НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Тұрғын үй құрылысы мәселесін шешу



Pdf көрінісі
бет137/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   265
Тұрғын үй құрылысы мәселесін шешу
Дағдарыс кезінде республика үшін үлескерлер мәселесі де негізгі проб-
леманың бірі болды. 62 мыңға жуық азамат үлескерлік құрылыс бағдар-
ламасына қатысты. Дағдарыс туындаған кезде олардың баспана алу үміті 
мүлде желге ұшқандай болды. Жағдай ушыға берсе, әлеуметтік толқуларға 
ұласуы мүмкін еді. Ірі қалаларда үлескерлердің қарсылық әрекеттері бой 
көрсете бастады. 
Мемлекет несиелік дағдарыс нәтижесінде пайда болған – үлескерлер 
мен үй салушылардың жеке мәселелерін шешуге міндетті емес еді. Де-
генмен мен адамдар үшін баспана мәселесі өте маңызды екенін түсіне 
отырып, үкіметке «сақалды құрылыс» мәселесін ушықтырмау, сол арқылы 
ықтимал әлеуметтік кернеудің алдын алу үшін барлық тетіктерді іске қосуды 
тапсырдым. Осы өткір мәселені шешу үшін мемлекет 5 миллиард доллар 
бөлді. Бұл ерекше шешім еді.
Мемлекет пен бизнес арасында келіссөздер үдерісі басталды. Көмекті 
қажет ететін құрылыс компанияларымен өзара әрекеттестік меморанду-
мына қол қойылды. Компаниялар тұрғын үйдің бағасы мен пайдалануға 
берілу мерзімі бойынша міндеттеме алды. 
Мемлекет үлескерлердің қаржысы тартылған құрылыс сегменттері-
не ғана қолдау көрсеткенін атап айтуға тиіспіз. Басқа сегменттің бәріндегі 
құрылысшылар мен банкирлердің өтініші қанағаттандырылған жоқ. 2007 
жылдың қарашасында кемі 20 проценті салынған, көмекке зәру үлескерлік 
құрылыстардың алғашқы тізімі әзір болды. Бұл тізімде 74 нысан бар еді. 
Осы нысандардағы пәтерлер сатуға арналған, сондықтан процеске жан 
бітіру үшін банк несиесінің төмендетілген мөлшерлемесі (10,5 процент) 
бар арнайы ипотекалық бағдарлама жасалды. 
2008 жылы мен маңызы өте зор нұсқау бердім: тұрғын үйге әділ баға 
белгілеуді тапсырдым. Астанада тұрғын үйдің шаршы метрі – 800 доллар-
дан, Алматыда 1000 доллардан аспауға тиіс екенін мейлінше анық айтып 
өттім. Менің талабымды орындамаған үй салушылардың банкрот болып 
қалу қаупі күшейе түсті. 
Әрбір нысанның салыну барысын атқарушы билік, прокуратура және 
қоғам үнемі бақылауда ұстады. Ипотеканы қайта қаржыландырудың арқа-
сында мыңдаған отбасы өз төлемін азайта алды. Мемлекет қолданған 
шаралар оң нәтиже берді. 2009 жылдың ортасына қарай-ақ үлескерлік 
құрылысқа қатысушылардың жартысының мәселесі шешілді. Мемлекеттің 
қолдауымен 35 мың пәтер салынып бітті, оның ішіндегі 13 мыңы – аренда-
лық тұрғын үй болды. 


250
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Атқарылған шаралардың қорытындысы бойынша, Қазақстан – дағда-
рыс жағдайынан жол тауып, үлескерлер мәселесін мемлекет өз мойнына 
алған әлемдегі жалғыз ел болды. Басқаша айтқанда, мемлекет айтарлықтай 
қаржы ресурсын шығындап, үлескерлік құрылыстың қарапайым қатысушы-
сына көмек қолын созды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет