Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет120/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
109
ТОЛЫҚҚАНДЫЛЫҚ 
Толыққандылық
(
гиперемия
) артериялық және веналық түрлерге бөлінеді. 
А
РТЕРИЯЛЫҚ ТОЛЫҚҚАНДЫЛЫҚ
 
Артериялық
толыққандылық
кезінде артериялық қанның келуі үдеп, мүше 
мен тінде қан молаяды. Қанайналымындағы қан немесе эритроциттер саны 
көбейсе, артериялық толыққандылықтың 
жалпы
 
түрі
 
дамып, тері мен 
шырышты қабықшалар қызарады. Дегенмен, артериялық толыққандылық 
әртүрлі себептерден дамып, көбіне оның 
жергілікті
 
түрі
 
орын
 
алады
.
Толыққандылықты физикалық немесе химиялық факторлар әдеттегідей әсер 
еткенде, ұялғанда немесе қатты ашуланғанда (рефлекторлық гиперемия), 
мүшенің қызметі үдегенде (қызметтік гиперемия) дамитын 
физиологиялық 
артериялық гиперемияға және кеселді факторлардан дамитын – 
патологиялық
артериялық гиперемияға бөлінеді.
Этиологиясы
мен 
даму механизмдері
тұрғысынан, 
патологиялық
 
артериялық
 
гиперемияның
 
ангионевроздық
 
(нейропараличтік), 
коллатеральдық, анемиядан кейінгі (постанемиялық), вакаттық, қабынулық, 
артерия-веналық жыланкөздегі түрлері ажыратылады. 
Ангионевроздық (нейропараличтік) гиперемия
қан тамырын тарылтатын нерв 
тітіркенгенде немесе қан тамырын кеңітетін нервтің параличінен дамиды. Тері 
мен кілегейлі қабықшалар қызарып, шамалап ісінеді, жылиды, тіпті қызады. 
Гиперемияның бұл түрі дененің иннервациясы бұзылған жерінде, симпатикалық 
жүйке жүйесінің түйіндерін зақымдайтын кейбір инфекциялық ауруларда беттің 
терісі мен кілегейлі қабықшасында байқалады. Ол, әдетте тез әрі зардапсыз 
өтеді. 
Коллатеральдық
гиперемия
қанның тромб немесе эмбол бітеген артерияның 
магистрал бағаны арқылы жүруі қиындағанда дамиды; ондайда қан ағысы 
коллатеральдық (айналма) қан тамырлар арқылы жүзеге асады. Өйткені 
коллатеральдардың саңылауы кеңіп, артериялық қанның ағысы үдеп, тінге 
келетін қанның мөлшері көбейеді. 
Анемиядан кейінгі (постанемиялық) гиперемия 
артерияны қысып, тінге 
келетін қанды азайтқан себепті (ісік, қуысқа жиналған сұйықтық, лигатура, т.б.) 
күрт жойған кезде дамиды. Ондайда бұрын қансыз қалған тамырға қан күрт 
толып, жыртып, қан кетеді, ал қанның ағысының бағыты кенеттен өзгерген 
басқа мүшелерде, мысалы, мида қан азаяды. Сондықтан дене қуыстарындағы 
сұйықтықты шығару, ірі ісікті алу, жгутты шешу сияқты әрекеттерді баяу 
орындаған дұрыс. 
Вакаттық гиперемия
(латынша: 
vaccus
– бос) барометрлік қысым 
төмендегенде дамиды. Оның жалпы түрі бар; ол мысалы, жоғары қысымды 
ортадағы сүңгуірді немесе кессондық жұмысшыны тым жылдам көтергенде 
байқалады. Ондайда гиперемияға газды эмболия қосарланып, қан 
тамырларында тромб қалыптасады, қанды дақтар пайда болады. 
Жергілікті вакаттық гиперемия
теріге шектеулі кеңістікте, мысалы 
медициналық оңқа қойғанда, қысым әсер еткен кезде дамиды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет