НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет114/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   264
Ұлттық қордың құрылуы
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында мемлекеттік қазынаны толтыру 
мәселесінде қиындықтарға тап болдық, қаражат жағынан қатты тарықтық. 
Мұғалімдер мен дәрігерлер айлап, жылдап жалақы алмады, сарбаздар 
құнарсыз тағамды талғажау етті, өндірісі тоқтаған қалалар тырп ете алмай 
қалды – өте ауыр заман болды. Кез келген отбасы «ертең қиын күн туа қал-
са...» деп, алдын ала аз-кем қаражат жинайды, ал мемлекет – екібастан со-
лай етуі керек. Сондықтан мен болашақ ұрпақтың табан тірер қоры болуы 
үшін, өзіндік «қауіпсіздік жастығын» – шикізат секторынан түсетін үстеме 
кірісті жинақтап отыратын мұнай қорын құру туралы алғаш рет осы кезең-
де ойладым.
Идеяны іс жүзіне асыруға біз «Қазақстан-2030» стратегиясының дайын-
дық жұмыстарын жүргізіп жатқанда кірістік.
1998 жылы құлдырап кеткен әлемдік мұнай құнының бюджет пен ұлттық 
валютаға тигізген әсері Қазақстан мұнай және басқа да экспорттық ресурс-
тар бағасының динамикасын өз мүддесі үшін пайдалануы керек екенін 
көрсетті. Сөйтіп, мұнай бағасы тағы да шарықтай жөнелгенде мен, көкейге 
келген ойды кейінге қалдырмастан, мұнай қоры жобасын қолға алу керек 
деп шештім.
Мен 2000 жылы «Хабар» телеарнасындағы тікелей эфир барысында,
«Мұнай қорын қалайда құруымыз қажет. Әлемдегі бағалар мың құбылуы 
мүмкін, егер мұнай сатудан үстеме кіріс түсіп жатса, үнемі бұлай орайы 
келе бермейтінін ескеріп, оны ертеңгі қауырт жағдай үшін жинап, сақтап 
қойғанымыз жөн», – деген шешімімді жарияладым. Кейінірек көзіміз жет-
кеніндей, бұл дұрыс шешім болды, әлемдік экономика құлдыраған күрделі 
кезең сынақтарына төтеп беріп, шыдап бағуға мүмкіндік жасады.
Жаңа құрылымды Ұлттық қор деп атадық, бұл атаудың өзі оның ха-
лықтың, елдің болашағы үшін зор маңызға ие екенін айқын аңғартты.
Ұлттық қор туралы жарлыққа 2000 жылдың 23 тамызында қол қойылды. 
Біз Мұнай қорын 1990 жылы-ақ құрып алған Норвегияның сәтті тәжірибесін 
ескердік. Аталған қордың арқасында, біріншіден, осы бір скандинавиялық 
мемлекеттің экономикасы бақылауға бой бермей кетуіне ұрынбады, екін-
шіден, тұрақтандыру қоры құрылды, үшіншіден, жинақталған қаражат бо-
лашақ ұрпаққа сақтала берді.
Ұлттық қордың жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында бірінші болып 
Қазақстанда құрылғанын да атап өткен жөн.
Ұлттық қордың құрылуын жаһандық қаржы ұйымдарының жетекшілері 
жылы шыраймен қабыл алды. 2002 жылдың желтоқсанында Еуропалық 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
217
қайта құру және даму банкінің президенті Ж. Лемьер Қазақстанда Ұлттық 
қордың құрылуын «өте көрегендікпен қабылданған шешім» деп мәлімдеді.
Табиғи қазбаларды экспорттаудан алынған түсімдерді жинақтайтын Ұлт-
тық қорды басқару Ұлттық банкке тапсырылды. 2005 жылдың қыркүйегінде 
мен Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдама-
сын бекіттім.
Ұлттық қордың 2000-шы жылдардағы жинақталу динамикасы жоғары 
болды: 2004 жылдың өзінде шоғырланған қаражат көлемі 5 миллиард дол-
лардан асып кетті, 2005 жылы ол 8 миллиардқа жетті, 2006 жылы – 14 мил-
лиард, ал 2007 жылы – 21 миллиард болды. 
Ұлттық қордың құрылуы жас мемлекетіміздің тарихындағы айтарлықтай 
елеулі шешім еді. Ақырында Ұлттық қор 2007–2009 жылдардағы жаһандық 
дағдарыс салдарларын еңсеруде аса маңызды рөл атқарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет