НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қоғамдық кеңестер және мемлекеттік тапсырыс



Pdf көрінісі
бет227/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   264
Қоғамдық кеңестер және мемлекеттік тапсырыс
2010-шы жылдары азаматтық қоғамның ел дамуына атсалысуы және 
маңызды әлеуметтік міндеттердің шешімін табуы барынша елеулі болды. 
Қазақстанда 35 мыңнан астам коммерциялық емес ұйымдар жұмыс істеді, 
олардың 28 мыңға жуығы – үкіметтік емес ұйымдар. Олардың Үкіметпен 
өзара қарым-қатынасын арнайы үйлестіру кеңесі реттеп отырды. Үкімет-
тік емес ұйымдар (ҮЕҰ),соның ішінде түрлі шығармашылық одақтары, ҚХА 
қоры, Дүниежүзі қазақтарының ассоциациясы, Іскер әйелдер ассоциа-
циясы, Қазақстан жастарының конгресі мемлекеттік тапсырысты орындау 
арқылы қаржыландырылып отырды. 
2012 жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік тапсырыс ұзақ мерзімді 
әлеуметтік мәні бар жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді, 2010 жыл-
дың ортасынан бастап мұндай жобалардың 2 мыңнан астамы, солардың 
ішінде – ҚХА сессиялары, «Жібек жолы бойындағы диалог» халықаралық 
мәдени жобасы, Саясаттанушылар конгресі, Ұлттық мәдени орталықтар 
форумы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шараларының жиында-
ры қаржыландырылды.
2016 жылдың қараша айында өткен VІІ азаматтық форумда жыл сай-
ын мыңға жуық ҮЕҰ-дардың мемлекеттік тапсырыс алатыны, бұлардың 
қызметін 8 миллионнан астам адам пайдаланатыны аталып өтті. ҮЕҰ үшін 
мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттарды бөлудің Ұлттық операторы 
– сол жылы құрылған Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы болды. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
421
2010-шы жылдардың ортасына қарай елде кеңес беру, ақылдасу ұй-
ымдары, сараптамалық және жұмыс топтары сияқты түрлі пікір алмасу – 
диалог алаңдары аз болмады. Алайда бұл құрылымдар толық көлемде 
институционалды сипатта болмады, мәселен, Мәжілістегі заңнамаларға 
сараптама жүргізетін қоғамдық палата дәрежесіне жете алмады.
Азаматтық қоғам үнін жеткізуші ретіндегі қоғамдық кеңес беру орган-
дарының рөлін арттыру мақсатында 2015 жылдың қараша айында мен 
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қол қойдым. Енді автономды және дер-
бес қоғамдық кеңестер республикалық (министрліктер, орталық басқару 
органдары) деңгейде ғана емес, жергілікті, өңірлік деңгейде де құрыла 
алатын болды. Кеңестер коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, 
ғылыми ортадан, ҚХА-дан, БАҚ-тан, бизнес ассоциациялардан, беделді 
сарапшылардан және қарапайым азаматтардан құрылады. Заңға сәйкес 
қоғамдық кеңес мүшелерінің үштен екісі жұртшылықтың өкілдерінен, ал 
үштен бірі Үкіметтің құрамына кірмейтін атқарушы биліктің қызметкерлері-
нен құралуы тиіс. Қоғамдық кеңестің ұсыныстарын міндетті түрде мемле-
кеттік органдар қарайды.
2016 жылы елде екі жүзден астам қоғамдық кеңестер пайда болды. Үкімет 
олардың өкілеттілік шеңберін айқындады: қоғамдық кеңестер әкімдердің 
есеп берулерін тыңдайтын болады, өңірлік басымдықтарды анықтайды, 
қандай да бір мәселелер бойынша тыңдаулар өткізеді, олардың пікірлері 
өңірдің, яки белгілі бір саланың бюджетін қалыптастыру кезінде ескерілетін 
болады. Қоғамдық кеңестерге мол мүмкіндіктер берілген – олар азаматтар 
мен биліктің арасын байланыстырушы мемлекеттік құрылымдарға азамат-
тық бастамаларды жеткізуші коммуникативтік арнаға айналады. Осылай-
ша, «Қоғамдық кеңестер туралы» заң азаматтық қоғамды нығайтудың Ұлт 
жоспарын орындаудағы маңызды қадамы болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет