НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Назарбаев Университеті: іске асқан батыл жоспар



Pdf көрінісі
бет153/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   264
Назарбаев Университеті: іске асқан батыл жоспар
Елдің жаңа елордасын, жас Астананы құрған алғашқы күндерден бастап-
ақ мен осында маңызы мен деңгейі жағынан бірегей университет құруды 
армандадым. Дегенмен ең әуелі қаланың өзін салып алу керек. Әсем аста-
на өзінің сәулет жауһарларымен, сарайларымен, стадиондарымен жаса-
нып, мегаполиске айналған кезде ойымды жүзеге асыратын сәт те туды.
2006 жылғы Жолдауымда мен елордада халықаралық деңгейдегі уни-
верситет құру қажеттігін атап көрсеттім. 2007 жылы супер-университет 
құрудың ауқымды жұмысы басталып кетті.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
277
Мен ешқашан өз атымның көшеге, қалаға берілуіне келісім берген 
емеспін. Дегенмен университет атауына қатысты мәселе көтерілгенде, 
ұстанымымды сәл өзгертуге бел байладым. 2009 жылы «жаңа университет 
менің Қазақстан халқына және бүкіл әлемге жасаған сыйым болсын» деп 
шештім. Мен үшін университет те, дәл Астана секілді, өте қымбат. 
2010 жылдың 28 шілдесінде Назарбаев Университетінің ашылуы салта-
наты өтті. Тәуелсіз Қазақстан жоғары мектебінің тарих сағаты жаңаша соға 
бастады. 
Екі ай өткен соң, 28 қыркүйек күні университетте тұңғыш рет Foundation 
бағдарламасы бойынша студенттердің сабағы басталды. Оқу үрдісі әу-
бастан әлемдік стандарттарға негізделіп құрылды. Жаңа деңгейге көтерілу 
үшін Қазақстанның білім жүйесіне дәл осындай бағдар қажет болды. 
Назарбаев Университетінің миссиясы да осы еді.
2010 жылдың 6 желтоқсанында әлемдік деңгейдегі басшы, бұған дейін 
Бүкіләлемдік банктің вице-президенті лауазымын атқарған Шигео Катсу 
университет ректоры болып тағайындалды.
Мен жыл сайын осы халықаралық университетте өзімнің дәріс оқу 
дәстүрімді енгіздім. Алғашқы дәрісті 2010 жылдың 7 желтоқсанында өт-
кіздім. Өз дәрістерімде мен үнемі студенттер аудиториясы алдында жаһан-
дық үрдістерге өз көзқарасымды ашық айтып, дәуірдің сын-қатерлерін 
талдауға, білуге құштар жастарға өз жасым мен тәжірибем тұрғысынан 
жаңа зияткерлік бағдарларды нұсқауға мейлінше тырысамын. Универси-
тет қабырғасында әрқашан ерекше шабытпен және көңіл күймен сөйлеуге 
ұмтыламын. Дәрістерімді ыждаһатпен тыңдап, байыпты сұрақтар қоятын сту-
денттер мен үшін Қазақстанның жарқын болашағының тамаша айғағы іспетті.
2011 жылдың қаңтар айында қабылданған заң бойынша Назарбаев 
Университеті – мәртебесі жөнінен автономиялық және академиялық еркін-
дік қағидалары аясында жұмыс атқаратын Қазақстанның алғашқы жоғары 
оқу орны болды. 
2011 жылдың шілдесінде Жоғары Қамқоршылық кеңесінің алғашқы жи-
налысы өтті. Онда университет дамуының 2012–2020 жылдарға арналған 
стратегиялық бағыт-бағдарлары айқындалды. 
Лондон, Гарвард, Дьюк, Карнеги, Висконсин, Питсбург, Пенсильвания, 
Сингапур, Беркли сынды әлемге әйгілі және беделді ғылыми орталықтар 
Назарбаев Университетінің серіктестеріне айналды.
2011 жылдың тамыз айында маңызды оқиға болды – бакалавриаттың үш 
мектебінде: Инженерия мектебінде (серіктесі – University College London), 
Ғылым және технология мектебінде (Carnegie Mellon University), Гумани-


278
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
тарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде (University of Wisconsin-
Madison) оқыту басталды. Университет толыққанды іске кірісті. 
Назарбаев Университеті қанатын кең жая отырып, республикалық білім 
жүйесіне – эталон, Қазақстанның барша жоғары оқу орындарына – әлемдік 
тәжірибені жеткізуші, озық ойлы жас қазақстандықтардың аңсар биігі, өз 
аясына озық оқытушыларды топтастырған зияткерлік-инновациялық клас-
тер бола білді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет