Бақылау сұрақтары
1. Кирхгофтың бірінші заңын тұжырымда?
2. Кирхгофтың екінші заңын тұжырымда?
3. Қуат балансы деп нені айтады?
4. Потенциалдық диаграмма не үшін қажет?
5. Резистордағы тоққа қосылған кернеуді екі есе арттырса тоқ қалай өзгереді?
6. Үш резистор параллель жалғанған тізбектегі жалпы тоқ саны егер резистордағы тоқты екі есе төмендетсе қалай өзгереді?
7. Қоректендіру көзінің теріс қуаты нені білдіреді?
8. Қуат балансын құрғанда резистивті элементте теріс қуат бола алады ма?
9. Потенциал нүктелерінің бір э.қ.к. көзінен екіншіге ауысқандағы өзгеріп отыруы немен түсіндіріледі?
Зертханалық жұмыс № 4
Бірфазалы айнымалы тоқ тізбегіндегі кедергінің, катушка индуктивтілігінің, конденсатордың параллель жалғануындағы есептік және тәжірибелік жолмен зерттеу
Жұмыстың мақсаты: кезекпе-кезек есептеу әдісін зерттеу.
Жалпы мәліметтер
Кезекпе-кезек есептеу әдісі былай тұжырымдалады: кез-келген тармақтағы тоқ әрбір жеке схеманың ЭҚК шақыратын тоқтардың алгебралық қосындысына тең болады, бұл принцип барлық сызықты электр тізбектеріне сәйкес келеді.
Осы әдіспен тізбекті есептегенде келесі шарттар орындалады:
а) әрбір ЭҚК әсерінен пайда болатын тоқтарды ойша қалған схемаларды алып тастап отырып кезек-кезек есептейді;
б) тармақтағы тоқтарды жеке-жеке алгебралық қосу арқылы табу.
Мысал ретінде 4.1(а) суретінде көрсетілген схеманы қарастырамыз
а) б) в)
Сурет 4.1 Кезекпе-кезек әдісі бойынша тоқтарды есептеу схемалары
Әр ЭҚК пайда болатын тоқтарды есептеу үшін схемалар құрамыз (сур. 4.1-б,в). Тоқтарды есептеу үшін теңдеулер құрамыз.
Е1 ЭҚК тоқтары үшін:
, , .
Е3 ЭҚК тоқтары үшін:
, , .
Сонда тармақтағы дәл тоқтар тең болады:
I1 = I1 + I1, I2 = I2 -I2, I3 = I3 + I3 .
Достарыңызбен бөлісу: |