МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
НУО КАЗАХСТАНСКО
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ
4
, мұндағы 1г/ - люминесцентік сәуле энергиясы, ҺVф - денені қоздыруға кеткен
фотонның энергиясы. Стокстың заңы бойынша, атомның немесе молекуланың жүтқан
фотонының энергиясының біраз бөлігі оптикалық емес,жарық шығарумен байланыссыз
құбылыстарға жұмсалады. ҺVф = һ V' + ДЕ немесе Vф > V' мүнан Хф < Хл болады,
яғни люминесценция толқьгаы оны қоздырған фотонның толқынынан үлкен болады .
Люминесценция
ХфХлХ,
люминесценция
құбылысының
энергетикалық
сипатамасы ретінде ұшып шықан фотон санының денеге жұтылған фотон санына
қатынасын алуды Вавилов ұсынған, бұл шама Ф =п / N өрнегімен сипатталынады.
Люминесценция құбылысы денені құрайтын химиялық қосылыстарының шамасын
анақтайтын люминесценциялық талдау әдісінде қолданылады. Мысалы, жасушаның
тірі немесе өлі екендігін олардың шығаратын сәуле түсіне қарап ажыратады, ал қанның
жасыл сары түсіне қарап оның құрамында адреналин бар екендігін анықтауға болады.
Химиялық реакциялар нәтижесінде денелердің атомдары мен молекулаларының қозуы
салдарынан олардың сәулеленуін хемилюминесценция деп, ал бұл құбылыстың
биологиялық денелерде жүруін биохемилюминесценция (жарқырауық қоңыз, кейбір
теңіз жәндіктері мен жануарлары т.б.) құбылысы деп атайды. Биологиялық жүйелердегі
хемилюминсценция құбылысы липидті бос радикалдарының рекомбинациялануы
кезінде байқалады. Жалпы хемилюминесценция құбылысы бос радикалдар қатысумен
жүретін реакциялар кезінде байқалады. Ағзада бос радикалдардың мөлшерінің
артуы бұл құбылысты күшейтеді. Бос радикалдар ағза ұлпасындағы тотығуға қарсы
элементтер жүйесіне жататын аскорбин қышқылы, адреналин, фосфолипидтардың
сульфагидрилді қосылыстарымен тежелгенде хемилюминесценциялық сәулелену орын
алады. Ұлпадағы бос радикалдардың тотығу үдерісі кейбір аурулардың пайда болуына
алып келеді, олай болса хемилюминесценция құбылысын диагностикалық тест ретінде
қолдануға болады. Ағзада неғұрлым бос радикалдар көп болса сол ғұрлым оның ауруға
ұшырау ықтималдылығы да күшейеді. Соңғы кезде жүргізілген зерттеулер, «стресс»
және әр түрлі аурулар кезінде қан плазмасы мен оның сарсуының сәулеленуінің
интенсивтілігі өзгеретіндігін көрсетті. Мысалы, «стресс» кезінде қан плазмасы
шығатарын сәуленің интенсивтілігі күрт күшейеді, бұл құбылыс қанда бос радикалдар
тотығуының белсенділігінің артқанын көрсетеді, ал қан сарсуының сәуле шығаруының
күшеюі өкпедегі қабыну үдерісінің артуына сәйкес келеді және оның интенсивтілігі
аурудың белсенділігіне тәуелді болады. Бұл құбылыс бос радикалдардың
белсенділігінің артуынан болады.
Молекуланың қозған қалыпқа көшуін молекулада жарықтың квантының
энергиясын жинақтауы ретінде қарастыруға болады. Бірақ бұл энергия өте жылдам
жұмсалады. Энергия жылуға көшеді де қоршаған ортаға беріледі. Бұл процесстер өте
жылдам ағады (10"
13
- 10"
!
сек). Әр түрлі мөлшердегі энергияның квантын жұтқан
молекула біраздан кейін, сонымен қозудың ең төменгі деңгейіне көшеді. Әрі қарай
|