үдерістер деңгейін ең алдымен қанайналымы мүшелерінің жұмысы қамтамасыз
етеді. Қанайналымдық жүйе өзінің
тасымалдау-заталмасулық қызметін лимфа
арқылы шығару жүйесімен және қан жүйесімен үйлесімде орындайды.
Сонымен, микроциркуляциялық үдеріс транскапиллярлық зат алмасуды
қанайналымы, лимфаайналымы және қан жүйелерінің ортақ мақсатқа
бағытталған үйлесімді қызметі арқылы жүзеге асырады.
«Микроциркуляция» ұғымы ең алдымен мынадай: микротамырлардағы қан мен
лимфаайналымы заңдылықтары, қан жасушаларының өзгеру заңдылықтары
(деформация, агрегация, адгезия), қанның ұю заңдылықтары, әсіресе транскапиллярлық
заталмасулық механизмдері сияқты үдерістерді қамтиды. Микроциркуляция
транскапиллярлық зат алмасуды жүзеге асыра отырып, тіндік гомеостазды қамтамасыз
етеді.
Қан арнасының жүйесі әртүрлі мүшелер мен жүйелерді организмнің
кажеттілігіне бейімдеп, үйлестіріп отырады. Қан арнасының жүйесі
гомеостазды үйлестіру жұмысын лимфаайналымы жүйесінің қатынасуымен
орындайды. Қан тамырлары мен лимфалық тамырлардың қызметін жүйкелік-
гуморальдық
механизмдер
(жүректің
жүйкелік
құрылымдары,
қан
тамырларының рецепторлары, мидың тамырларды қоздыратын орталығы, қан
мен лимфаның гуморальдық константалары, вазоконстрикторлар мен
вазоделататорлар, т.с.с.) реттейді. Жүрек қанды тамырларға айдап, тамырлар
оны таратып, лимфаны жинап, ал микроциркуляциялық арна транскапиллярлық
зат алмасу мен тіндердің метаболизмін қамтамасыз ететін плацдарм болып
табылады; сөйтіп әрқайсысы өзіне тән қызмет аткарады. Сонда да,
қанайналымы мен лимфаайналымы жүйелері атқаратын қызметі жағынан да,
құрылымы жағынан да, біртұтас жүйе; дегенмен, олардың әртүрлі органдар мен
тіндерде өзіндік құрылымдық және қызметтік ерекшеліктері бар.
Осы қысқаша шолудың өзінен-ақ қан мен лимфа айналымдары бұзылуына
қатысты бірсыпыра маңызды тұжырымдар жасаудың реті келіп тұр. Бірінші,
қанайналымы мен лимфаайналымы жүйелерінің және қан жүйесінің қызметі
мен құрылымы тығыз байланысты болғандықтан, қанайналымы бұзылуын
аталған жүйелерден жеке даралап зерттеуге болмайды. Екінші, қан және лимфа
айналымдары қалпынан тайғанда тіндердің (жасушалардың) метаболизмі ғана
емес, әрине олардың (жасушаның) құрылымы да зақымдалады; нәтижесінде
әртүрлі
дистрофия
немесе
некроз дамиды.
Аталған зақымдардың