Нұрсеитова А. С. Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту



бет3/7
Дата27.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#103609
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
айнур методичка

Моншақтармен ойын
Екі қолдың да бағдарлауын арттырады. Балаға тізуге арналған бау және әр түрлі теңдіктегі, әр түрлі диметрді моншақтар беріледі. «Көз-қол» бағдарлауын жетілдіреді. Бұл ойында тек қол ісмерлігі ғана емес, сенсорлық (түс, көлем, пішін) қабілеті дамиды.


Баулармен ойындар
Сенсомоторлық бағдарлауды, ұсақ моториканы, жазықтықта бағдарлауды «жоғары», «төмен», «оң», «сол» ұғымдардың игеруіне жәрдемдеседі, тілді дамытады, зейінді тұрақтандырады, қол белсенділігін және икемділігін арттырып, қолды босаңсытады.


Қысқыштармен ойындар
Қысқыштармен ойналатын ойындар өте нәтижелі. Ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл-ойының, тілінің дамуына зор ықпал етеді. Түрлі-түсті қатты қағаздардан дөңгелектер жасап, сондай түсті қысқыштарды қыстырса, гүлдер пайда болады.

Сурет салу
Сурет салу – барлық балалар жақсы көретін, әрі пайдалы ісі. Қарындаш, қылқаламмен парақта, қатты қағазда сурет салу қатып қалған қағида емес. Қарда, құмда, терлеген терезе бетіне, асфальтта сурет салуға болады. Алақанмен, мақталы таяқшалармен, көкөністер бастырмаларымен және т.б. әдістермен, яғни бейнелеудің дәстүрлі емес техникалары арқылы сурет салу өте пайдалы әрі қызықты.
Балаға әр түрлі пішіндерді тік сызықпен салуға, суреттің үзік сызық бойымен жүргізу, үлгімен сурет салу, суреттің аяқталмаған екінші бөлігін салу – шығармашылық қабілетті, есте сақтау қабілетін, түсті қабылдауды дамытады.


Ермексазбен ойын
Ермексаз баланы жалпы дамытатын әр түрлі қызықты ойындар өткізуге мүмкіндік береді. Балалар ермексазды қолмен жібітеді, саусақпен бөліп алады, домалатады, ширатады, ермексазды қалауынша қалыпқа келтіреді және кез-келген уақытта ермексазды бүлдіріп алам деп қорықпастан жұмысына өзгеріс енгізеді, ол өз ісіне деген сенімділік тудырады.
Қазіргі дамыған технологиялар арқасында, ермексаздың жетілдірілген түрі. Ермексаздан айырмашылығы, қолға, үстелге жағылмайды, пішінді сақтамайды. Ұсақ саусақ моторикасын дамытады, агрессияны басады, шығармашылық қабілетін, тілін дамытады, қолдың бұлшықеттерін бекітеді. Өте пайдалы құрал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет