6. Тестілер:
1. Тоқырау (рецессия) сатысы төмендегі үдерістермен сипатталады:
А) пайданың қысқаруы;
Ә) жеке секторда инвестициялардың өсуі;
Б) салық түсімдерінің артуы;
В) акциялар бағамдарының төмендеуі;
Г) жұмыссыздық бойынша төлемдердің ұлғаюы;
Д) процент мөлшерлемелері деңгейінің төмендеуі;
Е) инфляцияның өсуі;
Ж) еңбекке сұраныстың көбеюі.
2. Дүрбелең сатысына төмендегі үдерістер жатады:
А) пайданың қысқаруы;
Ә) жеке секторда инвестициялардың өсуі;
Б) салық түсімдерінің артуы;
В) акциялар бағамдарының төмендеуі;
Г) жұмыссыздық бойынша төлемдердің ұлғаюы;
Д) еңбекке сұраныстың көбеюі;
Е) инфляцияның өсуі;
Ж) процент мөлшерлемелері деңгейінің төмендеуі.
3. Дж. Кейнс теориясына сәйкес экономикалық кезең төмендегілердің іс-әрекеттерімен байланысқан:
А) сыртқы факторлардың ғана;
Ә) ішкі факторлардың ғана;
Б) көбінесе жиынтық сұраныс серпініне әсер ететін факторлардың;
В) көбінесе жиынтық ұсыныс серпініне әсер ететін факторлардың;
Г) саяси факторладың ғана;
Д) кездейсоқтық факторлардың;
Е) іштен (интерн) әрекет етеін факторлардың;
Ж) сырттан (эктерн) әрекет етеін факторлардың.
4. Аталған құбылыстардың қайсысы экономикалық құлдырау кезеңіне сай келмейді:
А) құрал-жабдықтарға инвестициялардың азаюы;
Ә) акциялар бағамының төмендеуі;
Б) еңбекке сұраныстың төмен болуы;
В) жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар көлемінің азаюы;
Г) корпорациялар пайдаларының кемуі;
Д) салық түсімдерінің өсуі;
Е) жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар көлемінің ұлғаюы;
Ж) инфляция.
5. Экономикалық кезеңнің негізін төмендегілер құрайды:
А) қалған әлем шығыстарының өзгеруі;
Ә) тұтыну шығыстарының өзгеруі;
Б) мемлекеттік шығыстардың өзгеруі;
В) инвестициялық шығыстардың өзгеруі;
Г) өндіріс көлемінің кеңеюі;
Д) ақша жиыны көлемінің өзгеруі;
Е) негізгі капиталдың жаңартылуы;
Ж) ақша айналымы жылдамдығының артуы.
6. Жұмыс күші - ол:
А) жұмыспен қамтылғандар + (плюс) жұмыссыздар;
Ә) экономикалық тұрғыда белсенді жұртшылық;
Б) жұмыспен қамтылғандар;
В) жұмыспен қамтылғандар – (минус) жұмыссыздар;
Г) экономикалық тұрғыда белсенді жұртшылық – (минус) жұмыссыздар;
Д) мемлекеттің барша халқы;
Е) экономикалық тұрғыда белсенді жұртшылық + (плюс) жұмыссыздар;
Ж) мемлекеттің барша халқы – (минус) жұмыссыздар.
7. ЖІӨ мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы өзара байланыс кандай?
А) жұмыссыздық өседі, ЖІӨ төмендейді;
Ә) жұмыссыздық өседі, ЖІӨ артады;
Б) жұмыссыздық өседі, ЖІӨ өзгермейді;
В) жұмыссыздық өзгермейді, ЖІӨ өседі;
Г) олардың арасында өзара байланыс жоқ;
Д) жұмыссыздық төмендейді,ЖІӨ өседі;
Е) жұмыссыздық төмендейді,ЖІӨ кемиді;
Ж) жұмыссыздық төмендейді, ЖІӨ өзгермейді.
8. Жұмыссыздықтың деңгейі төмендегілер арқылы анықталады:
А) жұмыссыздар/ жұмыс күші;
Ә) жұмыс күші/ жұмыссыздар;
Б) жұмысы барлар/ жұмыссыздар;
В) жұмыссыздар/ жұмысы барлар;
Г) жұмыссыздар/ экономикалық тұрғыда белсенді жұртшылық;
Д) экономикалық тұрғыда белсенді жұртшылық / жұмыссыздар;
Е) жұмыссыздар/ жұмысы барлар+ жұмыссыздар;
Ж)(жұмысы барлар+ жұмыссыздар)/ экономикалық тұрғыда белсенді жұртшылық.
9. Егер атаулы табыс 21% артса, ал бағалар деңгейі 7% өссе,нақты табыс мөлшері қалай өзгереді?
А) 3 есе артады;
Ә) 14% ұлғаяды ;
Б) 3 есе азаяды;
В) 13 % көбейеді;
Г) 13% кемиді;
Д) 28% артады;
Е) 28%азаяды;
Ж)14% кемиді.
10. Атаулы табыс 75000-ға тең, ал бағалар индексі нақ осы жолы 107-ні құрайды. Нақты табыс неге тең?
А) 69750 теңгеге;
Ә) 5250 теңгеге көбейді;
Б) 80250 теңгеге көбейді;
В) 107% артты;
Г) елеусіз ғана өзгерді;
Д) 70093 теңгеге ;
Е) 5250 теңгеге кеміді;
Ж)107 % азайды.
Достарыңызбен бөлісу: |