79
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
ашық еді. Жаңбыр жаумайтын, құрғақшылық айы болатын. Біз Пайғамбар
зиратынан шыққан кезде қатты нөсер болып, жауын суы мешіттің мәрмәр
еденімен сарқырап ағып жатты.
Барлық арабтар таң қалып,
ғибадат ете
бастады. Мені Мұхаммед Пайғамбардың зиратына бастап барған молда:
«Бұл – жақсы ырым. Пайғамбарымыз сіздің ғибадатыңызды қабылдады.
Әдетте, бұл аймақта жаңбыр тек екі айдан кейін ғана жауатын», – деді.
Кеңестік кезеңде мұсылман дінбасыларының
барлық мәселелерін
штаб-пәтері Ташкентте орналасқан Орталық Азия мен Қазақстан мұсыл-
мандарының Діни басқармасы жүйелеп отыратын. Біздің еліміздің мұсыл-
мандары үшін 1990 жылы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы-
ның ашылуы ерекше оқиға болды.
Орыс Православие шіркеуінің қазақстандық епархиясы кеңестік кезең-
де тікелей Орыс Православие шіркеуіне бағынатын. Тәуелсіз Қазақстанда
Орыс Православие шіркеуінің қазақстандық епархиясын ортақ құрылымға
біріктіру басталды.
Конституция елдің барлық азаматтарына, діни сеніміне қарамастан, тең
құқық береді. Әрі бір кезеңде 1992 жылдың 15 қаңтарында қабылданған
және діни төзімділіктің базалық ұстанымдарын айқындайтын «Дін
еркіндігі
мен діни бірлестіктер туралы» заң қоғамдық тәртіпке нақты қатер төндіретін
секталар мен ағымдарға байланысты шектен шыққан либерализмімен де
ерекшеленетін. Қазақстанда олардың қызметіне жол бермеу және бұрынғы
конфессиялық саясаттың кінәраттарын жою үшін заң кейінірек жетілдірілді.