НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Екіжақты мемлекетаралық қатынастардың орнауы



Pdf көрінісі
бет48/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   264
Екіжақты мемлекетаралық қатынастардың орнауы: 
«достық көпірлері»
Қазақстан алғашқы күндерден бастап барлық елдермен өзара тиімді 
қарым-қатынас орнатуға әзірлігін және ниеттілігін білдірді. Бұл позиция 
өзгеріссіз қалды.
Мен реалист саясаткер ретінде Қазақстанның жағдайында іргелес Ресей 
мен Қытай және бүкіл әлемге ықпалы үлкен супердержава – АҚШ сияқты ірі 
мемлекеттермен өзара тиімді, достық қарым-қатынастың маңызды екенін
түсіндім. Біз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының өзінде өзара сенімге 
негізделген осындай байланыстарды нығайтуға кірістік. Қазақстанның 


91
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
әлемдік саясаттан тысқары қалмауы Ресей, Қытай мен АҚШ сияқты үш дер-
жавамен арадағы жемісті әріптестіктің арқасы екеніне мен берік сенімдімін.
Қазақстан үшін қашанда Ресеймен қарым-қатынас басым бағытқа ие. 
Екі ел арасындағы көпқырлы әріптестік пен тығыз байланыс ортақ тарихтың 
көп жылғы дәстүріне негізделген, арада әлемдегі ең ұзын шекара сызығы, 
тығыз экономикалық және адами байланыстар, мәдени-гума нитарлық құн-
дылықтар жақындығы бар. 
Екіжақты қарым-қатынастың негізгі бағыттарын нақтылаған бірінші та-
рихи құжат Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 
1992 жылдың 25 мамырында қол қойылған Достық, әріптестік пен өзара 
көмек туралы келісім болды. Келісімде Қазақстан мен Ресей өз қарым-қа-
тынастарын одақтас мемлекеттер ретінде нығайтып, қалыптасқан берік 
тарихи байланыстарға арқа сүйеуге келісті. Екіжақты байланыстар мемле-
кеттік тәуелсіздіктің, аймақтық тұтастық пен қалыптасқан шекараның мыз-
ғымастығы, ішкі істерге араласпау, адам құқығы мен негізгі бостандықтарды 
сақтау, міндеттемелерді орындау, жанжалдарды бейбіт реттеу, экономика-
лық және басқа да қысым тәсілдері бар күш немесе қауіпті әрекеттер қол-
данбау қағидаларына негізделді.
Қазақстан – Ресей қарым-қатынастары басынан бастап түрлі деңгейлер 
мен әртүрлі салалардағы белсенділігімен ерекшеленді. Ресей басшысы 
Борис Ельцинмен жеке қарым-қатынастың үлкен маңызы болды. Біз жыл 
сайын екіжақты форматты кездесулер өткізіп, халықаралық шараларда, 
сондай-ақ ресми емес жағдайда сөйлесіп отырдық.
Әлі есімде, Ресей үшін ауыр тиген 1990-шы жылдары көршілеріміз-
де астыққа байланысты қиын жағдай қалыптасып, Борис Николаевич 
премьер-министр Виктор Черномырдинді Қазақстанға жіберді. Мен 
Ельциннің өтініші біз үшін өте маңызды екенін айтып, қажет болса, Ресей 
Қазақстанға астығына арқа сүйей алатынын ескерттім. Ол бос сөз, саяси 
декларация емес, қиын шақта бір-бірімізге қол ұшын созу болатын.
Борис Ельцин пейілі кең, сенімді дос еді. Ол – маған, мен оған сендік. 
Меніңше, біздің елдеріміздің арасындағы тұрақты достық пен әріптестік – 
көп жағдайда осы Борис Николаевичтің еңбегі.
Менің Қазақстан Президенті ретіндегі 1994 жылдың наурыз айында 
Ресейге жасаған ресми сапарым Қазақстан – Ресей қарым-қатынастары 
дамуының маңызды белесі болды. Оның қорытындысы бойынша 22 құ-
жатқа, оның ішінде Экономикалық әріптестік пен интеграцияны одан әрі 
тереңдету келісіміне, Ресейде тұрақты тұратын қазақстандықтардың, Қа-
зақстандағы ресейліктердің азаматтық және құқықтық мәртебесі туралы 


92
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
меморандумға, Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану туралы келісімге 
қол қойылды.
Қазақстанның ең басты сыртқы саяси міндеттерінің бірі – шығыстағы 
көршіміз Қытай Халық Республикасымен бейбіт қарым-қатынас орнату еді. 
1993 жылдың қазан айында Қытайға жасаған алғашқы ресми сапарымда 
екі ел арасындағы өзара достық қарым-қатынастың негіздері туралы Бір-
лескен декларацияға қол қойылды.
Тараптар барлық даулы мәселелерді ешқандай күш қолданбай және 
қандай да бір формадағы қатерлі әрекеттерге, бір-бірінің қауіпсіздігіне қау іп 
төндіретін қимылдарға бармай, бейбіт тәсілдермен шешетінін көрсетті. 
Келіссөз барысында маған ҚХР төрағасы Цзян Цзэминьмен жеке дос-
тық қатынас орнатудың сәті түсті, ол «Қытайдың Қазақстанға ешқандай ау-
мақтық наразылығы жоқ, шекаралық мәселелер бізге тарихи мұра екенді-
гі және оларды келіссөздер арқылы шешуге болады» деген тұжырыммен 
аяқталды.
Қазақстан – Қытай қарым-қатынасын нығайтуда 1994 жылдың сәуірінде 
ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Пэннің Қазақстанға жасаған са-
пары үлкен рөл атқарды. Ол бірнеше маңызды үкіметаралық құжаттарға, 
соның ішінде Қазақстан – Қытай шекарасы туралы екіжақты келісімге қол 
қоюмен аяқталды.
1995 жылдың қыркүйегінде мен ҚХР-ға екінші ресми сапар жасадым. Біз 
достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мен тереңдету туралы Бірле-
скен декларация қабылдадық. Сонымен қоса Қазақстанның Ляньюньган теңіз 
портын пайдалануы туралы маңызды үкіметаралық келісімге қол қойыл ды.
Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының басым бағыттарының 
бірі – Америка Құрама Штаттарымен екіжақты қарым-қатынас.
1992 жылдың мамыр айында мен Сауда байланыстары туралы келісімге, 
Қаржы салымдарын ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімшартқа 
және Екі елдің үкіметтері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға 
қол қойылған АҚШ-қа алғашқы ресми сапарымды жасадым. Біз АҚШ пре-
зиденті үлкен Джордж Бушпен көптеген саяси мәселелерге байланысты 
ортақ пікірге келдік және осындай қарым-қатынас екеуара достық байла-
ныстарға ұласты. Сол жылы АҚШ президенті Қазақстанды Тәуелсіздігінің
бір жылдығымен құттықтап, маған мынадай сөздер жолдады: «Өткен жыл-
дарда Қазақстан халықаралық мойындалу тұрғысында және саяси-эконо-
микалық реформаларды жүзеге асыруда үлкен прогреске қол жеткізді. Сіз 
осынау қиын кезеңдегі жетістіктеріңізбен мақтана аласыз».
1994 жылдың ақпанында біз американың жаңа басшысы Билл Клинтон-
мен Вашингтонда кездесіп, Демократиялық әріптестік туралы хартияға қол 


93
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
қойдық. Жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында Қазақстан алғашқы болып 
Құрама Штаттар тарапынан теңқұқылы әріптес ретінде мойындалды.
Осы кезеңде Қазақстанның жетекші еуропалық елдермен арадағы дип-
ломатиялық байланыстары қалыптасып, дами түсті. 1992 жылдың қыркүйе-
гінде мен Германияға, сосын Францияға сапар шектім.
1993 жылдың қыркүйегінде Франция президенті Франсуа Миттеран 
біздің елімізге келді. Аса ірі батысеуропалық мемлекет басшысының Қа-
зақстанға бұл сапары, әлбетте, біздің жас республикамыздың табыста-
ры өзгелерді мойындата бастағанын паш етті. Франсуа Миттеран, «Батыс 
Еуро па үшін Қазақстан бұрынғы КСРО-дан шыққан жас мемлекеттердің 
арасында ең тұрақты да болашағынан зор үміт күттіретіндердің бірі сана-
лады» деді.
1994 жылдың наурыз айында менің Ұлыбританияға жасаған ресми са-
парым кезінде екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынты-
мақтастық туралы бірнеше құжатқа қол қойылды.
Қазақстан тәуелсіздігін алғашқы болып мойындаған Түркия біз үшін 
маңызды аймақтық әріптес. 1992 жылдың наурызында Алматыда екі ел 
арасындағы дипломатиялық қатынас орнату туралы хаттамаға және екі 
ел азаматтары үшін визасыз тәртіп енгізу туралы келісімге қол қойы лып, 
21 сәуірде Түркия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі маған 
сенім грамотасын тапсырды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш жүзе-
ге асырылған дипломатиялық салтанат біздің еліміздегі шет елдік дипло-
матиялық корпустың қалыптасуының басы болды. Небәрі бір аптадан 
соң Қазақстанға өз елінің елшілігінің салтанатты ашылуына Түркияның 
премьер-министрі Сүлеймен Демирел келіп, жүргізілген келіссөздер 
барысында Қазақстанда жүзеге асырылуы тиісті ауқымды экономика-
лық жобаларға, соның ішінде Каспийдегі мұнай кеніштерін өңдеуге қы-
зығушылығын танытты.
1993 жылдың сәуір айында Қазақстанға Тұрғыт Озал келді. Біз – 
Түркістанға бірге барып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін және елдің бірқа-
тар қаласын араладық. Жоғарғы Кеңесте сөз сөйлеген Түркия басшы-
сы: «Түркия Қазақстанға барлық көмегін жасауда және жасай да береді, 
өйткені бір халықтың дамуы екіншісінің де дамуына ықпал етеді», – деп 
атап көрсетті.
1994 жылдың қазан айындағы менің Түркияға жасаған бірінші ресми 
сапарым екіжақты қарым-қатынастарды анағұрлым жоғары деңгейге 
шығарды. Елдің жаңа президенті Сүлейман Демирелмен және пре-
мьер-министр Тансу Чиллермен Достық және әріптестік туралы келісімге 
қол қойылды.


94
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Тәуелсіздіктің алғашқы, ең ауыр жылдарында Түркия Қазақстанға 
елеу лі сыртқы саяси қолдау көрсетті. Жоғары деңгейдегі жүйелі Қазақстан 
– Түрік кездесулері дәстүрге айналды. Тығыз саяси байланыстар эконо-
микалық және мәдени әріптестікті тереңдетуге септігін тигізді. 1995 жыл-
дардың орта тұсында Қазақстанда 150-ден астам түрік фирмасы тіркеліп, 
тура әуе рейстері ашылды. Жыл сайын жүздеген жас қазақстандықтар 
Түркияда дәріс алып, түрік студенттері Қазақстан жоғары оқу орындарын-
да оқыды.
Айқын экономикалық, саяси және мәдени факторларды ескере оты-
рып Қазақстан ортаазиялық көршілері – Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, 
Тәжікстан және Түрікменстанмен байланысқа ерекше көңіл бөледі.
1994 жылдың сәуірінде Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстан басшы-
лары Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қойды. Сол 
жылдың шілде айында оның – тұрақты атқару комитеті бар Мемлекетара-
лық кеңес, Премьер-министрлер кеңесі, Сыртқы істер министрлігінің кеңесі 
және Қорғаныс министрлерінің кеңесі жұмыс істей бастады.
Еліміз үшін оңайға түспеген сол жылдары, аса маңызды жетекші дер-
жавалармен қарым-қатынас орнатып, әлемдік саясатта ықпалы зор тұлға-
лар саналатын – үлкен Джордж Буш, Маргарет Тэтчер, Борис Ельцин, Цзян 
Цзэминь, Ли Куан Ю, Франсуа Миттеран, Джон Мейджор, Сүлейман Деми-
рел және тағы басқа көрнекті адамдармен жемісті диалог орнатудың сәті 
түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет