100
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ланысты шешімді былайша ұсындым: даулы аймақтың 53 проценті – Қа-
зақстанға, 47 пайызы – Қытайға тиесілі болсын. Мұндай мәселеде Цзян
Цзэминь өте табанды еді және өз елінің ұлттық мүддесі ол үшін қашанда
басымдыққа ие болды. Оның көзқарасы қаталданып, әжептәуір қатқылдау
дауыспен: «Не, бұл сен үшін принципті түрде маңызды ма?» – деп сұраған.
Мен де сондай қатқыл дауыспен: «Иә!» – деп жауап бердім. Қазақ халқы-
ның тарихи жады өте тереңде жатыр және Қытаймен арадағы шекараның
нақтылануы тек қана өткен ғасырдың соңындағы Қазақстан үшін саяси ба-
талияның мәселесі емес болатын. Онда өткен шақтың жаңғырығы болды,
әрі үмітпен бірге ренішке де толы еді. Менің халқымның ұлттық көңіл күйі
дәл осы мәселенің шешіміне байланысты болатын. Сөйтіп, үнсіздік ор-
наған. Сосын өз сарапшыларынан осы шешімнің дұрыс екендігі туралы
сұраған ол, ақыры: «Жарайды, онда қол қояйық», – деді.
1995 жылдың 15 қыркүйегінде, ратификациялық грамоталар алмасқан-
нан кейін, Қазақстан – Қытай мемлекеттік шекарасы туралы Келісім күшіне
енді. ҚХР-мен мұндай келісімге тіпті КСРО-ның өзі де қол жеткізе алмаған.
Қазақстан Республикасы тарихында тұңғыш рет Қытаймен арада мойын-
далған, бекітілген мемлекеттік шекара – бейбітшілік пен әріптестік шекара-
сы пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: