НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Сындарлы жаһандық кезеңдегі Президент сайлауы



Pdf көрінісі
бет186/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   264
Сындарлы жаһандық кезеңдегі Президент сайлауы 
2015 жыл өзге көптеген елдер тәрізді, Қазақстанға да қиындықтарын 
ала келді. Мұнай бағасының құлдырауы одан әрі жалғасты, әр баррельдің 
құны 40 доллардан төмен түсті. Осының салдарынан бюджетке экспорт-
тық түсімдер күрт азайды. Ұлғайып келе жатқан геосаяси дағдарыс қауіпті 
тәуекелдерімен қолайсыздық тудырды. 2016 жылы Қазақстанда Прези-
дент және Парламент сайлаулары өтуі тиіс еді, алайда, менің ойымша, 
бұларды бір мезгілде өткізу қисынсыз болды. 2015 жылы индустриалан-


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
353
дырудың екінші бесжылдығы басталғанын ескере отырып, экономикалық 
және саяси циклдарды үйлестіру талабы туындады. 
Айта кетейін, 2015 жылы 2011 жылдағыдай, менің президенттігімді мәң-
гілік жасау қажеттігі туралы азаматтардан өтініштер келіп түсті. Мен бұған 
үзілді-кесілді қарсы болдым.
Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, 2015 жылдың 14 ақпанында 
Қазақстан халқы Ассамблеясы президенттік сайлауды мерзімінен бұрын 
өткізу туралы бастама көтерді. 16 ақпанда ҚХА-ның бастамасына «Нұр 
Отан» партиясы қолдау білдірді. Конституциялық кеңес өзінің қаулысын-
да Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге еш кедергі жоқ екенін 
растады. 
Көптеген азаматтар мен еңбек ұжымдары мерзімінен бұрын сайлау 
өткізу идеясын қолдап, тілектестік білдірді. Мен «Нұр Отан» партиясының 
XVI съезінде сөйлеген сөзімде барлық қазақстандықтарға маған сенім біл-
діргендері үшін алғыс айтып, партия атынан Президентке үміткер ретінде 
қатысу ниетім жайлы хабарладым. 
2015 жылдың 31 наурызында менің «Ұлт жоспары: бес институционал-
дық реформа» сайлауалды бағдарламам жарияланды. 
Біздің сайлау штабының құрамына бес саяси партия атынан қоғам қай-
раткерлері және саяси тұлғалар, мәдениет пен өнер қайраткерлері, таны-
мал спортшылар кіріп, сенімді өкіл болды. Әлеуметтік желілердің белсенді 
түрде қолданылуы – 2015 жылғы сайлауалды науқанның жарқын ерекшелі-
гінің бірі. 
Өзіне қолдау білдіргендердің қажетті дауысын жинаған президенттік-
ке үміткерлердің қатарында Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы-
ның хатшысы, жаһандануға қарсы қағидатты ұстанған Т. Сыздықов және 
Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы, өз бағдарламасында 
қоршаған ортаны қорғауға баса көңіл бөлген А. Құсайынов болды.
2015 жылғы 26 сәуірде өткен Президент сайлауында мені және серік-
терімді даусыз жеңіс күтіп тұрды: маған дауыс беруге қатысқан сайлаушы-
лардың 97,7 проценті қолдау білдірді. Халықтың маған деген сенімі, аза-
маттардың үкілеген үміті өзіме жүктелген қосымша міндет деп қабылдадым. 
Ал өзге үміткерлер – А. Құсайынов 0,6 процент, Т. Сыздықов 1,6 процент 
дауыс жинады. 
Сайлауға келушілер саны өте жоғары болды – 95 процент. Дауыс беру 
үшін адамдар кезекте тұрды. Бұл керемет еді. 
Әлемнің көптеген елдерінің азаматтық қоғам дағдарысын бастан кешіп 
отырғанын білетін қазақстандықтар мұндай оқиғалардың өз отанында да 
болғанын қаламады, сол себепті де сайлауға жұмыла қатысып, өздерінің 


354
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
конституциялық ұстанымын білдірді. Қазақстанның болашақ тағдыры сынға 
түскен сайлау қоғамдық келісімнің көрінісін паш етті. Бұл сайлауда мен ұлт-
тың ұйысқанын айрықша өткір сезіндім. 
Өткен сайлауға көптеген халықаралық бақылаушылар жоғары баға 
берді, олардың арасында тәуелсіз сарапшылар да, Еуропадағы қа-
уіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының, Ислам ынтымақтастығы ұйымы-
ның, Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Түркітілдес елдер парламент-
тік ассамблеясының, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының, Тәуелсіз 
мемлекеттер достастығының өкілдері болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет