Нуо казахстанско российский медицинский



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата11.05.2023
өлшемі392,32 Kb.
#91760
1   2   3   4
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- 
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ 
 УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 НУО КАЗАХСТАНСКО 
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ 
УНИВЕРСИТЕТ 
 
Температураның шық нүктесінен төмендеуі кезінде будың конденсациясы басталады. 
Атмосферадағы конденсация тұман түрінде байқалады. Жапырақтардағы, шөптердегі және басқа 
беттердегі конденсация шық немесе қырау түрінде байқалады. Конденсацияның басталуы үшін
қандай да бір біртекті емес беттер қажет (шаңдар, түктер және т.б.), сол себептен шық ең алдымен 
түкті, содан кейін тегіс өсімдіктердің беттерінде пайда болады. 
Бастапқы ылғалдылық жоғары болған сайын, будың серпімділігі көп және шық нүктесі жоғары 
болады. Сулы беттердің (өзендердің) үстіндегі ауаның ылғалдылығы құрылықтағыға қарағанда 
жоғары болады, сондықтан өзендер мен көлдердің үстінде тұман құрғақ жерге қарағанда ертерек 
пайда болады. 
Аэроионотерапия — бұл иондар мен су молекуласының электрлік зарядталған бөлшектерінің 
(гидроаэроион) үйлесуімен немесе электрлік зарядталған бөлшектері бар ауаны (аэроин) қолдануға 
негізделген аэротерапия әдісі. Аэроионотерапия табиғи және жасанды болып бөлінеді. 
Физиотерапия әдісі болып саналатын жасанды аэроионотерапия әртүрлі ионизаторлардың 
көмегімен жүзеге асады (электро-эффлювиальді, жоғары кернеулікті электр өрісінің әсеріне 
байланысты— АИР-2, ЭЭФ-01 және басқалары, гидродинамикалық — ГАИ-4, ГАИ-4У, Серпухов-1, 
радиоактивті, термоэлектронды). Емдеу топтық және жеке әдіспен жүргізіледі. Жасанды 
аэроионотерапия аэротерапияның бір әдісі болып табылады. Гидроаэроионизация – 
аэроионотерапияның бір түрі. Аэроиондар космыстық, қысқа толқынды күн сәулесінің
радиоактивті сәулеленуден және басқада иондаушы факторлардың әсерінен ауа молекулаларынан 
электрондардың жұлынуы нәтижесінде иондану жолымен жүзеге асады. Босанған электрондар 
бірден басқа молекулалармен бірігеді. Осылай жоғары қозғалғыштыққа ие оң және теріс 
зарядталған молекулалар (аэроиондар) пайда болады. Бұл алғашқы кішкене иондар ауаның 
бөлшектеріне орнығып екінші иондарды (орташа,ауыр және ультраауыр) түзеді. Ылғалды және 
ластанған ауада ауыр иондар саны бірден артып кетеді. Ауаның иондану дәрежесі микроклиматтық 
курорт жағдайындағы медициналық бағалау үшін қолданылады.
Аэроиондардың әсер ету механизмі ағзаларға және ағза жүйесіне әсер ететін терінің және тыныс 
алу жолдарының қозуымен байланысты. Концентрациясы мен зарядтың түріне байланысты 
аэроиондар рецепторлар қозуының деңгейін көтереді немесе төмендетеді. Тері бетіне түскен 
аэроиондар зарядтарын жоғалтады. Тіндерде тұрақты әлсіз тоқ пайда болады, ал адамның денесі 
Жерге байланысты теріс немесе оң потенциалдарға ие болады. Теріс иондардың әсерінен орталық 
жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы тұрақталады, шаршау жоғалады,ой және физикалық 
жұмыс істеу қабілеті артады, жүрек қан тамыр жүйесі, тыныс алу функциясы жақсарады. Табиғи 
аэроионизация (гидроаэроионизация) аумақта ұзақ уақыт таза иондалған ауаның болуын 
қамтамасыз етеді. Табиғи жағдайда иондалған ауаны алу үшін әртүрлі қондырғылар қолданылады – 
демалыс орны бар жасанды сарқырамалар, саябақтағы су бұрқақтар және т.б. Аэроионотерапияны 
қолдану тыныс алу ағзаларының ауыруы кезінде (ларингит,трахеит,бронхит және т.б) ерекше орын 
алады. Аэропрофилактика – шынықтыру мақсатында ағзаға таза ауамен әсер етуге негізделген
климатопрофилактика әдістерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет