НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет106/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   264
Жаңа кезеңдегі саяси партиялар
Парламенттің 2002 жылдың шілдесінде «Саяси партиялар туралы» 
жаңа заң қабылдауы еліміздің партиялық-саяси өміріндегі маңызды меже 
саналады.
Бұрынғы, 1996 жылғы заң саяси партияларға айрықша құқық бермеген 
болатын, сондықтан да олардың қоғамдық бірлестіктер арасындағы рөлі 
аса мардымды емес еді. Ал жаңа заң саяси бірлестіктерге лайықты мәртебе 
алып берді.
2000 жылдары либералдандыру елдің партиялық-саяси өмірінің ба-
сым векторына айналды. 2002 жылдың наурызында Қазақстанның «Ауыл» 
социал-демократиялық партиясының құрылтай съезі өтіп, оның төрағасы 
болып академик, депутат Ғ. Қалиев сайланды. Шілде айында «Қазақстан 
патриоттары партиясы» құрылып, төрағалығына белгілі саясаткер, бұрын 
президенттікке үміткер болған Ғ. Қасымов бекітілді. 2001 жылдың қараша-
сында «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ше-
неуніктер тобының бастамасымен, кәсіпкерлердің қолдауымен құрылтай 
съезі өтті. 2002 жылдың наурызында «ҚДТ» мүшелерінің бір тобы бөлініп 
шығып «Ақ жол» партиясын құрды.
2003 жылдың сәуірінде «Асар» партиясы құрылды, төрағасы болып 
Д. Назарбаева сайланды. 2006 жылдың шілдесінде бұл партияның кезек-
ті съезі «Отан» партиясына қосылу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ 
2003 жылдың сәуірінде «Руханият» партиясының құрылтай съезі өтті, оның 
төрағасы А. Жағанова болды. 2004 жылдың ақпанында «Қазақстанның 
демократиялық таңдауы» халықтық партиясының құрылтай съезі болды. 
Қазақстан Коммунистік партиясындағы бірқатар келіспеушіліктер салда-
рынан фунционерлердің біразы жеке партия ұйымын құру туралы шешім 
қабылдады. 2004 жылдың сәуірінде Қазақстанның коммунистік халықтық 
партия сының (ҚКХП) съезі өтіп, бірінші хатшы болып В. Косарев сайланды. 
2004 жылдың сәуір айында Қазақстан демократиялық партиясының құрыл-
тай съезі шақырылды. Оның жетекшісі М. Нәрікбаев болды. 2006 жылы 
бұл партияның атауы «Әділет» демократиялық партиясы болып ауысты. 
2006 жылдың қыркүйегінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партия-
сының құрылтай съезі өтті.
Қазақстанның партиялар алаңындағы маңызды оқиға 2006 жылдың 
22 желтоқсанында болды. «Отан» партиясының Х съезінде оның Азамат-
тық және Аграрлық партиялармен біріккені және бұдан былай «Нұр Отан» 
халықтық-демократиялық партиясы болып аталатыны туралы шешім қа-
былданды.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
205
2008 жылдың желтоқсанында Мәжіліс «Саяси партиялар туралы» заңға 
түзетулер енгізді. Сол өзгерістерге сәйкес, партия жақтастарының тіркелу 
үшін қажетті саны 50 мың адамнан 40 мыңға, ал өңірлік шектеу – 700-ден 
600 адамға азайтылды. Тіркеу үшін құжаттарды өткізу мерзімі екі айдан 
төрт айға ұзартылды.
2011 жылдың соңына қарай Қазақстанда сегіз саяси партия жұмыс істеп 
жатты (мүшелерінің жалпы саны 1,3 миллион адам), олар – «Нұр Отан» 
халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ауыл» социал-де-
мократиялық партиясы, Қазақстан патриоттары партиясы, Қазақстанның 
«Ақ жол» демократиялық партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы, 
Қазақстан коммунистік халықтық партиясы, «Руханият» партиясы, «Азат» 
жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.
Саяси жүйенің жаңаруы саяси партиялардың қарқынды бірігуіне, 
қоғамда заманауи саяси модельдің қалыптасуына алып келді, сонымен 
бірге елдегі саяси тұрақтылықтың нығаюына септігін тигізді.
Құқықтық саяси алаңда алуан түрлі сегіз саяси партияның пайда болуы 
мақсатты түрде партияаралық бәсекенің қалыптасқанын және әрқилы 
әлеуметтік-экономикалық мүдделердің қамтылғанын аңғартады. Елдің 
партиялық-саяси жүйесі қарбалас іс-әрекет пен қарапайым ашықтықтың 
жандануына қарай бағыт алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет