Нуржігіт Алтынбеков
2
«Тіс ұлпасының ампутациясы» термині - тіс ұлпасын жартылай, яғни оның
сауыттық бөлігін алып тастау білдіреді. Бұл манипуляция тіс қуысын ашып алған соң
бордың көмегімен жоғары айналымымен жүзеге асырылады.
«Тіс ұлпасының экстирпациясы» термині - тіс ұлпасын толығымен, яғни оның
сауыттық және түбірлік бөлігін алып тастау білдіреді. Әдетте бұл манипуляция тіс
ұлпасының ампутациядан кейін және ұлпаалғыштың (пульпоэкстрактор) көмегімен
жүргізіледі - ұлпаалғышты түбір өзекке енгізеді, 2-3 айналым жасап, аспапқа оралған
ұлпаны өзектен шығарады.
4. Тіс ұлпасын девитализациялау үшін қолданылатын құралдар (мышьяк
қойыртпағы, параформальдегидтік қойыртпақ). Олар әсер ету механизмі. Салу
техникасы.
Тіс ұлпасын өліеттендіру, яғни өлтіре жансыздандыру үшін арнайы құралдар -
девитализациялаушы қойыртпақтар (пасталар) қолданылады, мыс. мышьяк (күшәлә)
қойыртпағы немесе параформальдегидтік қойыртпақ. Аталған құралдарды қолдану
кезінде тіс ұлпасы толығымен некрозға ұшырайды.
Мышьяк (күшәлә) қойыртпақ құрамындағы
негізгі зат – мышьяк қышқылы, ол улы
зат. Бұл зат ақуыздардың денатурация мен тығыздалуын тудыруынан ұлпаның жасушалық
элементтері, қан тамырлар және нервтер өліеттенеді. Қойыртпақ құрамына қосымша зат
ретінде антисептиктер (тимол, эвгенол) және жансыздандырғыш заттар (анестезин,
дикаин) енгізеді.
Ең кең қолданылатын мышьяк қойырпағының рецептісі:
Достарыңызбен бөлісу: