НұСҚаулар 1 тақырып. Психологияның салалары: фундаменталды және қолданбалы



бет13/14
Дата25.05.2023
өлшемі48,27 Kb.
#97094
түріНұсқаулар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
БӨЖ

Тапсырманы орындау түрі: шығарманы жазбаша талдау, ұсыныстар
Әдебиеттер:
Василюк В. Ф. Психология переживания. М., 1989.
Изард К.Э. Психология эмоций. СПб., 1999.
Ольшанникова А.Е. Эмоции и воспитание. М., 1983.
Психология эмоций: Тексты / Под ред. В.К. Вилюнаса, Ю.Б. Гиппенрейтер. М., 1993.
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 1998.
Гальперин П.Я. Введение в психологию: Учеб. пособие для вузов. М., 1999.


10 тақырып. Іс-әрекет психологиясы және мотивация
Мақсаты: тақырып бойынша білімдерін кеңейту, тереңдету;
психологиялық ұсыныстар беру біліктерін жетілдіру.
Негізгі тапсырмалар:

  1. А.Н. Леонтьевтің «Общее понятие о деятельности» // Хрестоматияпо

психологии / Под ред. А.В. Петровского. Сост. В.В. Мироненко. – М.: Просвещение, 1987, С.93-100 еңбегін конспектілеу;

  1. Өзіңізге та ныс іс-әрекет түрінің (ойын, оқу, еңбек) психологиялық

құрылымын талдаңыз, бұл іс-әрекеттің іс-әрекет субъектісінің қажеттіліктері мен мотивтерімен қалай байланысатындығын көрсетіңіз; іс-әрекеттің мотивпен, әрекеттің мақсатпен, операцияның іс-әрекетті орындау шартымен қалай байланысатындығына мысал келтіріңіз.

  1. Оқушылардың жағымды оқу мотивациясын дамытуға арналған

ұсыныстар беру.

  1. «Шестое чувство» фильмінің фрагменттерін пайдалана отырып,

психологтың кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Бірінші тапсырманы орындауда конспект жазуға арналған
ұсыныстарды басшылыққа алыңыз;
2. Екінші тапсырманы орындау үшін іс-әрекет туралы психологиялық теориялармен танысу қажет;
3. Ұсыныстар нақты және түсініктемесімен болу керек. Мысалы:
- сабақ балаларға қызықты болуы үшін проблемалық сұрақтарды,
тапсырмалар мен ситуацияларды пайдаланыңыз;
- оқушылар белсенді, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу үшін сабақта
топпен жұмысты ұйымдастырыңыз;
- өзінің маңыздылығын сезіну үшін оқушылармен кеңесіп отырыңыз.
4. Фильм бойынша талдау жасау кезінде келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
- Психологтың іс-әрекеті қаншалықты тиімді?
- Баламен байланыс орнатып, оны ұстап отыру үшін психолог қандай құралдар мен тәсілдерді пайдаланды?
- Психолог баламен сенімді қарым-қатынас орната алды ма?
- Психологтың кәсіби іс-әрекетінің нәтижесін сіз қалай сипаттайсыз?
- Психолог қандай қателіктерге бой алдырды?
- Неліктен бұл қателіктер орын алды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет