НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Әскери шыңдалу. Қарулы күштерді кәсібилендіру



Pdf көрінісі
бет112/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   264
Әскери шыңдалу. Қарулы күштерді кәсібилендіру
Халықаралық әскери-саяси ахуал өзгеріп, әскери технологиялар дами түсіп, 
ұрыс қимылдарын жүргізу тактикасының тың түрлері пайда бола бастаған-
дықтан, 1993 жылғы бірінші доктринамыздың кей ережелерінің ескіріп қалға-
ны анық еді. 2000 жылы мен, Қарулы күштердің Бас қолбасшысы ретінде 
жаңа кезеңдегі ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі 
Қарулы күштердің міндетін айқындай түсетін жаңа Әскери доктринаны бекіт-
тім. Сол жылдың шілде айында Әскери реформа тұжырымдамасы мен Әске-
ри құрылымның мемлекеттік бағдарламасы (2005 жылға дейін) қабылданды. 
Әскери реформа – еліміздегі барлық салада: саяси, экономикалық, әлеуметтік 
салаларда болып жатқан кешенді өзгеріс тердің ажырамас бөлігі саналады.
2000 жылдан Қазақстан Қарулы күштерін қаржыландыру көлемі арта 
бастады. Экономиканың өсуі қорғаныс бюджетін қаржыландыруға да 
жағымды әсер етіп, ол жыл сайын көбейе түсті және ІЖӨ-нің 1 процентін 
құрады. 2000 жылғы Жолдауда мен әскери округтер құра бастағанымыз-
ды, шекарамызды нықтап алғанымызды айрықша атап өткен болатынмын. 
2002 жылға дейінгі мерзімді қамтыған Әскери құрылымның мемлекет-
тік бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші кезеңінде Қарулы күштердің 
құрылымы оңтайландырылды, мобильді күштер құрылды, оның құрамына 
«Қазбат» бітімгерлік батальоны кірді. 2006 жылы оның негізінде «Қазбриг» 
бригадасы пайда болды. Екінші кезеңде (2005 жылға дейінгі мерзім) жа-
сақтаудың аумақтық ұстанымына ауысу жалғасын тауып, Оңтүстік, Шығыс, 
Орталық және Батыс әскери округтері құрылды.
2000 жылдардың бірінші жартысында қаруланған заңсыз құрамаларға 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
213
қарсы іс-қимыл жүргізу секілді бірқатар оқу-жаттығулар өткізілді. Оңтүстік 
шекараларда ТМД елдері лаңкестікке қарсы күштерінің өзара ықпалдаса 
әрекет ету мәселелері шешіліп жатты. 2002 жылдың көктемінде Сарышаған 
полигонында «Отан қалқаны-2002» атты ірі жаттығу болып өтті. Бұл Қару-
лы күштердің мерейтойы қарсаңында егемен Қазақстан әскерінің әлеуетті 
екеніне көз жеткізген маңызды сынақ еді.
2003 жылдың 7 мамырында мен қол қойған Қарулы күштердің құрылы-
мын жетілдіру туралы Жарлық Қазақстан Республикасының қорғаныс са-
ласын үйлестіре дамытудың жаңа кезеңінің бастауы болды.
Бас штаб негізінде штаб басшыларының комитеті құрылды. Қарулы 
күштердің үш түрлі құрылымына көшу жүзеге асырылды – Құрлықтағы әскер, 
Әуе қорғанысы күштері және Әскери-теңіз күштері. Ұтқыр күштер негізінде 
Жоғарғы Бас Қолбасшының резервті күші – Аэроұтқыр әскер жасақталды.
Басқаруды оңтайландыра түсу үшін әскери округтер «Батыс», «Шығыс», 
«Оңтүстік» және «Астана» атты өңірлік қолбасшылықтар болып өзгерді.
Кадр даярлау ісі де сапалы қайта ұйымдастыруды бастан өткерді. Әске-
ри академия негізінде Шортандыда Ұлттық қорғаныс университеті ашыл-
ды. Әскери оқу орындары түрлік сипаттарына орай қайта құрылды: Құр-
лықтағы әскер институты (Алматы), Әуе қорғанысы күштері институты 
(Ақтөбе), Әскери-теңіз күштері институты (Ақтау).
Қарулы күштер сапындағы өзгерістердің басты бағыты – әскердің кәсі-
биленуі болды. Жасақтаудың аралас принципіне кезең-кезеңімен көшу 
басталды. Сержант-кәсіпқойлар институты құрылды.
2005 жылдың маусым айында «Әскери міндеттілік және әскери қыз-
мет туралы» заң қабылданып, қызметтің жаңа мерзімін белгіледі: мерзімді 
қызмет әскери қызметшілерге – 12 ай, мерзімді қызмет офицерлерге – 
24 ай болды.
2006 жылы Қарулы күштерді дамытудың 2010 жылға дейінгі кезеңге ар-
налған мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. 2007 жылы лаңкестер, экс-
тремистер, заңға бағынбайтын бандалық құрамалар тарапынан төнер қа-
уіпке лайықты жауап бере алатын жаңа Әскери доктрина бекітілді.
2011 жылдың ақпан айында Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа 
мәжілісінде мен: «Әскери құрылымымыздың іргесіне негіз болып қаланған 
басты қағидалар мен механизмдердің дұрыс таңдап алынғанын өткен 
жиыр ма жыл айқын аңғартты», деп, нық жауапкершілікпен мәлімдедім.
Сөйтіп, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда егемен елдің қорғанысын, 
қауіпсіздігін және экономикалық мүдделерін сенімді түрде қамтамасыз ету-
ге қажетті барлық құрылымдар қалыптасты. Елдің алаңсыз, бейбіт дамуына 
қолайлы жағдай туғызатын сенімді қалқан жасалды.


214
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет