2.Сұрақтарға жауап беріңіз:
«Ақша», «ақша массасы», «ақша ұсынысы», «квазиақшалар» деген не?
Ақша агрегаты деген не және оларды қандай критериялар бойынша бөліп қарастырады?
Ақшаға сұраныс деген не және оның мотивтері қандай?
Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориясы арасында қандай айырмашылықтар бар? Неоклассикалық дихотомия және «ақшалардың нейтралдығы» деген не?
Қарапайым ақша мультипликаторымен қатар шынайы ақша мультипликаторын оқытудың қажеттілігі қандай? Қарапайым ақша мультипликаторы қандай жағдайларды қарастырмайды?
Ақша базасы мен ақша массасы арасындағы айырмашылық қандай?
Ақша мультипликаторының мәні неде?
Ақша нарығы қалайша тепе – теңдік жағдайға келтіріледі?
Экономикадағы банктік резервтердің, әсіресе – міндетті резервтердің рөлі қандай?
Ақша – несие саясатының мазмұны мен мақсатын түсіндіріңдер. Оның негізгі құралдарын атаңдар.
«Арзан ақша» және «қымбат ақша» саясатының мәні неде? Оларды тағы да басқаша қалай атайды?
Пайыздық ставка мен ақша массасына бақылау қалайша жүзеге асырылады?
1. Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша М1, М2, М3ақша агрегаттарының көлемін анықтаңдар.
2. а) Айталық, шарт жасасуға арналған әр теңге орта есеппен жылына 6 рет айналады жөне соңғы тауар немесе қызмет көрсетуді сатып алуға ба-ғытталады. ЖҰӨ атаулы көлемі 2400 млрд. тг. Шарт жасасуға арналған ақшаға деген сұраныс көлемін табыңдар.
ә) Кестеде активтерден әр түрлі пайыз мөлшері бойынша ақшаға деген сұраныс көлемі көрсетілген. Мәліметтерді қолданып, ақшаға деген жалпы сұранысты көрсетіңдер.
Пайыздық қойылым (%)
|
Ақшаға сұраныс көлемі
|
Активтер бойынша
|
жалпы
|
16
|
20
|
420
|
14
|
40
|
440
|
12
|
60
|
460
|
10
|
80
|
480
|
8
|
100
|
500
|
6
|
120
|
520
|
4
|
140
|
540
|
б) Ақша ұсынысы 480 млрд тг. болды. Тепе-теңдік пайыздық қойылымды анықтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |