44
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Көп ұзамай «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» кодекс
пен Конституция тұжырымдаған сайлаулар жүргізудің ережелері арасын-
дағы сәйкессіздіктен туындаған саяси дағдарыс басталды. Оны Консти-
туциялық сот өзінің 1994 жылғы 6 наурыздағы қаулысы арқылы көрсетті.
11 наурыз күні мен Мемлекет басшысы ретінде осы бір өмірлік мәні үлкен
мәселенің құқықтық сипатын түсіндіріп беру үшін Конституциялық сотқа
жүгіндім. Алынған жауапқа қарағанда, сол кездегі сайлау ережелері Кон-
ституцияға сәйкеспейтін, демек Жоғарғы Кеңес заңсыз және «Қазақстан
Республикасы Президенті мен жергілікті әкімшілік басшыларына қосымша
өкілеттіктерді уақытша беру туралы» заң күшінде қалуы тиіс болатын.
Осы заңның ережелерін басшылыққа алған мен 1995 жылдың 6 нау-
рызында «Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының қаулысынан
туындаған шаралар туралы» Жарлыққа қол қойып, соған сәйкес Жоғарғы
Кеңес сайланғаннан бір жылдан кейін өз қызметін тоқтатты.
Тәуелсіз байқаушылар мен сарапшылар Жоғарғы Кеңестің Конститу-
циялық сот қаулысы негізінде таратылуын толығымен заңды деп көрсетті.
Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Кортни «Конституциялық сот сайлаулар-
дың заңсыз болмауы үшін қорытынды жасау мақсатында жеткілікті дәре-
жеде сақтықпен және саламаттылықпен жұмыс істегенін айтты. «Бүкіл әлем
сіздердің елдеріңізде демократияның айтарлықтай нығайғанын түсінеді.
Қазіргі Қазақстан әліппеден әлі аспаған мектеп оқушысы емес, ол демо-
кратия дәрістерін әлемнің өзіне үйрете алады», деді.
Біз жағдайдың ушығуына жол бермедік және дағдарыстан шығудың
бейбіт те заңды жолын тауып, бұл жолы да Қазақстан Тәуелсіздігінің басты
тірегі мемлекет екенін көрсеттік.
Достарыңызбен бөлісу: