1.2 Электрлік шамалардың өлшем бірліктер жүйесі
Электр мөлшерінің бірлігіне кулон (Кл) жатады, кулон (Кл) – ток күші 1 А болғанда 1 с уақыт ішінде көлденең қима арқылы өтетін электр мөлшері.
Электр кернеуі, электрлік потенциалдардың айырымы; электр қозғаушы күш вольтпен (В) өлшенеді. Вольт қуат 1 Вт тең болғанда электр тізбегінде 1 А тұрақты ток күшін туындататын электр кернеуіне тең.
Электрлік сыйымдылықтың бірлігі - фарад (Ф) - заряд 1 Кл болғанда, конденсатордың қабаттарының арасындағы кернеу 1 В болатын конденсатордың сыйымдылығына тең.
Электр кедергісі оммен (Ом) өрнектеледі. Бір Ом – бұл өткізгіш сымның бойымен 1 А тұрақты ток күші өткенде сымның ұштарында 1 В кернеу пайда болған кездегі сымның кедергісіне тең.
Электрлік өткізгіштіктің бірлігі - сименс (См) - кедергісі 1 Ом болатын сымның электр өткізгіштігі.
Магнит ағыны вебермен (Вб) өрнектеледі. Бір вебер - магнит ағынының 0-ге дейін төмендеуі кезінде, оған ілініскен 1 Ом кедергілі сымның көлденең қимасы арқылы 1 Кл электр мөлшері өтетін магнит ағынына тең.
Магнит индукциясының бірлігі - тесла (Т) – 1 м2 ауданның көлденең қимасын магнит ағыны қиып өткенде магнит индукциясы 1 Вб.
Индуктивтілік және өзара индуктивтілік генримен (Г) өрнектеледі -генри - 1 А ток күшіне магнит ағыны ілініскендегі контурдың 1 Вб индуктивтілігі.
Электр қуатының өлшем бірлігіне ватт (Вт) жатады.
Өлшем бірліктер эталондар мен үлгілік өлшеу құралдарының көмегімен туындалады, сақталады және беріледі. Өлшем бірліктерінің өлшемдіктерін берудің метрологиялық тізбегіндегі жоғары буын эталондар болып табылады.
1.3 Туынды, еселік және бөлшектік өлшем бірліктер
Метрлік бірліктерді Халықаралық бірліктер жүйесінде де, көптеген тәжірибелік жағдайларда да оларды қолдану өте қолайсыз: не өте үлкен, не өте кішкентай болады. Сондықтан бөлшектік немесе еселік бірліктерді қолданады, яғни осы жүйенің бүтін санына сәйкес келетін үлкен немесе кіші еселік бірліктерін қолданады. Қазіргі кезде келесі ондық көбейтінділер мен оларға қатысты қосымшалар қолданылады: 1018 - экса, 1015 - пета, 1012 - тера, 109 - гига, 106 - мега, 103 - кило, 102 - гекто, 101 - дека, 10–1 - деци, 10–2 - санти, 10–3 - милли, 10–6 - микро, 10–9 - нано, 10–12 - пико, 10–15 - фемто, 10–18 - атто.
Достарыңызбен бөлісу: |