НұСҚаулар «Э лектрлік шамаларды өлшеу»



бет4/37
Дата19.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#140861
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Практика, ИЭВ, сов.каз-1

Әдістемелік ұсыныстар

1. Өлшеу бірліктерінің халықаралық жүйесін қарастыру кезінде студенттерге анықтамалардың физикалық мәніне көңіл бөлу керек.


2. Халықаралық өлшем бірліктерінің жүйесін қарастырған кезде студенттер анықтамалардың физикалық мағынасына назар аударуы керек.
3. Туынды, еселік және бөлшектік өлшем бірліктерді қарастыру кезінде студенттерге өлшем бірліктердің ауысуына көңіл бөлу керек. Мысалы, 10 кВ-ты вольтқа, 100 Ом-ды кОм-ға, 100 мкФ-ты пкФ-қа келтіру керек.


Өз бетінше дайындалуға тапсырмалар

1. Аспаптардың метрологиялық сипаттамаларын оқып зерделеу.


2. Халықаралық өлшем бірліктерінің жүйесіне кіретін физикалық шамалардың өлшем бірліктерінің анықтамаларын жазбаша түрде дайындау.
3. Негізгі электр шамаларының өлшем бірліктерінің анықтамаларын жазбаша түрде дайындау.


Бақылау сұрақтары

1. Өлшеу үрдісінің негізгі құрамдары.


2. Өлшемдік пен электр өлшеу аспапқа анықтама беріңіз.
3. Өлшеу сапасын анықтайтын факторлар.
4. Электр аспаптарының метрологиялық сипаттамалары.
5. Магнит ағынының өлшем бірлігі.
6. Магнит индукциясының өлшем бірлігі.

2-тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Электр шамалардың эталондары мен өлшемдіктері


Сабақ жоспары

2.1 Эталондар мен өлшемдіктер. Әртүрлі түрлері.


2.2 Электрлік шамалардың эталондары мен өлшемдері.


2.1 Эталондар мен өлшемдіктер. Әр түрлі түрлері

Өлшеулердің біркелкілігін қамтамасыз ету үшін бірдей физикалық шамаларды өлшеу құралдарының барлығы бірліктердің сәйкестендіріліп градуирленуі (мөлшерленуі) қажет.


Өлшеудің біртұтастығы (бірегейлігі) физикалық шамалардың белгіленген бірліктерін дәл туындату және сақтау және олардың өлшемдерін қолданылатын өлшеу құралдарына беру арқылы қол жеткізіледі. Бірліктердің өлшемдері эталондар мен үлгілік өлшеу құралдарының көмегімен туындалады, сақталады және беріледі.
Өлшем бірліктерінің өлшемдерін берудің метрологиялық тізбегінің ең жоғары буыны эталондар болып табылады.
Физикалық шамалардың эталондары деп төменгі сатыдағы өлшеу құралдарының салыстырып тексеру сұлбаларына физикалық шаманың мөлшерін беру үшін, оны туындатып, өлшем бірліктерді сақтауды жабдықтайтын өлшеу құралдарын (немесе өлшеу құралдарының кешенін) айтады.
Физикалық шама бірліктерінің халықаралық эталондары салмақтар мен өлшемдердің Халықаралық бюросында сақталады.
Дәлдікке байланысты эталондар келесідей ерекшеленеді:
біріншілік эталон - ғылым мен техниканың дамыған деңгейінде өте жоғарғы дәлдікпен өлшем бірліктерді туындатуды және оны сақтауды жабдықтайтын эталон. Ол ерекше жағдайда сақталады;
екіншілік эталон - мәні біріншілік эталонмен белгіленген, халықаралық стандарт;
мемлекеттік эталон – әрбір елден шығатын эталон. Мемлекеттік эталондар еліміздің метрологиялық институттарында сақталады;
жұмысшы эталон – бірліктердің сақталуын және оның мөлшерін жоғары дәлдікпен және қажет болған ең жоғары өлшемдіктерге және өлшеу аспаптарына беру үшін қолданылады.
Физикалық шамалардың бірлік эталондарының қолданылуы - бұл жалпы мемлекеттік немесе халықаралық ауқымда өлшеу құралының дәлдігі бойынша оның мөлшерін беру.
Физикалық шамалардың бірлік эталондары айрықша түрде жасалынып, орнықты реттілікпен бекітіледі.

Бір мәнді, көп мәнді өлшемдіктер мен өлшемдіктер жиынтығы бар. Бір мәнді өлшемдік бір өлшемдегі физикалық шаманы туындатады. Көп мәнді өлшемдік әртүрлі мөлшердегі бірнеше бірдей шамаларды туындатады. Өлшемдіктер жиынтығы өзімен бірге тек жеке-жеке ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мөлшердегі бірнеше бірдей шамаларды туындату үшін қолданылатын арнайы таңдалған өлшемдіктер жиынтығы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет