Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ


Тағы да қазақ әдебиеті мен өнері туралы



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата22.12.2016
өлшемі3,94 Mb.
#201
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Тағы да қазақ әдебиеті мен өнері туралы
Сонымен,  1925  жылы  Аймауытұлының  қаламынан 
шыққан көсемсөз шығармаларының мол екенін байқадық. 
Негізі,  көсемсөзшінің  1924  пен  1927  жылдар  аралығында 
қазақ баспасөзінде жиі көрініп, өзінің шығармашылығының 
шарықтау  кезеңінде  болды  десем,  артық  айтқандық 
емес.  Жоғарыда  аталған  мақалаларды  есептемегенде, 
«Отырықшылықтың  пайда,  зияны»,  «Коммунизм  кезінде 
өнердің маңызы», «Жоққа ескерту», «Бұл әдеттен арылу ке-

144
рек», «Сабақ берген қозғалыс» атты мақалалары, «Әдебиет 
мәселесі», «Көркем әдебиетті саралау», «Кітап сыны», «Ау-
дарма туралы» деген әдеби-сын мақалалары мен рецензия-
лары да баспасөз бетінде жарық көрген.
Жүсіпбек  Аймауытұлы  ең  әуелі  кәсіби,  білікті  педа-
гог болғандықтан оқу-тәрбие, мектеп ісі жөнінде өте көп 
мақала  жазған.  Олардың  қатарында  «Тәрбие»  /103.Б.131-
138/, «Ана тілін қалай оқыту керек» /300/, «Қара тану мен 
денсаулық»  /103.Б.201-202/,  «Хат  таныту  әдістері»  /301/, 
«Мектеп  қандай  болу  керек»  /103.Б.237-240/,  «Комплекс 
жүйесімен  сабақ  беру  тәжірибеміз»  /302/,  «Хат  таныту 
әдістері»/303/, «Қазақша хат таныту әдістері» /304/, «Әйелді 
мектепке  алыңдар!»/305/,  «Үлгілі  мектеп»/306/,  «Орын-
борда халық ағарту істері» /307/, «Жаңа әліпті тез үйрету 
жолы»  /308/,  «Оқытушылар  мен  кәсіпшілер  қозғалысы» 
/309/,  «Жаңа  әліпби  қозғалысы»  /310/,  т.с.с.  мақалаларды 
атауға болады. Осынау мақалалар – қазақтың білім беру 
саласының,  оқу-ағарту  ісінің  тарихына  қажетті,  құнды 
материалдар бола алатын дүниелер. 
ХХ  ғасырдың  20-жылдарында  әсіресе  әдебиет  пен 
баспасөзде  партияның  «жетекшілік  рөлі»  мен  «таптық 
көзқарас»  бағыты  күш  ала  бастады.  Советтік  режим-
ге  жағынуға  көшкен  кейбір  қаламгерлер  қазақ  әдебиеті 
үшін тап тұрғысынан жазу бірден-бір дұрыс жол екендігін 
баспасөз  бетінде  дәлелдеуге  тырысып,  алаш  мұратын 
темірқазық етіп алған әдеби бағыттың «керітартпа», «зиян» 
екендігін әшкерелеумен болады. Олар сол кезде Мәскеуде 
орыс  әдебиетшілерінің  арасында  болып  жатқан  тап 
жөніндегі деректі айтыс-тартыстарын алға тартып, мұның 
қазақ әдебиетіне де керек теория екенін айтып, «жаңаша» 
пікірлер білдіре бастады.
Осы уақытта қазақ топырағында алаш әдебиетінің арыс-
тары өз үлесін қосқан, қазақ әдебиеті мен сынының тари-

145
хында  ғана  емес,  қазақ  баспасөзінің  тарихында  да  орын 
алатын «Алқа» атты бағдарлама дүниеге келді.
Мағжан  Жұмабайұлы  жазып,  қазақ  әдебиетшілерінің 
көпшілігі  қостаған  «Алқа»  әдебиет  ұйымы  –  «XX  ғасыр 
басындағы ұлтшыл қазақ қаламгерлерінің басын біріктіру 
бағытын  ұстанған,  халықтың  дәстүрлі  салт-санасына 
сүйенген, қадым заманнан жеткен әдебиеттегі терең елдік 
сарынды  жоғалтпас  ниетімен  құрылмақшы  болған,  таза 
шығармашылық ұйым еді. ...«Алқаны» құру идеясы және 
оның бағдарламасын әзірлеу уақыт жағынан ҚазАПП-тан 
соң емес, одан ерте қолға алынды деп сенімді түрде айта 
аламыз» /383.Б.56/. 
«Алқа» бағдарламасы қалың қауымға кеңінен таралма-
са да, ұлт азаттығын пір тұтқан ақын-жазушыларға түгел 
жетті. Бағдарлама мәселесі ресми сыналғанымен оны жа-
сарушылар  бірден  қудаланбаған.  «Алқа»  идеясы  ауыздан 
ауызға таралып, зиялылар ойласқан ұйым жасақтала алма-
са да, пролетариат әдебиетімен қатар өмір сүріп жатты. Бұл 
жөнінде зерттеуші Д.Қамзабекұлының ҰҚК архивінен алып 
келтірген  дерегі  елең  еткізерліктей:  «...Оны  («Алқаны») 
1928  жылға  дейін  қолтығынан  демеп,  қаржыландырған 
үкімет басындағы бірден-бір азамат – Смағұл Сәдуақасұлы 
еді. Бұл ойымызды Мұхтар Әуезұлының 1927 жылы 22-но-
ябрьде  Ленинградтан  Қызылордаға  Смағұл  Сәдуақасұлы 
атына жолдаған хатынан алынған төмендегі үзінділер рас-
таса  керек:  «Смағұл!  ...Жақында  сен  салған  ақша  маған 
үлкен көмек болды. Жүсіпбекпен де әдебиет туралы хат жа-
зысып тұрады екенсің ғой. Әдебиет мәселесі – аса жауап-
ты нәрсе. Әдебиет оқушыны қалыптастырады. Осы туралы 
өз ойыңды, Жүсіпбектің, тағы басқалардың пікірін білгім 
келеді» /389.Б.59/.
Осы  жылдардағы  әдебиеттің  ауыр  жағдайына  алғаш-
қылардың  бірі  болып  Жүсіпбек  Аймауытұлы  зер  сала 

146
үңіліп,  баспасөз  бетінде  екі  әдеби-сын  мақаласын  жари-
ялайды.  1925  жылдың  17-апрелінде  «Ақ  жол»  газетінде 
жарық  көрген  «Көркем  әдебиетті  саралау»  деген  сын 
мақаласында Жүсекең әдебиеттің шын бағасын беріп, әділ 
пікірін айтады: «Төңкерістен кейін қазақ өлеңшілері, жазу-
шылары көркем сөздің не екендігін білмегендіктен, әйтпесе 
өнері жетпегендіктен не болса, соны баспаға түсіріп, көркем 
әдебиеттің  құнын  түсіріп  барады.  Төңкерістің  алғашқы 
екпінінде айғай сөз, үгіт жарастықты еді. Сән болып еді. 
Төңкеріс сабасына түскен заманда алғашқы айғаймен жүре 
беру – келіспейтін, кінәрәтті нәрсе. Дәмсіз, кенеусіз сөзбен, 
қандай әдебиет болса да, туғыза алмаймыз».
Дегенмен  Жүсіпбек  секілді  қаламгерлердің  жан 
айғайына,  орынды  уәжіне  «жаңашылдар»  құлақ  аса 
қоймаған.  Олар  ақыр  соңында  «тап»  деген  бір  ғана 
ұғымның  қазығына  байланып,  әдебиет  мәселесін  айнал-
дыра  соған  әкеліп  тірейтін  болды.  1925  жылдың  басын-
да  ұлт  зиялыларының  (Ә.Бөкейхан,  А.Байтұрсынұлы, 
М.Дулатұлы, 
М.Жұмабайұлы, 
Ж.Аймауытұлы, 
С.Сәдуақасұлы,  Х.Досмұхамедұлы  және  т.б.)  әдебиеттегі 
тоқыраудың  алдын  алу  жолындағы  үлкен  талпынысы 
совет  өкіметі  тарапынан  тоқтатылды.  Өкімет  те,  оның 
бағытқа  алған  тап  саясаты  да  ҚазАПП-ны  (Қазақ  проле-
тар жазушыларының ассоциациясы) жарылқаумен болған. 
Ұлы Абайдың шығармалары «идеологиялық тұрғыда» жа-
рамсыз деп  танылды. Баспа жүзін көрген туындылардың 
көркемдік  деңгейі,  әсерлік  танымы  бағаланбай,  тап 
көзқарасында  жазылғандығы  немесе  жазылмағандығы, 
маркстік  іліммен  сабақтастығы  бірден-бір  өлшем  болды. 
Әйтсе  де,  жазушыларымыздың  барлығы  бұл  ажырғыға 
мойынұсына  салған  жоқ.  Кейбір  әдебиетшілер  көркем 
өнер мен көсемсөзді танудағы мұндай ақылға сыйымсыз, 
қисынсыз  талдауды  ашық  сынады.  Әсіресе  алғашқы  бо-

147
лып үн қатқан Жүсіпбек Аймауытұлының бұл тараптағы 
мақалалары атап айтарлықтай. Оның «Әдебиет мәселесі», 
«Көркем  әдебиетті  саралау»  атты  сын  мақалалары  бұрын 
жазылмай  келе  жатқан  тақырыпқа  бой  ұрып,  салмақты 
пікірлер айтады.
Осы  ретте  біраз  жайттың  басын  ашып  алу  керек  бо-
лады.  «Тап  әдебиеті»  деген  идеологиялық  бағыт-бағдар 
совет  өкіметі  орнағаннан  бергі  негізгі  ұстын  болып 
қалыптасып  келе  жатқан  еді.  «Тап»  ұғымынан  бөлек  сөз 
қозғау,  большевиктік  «тап  күресі»  шартынан  сырт  ой 
бөлісу  сол  тұстағы  баспасөз  бетінде  мүмкін  емес  жағдай 
еді.  Ұлт  зиялыларының  советтік  бағытта  қызмет  етуге 
мәжбүр болғандары да рас. Сол себепті совет әдебиеті жо-
лын  ұстануға  лажсыз  көнгенімен  тапшылдар  тарапынан 
«жолбикелер» атанған олар әдебиеттегі «тап қайшылығы», 
Аймауытұлы  жазғандай,  «қара  шаруа  (мұжық)  әдебиеті» 
ұғымын  өзгертуге  күш  салады.  Үйткені  себебі,  «жаңа 
әдебиет» қазақтың арғы дәуірлерден үзілмей келе жатқан 
ауыз әдебиетін, ол түгілі, Абай қалыптастырған жаңа жаз-
ба әдебиетін түгелдей мансұқ еткендігі жандарына батқан. 
Маркстік-лениндік  «ілім»  аясынан  шығып  кету  мүмкін 
болмағандықтан  соның  негізінде  енді  олар  әдебиеттің 
ұлттық  бет-бейнесін  жоғалтып  алмауға,  «тап  күресі» 
деп  жалаң  байбалам  салмай,  сыңарезу  болмай,  салиқалы 
тоқтамға келуге шақырады. Мұны жоғарыда айтқан «Алқа» 
бағдарламасынан да көруге болады: «...Жас әдебиетіміздің 
осы күнгі мойындағы жауапты міндеті – қай жаққа болса 
да, бірезу болмау. Бұл – бір бағытты болмау деген сөз емес. 
Бағыттың аты – бағыт, бірезудің аты – бірезу»/253.Б.258/. 
Иә,  сол  себепті  де  «Әдебиет  мәселесі»,  «Көркем 
әдебиетті саралау» секілді мақалалар керек еді. Оны кез 
келген кісі емес, әдебиеттің білгірі, баспасөзде беделді, 
қазақ еліне танымал қаламгердің жазғаны да абырой бо-

148
латын.  Мұндай  мақалалардың  баспасөз  бетінде  қолдау 
табары  сөзсіз  еді.  Аймауытұлы  жас  әдебиетшілерге 
сұрақ  қоя  отырып,  оның  кейбіреуінің  жауабын  өзі  ай-
тып, көркем өнерді саясаттан гөрі жоғары қою керек де-
ген  астарлы  пікірін  білдіріп  отырады.  Әдебиеттің  жай-
күйін сөз ете отырып, оның бағыт-бағдарына баға бере 
келіп, біржақтылық жасап ұлт сезімін тұншықтырмауды 
ұсынады.  «Төңкерістен  бұрынғы  қазақ  әдебиетінің 
бағыты ұлт теңдігіне, мәдениетке талпыну, ішкі мазмұны 
– қазақтың халіне қайғыру, патша үкіметінің отаршылық 
саясатына, қала берсе, орыс атаулыға ереуіл жасау еді...» 
деп  жаза  отырып,  Жүсіпбек  қазақ  елін  билеп  тұрған 
орыс-большевик саясатына, советтік диктатураға еріксіз 
бағынып  тұрғаны  себепті  марксшілдік  жолға  қарсы 
келмейді:  «...Әдебиетіміздің  ендігі  беті  төңкерісшілдік, 
бұқарашылдық  болу  керек.  Бұрын  оянған  ұлт  сезімін 
тұншықтыру  емес,  тегістік,  теңдік  жолына  икемдік, 
дұрыс  жүйеге,  қалыпқа  түсіру  болу  керек.  ...Қазақ  жа-
зушылары,  ақындары  төңкеріске  жолдан  қосылды.  Бір 
қанаты  төңкеріс  рухымен  суарылса,  екінші  қанаты 
ұлтшылдықпен  суарылып  қалған...  Ұлтшылдық  сезім 
тез  заманда  қала  қою  мүмкін  емес.  Төңкеріске,  комму-
низм  жолына  көрінеу  қаса  қылығы  жоқ  болса,  ұлтшыл 
ақындарды  да  пайдалануға  болады.  ...Әдебиет  –  өнер. 
Өнер азды-көпті еркіндікті тілейді».
Аймауытұлының  осы  мақаласының  түп  қазығы 
–  әдебиет  сыншыларын  қазақ  әдебиетінің  көркемдік 
жетістігіне, жалаң саясат қуа бермей, әділ бағасын беруге 
шақыру.
  «Көркем  әдебиетті  саралау»  деген  сын  мақаласында 
қазақ  өнерінің  жалпы  жағдайына  тоқтала  отырып, 
әдебиетте ұсақ-түйек тақырыптардың әңгіме болып бара 
жатқанын, көркемдік деңгейдің төмендеп кеткенін арқау 

149
етеді.  Сын  жазылуы  керектігін,  әдеби  туындыларға 
әділ  сын  айтылып,  артық-кемі  жұрт  көзіне  ұсынылуы 
керектігін  баса  айтады.  Жүрдім-бардым  деп,  кенеусіз, 
дәмсіз дүниелерді жаза салмай, өнерге деген тазалықпен, 
сүйіспеншілікпен  қарау  қажеттігін  тілге  тиек  етеді. 
Толстойдың,  Маяковскийдің  пікірлерін  келтіреді.  Өзге 
елдерден  де  үлгі  алып,  әдебиетті  байыта  түсу  керек  деп 
қаламгерлерге арналған ой-ұсыныстарын айтады.
Джек Лондонның «Күштілердің күші» деген әңгімесін 
Жүсекең  тәржімалап  «Лениншіл  жас»  журналының  1925 
жылғы  6-7-сандарында  жариялайды.  Сол  аудармада 
төмендегідей жолдар бар: «Ғажап іс: әр кез әр адам оянып 
ілгері қарай адым басайын десе, өңкей жалқау ондай адам-
ды «кері кетіргелі жүр, өлтіру керек» деп ду ете түседі. Ке-
дейлер  ондай  адамды  тас  атып  өлтіріп,  ақырында  өздері 
ақымақ  болып  қалады».  Озбыр  саясаттың  ызғарлы  лебін 
сезген  жазушы  жиырмасыншы  жылдардың  ортасындағы 
әдебиетте,  баспасөзде  марксшіл  бағыт  ұстанған  кейбір 
қаламгерлердің  бет-бейнесін  осы  жолдар  арқылы  берген. 
Оның әдеби сын мақалаларының өзі соларға арналған еді.
«Отырықшылықтың пайда, зияны» /247/ мақаласында, 
тақырыбынан байқалғандай, сонау «Айқап» пен «Қазақтан» 
бастау  алып  келе  жатқан,  алты  алаш  үшін  іргелі  мәселе 
болып  табылған,  халықтың  көшпелі  және  отырықшы 
шаруашылығының қайсысы елге пайдалы немесе зиянды, 
артық-кем жағы қайсы, отырықшылыққа қалай көшу керек 
деген және т.с.с. проблемалар қозғалады.
Қазақ советтік автономиялы республика болып, сол за-
манда мәдениетке ұмтылуы үшін тек отырықшы болу керек 
деген үндеулердің бас көтерген кезінде жалаң сөз, асығыс 
науқанға  бой  алдырмай  ойлану  керек,  асықпау  керек 
екенін айта келіп, қаламгер осы бір күрделі мәселені терең 
талдауға тырысады. «Тұрмыс итеріп, шаруа етіп, амалсыз-

150
дан отырықшы болу бар, – деп жазады автор, – ондай шарт-
пен  отырықшы  болатындарга  ешкім  қарсы  бола  алмай-
ды:  тұрмыстан  күшті  «құдірет»  жоқ...  Ол  қандай  шаруа? 
– малы азайып, көше алмай қалған ел, егін салуға кіріскен 
ел,  жері  тарылып,  көршілерімен  таласып-тармасып,  жер 
алып қалуға душар болған ел, жақсы жеріне басқа біреу қол 
сұққандықтан жерін бермеймін деген ел. Оларға үндеудің 
керегі жоқ: өздері-ақ отырықшы болады».
Осындай  ойларын  көлденең  тарта  отырып  Жүсіпбек 
көшпелі және жартылай көшпелі, әзірге жерден таршылық 
көрмей  отырған  ел  үшін  отырықшы  болудың  зияны  бар 
екенін  ескертеді.  Және  оған  тұщымды  жауап  та  берген: 
«Отырықшы болса, жер жырту, егін салу керек; еңбегімен 
күнелту  керек,  қазақ  егін  салуға  төселе  алмайды,  әдісін 
білмейді.  Оған  көп  тәрбие  керек.  Әуелі  талай  жылдар-
дан  бері  диқаншы  болып  келе  жатқандардың  егін  салуы 
қасындағы мұжықтың егін салуына әлі жетпей жүр... Қазақ 
жерінде нағыз қара топырақ егіндік жер кем. Бар жерінде 
құрғақшылықтан сау болмайды. Мәдениет түрімен егінді 
берекелендіруді қазақ түгілі, орыс та үйреніп кеткен жоқ. 
Сондықтан егін салудан өнімді жеміс ала қоюы алмағайып».
Жазушы  сонымен  бірге  егін  салу  үшін  соқа-сайман, 
аспап керегін, ең алдымен осыларды өндіріп, содан кейін 
тетігін  үйрету  керегін  айтады.  «Отырықшы  болғанда 
қазақ киіз үйден айрылмайтын болса екен» деген тілегін 
де білдірді. Ташкент маңы, Еділ-Жайық бойы, Омбы, Се-
мей, Павлодар уездеріндегі отырықшы болған елдердің 
жай-күйін  айтады.  Олардың  тұрмыс-тіршілігінен  мы-
сал келтіреді. Көшпелі ел мен отырықшы ел арасындагы 
айырмашылықтарды көрсете келіп, әзірге көшпеліліктің 
тиімді  екенін  анықтайды.  «...Жұртқа  жапа-тармағай 
отырықшы бол деп айту адасқандық болады. Ол мүмкін 
емес. ...Тұрмыс еріксіз отыратын елдер отырықшы бола 

151
берсін.  Тұрмыс  отырықшылыққа  итермеген  елді  өтірік 
«ұшпақ орнайды» деу ағат...». 
Осындай  пікірлерді  ұлтшыл  көсемсөзші  қазақ 
халқының  шаруашылығын  жақсы  білгендіктен  ғана  ай-
тып отырғандығы күмән туғызбаса керек. Мақала соңында 
редакция  түсініктемесі  берілген:  «Басқармадан:  Бұл 
мақала айтыс ретінде басылып отыр. Басқарма бұл пікірге 
қосылмайды.  Қарсы  пікірлерін  жазамыз  дегендерге  жол 
ашық».
«Бұл  әдеттен  арылу  керек»  мақаласы  –  Аймауыт-
ұлының  «Жан  дүниесі  мен  өнер  таңдау»  және  «Психо-
логия»  сияқты  үлкен  ғылыми  еңбектеріне  жол  салған 
шығарманың бірі. Қаламгердің жиі оралып жазып оты-
ратын тақырыбы – адамның мінез-құлқы мен әдеті. Осы 
тақырыпта бұған дейін «Әдет заңы» деген мақаласын да 
жазған еді. «Бұл әдеттен арылу керек» мақаласында ав-
тор қалада оқып жүрген кейбір қазақ жастарының «айдың 
әжіміндей көріне бастаған» жағымсыз мінездеріне көңілі 
толмайтынын  айтып,  оған  басты  кінә  жаман  әдет  деп 
топшылайды.  Сұрамшақтық,  қыдырымпаздық  сияқты 
кейбір  жас  жігіттердің  мінезінен  байқалатын  жаман 
әдеттерді өздері жою керек дейді. 
«Ардақтаған жалғызын, әйтпесе адам болар көз нұрын 
ата-анасы жасынан сұрамшақтыққа үйретеді. «Ағайынның 
қамшысын  сұрай  ғой»,  «Баланың  меселін  қайтармаңыз», 
«Ағалары,  айттық,  байғазы,  көрімдік  беретін  шығар», 
«Қарағым, сұра. Бермесе, жыла», «Пәленше-жанға берме-
ген малы адыра қалсын!» –  міне, қазақтың жасынан бала-
сын баулу түрі. Өскен соң бұл бала сімтік болмай, сұраншақ 
болмай,  жалынғыш,  жағыншақ,  жарамсақ  болмай  тұра 
ма?» Қаламгер қазақтың осындай әдетін қатты сынға ала-
ды да, оны түзету кеш емесін, оған да амал табылатынын 
жазып, мақаласын үлкен сеніммен тәмамдайды.

152
1926 жылы Жүсіпбек Аймауытұлының «Енбекші қазақ» 
газетінде  «Театр  кітаптарын  қалай  көбейтеміз»,  «Тіл  ту-
ралы»,  «Асыл  қазына  жиналса  екен»,  «Сұлтанмахмүт 
Торайғырұлының  сөздерін  жинау  науқанына  ат 
салысыңыздар», «Қазақ тілі» газетінде «Әскери жастар ту-
ралы» мақалалары және «Кеп қолағашта» фельетоны, «Жас 
қайрат» журналында «Оқушыларымызға», «Құтылды» де-
ген мақала мен корреспонденциялары жарық көреді.
«Театр  кітаптарын  қалай  көбейтеміз?»  атты  сын 
мақаласы  –  жазушының  драматургия  саласына  арнап 
жазған еңбектерінің бірі. Сол жылы қазақ театры дүниеге 
келген  еді.  Ұлт  театрын  құру,  оны  жан-жақты  дамыту 
үшін қолайлы жағдай туғызу мәселелері одан ілгеріде де 
баспасөзде әңгіме болып келе жатқан-тұғын. Автор осы та-
рапта ұлт театрының өркендеуі үшін әуелі драматургияға 
терең көңіл бөлуін және оның сапалы болуы керек екенін 
сөз  етеді:  «Тегінде  Қазақстанда  театр  кітаптарын  жаза 
берушілер аз. Қалам ұстаушы көп болғанымен маңызды 
кітап  жазатындар  аз.  Ол  адамдардың  өзі  де  –  оқу  қуып, 
қызмет буып, мерзімді жұмысымен күні өтіп жүргендер... 
Қалт  еткенде  ат  үстінде  жүріп  жазған  кітап  жүрдім-
бардым, маңызсыз болып шықпасқа әдді жоқ» деп жазады 
ол. Сөз арасында Пушкин мен Гогольдің «Борис Годунов» 
пен  «Ревизорды»  төрт-бес  жылдай  жазғанын,  талай  рет 
түзетіп көшіргенін, сүйтіп, өлмейтін дүние қалдырғанын 
мысал етеді. «...Ойын қою керек болып қалады да, заказ 
(тапсыру)  бойынша  бірдемені  ботпырақтатып  келеміз» 
дейді  қазақ  драматургиясының  алғашқы  қадамдары 
жайында.  Сол  себепті  драматургтер  үшін  алаң  бол-
май  жұмыс  істейтін  жағдай  керегін  ескертеді.  «Алпа-
уыт,  ақсүйек  ақындары  қолы  бос  болып  ерікпесе,  том-
том зор романдарды, әдебиетті жаза алмас еді... Он екіде 
бес-алты  нұсқасы  жоқ  елдің  ішінде  біресе  оқып,  біресе 

153
оқытып,  біресе  переводчик  болып,  біресе  «Ломоносов» 
болуға  өңеш  созып  араласып  жүргенде  ерігерміз  деуден 
үміт те жоқ» деп тұрмыстың тапшылығын сөз ете келіп, 
қаламгер театр көркемдігін көтеру үшін ең алдымен Ев-
ропа драматургтерінің үлгілі пьесаларының ішінде қазақ 
өміріне азды-көпті жанасатындарын қазақшаға аудару ке-
рек, содан кейін олардан үйрену керек деген байламын ай-
тады.
Өзі  де  әнші,  музыка  табиғатын  нәзік  ұғатын,  терең 
түсінетін  Жүсіпбектің  ендігі  бір  мақалалары  қазақтың 
ән-күй  өнері  жайында  жазылған.  «Асыл  қазына  жинал-
са  екен»,  «Ән-күй  жайында»  деп  аталатын  мақалалары 
кезінде қазақ өнерінің ірі проблемаларын көтергені сөзсіз. 
Алғашқы  мақаласы  былайша  басталады:  «Мәскеудегі  – 
«Известия»  (Хабар)  газетінің  13-май,  сан-103-інде  мына 
бір  хабар  басылды:  «Қазақтың  мың  әні»  деген  кітаптың 
шығарушысы  Қазақстанның  халық  әртісі  Затаевич  өз 
мамандығы жөнінен жуырда Ленинградта екі қызық баян-
дама істеді. Бірінде Ленинград университетінің жағрапия 
факультетінде, енді бірінде мемлекеттің жағрапия қауымы 
қасындағы  халық  музикесін  зерттеуші  комиссияда.  Ко-
миссия бірауыздан Затаевичті өздеріне мүше қылып сай-
лады».
Аймауытұлы  Затаевичтің  еңбегін  Глазунов  деген 
профессордың  мақтағанын  айтып,  француз  жазушысы 
Ромен  Ролланың  пікірін  келтіреді:  «Сахараның  сары  да-
ласында  сәулет  берген  сұлу,  сайран  әніне  сүйсінгенмін. 
1920-22  жылдардағы  елді  ашаршылық,  дерт  кернеп 
жатқанда  мынандай  музыка  еңбегін  жарыққа  шығару  – 
музыка жүзіндегі ерлік». Жазушы еуропалықтар осындай 
баға  беріп  отырғанда  бүктеулі  жатқан  асыл  қазынасын 
жинап, әлемге әйгілеп, рух байлығын танытқан Затаевич-
ке қазақ одан да зор баға беруге тиісті дегенді айтады.

154
Жүсіпбектің  мына  бір  пікірі  заманынан  заман  озған 
сайын  өз  құнын  арттыра  береді  деп  білеміз:  «Қазақтың 
мың әні жазылыпты. Жақсы. Қазақта халық әні ғана емес, 
сол шамалы күй де бар. Күй әлі жазылған жоқ. Әннен де 
күй терең, күй қадірлі. Әннің айта алмағанын күй айтып 
береді. Музыка жүзінде казақтың әні ғана жарыққа шығып, 
күйі көмулі қалса, қазақ жүрегінің жарымы көрініп, жа-
рымы қалтарыста қалғанмен бір есеп... Әнді кім болса, сол 
үйрене алады. Күйді кім болса, сол тарта, шерте алмай-
ды... Күй қартайып, жоғалып барады. Азып барады.  Күйді 
күйттейтін ел азайып барады... Күйсіз әскер болып жауға 
шабуға болмайды. Күйсіз қазақ музыкасының ажар-көркі 
кірмейді, күйі келмейді».
Қазақтың халық музыкасының нағыз жанашыры болған 
ұлт азаматы бұл салада да қам қылайық деп Қазақстан оқу 
комиссариатына екі жоба ұсынады: «Бірі – күйді жаздыруға 
Затаевич сықылды адамды алдырып, фанограф аспабымен 
елге шығу керек. Енді бірі – аз елдегі атақты күйшілерді 
ордаға алдырып, жазып алу керек».
Сонымен  бірге  ол  қай  жерде  қандай  күйші  бар  екенін 
айтып,  біраз  мәлімет  береді:  «Мысал  үшін  мен  бір-екі 
күйшіні  атаймын.  Семей  гүбірниасы,  Бұқтырма  үйезі, 
Күршім-Алтай болысы, 5-ауылда Ырысбай Талысбайұлы, 
Өскемен  үйезі,  Ұлан  болысы,  4-ауылда  соқыр  ақын  әрі 
күйші  Әубәкір  дейтін  жігіт.  Соңғының  жатқа  білмейтін 
қыссасы  кем.  Құранды  жатқа  білетін  (қари)  болса  керек. 
Күршім-Алтайдың  4-ауылында  Шайқы  Қосынұлы  деген 
күйші бар. Бұларды өз құлағыммен естігенім жоқ. Сырттан 
сұрастырғанда елдің ауыз суы құритын күйшілер».
Мақала соңында тымқұрса жергілікті үйездік, гүбернелік 
қалаларға күйшілерді алдырып, жергілікті сыншылардың 
сынынан өткен күйшілерді республикамыздың сол кездегі 

155
астанасы – Қызылордаға шақырып, 5-10 күйшінің білгенін 
қағазға түсірсе деген тілегін айтады.
Жүсекеңнің бұл тақырыптағы баспа бетін көрген тағы 
бір еңбегі – 1928 жылдың 16-февралінде «Еңбекші қазақ» 
газетінде «Таңашбай» бүркеншік атымен шыққан «Ән-күй 
жайында» мақаласы. Мұнда да ол музыка өнерінің білгірі, 
халықтың ән-күйінің жанашыры екендігін танытқан.
Сол  жылы  6-январьда  Қазақ  мемлекеттік  театрының 
артистері концерт қояды, сол концерттен түскен қаржыны 
Түмен  қаласында  оқып  жатқан  студенттерге  жолдаған. 
Әсілі,  ХХ  ғасыр  басындағы  зиялылардың,  оқығандардың 
ұлт болашағы, ел қамы үшін осындай мәдени іс-шаралар 
өткізуі (мәселен, 1917 жылдың май айына Тұрағұл Абайұлы, 
Мұхтар Әуезов бастаған «Талап» ұйымының «Еңлік-Кебек» 
спектаклінен  түскен  қаржыны  сонау  Құлжадағы,  босқын 
болып кеткен қазақтарға жіберуі секілді) аз ұшыраспайды. 
Бәрінен  бұрын  елдің  жағдайын,  ұлттың  қамын  ойлаған 
алаш  азаматтарының  осындай  іргелі  істері  –  үлгі  тұтуға 
тұрарлық өнеге.
«Ән-күй жайында» мақаласында негізінен Еуропа, орыс 
мәдениетінен  келген  әншілік  өнердің  бір  тармағы  –    хор 
жайында, оны қазақ өнерінде қалай дамыту керегі жөнінде 
сөз болады. Хордың гармониялық ерекшелігі, тенор, альт, 
квинта,  бас  тәрізді  дауыстардың  үйлесімділігі  жайында 
көсемсөзші өз пікірін білдіргенде оның Батыстан келген ән 
өнерінен жақсы хабардар екеніне көзіңіз жетеді.
Жұмат  Шанин  ертіп  келген  Ковалев  дейтін  му-
зыка  маманының  жаңа  түрдегі  хор  ұйымдастырып, 
қазақ  жастарының  даусын  көркемдікке,  үйлесімділікке 
айналдырғанына  ризашылық  білдіре  отырып,  хордың 
кемшіліксіз  емес  екенін  де  байыптайды:  «...Айтушылар 
әлі  еркін  жаттығып  жетпеген,  хорды  бастар  алдындағы 

156
кідірістері,  айтып  тұрғандағы  әрқайсысы  өзін-өзі  аңдып, 
тежеп,  қай  жерден  мүлт  беремін  дегендей  боп  тұрулары 
хордың  жалпы  жандануына  екпінді,  қызулы  боп, 
тыңдаушыларға әсер етуіне бөгет болады».
Аймауытұлы  сыншылдық  қана  танытып  қоймай, 
тұрлаулы  ынтасы  бар  әншілерге  бірқыдыру  ақыл-кеңес 
бере  келіп:  «...20-30  кісі  болып  сахнаға  шыға  келген-
де  кідірместен  өз  дауыстарын  өздері  біліп,  қосылып  ай-
тып  кеп  кетсе,  «Алқаракөк»  сияқты  әндермен  алпыс  екі 
тамырды  солқылдатпасқа  орын  жоқ.  Осылай  айтылған 
«Алқаракөктер»,  әй,  Еуропаның  сахнасына  да  кіріп  кет-
пей қалар ма екен?! (Көтергенім емес!)» деп қазақ әншілік 
өнерін өте жоғары бағалайтынын байқатады.
Автор  хорды  тыңдаушылардың  «кемшілігі»  жұрт 
құлағы үйренбей жатқандықтан, тосындықтан екенін де 
аңғарған.  Мұнымен  бірге  көсемсөзшінің  мынадай  пікірі 
қазіргі уақыттың өзінде маңызын жоймаған деп білемін: 
«Затаевич  пен  Ковалев  «гармонияға»  айналдырып,  тар-
тып жүрген ән-күйде, менімше, тағы бір кемшілік бар. Ол 
мынау:  бұлар  ән-күйдің  қазақ  тонының  өңін  келтіреміз 
деп  қыра-қыра  кейбір  ән-күйдің  қара  қыртысын  айнал-
дырып  барады.  Мәселен,  Затаевич  күйсандықта  тартқан 
«Қосбасар»  күйі  мен  Ковалев  бастап  күйсандықты 
скрипкіге  қосып  тартқан  «Ақсақал»  қалың  ел  қазағы 
бірден «мынау біздің төл мал» деп ұғына қоя алар ма екен. 
Менің шәгім бар».
Автор Батыс музыка мәдениетінің қазақ өнеріне жанас-
пайтынын, тіпті кейбір салада жақсылық әкелмейтінін жан 
дүниесімен сезіп тұр. Ұлтымыздың дәстүрлі мәдениеті мен 
өнеріне жанашыр болсақ, алаштың талғамы биік қаламгері 
Жүсіпбек Аймауытұлынан үлгі алсақ керек.
Бұл  пікірдің  негізсіз  емес  екеніне  оның  «Әдебиет 

157
мұралары»  деген  және  бір  мақаласы  дәлел  бола  ала-
ды.  «Таңашбай»  бүркеншік  есімімен  жарық  көрген  бұл 
проблемалық мақаласында/103.Б.244-247/ ол мәдениеттің 
басты тармағы – әдебиет жөнінде, ескі әдебиет мұралары 
жайында келелі ой қозғайды. «Ауыз әдебиетіміз қаймағы 
туырылған  күйінде  ел  аузында  отыр»  деп  жазған 
көсемсөзші қазақ халқының ауыз әдебиетінің жүзден бірі 
де баспаға түсірілмегеніне, бұның түбі бара-бара жоғалу 
болатындығына  қатты  алаңдаушылық  білдіреді.  Ел 
ішіндегі білгір, көкірегі даңғыл кәрі ауызды кәриялардың 
аузындағы  сөзі  өзімен  бірге  жоққа  айналмауы  үшін  жи-
нап  алу  керегін  айтады.  Ескі  сөздің  түрлі  жүйесіне 
жүйрік,  өзі  білетін,  Ақмола  уезіндегі  Ералы  Саққұлақ 
баласы,  Қарқаралы  уезіндегі  Мағат  қожас  Ақай  баласы 
және «қазынасының аузын ашса, қапшықтан түйдегімен 
төгілетін  жел  ауызды  жүйріктің  өзі»  –  Мәшһүр-Жүсіп 
Көпейұлы  сияқты  қарттарды  атайды:  «Осы  сияқты 
әңгімеге  бай  қарттар  әр  жерде  бар  шығар.  Тегінде 
мұндай  адамдар  сөз  беруге  сараң  да  келеді.  Бірақ  ол 
сөздері  жоғалмайтындығына,  баспаға  түсірілетіндігіне, 
сүйтіп, ескі сөз берушілер келешектегі қазақ мәдениетіне 
атсалысқан,  еңбек  етіп,  қолқабыс  тиюшілерден 
саналатындықтарына  көздері  жеткізілсе,  жазба  болсын, 
ауызша  болсын,  сөздерін  береді  деп  сенеміз»  деп  үлкен 
сенім білдірген.
Жоғарыда  Аймауытұлының  проблемалық  мақалала-
рының соңында көбінесе өз ұсыныстарын әлденеше топқа 
бөліп,  жөн-жоба  ұсынатын  тәсілге  жүгінетінін  айттық. 
Бұнда да шебер көсемсөзші қазақтың әдебиет мұраларын 
сақтып  қалу  жөнінде  салмақты  ой,  салиқалы  ұсыныстар 
айтады.

158

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет