НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Түркітілдес мемлекеттер қоғамдастығындағы



Pdf көрінісі
бет250/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   265
Түркітілдес мемлекеттер қоғамдастығындағы 
көшбасшылық
2010-шы жылдары Қазақстан Республикасы түркітілдес мемлекет-
термен – достық, тату көршілік, сенімді қарым-қатынасты жүйелі түрде 
дамытты және нығайтты. 2012 жылдың мамыр айында Астанаға Түркия 
премьер-министрі Р. Эрдоған ресми сапармен келді. Қазақстан мен Түр-
кия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық кеңесі құрылды. Біз «Жаңа 
синергия» экономикалық бағдарламасына қол қойдық. Қазақстан – 
Түрікменстан – Иран темір жолын Түркия темір жол желісімен түйістіру, 
сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында, Батыс Еуропа – Батыс Қытай 
күре жолының жанынан Қазақстан – Түркия индустриалық аймағын құру 
перспективасын қарастырдық. 
2012 жылдың қазан айында Түрік Республикасына ресми сапар-
мен бардым. Сапар барысында Түркия президенті А. Гүлмен және пре-
мьер-министр Р. Эрдоғанмен кездестік. Біз ынтымақтастықтың жиырма 
жылы ішіндегі негізгі нәтижелерді және болашақтағы перспективаларын 
қарастырдық. Ынтымақтастық стратегиясы кеңесінің алғашқы отырысы өтті. 
Қарым-қатынастың нығая түсуіне 2014 жылы маусым айында Түркияға – 
Түрік кеңесі саммитіне және 2014 жылы тамыз айында Түрік Республикасы 
президентінің ұлықтау рәсіміне қатысуым өз ықпалын тигізді. 2015 жылы 
сәуірде Түркия президенті Р. Эрдоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен 
келді. Көптеген бірлескен жобаларды жүзеге асыру одан әрі жалғасты. Бұл 
ретте ол: «Біз Қазақстанға келгенде өзімізді ата-бабамыздың отанында 
жүргендей сезінеміз», – деген жылы лебізін білдірді. 
Қазақстан – Түрік ынтымақтастығының маңызды бағыттары – БҰҰ, ЭЫҰ, 
ИЫҰ, ЕҚЫҰ, АӨСШК, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі шең-
берінде халықаралық аренада өзара қолдау және конструктивті диалог. 
2014 жылы Бодрум қаласында (Түркия) Түркітілдес мемлекеттер ын-
тымақтастығы кеңесінің IV саммиті өтті. Мұнда Қазақстан Түркі кеңесін 
нығайту және көлік коммуникациясын дамыту мәселелерін көтерді. Мен 
әріптестеріме мамыр айының соңында құрылған Еуразиялық экономи-
калық одақ туралы баяндадым. ЕАЭО-мен ынтымақтастықтың болашағы 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
465
жайында және Түркі кеңесі мен Еуразиялық экономикалық одақтың ара-
сында қандай да бір қарама-қайшылықтың болмайтынын атап өттім. 
2015 жылы 11 қыркүйекте Астана қаласында ақпараттық саладағы 
өзара іс-қимылға арналған және Қазақстанның төрағалық етуіне жол 
ашқан Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің V саммиті өтті. 
Мен болашақта Түркі кеңесінің БҰҰ және ИЫҰ жанындағы бақылаушы 
мәртебесіне ие болуы қатысушылардың мүддесіне сәйкес келетінін атап 
өттім. Бұдан өзге Түркі кеңесі елдерінің – Қытай, Ресей, Еуропа, Таяу 
Шығыс, Кавказ бен Орталық Азияның экономикалық және коммуника-
тивтік желілерін байланыстыратын континентальды көпір болуға барлық 
мүмкіндіктері бар. Ынтымақтастық кеңесі мүшелерінің Қазақ хандығы-
ның 550 жылдығына арналған, Ұлы Даланың үш мың жылдық тарихын-
дағы аса маңызды оқиғаларды және оның шарықтау шегі – Тәуелсіз Қа-
зақстанның қалыптасуын бейнелеген кең көлемді қойылымдарға баруы 
символдық сипатқа ие болды. 
Мен әрдайым Түрік Республикасымен достық, туыстық қарым-қатынасты 
қолдап келемін. 2015 жылдың қараша айында, Түрік-Ресей қатынастары 
әжептәуір қиындап кеткен тұста, әрине мен сырт қала алмадым. Бұл 
жөнінде мен осы кітаптың бас жағында айтып өттім. Ресей және Түркия 
басшыларымен жеке кездесу кезінде де, телефон арқылы сөйлескенімде 
де Түрік-Ресей диалогын қалпына келтіруге барынша күш салдым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет