НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Ядролық қарусыз әлем жолындағы көшбасшылық



Pdf көрінісі
бет49/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   264
Ядролық қарусыз әлем жолындағы көшбасшылық 
және мемлекет қауіпсіздігін нығайту
Аумағымыздағы Семей сынақ полигоны, мұраға қалған кеңестік қа-
ру-жарақ тәуелсіз республиканың меншігіне өткеннен кейін, бізге үлкен 
таңдау жасау қажет болды. Бәске ұзақ мерзімді ұлттық қауіпсіздік тігілді. 
Таразының бір басында, өзіміздің әскери қуатымыздың ресурсы ретін-
де ядролық әлеуетті сақтап қалу, ал екінші басында өзіміз үшін ядролық 
қарусыз болашақ таңдап, одан бас тарту арқылы бүкіл жер жүзіне біздің 
мақсатымыз күшімізді қару-жарақ жинаумен дәлелдеу емес екенін көрсету 
тұрды. 
Осынау күрделі таңдау алдында тұрған кезде Алматыға, көптеген 
адамдар үшін тірі аңызға айналған, Маргарет Тэтчердің келгені есімде. Де-
генмен алғашқы кездесуден-ақ бастысы қонақтың биік мәртебесі немесе 


95
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
маңызын сезіну емес, жұмыс пен мәселенің шешілуі екеніне ден қойдық. 
Ол өте еркін, тік мінезді әрі ашық адам болатын. Тэтчер бірінші кездесудің 
өзінде маған: «Сіз ядролық қаруды не істемек ойдасыз?» – деген сауалды 
тікесінен қойды. Іштей кесімді шешім қабылдап қойсам да, әлі де ойлану 
үстіндегідей қалып таныттым. Бір жағынан маған оның мұндай тік мінезі 
ұнады. Екінші жағынан, Тэтчердің бұл сауалды өз тарапынан ғана емес, 
сондай-ақ батыстағы тұтас саясаткерлер ортасы атынан қойып отырғанын 
түсіндім. Ал негізгі келіссөз процесі әлі алда еді, сондықтан картаны ал-
дын-ала ашып тастауға да болмайтын. Дегенмен мен Тэтчермен барынша 
ашық сөйлесуге шешім қабылдадым және өз көзқарасымды барынша нақты 
білдірдім. Қазақстан қару-жарақтың таралу қаупіне жауапкершілікпен қа-
райды, бірақ бізге ядролық мемлекеттердің кепілі қажет еді, сонымен бірге 
елеулі инвестицияға есеп жасап отырғанбыз. Онсыз біз нақты келіссөздер 
жүргізе алмайтын едік. Осы әңгіме барысында Тэтчер мені мұқият бақы-
лады. Бірінші кездесудегі сол ойлы да қатаң көзқарас есімде жақсы сақта-
лыпты. Өзіңді рентген сәулесі арқылы тексеріп жатқандай болатын. Алай-
да біздің сөзімізде ешқандай жасырын астар болған жоқ. Тэтчер менің 
ашықтығымды жоғары бағалады. Кейде саясатта стереотиптерді бұзу да 
қажет. Өзіңнің қарсы алдыңда отырған адамның мінез-құлқы мен деңгейін 
түсіну де маңызды. Менің басымнан әлемдегі ең ірі мемлекеттердің бірінің 
президентіне байланысты бір оқиға өтті. Атын айтпақ-ақ қояйын. Өйткені 
тұтас бір мемлекеттің беделіне нұқсан келтіргім келмейді. Дегенмен сол 
адамның бойындағы үлкен саясатқа деген көзқарас болмашы ғана есебі 
бар кішкентай компанияның жұмысты жаңадан бастаған есепшісіне тән 
болатын. «Есесіне мен не аламын, әңгімелесуші мені алдап кетпей ме?» 
дегендей ойда отыратын. Ал Маргарет Тэтчермен әңгіме барысында оның 
ерік-күші мен деңгейін бірден сезіндім. Ол қашанда өзіне не қажет екенін 
білетін. Әңгіме деңгейін де өте үлкен биікке шеберлікпен көтере алатын. 
Алматыдан аттанарда Тэтчер маған: «Меніңше, Сізбен әлі де көп жайды 
талқылауға болатын сияқты», – деді. Шынында да, солай болды. Бұдан кей-
ін де онымен бірнеше мәрте кездестік. Лондонға барған сайын мен мін-
детті түрде оған соғатынмын.
Осылайша, Қазақстанның «ядролық мәселеге» байланысты таңдауы 
біржола шешілді: 1991 жылдың 29 тамызында мен Семей ядролық поли-
гонын жабу туралы Жарлыққа қол қойдым. Алайда проблемалар көп еді.
Сондықтан 1992 жылдың қазанында БҰҰ-да сөз сөйлегенде, мен осынау 
ажалдың апанын жапқанымызды, бірақ аймақты сауықтырып, зардап шек-
кендерді емдеу, нәрестелерді қатерден қорғау үшін мол қаржы керек екенін 
атап көрсеттім.


96
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Әлемдегі АҚШ, Ресей мен Украинадан кейін көлемі жағынан төртінші 
ядролық арсеналдың тағдыры туралы мәселе ашық күйінде тұрған. 1991 
жылдың соңында республика аумағында 1216 ядролық оқтұмсық болды. 
Бұл сол кезде Ұлыбританияның, Франция мен Қытайдың оқтұмсықтарын 
қосып есептегеннен де көп болатын. Мен «ядролық қару-жарақ Қазақстан-
ның аймақтағы ықпалын күшейтуге қабілетті» дейтіндердің пікіріне мүлдем 
келіспедім. Саясаткер ретінде ядролық мемлекет мәртебесі елге болмашы 
ғана артықшылық беретінін, есесіне болашақта үлкен сыртқы саяси проб-
лемалар тудыратынын айқын түсіндім.
Атап айтқанда, Ресей өзін КСРО-ның бірден-бір ядролық мұрагерімін 
деп есептеді, ал АҚШ пен басқа да батыс державалары әлемге тарап кет-
кен ядролық қарудың терроршылар үшін қолжетімді болу мүмкіндігіне 
алаңдады. 1992 жылдың басында жас тәуелсіз мемлекеттер ядролық қа-
руды бір жерден бақылау мәселесіне келісе алмағаннан кейін, олардың 
алаңдаушылығы тіпті күшейе түскен.
Біздің аумағымыздағы ядролық әлеует проблемасының шешімі белгілі 
бір деңгейде – Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен 
Армения арасында 1992 жылдың мамырында Ташкентте қол қойылған 
Ұжымдық қауіпсіздік келісіміне айтарлықтай әсер етті. Аталмыш алты елдің 
кез келгеніне төнген сыртқы агрессия қатері қалған қатысушылардың оған, 
кез келген қажет болса, әскери көмек те беруге міндеттейтін.
Сол 1992 жылдың мамыр айында үлкен Джордж Бушпен келіссөздер 
барысында, «ядролық мәселенің» еліміз үшін барынша пайдалы, оңтайлы 
шешімін табудың сәті түсті. Біздің дипломатиямыз әлемдегі аса ірі держа-
ваның Қазақстанды саяси тұрғыда толық мойындауына және бізбен жан-
жақты экономикалық әріптестікке әзір болуына қол жеткізді. Осылайша, 
әлем тарихында тұңғыш рет сыртқы саяси диалогта ядролық қаруға ие 
болу емес, керісінше, одан бас тарту маңызды тетікке айналды.
1993 жылдың ақпанында біз жаңадан сайланған АҚШ президенті Билл 
Клинтонның Мемлекеттік хатшы У. Кристоферге Қазақстанмен әріптестік 
мәселелерімен айналысу туралы тапсырма берген хатын алдық. Атап ай-
тқанда, Б. Клинтон «Нанн-Лугар заңына сәйкес, АҚШ Қазақстанның ядро-
лық қарудан азат болу процесіне көмектесу үшін қаржы бөлуге міндетте-
нетінін» жазыпты.
Дегенмен, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келген кезде шахта-
лардағы ядролық зымыран қондырғыларын жою жөніндегі келісімшартқа 
жылдам қол қойғызу үшін тізеге салмақ болды, мен оны тоқтаттым. Әри-
не, біз АҚШ-тың алаңдаушылығын түсіндік және өзім де келісімге қол қою 
ға дайын едім. Бірақ дәл мұндай стратегиялық шешім үшін Қазақстан не 


97
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
алады? Мен оның есесіне Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға, 
қорғаныс кәсіпорындарын бейбіт мақсатқа пайдалануға және басқа да 
қажеттіліктерге керекті америкалық инвестициялардың келуін талап еттім. 
Жалпы, біздің АҚШ-пен арада экономикалық әріптестік жөніндегі мемле-
кетаралық келісіміміз жоқ болатын. Біз тек мұнай бизнесі ғана емес, басқа 
да америкалық бизнес түрлерінің Қазақстанға келуін қаладық. АҚШ үкіметі
оған мүмкіндігінше септесуге тырысты. Ол үшін мемлекетаралық маңыз-
ды келісімдер керек болатын. Қысқасы, келісе алмадық. Сөйтіп, Кристофер 
риза болмай кетті.
Мұндай жағдайларда АҚШ-қа пайдалы нәрселердің басқаларға да ав-
томатты түрде пайдалы болатыны туралы америкалық элитаның ниеті заң-
ды да. Бірақ маған өз елімнің мүддесін қорғау керек еді. Сөйтіп саналы 
түрде тәуекелге бардым. Бақытымызға орай, президент Б. Клинтон мен ви-
це-президент А. Гор реалистік тұрғыда ойлайтын адамдар болатын.
1993 жылдың 10 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес ядролық қару-жарақты 
таратпау туралы келісімшартқа қосылуға дауыс берді.
1994 жылдың 28 наурызында Борис Ельцинмен Қазақстан аумағында 
уақытша орналасқан Стратегиялық ядролық қарулар туралы келісімшартқа 
қол қойылды. Келісімшартқа сәйкес, Ресей Қазақстанға ядролық шабуыл 
қатерінен қорғауға кепілдік берді.
Қазақстанның басты артықшылығы – жаппай қырып-жоятын қару-жа-
рақтың мол қорында емес, керісінше, ашықтықта, бейбітшілікте, саналы 
ой-сана мен моральдық беделде екенін біз о бастан жақсы сезіндік. Ол 
ядролық қарусыз мемлекетті жүздеген, тіпті мыңдаған оқтұмсығы бар мем-
лекеттерден де қауқарлы күшке айналдыра алатын. Ұзақ мерзімді ұлттық 
қауіпсіздікті нығайту үшін қатерлі қарудан бас тартудың мұндай саясаты 
барлық замандарда да өзгелерге үлгі болуға тиісті еді.
1994 жылдың қазан-қараша айларында АҚШ Қазақстаннан (Өске-
меннен) Америкаға 600 килограм жоғары байытылған уранды алып кету 
жөніндегі «Жақұт» операциясын іске асырды.
1994 жылдың 5 желтоқсанында Будапештте өткізілген Еуропадағы қа-
уіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) саммитінде Қазақстан, 
Ресей, АҚШ және Ұлыбритания басшылары Ядролық қаруды таратпау 
жөніндегі келісімге қосылған елдердің қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы 
Меморандумға қол қойды. Соңынан Қазақстанға мұндай кепілдікті, Фран-
ция мен Қытай сияқты, басқа да ядролық мемлекеттер берді. Бұл әлемдік 
қоғамдастықтың Қазақстанның өз міндеттемесін орындауын мойындайты-
нын және оған жауап есебінде қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығына кеп-
ілдік беретінін білдіретін.


98
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
1995 жылдың мамыр айының соңына қарай Қазақстан аймағындағы
ядролық қару толық жойылды немесе әкетілді, баллистикалық зымыран-
дардың шахтадағы қондырғылары да жойылды. Осылайша, кеңестік ядро-
лық қаруды мұраға алған, ел алдындағы аса күрделі міндетті – бүкіл әлемнің 
мүддесіне сәйкес және ұлттық қауіпсіздікке ешқандай нұқсан келтірмей 
шеше алдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет