НұСҚаулар қарағанды 2020 кіріспе «Макроэкономика»



бет8/46
Дата31.12.2021
өлшемі134,17 Kb.
#21138
түріНұсқаулар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
6. Тестілер.

  1. Шығыстар бойынша ЖІӨ-ні есептеу барысында шығыстардың барлық аталған құрамдас бөлшектері жинақталып қосылғанда, төмендегілердің қайсыс оған кірмейді?

А) таза инвестициялар;

Ә) үй шаруашылықтарының ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар сатып алуға шығыстары;

Б) мұғалімдердің зейнетақылары;

В) тұтынылған негізгі капиталдың құны;

Г) су жүргізушінің ұсталған(пайдалануда болған) автокөлікті сатып алуы;

Д) өзінің жеке меншігіндегі автокөлігін жөндейтін механиктің қызметтері;

Е) мемлекеттік сатып алулар;

Ж) таза экспортқа шығыстар.



  1. Қаланың сыртынан отбасының үй сатып алуы төмендегілердің қайсысының мөлшеріне әсер етеді:

А) таза экспорттың;

Ә) мемлекеттік шығыстардың;

Б) инвестициялық шығыстардың;

В) ұзақ уақыт пайдаланлатын тауарлар сатып алуға жұмсалатын шығыстардың;

Г) жалпы инвестициялардың;

Д) тұрғын үй құрылысына арналатын инвестициялардың;

Е) импорттың

Ж) амортизацияның.



  1. Тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуларына не жатпайды:

А) мемлекеттік мекемелерді күтіп-ұстауға шығыстар;

Ә) денсаулық сақтау саласының бюджеттік ұйымдары дәрігерлердің жалақылары;

Б) жаңа мемлекеттік мектептер құрылысына шығыстар;

В) жұмыссыздық бойнынша жәрдемақылар төлеу шығыстары;

Г) зейнеткерлікке шыққан бухгалтерге мемлекет төлеген әлеуметтік қамсыздандыру чегі;

Д) студенттердің щәкіртақылары;

Е) мемлекеттің теңіз шекараларын қорғау үшін жаңа катер сатып алуы;

Ж) мемлекеттің әсери қызметкерлерді асыру үшін шығыстарды арттыруы.



  1. ЖІӨ-ні есептеген кезде оның құнына төмендегілердің ішінен не кірмейді:

А) үй қызметшісінің ақысы төленетін қызметтері;

Ә) жеке фирмада жұмыс істейтін адвокаттың қызметтері;

Б) фирманың тауарлар мен материалдық қорларының өсімі;

В) үй шаруашылығы мүшелерінің үйді тазалау және жөндеу бойынша бір-біріне көрсететін қызметтер;

Г) «Қазтрансойл» акцияларын сатудан алынған табыс;

Д) үш жыл бұрын шығарылған автомобильді сатып алу;

Е) Орал қаласындағы «Агрореммаш» компаниясының жаңа зауыт салуы;

Ж) мемлекеттің жаңа мектептің құрылысына шығыстары.



  1. Мемлекеттік транферттерге не жатпайды:

А) балаларға төленетін ай сайынғы жәрдемақылар;

Ә) жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар;

Б) дәр»-дәрмектер сатып алуға арналатын демеу қаржылар мен жеңілдіктер;

В) мемлекеттің жаңа мектептің құрылысына шығыстары;

Г) мемлекеттік мекемелерді күтіп-ұстауға шығыстар;

Д) денсаулық сақтау сласының бюджетік ұйымдары дәрігерлердің жалақылары;

Е) университет студенттеріне шәкіртақылар;

Ж) азаматтарға жастарына қарай төленетін зейнетақылар.



  1. Төменде аталғандардың қайсысы үй шаруашылықтарының қолдағы жеке табысының бір бөлігі болып саналады, бірақ жалпы ұлттық табысты есептегенде ескерілмейді:

А) тұтынылған негізгі капиталдың құны;

Ә) дивиденттер түрінде төленген пайданың бір бөлігі;

Б) мемлекеттік қызметкерлердің зейнетақылары;

В) жалдамалы жұмыскерлердің жалақысы;

Г) рента кірістері;

Д) меншік иелерінің табыстары;

Е) студенттердің шәкіртақылары;

Ж) мемлекеттің көпбалалы отбасы төлеген әлеуметік қамсыздандыру чегі.



  1. Соңғы өткен екі жыл ішінде атаулы ЖІӨ көлемі 500 млрд. доллардан 560 млрд. Долларға дейін көбейтеді. Осы екі жыл үшін ЖІӨ дефляторы 125%-тен 140%-ке дейін өзгереді. Бұл нақты ЖІӨ-нің не болғанын көрсетеді:

А) өзгерген жоқ;

Ә) атаулыға қарағанда, улкен дәрежеде көбейді;

Б) атаулыға қарағанда, улкен дәрежеде азайды;

В) сол күйінде қалды;

Г) 0,2% артты;

Д) атаулыға қарағанда, кіші дәреже көбейді;

Е) атаулыға қарағанда, кіші дәреже азайды;

Ж) атаулыға теңесті.



  1. Егер ағымдық кезеңде бағалар деңгейі негізге алынатын кезеңге қарағанда төмен болып шықса, онда бұл ағымдағы кезеңге нақты ЖІӨ-нің қалай болғанын білдіреді:

А) атаулыдан артық;

Ә) атаулыдан аз;

Б) атаулыға тең;

В) атаулдан артық болуды да, аз болуы да мүмкін;

Г) атаулыға шамалар өзгереді;

Д) атаулыға қарағанда, үлкен дәрежеде азайды;

Е) ақпарт жеткіліксіз;

Ж) атаулыға қарағанда, кіші дәрежеде артты.



  1. ЖІӨ дефляторы:

А) егер ағымдағы жылға қарағанда, негізгі алынатын жылда бағалар деңгейі жоғары болса, онда 1-ден асады;

Ә) егер ағымдағы жылға қарағанда, негізгі алынатын жылда бағалар деңгейі төмен болса, онда 1-ден аспайды;

Б) егер негізге алынатын жылға қарағанда, ағымдағы жылда бағалар деңгейі төмен болса, онда 1-ден аспайды;

В) егер негізге алынатын жылға қарағанда, , ағымдағы жылда бағалар деңгейі төмен болса, онда 1-ден асады;

Г) қашанда 1-ге тең;

Д) егер негізге алынатын жылға қарағанда, ағымдағы жылда бағалар деңгейі төмен болса, онда 100%-тен аз;

Е) егер ағымдағы жылға қарағанда, негізге алынатын жылда бағалар жоғары болса, онда 100%-тен аз;

Ж) егер ағымдағы жылға қарағанда, негізге алынатын жылда бағалар деңгейі төмен болса, онда 100%-тен аз.



  1. Ұлттық табыс – ол:

А) рента, жалақы, капиталға процент, корпорациялардың меншіктерінен түсетін табыстары және пайдалары;

Ә) С+Т+G+NX;

Б) С+Т+G -трансферт төледері-жанма салықтар;

В) инвестициялар минус жинақ ақша (инвестициялардан жинақ ақшаны алып тастағанда);

Г) ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар мен қызметердің құны;

Д) жалпы ұлттық табыс- (минус) амортизация;

Е) таза ұлттық табыс + (плюс) амортизация;

Ж) ЖІӨ- (минус) амортизация- (минус) бизнеске жанама салықтар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет