НұСҚаулық Оқу-әдістемелік құрал


Білім алушылардың балы



бет24/27
Дата04.11.2023
өлшемі10,65 Mb.
#122106
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Білім
алушылардың балы

Максималды балл

Оқу жетістігі деңгейі

Болжам баға

1

1-бөлім бойынша ЖБ

8

12

Орта (66%)

3-4

2

2-бөлім бойынша
ЖБ

5

10

Орта (50%)

3-4

3

3-бөлім бойынша
ЖБ

10

12

Жоғары (83%)

5

6.2 Тоқсандық баға қою


1-сыныпта 1-жартыжылдықта жиынтық бағалау өткізілмейді. Тоқсандық бағалар тек 3 және 4-тоқсандарда қойылады.
Тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы есебінен жинақталады.
2-4-сыныптарда тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар және тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы арқылы жинақталады.
Тоқсандық бағаны қою үшін бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысының белгілі пайыздық арақатынасы пайдаланылады:

  • тоқсандық бағаның 50% бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қорытындысы арқылы қалыптасады;

  • тоқсандық бағаның 50% тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысы бойынша қалыптасады.

Жиынтық бағалау (ЖБ)

Үлес салмағы

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша ЖБ

50%

Тоқсандық ЖБ

50%

Тоқсандық баға

100%

Төменде «Математика» пәні бойынша 1-сынып білім алушыларының 3-тоқсан бағаларының есебі мысал түрінде берілген.
«Математика» пәні бойынша 1-сынып білім алушыларының 3-тоқсанның, бөлімнің жиынтық бағалауы бойынша нәтижелері



Жиынтық бағалау
(ЖБ)

Білім алушылар балы

Максималды балл

Оқу жетістігі деңгейі

Болжам баға

Арақатынасы,
%

Балдың пайыздық мазмұны

1

1-бөлім бойынша
ЖБ

8

12

Орта (66%)

3-4

50%

33,8%

2

2-бөлім бойынша
ЖБ

5

10

Орта (50%)

3-4

3

3-бөлім бойынша
ЖБ

10

12

Жоғары (83%)

5

4

Тоқсандық
ЖБ

15

20

-

-

50%

37,5%




Барлығы:

71,3


Тоқсандық бағаны есептеу үшін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы балдың пайыздық мазмұны жинақталады.
33,8% + 37,5% = 71,3%
Балды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша баға білім алушының тоқсандық бағасымен анықталады.

Баға

Балдардың пайыздық мазмұны

«1»

0

«2»

1%-20%

«3»

21%-50%

«4»

51%-80%

«5»

81%-100%

Аталған шәкілге сәйкес 71,3 %, баға «4-ке» сәйкес.
«Математика» пәні бойынша білім алушының 3-тоқсандағы бағасы – «4».

6.3 Жылдық баға қою


Білім алушының пән бойынша жылдық бағасы барлық төрт тоқсанның нәтижелерінен құралады (1-сыныптағы 3,4-тоқсандар).
Төменде 2-сыныптың «Математика» пәні бойынша білім алушының жылдық бағасын есептеу бойынша мысал келтірілген.
2-сыныптағы «Математика» пәні бойынша білім алушылардың
1-4-тоқсандардағы нәтижесі

Жиынтық бағалау
(ЖБ)

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Балдың жалпы саны

Арақатынасы,
%

Оқу жылы бойынша
балдардың пайыздық мазмұны

Бөлім бойынша
ЖБ

34-тен 23

30-дан 20

25-тен 21

20-дан 18

109-дан 82

50%

37,6%

Тоқсан дық ЖБ

20-дан 18

20-дан 15

20-дан 19

20-дан 16

80-нен 68

50%

42,5%

Барлығы:







80,1%


Жылдық баға есебі үшін білім алушының бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы жалпы саны есептеледі. Бұдан соң оқу жылындағы балдың пайыздық мазмұны (50%:50%) пайыздық арақатынаспен анықталады.
Оқу жылындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық балдың пайыздық мазмұны жинақталады, балды бағаға ауыстыру шәкілі арқылы ауыстырылады.
37,6% + 42,5% = 80,1%

Баға

Балдардың пайыздық мазмұны

«1»

0

«2»

1%-20%

«3»

21%-50%

«4»

51%-80%

«5»

81%-100%

80,1 % балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес – бұл баға «4».
2-сыныптағы «Математика» пәні бойынша білім алушының жылдық бағасы – «4».

ҚОРЫТЫНДЫ


Оқыту тек білім берудің төңірегінде ғана болмайды, ол оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына да тікелей қатысты болады. Оқытудың қаншалықты табысты, ойдағыдай өтетіні, сондай-ақ, білім алушылардың қандай қиындықтарды басынан өткізетіндігі туралы ақпаратты мектептің тиімді бағалау жүйесі көрсетеді. Сондықтан жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу кезінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады.
Бағалау барысында қарапайым субъективті сандық бағаларды тіркеуден сапалы, объективті бағалауға өту жоспарланған. Оқу нәтижелерін бағалау барысында жаңа формалар енгізілмек: балдарды қоюды қарастыратын жиынтық бағалау мен кері байланыс беруді қамтитын қалыптастырушы бағалау.
Мұғалімдерге көмек ретінде білім алушылардың оқу жетістіктерін қалыптастырушы және жиынтық бағалау үдерістерін жоспарлау, ұйымдастыру мақсатында практикалық ұсыныстар берілген. Атап айтқанда, бағалауды өткізудегі қолданылатын әр түрлі бағалау түрлері (қалыптастырушы және жиынтық), олардың формалары (топтық, жұптық, жеке), бағалау критерийлерін құрастыру, кері байланыс беру, баға қою және тағы да басқаларын қамтитын мысалдар жиынтығы.
Осылайша, бағалаудың жаңа құралдарын енгізу де жоспарланған: критерийлер, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, дескрипторлар, оқу жетістіктерінің деңгейлері, балдар, баға, т.б. – бұл оқуда және бағалауда мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын тигізеді.

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Блум Б.С. (1956). Классификация учебных целей. Нью Йорк: Лонгман.
Блум Б.С., Кратволь Д. (1956). Таксономия целей обучения. Нью Йорк: Лонгман.
Блэк П., Уильям Д. (2009). Педагогические исследования: формативное оценивание. Британский научный журнал исследований №29.
Вуд Д., Брунер, Дж. С., Росс, Г. (1976). Скаффолдинг, тьюторство и компьютерное сопровождение обучения. Журнал детской психологии и психиатрии, 17(2), 89-100.
Выготский Л.С. (1978). Развитие высших психических функций. Москва: изд. АПН РСФСР.
Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп, Педагогикалық шеберлік орталығы құрастырған, Қазақстан
Республикасындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының деңгейлік бағдарламасының глоссарийі: оқу-әдістемелік құрал (2012). Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы.
Зимняя И.А. (1973). Психология слушания и говорения. Москва: Докторская диссертация.
Логвина И., Рождественская Л. Инструменты формирующего оценивания в деятельности учителя-предметника. Пособие для учителя. – Нарва, 2012.
– 48 с.
Оценивание учебных достижений учащихся. Методическое руководство/ Сост. Р. Х. Шакиров, А.А. Буркитова, О.И. Дудкина. – Б.: «Билим», 2012. – 80 с.
ЭЫДҰ (2014). Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру.
Пинская М.А. Формирующее оценивание: оценивание в классе: Учебное пособие. – М.: Логос, 2010. – 264 с.
Уигнис Г. и Тай Дж. (2011). Что такое «обратный дизайн»?
Уильям Д. (2008). Изменяя практику в классе. Заметки из исследований Ширли Кларка, Дилана Уильяма и Национальной стратегии.
Уильям Д. и Томсон М. (2007). 5 основных стратегий для формативного оценивания.
Фишман И.С., Голуб Г.Б. Формирующая оценка образовательных результатов учащихся: Методическое пособие. - Самара: Издательство «Учебная литература», 2007. - 244 с.
Шамова Т.И. (2007). Современные средства оценивания результатов обучения в школе. - Москва: Педагогическое общество России.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет