НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет188/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   264
2016 жылғы Парламент сайлауы. 
Реформалар парламенті 
2015 жылдың сәуір айындағы Президент сайлауы өзгерістерге кең жол 
ашты. 2016 жылдың соңында бесжылдық өкілеттілік мерзімі бітетін Парла-
ментке де халық тарапынан жаңа сенімділік мандаты аса қажет болды. 
Елде жүріп жатқан ауқымды өзгерістер Парламент жұмысының күн 
тәртібін мүлде ауыстырып жіберді. Мемлекеттің дамудың жаңа кезеңін-
де Парламент жаңғыртудың мүлтіксіз құқықтық базасын қамтамасыз етуге, 
дағдарысқа қарсы экономикалық саясаттың маңызды міндеттерін жедел ше-
шуге және алдағы жылдардағы институционалды дамудың жолын нақтылап 
беретін стратегиялық заңдарды дер кезінде қабылдауға тиіс болды. 
Депутаттық өкілеттіліктердің мерзімі аяқталатын 2016 жылдың соңын 
күту қисынсыз еді: Парламент сайлауын уақыт оздырмай, мәслихаттардың 
сайлауымен бірге өткізу – уақыт талабы болатын. Ұлт жоспары бойынша 
орталықта да, жергілікті жерлерде де осы жылды тиімді әрі толық көлемде 
пайдалану үшін депутаттарды сайлау бір мезгілде әрі неғұрлым тез өткізілуі
қажет болды. Оған үлкен себеп те бар: жаппай дағдарыс жалғасып жатты, 
шиеленісті сыртқы жағдай мен қолайсыз экономикалық конъюнктура ішкі 
және сыртқы саяси үдерістерді ушықтыра берді.
2015 жылы өнімді жұмыс істеген мәжіліс Бес институционалдық рефор-
маның мықты заңнамалық базасын қалыптастырды. Сол арқылы өздерінің 
ең басты миссиясын орындап шықты. Мәжіліс депутаттарының 2016 жылы 
13 қаңтарда кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы ұсыныс жаса-
уы мемлекеттік мақсат-мүдденің олардың жеке басының мүддесінен гөрі 
маңызды екенін тағы да бір рет дәлелдегендей.
Қажетті саяси және құқықтық ақыл-кеңестер алғаннан кейін сол жылдың 
20 қаңтарында бесінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің өкілеттігін 
мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойдым. Мәжілістің кезек-
тен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға белгіленді.
«Нұр Отан» партиясының жоғары қоғамдық беделі оның сөзсіз жеңісін 
болжауға мүмкіндік берді, дауыс берушілердің 82,2 проценті бұл бол-
жамның дұрыстығын растап шықты. Мәслихаттар сайлауы да осындай 
нәтижемен аяқталды. Сондай-ақ, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық 
партиясы (7,18 процент) және Қазақстанның Коммунистік халық партия-
сы (7,14 процент) да Мәжіліс өкілдігіне ие болды. «Бірлік», Жалпыұлттық 
социал-демократиялық партия және «Ауыл» халықтық-демократиялық 
партиясы – Парламентке кіру үшін талап етілген 7 проценттік кедергіден 
өте алмады.


358
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Сайлау қорытындысы бойынша депутаттық мандаттар былайша бөлін-
ді: «Нұр Отан» – 84, «Ақ жол» және ҚКХП – 7 орыннан; тағы 9 депутат Пар-
ламентке Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды. Мәжіліс спикері бо-
лып Б. Ізмұхамбетов сайланды. 
2016 жылғы Парламент сайлауы – демократиялық құндылықтарды құр-
меттейтін Қазақстан халқы қаншалықты біртұтас екенін дәлелдеді. Мұны 
мәжіліс сайлаулары үшін рекордтық көрсеткіш болған сайлаушылардың 
қатысуы да көрсетті (77 процент). Бұл сайлаулар – реформаторлық бағытқа 
қолдау көрсетудің іс жүзіндегі бүкілхалықтық қолдауы еді. Тәуелсіздіктің 25 
жылдығымен орайласа келген сайлау көктемгі жаңару мерекесі – Наурыз 
мейрамы қарсаңында өтуі де ерекше көңіл күй сыйлағаны анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет