НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Денсаулық сақтау: дамудың жаңа кезеңі



Pdf көрінісі
бет218/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   264
Денсаулық сақтау: дамудың жаңа кезеңі
2010-шы жылдары Мемлекет қазақстандықтардың денсаулығын жақ-
сартуға байланысты қажетті шаралардың бәрін де жасады. 
Менің дәстүрлі Жолдауларымда денсаулық сақтау ісіне айтарлықтай 
көңіл бөлініп отырды. 2011 жылғы қаңтарда денсаулық сақтаудың мәселе-
леріне ерекше назар аудардым, бастапқы медициналық-санитарлық көмек 
көрсетудің сапасын арттырып, алдын алу жұмыстарын нақты қолға алуы-
мыз қажеттігін, бала туатын жастағы әйелдер мен балалардың денсаулығы-
ның жай-күйін бақылайтын бағдарлама енгізілуі қажеттігін атап көрсеттім. 
Тағы да бір маңыз бағыт – көлік медицинасын дамыту. Алдағы жыл-
да екінші «Денсаулық» диагностикалық-емдеу пойызы іске қосылатынын, 
мобильді автоемханалар саны 50-ге жеткізілетінін, ал санитарлық авиация 
қарамағына 16 тікұшақ берілетінін хабарладым.
Жол-көлік оқиғаларының жиі болатынына байланысты, Үкіметке трасса-
лық медициналық-құтқару пункттері жүйесін құру тапсырылды. 2015 жылы 
ондай пункттердің саны 40-қа жетті және мыңдаған қазақстандықтарды 
ажалдан алып қалуға жәрдемдесті.
2011 жылғы Жолдауда маңызды әлеуметтік меже белгіленді: 2015 жылға 
қарай қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасын 70-тен асыру көзделді. 
Мемлекет қабылдаған шаралардың нәтижесінде бұл мақсатқа қол жеткізілді. 
Ақпараттық технология дәрігерлік жәрдемге қолжетімділікті арттыр-
ды. 2010-шы жылдардың басында елімізде жетекші клиникалар мен алыс 
қашықтықтан ақыл-кеңес бере алатын 180 телемедициналық орталық жұ-
мыс істеп тұрды. 
Қазақстан тіпті жаһандық дағдарыстар жағдайының өзінде, медицина-
лық бағдарламаларды қысқартуға жол берген жоқ. 2015 жылғы қарашадағы 
Жолдауымда бұрынғы қабылданған бағдарламаларға сәйкес, медицинаны 
жаңғыртуды жалғастыра беретінімізді баяндадым.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынған жыл-
дарда (2011-2015 жылдар) денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерінің 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
407
(адам жасының ұзақтығы, туберкулезбен, онкологиялық және жүрек 
қан-тамырлары ауруларымен ауыру) жақсы жағына қарай өзгергені бай-
қалды. Скринингтік бағдарлама енгізілді, кардиологиялық қызмет құрылды. 
Саланы қаржыландыру 1,5 есеге өсті.
Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында 1300 денсаулық сақтау нысаны са-
лынған екен. 
Алайда қол жеткен табыстарға тоқмейілсуге болмайтын еді. Жаңа 
дәуір жаңа міндеттер ала келді. Олар 2012 жылғы желтоқсандағы «Қа-
зақстан-2050» стратегиясында көрініс тапты. 
Дамыған елдердің отыздығына ену үшін Қазақстан ЭЫДҰ-ның меди-
циналық стандарттарын кезең-кезеңімен қабылдай бастады. Әсіресе бұл 
алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету мен стационарлардың 
тиімділігіне қатысты болды. 
Бюджеттің тапшылығына қарамастан, Үкіметке 2016-2019 жылдарға ар-
налған, алғашқы көмек көрсету мен бүкіл жүйені жаңғыртуды көздеген 
жаңа мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасын жасау тапсырылды. 
Қазақстанда 2016 жылы әлемдік тәжірибені ескере отырып, орталық және 
аймақтық деңгейдегі қоғамдық денсаулық сақтау ісін қалыптастыру қолға 
алынды, негізінен, бұл бағдарламада аурудың алдын алуға басымдық берілді. 
Ұлт жоспарында медициналық сақтандыру және оны кезең-кезеңмен 
жүзеге асыру қарастырылған. Сақтандырудың жаңа жүйесі екі пакеттен 
құралатын болады. Базалық пакетке мемлекеттік кепілдікпен берілетін ме-
дициналық көмек (жедел жәрдем және әлеуметтік маңызы бар ауруларды 
емдеу) енеді. Емханалық, стационарлық және жоғары технологиялық көмек 
– қалпына келтіру мен оңалту ем-шаралары Медициналық сақтандыру қо-
рының екінші пакеті арқылы төленеді. 2016 жылдың наурыз айынан бастап 
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң күшіне енді. 
2017 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет