НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет120/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   264
Бизнесті қорғау – басым бағыт
Кәсіпкерлікті дамыту әу бастан-ақ экономикалық саясаттың маңызды 
құрамдас бөлігі болған-ды. 2000-шы жылдардағы кезең мемлекет тарапынан 
нақты қолдауды сезінген отандық кәсіпкерлер үшін айрықша маңызға ие еді. 
Мемлекет бизнес үшін салық ауыртпалығын жеңілдетуге мақсатты түр-
де барды. 2001 жылдың шілдесінен бастап қосымша құн салығының (ҚҚС) 
мөлшерлемесі 20-дан 16 процентке, әлеуметтік салықтыкі – 26-дан 21 про-
центке азайтылды. 2002 жылдан бастап жаңа, әлдеқайда озық сипаттағы 
Салық кодексі қолданысқа енді.
2006 жылғы Жолдауымда мен 2007 жылдың қаңтарынан бастап ҚҚС 
көлемін 14 процентке дейін төмендету, сондай-ақ шағын және орта биз-
неске салық салудың бірыңғай мөлшерлемесін азайту (әр тоқсанға 3 про-
цент) міндеттерін алға қойдым. Бұдан бөлек, 2008 жылдың қаңтарынан 
бастап әлеуметтік салықтың мөлшерлемесі 13 процентке төмендетілді. Са-
лық климатын жеңілдетуге бағытталған бұл шаралардың бәрі – басқа ТМД 
елдерінде қолданылатын шағын және орта бизнеске салық салу тәсілдері-
нен анағұрлым тиімді еді.
Сонымен бірге, кәсіпкерлер тап болатын көптеген қиындықтардың си-
патынан да толық хабарым бар-ды, ол жөнінде 2000 жылдың қазан ай-
ындағы Кәсіпкерлер форумында сөйлеген сөзімде айтқан да болатынмын. 
Мен кәсіпкерлердің үнемі алдынан шығып отыратын, көп жағдайда па-
рақорлыққа, билігін асыра пайдаланушылыққа қатысы бар талай кедер-
гілер туралы жақсы білемін. Осыған орай, мемлекеттік органдардың бар-
лық өкілдерінен шағын және орта бизнеске деген көзқарасты түбегейлі 
өзгертулерін талап еттім. Менің бастамаммен, 2003 жылдың қаңтарынан 
қазан айына дейін тексерулерге арнайы мораторий жарияланды. Бұл шара 
кәсіпкерлердің еркін тыныс алып, өз шаруасына көбірек уақыт бөлуіне 
мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, 2003 жылдың желтоқсанында Бас прокура-
тура «заң бұзушылық анықталған жағдайларда» бақылау және қадағалау 
органдарының тексеру жүргізуін қабыл алмау құқығына ие болды. Қолға 
алынған осы шаралардың нәтижесінде 2004–2007 жылдары заңсыз тексе-
рулердің саны 3,5 есе азайды.
2006 жылдың қаңтарында «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң қабылданып, 
жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерудің тәртібін белгіледі. Осы жылдың 
наурыз айында қазақстандықтардың жеке бастамашылдығын еркін жүзеге 
асыруына жағдай жасалғанын, кәсіпкерлердің тек оны тиімді пайдалана 
білуі керектігін толық сеніммен мәлімдеуіме мүмкіндік туды. Мыңдаған қа-
зақстандық бұл ұранға үн қосты.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
225
2008 жылдың ақпанында халыққа арнаған Жолдауымда бизнеске түсетін 
әкімшілік салмақ мәселесіне қайта оралып соғуыма тура келді, өйткені 
алуан түрлі тексерулер ақылға сыятын шектен асып түсіп, экономика мен 
жеке кәсіпкерлік үшін нағыз апатты ахуалға айнала бастады. Мұндай бей-
берекет тексерулердің менің саясатыма қайшы екенін ашық айтып, Үкімет-
ке оларды қысқарту туралы тапсырма бердім.
Шағын және орта бизнесті тексеруге тағы да мораторий жарияланып, 
ол 2009 жылдың шілде айына дейін созылды. Сол 2009 жылы Үкіметке 
бизнеске тексеру жүргізудің барлық рәсімдерін реттеу жүктелді. Ауқымды 
жұмыс атқарылды, ақыры 2011 жылдың қаңтарында «Мемлекеттік бақылау 
мен қадағалау туралы» заң күшіне енді.
Кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау саясаты ел үшін атқарылған игілікті іс 
болып шықты. Шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін халықтың үлесі 
ұдайы өсе түсті де, 2011 жылы 29 процентке жетті. 2012 жылы жеке кәсіп-
керлік 2,5 миллион қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет