Тапсырманы орындау түрі: жазбаша талдау жұмысы, шығармашылық жұмыс.
Әдебиеттер: Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 1998.
Гальперин П.Я. Введение в психологию: Учеб. пособие для вузов. М., 1999.
Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в психологию: Курс лекций. М., 1998.
Першина Л.А., Общая психология: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений / Л.А. Першина. - М: Академический Проект, 2004.- 436 с.
Маклаков А.Г., Общая психология: Учебник для вузов / А.Г. Маклаков.- СПб.: Питер, 2004.- 583 с.:ил..- (Серия " Учебник нового века").
Личко А.Е., Лавкай И.Ю. Акцентуации характера у подростков // Психол. журнал. 1987. № 2.
Психологический словарь / Под ред. В.П. Зинченко, Б.Г. Мещерякова. 2-е изд., перераб. и доп. М., 1996.
Психология: Слов. / Под ред. А.В. Петровского, М.Г. Ярошевского М., 1990.
9 тақырып.Тұлғаның психикалық күйлері
Мақсаты: тақырып бойынша білімдерін кеңейту, тереңдету; нақты
ситуацияларды талдау біліктерін қалыптастыру, психологиялық ұсыныстар беру біліктерін жетілдіру.
Негізгі тапсырмалар: 1. Қазіргі көркем туындылардағы (әдеби шығарма, фильмдер)
кейіпкерлердің эмоция көріністерін талдау.
2. Оқушылардың кейбір ерік сапаларын тәрбиелеуге байланысты
мұғалімдерге психологиялық ұсыныстар беру.
Әдістемелік нұсқаулар: 1. Тапсырманы орындау үшін Сізге көркем туындыны (әдеби шығарма
немесе фильм) таңдау қажет.
2. Туындыдан кейіпкерлердің қандай да бір эмоциялық күйлерінің
көріністері байқалатын (немесе сипатталатын) эпизодты таңдаңыз.
3. Кейіпкердің эмоциялық күйлеріне сипаттама беру керек (жағымды
немесе жағымсыз эмоциялар, стеникалық немесе астеникалық эмоциялар,
стресс, аффект, құмарлық, т.с.с.). Эпизодты келесі схема бойынша талдаңыз:
-Адамның бұл сипатталған күйі неден туындады?
- Сипатталған күйдің эмоциялық реңкі қандай?
- Күйлердің, сезімдердің динамикасы байқала ма, ол неден көрінеді?
- Адам мазмұны жағынан қандай эмоцияны басынан өткерді?
- Эмоциялық күйдің сыртқы (экспрессивті) көріністері қандай:
мимикасындағы, пантомимкасындағы, сөйлеуіндегі, мінез-құлқындағы?
- Күйлердің қарқындылығын қалай бағалауға болады (әлсіз, орташа, күшті, өте күшті)?
- Аталған белгілердің негізінде сипатталған күйді белгілі бір эмоцияның түріне жатқызуға бола ма (көңіл-күй, аффект, стресс, фрустрация)?
2. а) Тапсырманы орындау үшін Сізге ерік сапаларын анықтау қажет. Ұсынылған әдебиеттерден ерік сапаларының сипаттамасымен танысып, оқушылардың еркін қалыптастырудың тәсілдерін табу қажет.
ә) Осыған ұқсас етіп оқушылардың ерік сапаларын тәрбиелеуге байланысты мұғалімдерге арналған ұсыныстар құрастыру керек. Ұсыныстар нақты болу керек.
б) Ерік сапаларын қалыптастыратын дамыту жаттығуларын жинақтау қажет.