4. Есептер:
1. Жұмыспен қамтылғандардың саны - 180 млн. адам, жұмыссыздардың саны - 20 млн. адам. Жұмыссыздықтың деңгейін анықтаңыз.
Үш айдан кейін жұмысы бар 180 млн. адамның 2 миллионы жұмыстан шығарылды; ресми тіркелген жұмыссыздардың ішінен 1 млн. адам жұмыс іздеуді тоқтатты. Енді келесілерді анықтаңыз:
1) жұмыспен қамтылғандардың саны; 2) жұмыссыздардың саны;
3) жұмыссыздықтың деңгейі.
2. Келесі деректер белгілі:
Жылдар
|
Бағалар индексі (%)
|
Инфляция деңгейі(%)
|
1
|
100
|
|
2
|
112
|
|
3
|
123
|
|
4
|
129
|
|
Төмендегілерді есептеңіз:
А) әр жыл үшін инфляция деңгейі;
Ә) "70 мөлшері ережесін" пайдаланып, бағалар деңгейін екі еселеуге қажетті жылдар санын анықтаңыздар. Қорытынды жасаңыз.
. 3. Экономика келесі деректермен сипатталған: халық саны - 650 мың адам; еңбекке жарамды жұртшылықтан тыс және институттық халық саны 140 адамға тең. Жұмыссыздардың саны - 19 адам; жұмыс күші құрамына кірмейтіндердің саны 130 адамға тең. Бұл жағдайда жұмыссыздық деңгейі қандай?
4. Экономикада жұмысқа тартылған адамдардың саны - 2300. 200 адамның бір ай ішінде жұмысы бар, ал 2%-і жұмысынан айырылады дейік. Жұмыссыыздардың тұрақты деңгейі неге тең болмақ?
5. Төмендегі кестеде іс жүзіндегі және әлеуетті ЖІӨ (млрд. ақша бірлігі) көрсетілген. Бірінші жылда экономика жұмыспен толық қамту жағдайында дамыды деп жоромолдайық.
Жылдар
|
Әлуетті ЖІӨ
|
Іс жүзіндегі (нақты) ЖІӨ
|
1-жыл
|
3000
|
3000
|
2-жыл
|
3800
|
3405
|
3-жыл
|
4125
|
3712,5
|
Үщінші жылдың деректері бойынша төмендегілерді есептеңіз:
а) ЖІӨ-нің абсолюттік және салыстырмалы түрде (процентте) тұлғаланған нақты және әлеуетті көлемдері арасындағы айырманы;
ә) Оукен ережесін пайдалана отырып, 3-жылдағы жұмыссыздықтың деңгейін анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |