НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Жаңа экономикалық ахуалға лайық әлеуметтік саясат



Pdf көрінісі
бет216/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   264
Жаңа экономикалық ахуалға лайық әлеуметтік саясат 
2014 жылғы қаңтардағы Жолдауымда мен болашаққа үлкен сеніммен 
қарадым: 2050 стратегиясы айқын шамшырақ секілді басты мақсатымыздан 
көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге 
мүмкіндік береді. Бұл – біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмы-
сын жақсартатынымызды білдіреді. Менің ойымша, нақ осы әлеуметтік көңіл 
күй Қазақстанның басты стратегиялық мақсатының – әлемнің дамыған отыз 
елінің қатарына қосылуының маңызды көрсеткіші болуы тиіс. 
2015 жылы қарашада мен көп жылдар бойы экономикалық өсім бел-
сенді әлеуметтік саясатты жүргізуге елеулі ықпалын тигізгенін еске салдым. 
Қазақстандықтардың әл-ауқаты тіпті дағдарыстар кезінің өзінде өсумен 
болды. Он жылдың ішінде әлеуметтік салаға бөлінетін шығындар 3 есеге 
өскен. Жәрдемақылар мен төлемдерді 1,5 миллион азамат тұрақты түрде 
алып тұрды. 
Әлеуметтік саясатқа 2014-2015 жылдардағы әлемдік дағдарыс жағдай-
ында ерекше көңіл бөлінді. 


404
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Жаһандық тұрақсыздық жағдайында әлеуметтік саясатты ойлауға мұрша 
да болмайтын сияқты. Алайда менің ұстанымым бұған қарама-қарсы еді. 
2015 жылғы қарашадағы Жолдауымда біз ештеңеге қарамастан, тұрғындар-
ды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастыра беретінімізді 
атап өттім. Сондай-ақ 2016 жылдың қаңтарынан бастап денсаулық сақтау, 
білім беру және «Б» корпусындағы қызметкерлердің айлығы 30 процентке 
дейін, ал әлеуметтік қызметшілердікі 40 процентке дейін өсірілетінін ха-
барладым. Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандардың әлеуметтік 
жәрдемақылары, сондай-ақ студенттердің стипендиялары 25 процентке 
өсірілетін болды. Мемлекет ең қиын жағдайдың өзінде халық алдындағы 
әлеуметтік міндеттемелерін орындауды жалғастыра берді.
Жаңа экономикалық ахуал жағдайында Үкімет алдында жаңа әлеумет-
тік саясатты жасау міндеті тұрды. Әлеуметтік салада мемлекетке екі қызмет 
жүктелді: адам капиталына тартылатын инвестиция және әлеуметтік тұрғы-
дан аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету. Бұдан басқалары өз еңбек-
терімен табылуы қажет. 
Ұлт жоспары бойынша әлеуметтік жәрдем белгілі бір адамдарға бағыт-
талады, табыстары отбасындағы әр адамға шаққанда, күнкөрістік мөл-
шердің тең жартысынан төмен болған отбасыларға беріледі. Бұл ретте жұ-
мыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысқандығы 
туралы әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Дағдарысқа қарсы белсенді әлеуметтік саясат өзінің жақсы нәтиже-
лерін бере бастады: 2016 жылы жұмыссыздықтың өсуі тоқтатылды. Бюд-
жеттік түсімдердің қысқартылуына қарамастан, Үкімет өзінің барлық әлеу-
меттік міндеттемелерін орындап шықты. Бюджеттегілердің еңбекақысы 
және жәрдемақылар ұлғайды. Ең төменгі еңбекақы (күнкөріс минимумы) 
2010 жылдан 2016 жылға дейін 65 процент өсті. Аймақтардың әкімдері жұ-
мыс орындарының сақталу мәселесін бақылауда ұстады және кәсіпорын-
дардың тоқтаусыз жұмыстарын қамтамасыз етті.
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға тікелей көмек ретінде 2016 жылы 
1,5 миллиард теңге бөлінген. Жарты миллион көпбалалы отбасы мемле-
кеттік жәрдемақы алды. Он жылдың ішінде бала туғанда берілетін жәрдем 
ақшаның көлемі 6 есе, ал баланы күтуге байланысты берілетін жәрдем 4 
есе артты. 2017 жылы бала туғанда берілетін жәрдемнің көлемі және зей-
нетақы төлемдері 20 процентке өсті.
«Нұрлы жол» бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы-2020» 
жаһандық дағдарыс жағдайында өзінің әлеуметтік салаға бағытталуы 
жағынан ерекше маңыздылыққа ие болды. Осы бағдарламалар бойынша 
инфрақұрылымдық жобаларға бөлінетін барлық қаржы қазақстандықтар-
дың игілігіне жұмсалуы керек.


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
405


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет