5. Ұлпа қабынуын девиталды экстирпация әдісімен эндодонтиялық емдеудің кезеңдері. Эндодонтиялық емдеу екі қабылдауда жүргізіледі. 1-ші қабылдаудың кезеңдері (ұлпа өміршендігін анықтаудан және периапикалды
тіндерінің, тістің рентгенография жасаудан кейін):
Тісті ауыз сұйығынан ажырату
2.Тісжегі қуысын егеп-тазалау (немесе жартылай егеп-тазалап, себебі жансыздандыру
орындалмайды);
3. Тіс қуысын бір нүктеде (әдетте ұлпа мүйізше тұсында) ашып алу (тісжегі қуысының тіс
қуысымен байланысы болмаса). Бұл кезде пациенттің қатты ауру сезімі пайда болады
және ұлпа қанай бастайды;
4. Девитализациялаушы құралды зондтың көмегімен 0,0006-0,0008 г немесе №1
шартәрізді бордың бастың көлеміндей мөлшерімен апарып, ұлпа бетіне орналастыру;
5. Девитализациялаушы құралдың үстіне антисептикке немесе жансыздандырғыш
сүйықтыққа шыланған кішкене мақта тампонды қалдыру;
6. Қуысты суға аралыстырылған жасанды дентиннен жасалған уақытша пломбамен жабу.
Келесі қабылдау қойыртпақ түріне байланысты 24 сағаттан немесе 1 аптадан (біртүбірлі
тіс болса) немесе 48 сағаттан немесе 2 аптадан кейін (көптүбірлі тіс болса) тағайындайды.
2-ші қабылдаудың кезеңдері: 1.Уақытша пломбаны (тампон, девитализациялаушы құралды) алып тастау;
2.Тісжегі қуысын егеп-тазалау, тіс қуысын кеңейтіп ашу;
3.Сауыттық ұлпасын ампутациялау;
4.Түбір өзектердің сағаларын кеңейту;
5.Түбірлік ұлпасын экстирпациялау;
6.Түбір өзектің жұмысшы ұзындығын анықтау
7.Түбір
өзекті инструменталды (яғни механикалық немесе аспаптық) және
медикаментозды өндеу, соңында кептіру;
Нуржігіт Алтынбеков 4
8.Түбір өзекті пломбалау (пломбалық материалмен толтыру);
9. Түбір өзек пломбалаудың рентгенологиялық бақылау;
10.Түбірлік пломба бетіне аралық төсем салу;
Тістің анатомиялық формасын қалпына келтіру - қуысты тұрақты пломбамен толтыру.