ деп
«Шаншар» журналы» деген мақаласында бірсыпыра пікір
айтқан. Соңында «Қазақтың аз да болса, ілгері қарай басып
келе жатқан өнер-білімінің тұсында «Шаншар» – мезгілімен
шыққан журнал. Қазақ баспасөзіне жаңа қосылған түр,
жаңа өрнектің бұдан да артып, көп жасауына тілеулеспіз»
деп жолдастық ниетін білдіреді.
Бұнымен қатар «Шаншар» – қазақтың алғашқы түрлі-
түсті, иллюстрациялы, суретті басылымдарының бірі.
Юморға негізделген мұндағы түрлі-түсті суреттер, ка-
141
рикатуралар заманына лайықталып, ұлттық нақышта
салынғанын айтқан ләзім.
Міне, «Ақ жол» газетінің қосымшалары – «Сәуле»
әдеби журналына, «Шаншар» сатиралық журналына
редакторлық еткен Жүсіпбек Аймауытұлының Ташкент
кезеңіндегі негізгі журналистік қызметі осындай еді.
Қаламгердің өміріндегі осы бір қоңыржай шақта, яки
1925 жылдың апрель айының 11-і және 16-сы күндері
аралығында Ташкенттегі Қазақ жастарының клубында «Ақ
жол» газеті тілшілерінің І конференциясы өтеді. «Апрельдің
11-інші жаңасы күні, күндізгі сағат 2-де «Ақ жол» газетінің
уақытша шығарушысы жолдас Байғасқаұлы «Ақ жол»
газетінің ауыл тілшілерінің тұңғыш жиылысын ашты» деп
жариялады (Жиылыста елден келген тілшілер, Арқалық,
Сырлық – барлығы 36 кісі, Ташкенттегі оқушылар, ұйым-
қауымдар әм басқарма еңбектерінен 21 кісі, барлығы 57 бас
қосты)» /298.Б.2/ деп жазылған кейін осы конференциядағы
айтылған сөз, жасалған баяндама, қабылданған қарарлар
топтастырылған жеке жинақтың алғашқы беттерінде.
Конференция басталған әуелгі күндердің бірінде –
апрельдің 13-інде «Ақ жол» газеті редакторының атынан
Қазақ институтына ресми хат келіп түседі. Онда былай
делінген: «Ақ жол» редакциясы институт оқытушылары
Аймауытов, Байтасов және Ғалымжанов жолдастарды
көкектің 11-і мен 16-сы күндері ішінде өтетін «Ақ жол»
газеті тілшілерінің конференциясына баяндамашы ретінде
қатысулары үшін босатуларыңызды сұрайды» /299/.
Бірақ Жүсіпбек бұл ұлкен жиында баяндама жасамаған
сықылды, үйткені әлгі аталған жинақтан оның сөйлеген
сөзін ұшырастыра алмадық. «Жиылыстың үстел басы-
на (президиумына – Н.Қ.) 5 кісі: Жүргенұлы, Байғасқаұлы,
Жандосұлы, Жанеліұлы, Баймұратұлы белгіленді» деп
жазылған онда /298.Б.2/.
142
Конференцияның Түркстан республикасында өтуі
себепті оған Қазақстан аймақтық парткомының және
совнаркомының, «Еңбекші қазақ», «Бостандық туы»
газеттерінің құттықтау жеделхаттары келіп түсіпті. Негізгі
баяндамаларды Қ.Кемеңгерұлы («Тілшілердің міндеті
әм мәнісі туралы» және «Ел газеті қандай болу туралы»
деп аталатын екі баяндамасы бар), А.Байтасұлы («Қазақ
баспасөзінің тарихы туралы») жасайды /298.Б.6-13/. Жинақ
ішінде Т.Жүргенұлы мен С.Баймақанұлының баяндама-
лары да бар. Әр баяндама бойынша қарарлар қабылданып
отырған екен.
Сондай-ақ «Орындардан баяндама» деп жер-жердегі
тілшілерге де (Қазалы, Кереку, Әулие-Ата, Шалқар, Таш-
кент, Жаркент уездерінен, Алма-Ата уезіне қараған Шу ау-
данынан) өз алдына баяндама жасатқызыпты /298.Б. 15-20/.
Жиылыстың соңында «алдыңызда сөйленген баянда-
маларды, тоқсан ауыз сөздің түбірін қорытып, бір түйінге
түйсек, қолымызда ұстап, жадымызда сақтайтын» /298.Б.24/
деп «Тілшіліктің он екі парызын» қабылдапты. Олар мына-
лар:
«1.Жұрт қызметіне араласа жүру керек;
2.Қырағы болу керек;
3.Материалды мезгілінде жіберу керек;
4.Басқармамен байланыс мықты болсын;
5.Әр нәрсені жазып ал;
6.Әр мәселені бөлек жаз;
7.Сөзді кестелі қылып, қысқа жаз;
8.Хабар жазудың техникесін үйрен;
9.Дұрыс жазуға үйрен;
10.Газеттің әсерін байқа;
11.Шын газетші бол;
12.Газеттің күзетшісі бол».
Бұл пункттердің әрқайсысына соңында жеке, арнайы
түсініктер берілген.
143
Басты баяндамашылардың пікірі елең еткізерліктей.
Мәселен, Абдолла (жинақта Ғабдолда) Байтасұлының
қазақ баспасөзі тарихы туралы баяндамасынан «...біздің
баспасөздің алдыңғы дәуірдегілеріне көз жіберсек, ертедегі
хан заманының қандай болғанын да аңғартып қала жаз-
дайды» деген өзгеше ойды аңдадық. Петроградта шыққан
«Серке» газетін, кейін Теке қаласында шыққан «Қазақстан»
газетін атай келе, ол «Айқап» журналы аса көп жасамаса
да, екі-үш жыл өмір сүрді. Тілі ноғайша болды. ...«Қазақ»
газеті – ұлт сезімін оятуды мақсат қылды. Қазақ ұранын
көтерді»/298.Б.10,11/ деп баға беріпті.
А.Байтасұлы сондай-ақ өз тұсындағы баспасөзге
де келісті пікір айтқан: «...Журналдар, бұрынғы бір
«Абайдың» орнына шығып тоқтағандарын қоссақ, 11
болды. ...Халыққа басқаларынан артық тараған, істеген
еңбегінің жемісін жегізген, бұқараның қышыған жеріне
өзгеден артық ем басқан – «Ақ жол» газеті. «Ақ жолдың»
жалпы бағытпен бірге тұтынып, бірге орындап келе жатқан
бағыты – отаршылармен күресу...» Мұндай пікірлерді
батыл адам айта алса керек. Осындай көзқарастағы
Жүсіпбектің сөздері жинақта кездеспесе де, оның кон-
ференция жұмысына бүтін ынтасымен, ықыласымен
қатысып жүргенінде күмән жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |