Нуржігіт Алтынбеков 1 №4 практикалық сабақ. Тақырып


 Ұлпа қабынуын виталды экстирпация әдісімен эндодонтиялық емдеудің кезеңдері



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата03.10.2024
өлшемі0,76 Mb.
#146730
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ұлпа қабыну пульпит және периодонтит туралы түсінік

6. Ұлпа қабынуын виталды экстирпация әдісімен эндодонтиялық емдеудің кезеңдері.
Жалпы бұл әдіс бір қабылдауда жүргізіледі (ұлпа өміршендігін анықтаудан және 
периапикалды тіндерінің, тістің рентгенография жасаудан кейін): 
1.Жансыздандыру; 
2.Тісті ауыз сұйығынан ажырату
3.Тісжегі қуысын егеп-тазалау, тіс қуысын ашу
4.Сауыттық ұлпасын ампутациялау; 
5.Түбір өзектердің сағаларын кеңейту; 
6.Түбірлік ұлпасын экстирпациялау; 
7.Түбір өзектің жұмысшы ұзындығын анықтау
Түбір өзекті өндеу (механикалық, медикаментозды); 
9. Түбір өзекті пломбалау; 
10. Түбір өзек пломбалаудың рентгенологиялық бақылау; 
11. Тістің анатомиялық формасын қалпына келтіру - қуысты тұрақты пломбамен толтыру. 
7. Периодонтит – периодонттың қабыну 
8.Периодонтит емдеудің мақсаты:
периапикалды аймағында қабыну ошағын жою, оның 
организмге патогенді әсер етуіне жол бермеу, периодонт тіндерінің регенерациясын және 
тіс қызметінің қалпына келтіруін ынталандыру. 
Периодонтиттің эндодонтиялық емінің міндеттері: 
1.Одонтогенді инфекция ошағының жою; 
2.Түбір өзек жүйесінің санациясы және қалыптастыруы; 
3.Түбір өзекті сапалы түрде обтурациялау (толтыру). 
9.Периодонтиттің емдеу әдістері, мәні. 
консервативті
(тістің толығымен сақтаумен байланысты), 
хирургиялық
(тістің жұлумен 
байланысты), 
консервативті-хирургиялық (аралас). 
10. Периодонтиттің эндодонтиялық емдеу кезеңдері. 
Периодонтиттің ағымы әртүрлі: жедел, созылмалы, созылмалының өршуі. Әдетте 
периодонтитті бірнеше қабылдау арқылы емдейді (2-3 қабылдауда). 
Периодонтитті екі қабылдауда емдеу. 
1-ші қабылдаудың кезеңдері
(ұлпа өміршендігін анықтаудан және периапикалды 
тіндерінің, тістің рентгенография жасаудан кейін): 
1. Жансыздандыру; 
2. Тісті ауыз сұйығынан ажырату; 
3. Тісжегі қуысын егеп-тазалау, тіс қуысын ашу;
4. Ұлпа ыдырандысын сауыт бөлігінен шығарып (бордың, экскаватордың көмегімен 
жүргізеді, сонымен бірге медикаментозды өндеу орындайды), түбір өзектеріне жол ашу; 
5. Ұлпа ыдырандысын түбір бөлігінен шығару (ұлпаалғыштың көмегімен жүргізеді, 
сонымен бірге медикаментозды өндеу орындайды); 
6.Түбір өзектің жұмысшы ұзындығын анықтау;
7.Түбір өзекті өндеу (механикалық, медикаментозды); 


Нуржігіт Алтынбеков 

8.Түбір өзекті уақытша пломбалау (құрамында кальций, антибиотиктер және басқа дәрілік 
заттары бар материалдармен) немесе түбір өзекте антисептиктермен таңбаларды қалдыру; 
9.Уақытша пломба салу. 
2-ші қабылдаудың кезеңдері: 
1.Уақытша пломбаны сауыт және түбір бөлігінен алып тастау
2.Түбір өзекті медикаментозды өндеу; 
3.Түбір өзекті пломбалау; 
4. Түбір өзек пломбалаудың рентгенологиялық бақылау; 
5. Тістің анатомиялық формасын қалпына келтіру - қуысты тұрақты пломбамен толтыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет