НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Индустриаландыруға қажет жаңа мамандар



Pdf көрінісі
бет232/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   265
Индустриаландыруға қажет жаңа мамандар 
2013 жылдың шілде айында, Индустриаландыру күнінде өткізілген жал-
пыұлттық телекөпірде мен бірінші бесжылдық кезінде анықталған, ұдайы 
туындайтын өндірістік-технологиялық міндеттерді шешу үшін инженерлер 
мен зерттеушілерді дайындау қажеттілігіне назар аударттым. 
Индустриаландыруға қажетті мамандарды дайындауда алдыңғы жыл-
дары жіберілген кемшіліктерді болдырмау үшін күш салу қажет болды. Ин-
дустриаланудың келесі кезеңіне қажетті инженер мамандарды дайындай-
тын негізгі жоғары оқу орындары айқындалды. Қазақстанның жоғары оқу 
орындары мен колледждерінің жиырмадан астамында жаңа бағдарлама 
бойынша оқыту басталды. Бейімдік магистратура бойынша мемлекеттік 
тапсырыс көлемі ұлғайды. 
Кәсіби біліктіліктің Ұлттық жүйесінің жасалуы ерекше мәнге ие болды. 
Бұл ретте кәсіби стандарттар білім беру стандарттары үшін бағыт-бағдар 
болуы тиіс, олардың арасында қайшылыққа жол беруге болмайды. 2020 
жылға қарай, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарлама-
ларының 45 проценті кәсіби стандарттарға сүйенетін болады. 
2015 жылғы қарашадағы Жолдауымда атап көрсеткенімдей, техникалық 
кадрларды дайындау жүйесін барынша дамыту қажет, Германия, Канада, 
Австралия және Сингапурмен бірлесе, алдыңғы қатарлы орталықтар құру 
қажет. Нақ осы орталықтар техникалық және кәсіби білім берудің бола-
шақтағы тиімді моделіне айналады. 
2016 жылы «Болашақ» бағдарламасына шетелдік магистратурада жоға-
ры деңгейлі инженерлік-техникалық мамандықтар дайындау опциясы ен-
гізілді. Сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Азаматтарға 
арналған Үкімет», «Ұлт жеңімпаздары» жобасының қатысушылары үшін 
бағдарламалар жасалды. 
Өңірлік орталықтар мен әлемдік деңгейдегі колледждер желісі құрылу-
да. Олардың алғашқысы – мұнай-газ өнеркәсібі желісі 2013 жылы Атырауда 
ашылды. Мұнда шетелдік мамандар да сабақ береді. Мұндай орталықтар 
Өскемен, Екібастұз, Шымкент қалаларында ашылатын болады. Жетекші 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
431
колледждер базасында кәсіби мамандарды дайындаудың ресурстық орта-
лықтары құрылуда. 
Колледждер санын үштен бір есеге арттыру көзделген білім берудің 
дуальды жүйесінің «Жол картасы» бекітілді. 2015 жылы қазақстандық кол-
ледждердің студенттері Бразилиядағы WorldSkills халықаралық байқауында 
алғаш рет кәсіби дағдылары бойынша бақ сынасып, жақсы көрсеткіштерге 
ие болды. 
2014 жылдан бастап «Серпін-2050» бірегей көші-қон оқу бағдарламасы 
іске қосылды. Оңтүстіктің басы артық жұмыс күші мол өңірлерінен келген 
студенттер кадр тапшылығы сезілетін Солтүстік, Шығыс және Орталық Қа-
зақстанның техникалық колледждері мен жоғары оқу орындарында оқиды. 
«Нұр Отан» партиясының бастамасымен 2016 жылы жастардың 
«Nurintech» инновациялық жобалар байқауы бастау алды. 
2017 жылы «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдар-
ламасы басталды. Бұл бағдарлама бойынша жоғары оқу орнына түсе ал-
маған мектеп бітірушілер, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған жас 
қазақстандықтар алғашқы мамандыққа ие болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет