Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет121/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
110
Қабынулық гипермия 
қабыну үдерісіне тән («
Қабынуды»
қара
). 
А
ртерия-веналық жыланкөздегі гиперемия. 
Оқпен немесе басқа себептен 
жарақаттанғанда артерия мен вена саңылаулары қосылып ортақ саға түзсе, 
артериялық қан вена арқылы ағатын болады.
Маңызы
. Патологиялық артериялық гиперемияның әсері ең алдымен оның 
түріне байланысты. Мысалы, коллатеральдық гиперемия магистрал артериясы 
бітелген жерлерді қанмен қамтамасыз етіп компенсациялық рөл атқарады. 
Қабынулық гиперемия – қорғаныстық-бейімделулік мәні бар қабыну үдерісінің 
міндетті құрам бөлігі. Ал, вакаттық гиперемия кессондық ауруға тән үдеріс. 
В
ЕНАЛЫҚ ТОЛЫҚҚАНДЫЛЫҚ
 
Веналық
 
толыққандылық
 
кезінде қанның әкелінетін мөлшері азайып (әкету 
қыйын), мүше мен тінге қан жиналады. Бірақ келетін қанның мөлшері 
өзгермейді де, азаймайды да. Сондықтан іркілген веналық қан (
іркілулік
гиперемия
) веналар мен капиллярларды кернеп (53-сурет), гипоксия дамып, 
капиллярлардың базал мембранасының өткізгіштігі артады. 
53-сурет. Веналық толыққандылық. Өкпенің кеңіген капиллярлары мен веналарына қан толған. 
Веналық гиперемияның жалпы және жергілікті түрі болады. 
Веналық жалпы толыққандылық 
Веналық жалпы толыққандылықтың 
дамуына
 
жүрек патологиясы, яғни 
жүрек қызметінің (жүрек-қан тамыры) жедел немесе созылмалы жеткіліксіздігі 
себеп болады. Веналық толыққандылық жалпы немесе жергілікті болуы мүмкін. 
Веналық жалпы жедел толыққандылық 
– 
жүрек қызметінің жедел 
жеткіліксіздігі 
деп аталатын синдромның (миокардтың инфарктіден жиырылу 
қабілетінің жеткіліксіздігі, жедел миокардит) бейнесі. Нәтижесінде, тін-
қанаралық 
(гистогематикалық) 
бөген 
гипоксиядан 
зақымдалып, 
капиллярлардың өткізгіштігі күрт артады да, плазма сіңген тіндер суланып 
ісінеді, диапедездік қанды дақтар пайда болады, паренхималық мүшелерде 
дистрофиялық және некроздық өзгерістер өрістейді. Веналық қан жедел 
іркілген 
мүшенің 
құрылым-әрекеттік 
ерекшелігіне 
қарай, 
сулы-
плазмаррагиялық, геморрагиялық немесе дистрофиялық пен некроздық 
өзгерістердің бірі басым болады. Олар қосарлануы да мүмкін. Веналық қан 
жедел іркілген 
өкпеде
ауа-қандық бөгеннің физиологиялық ерекшелігіне 
байланысты, көбінесе сулы ісіну мен геморрагия орын алады. 
Бүйректе
нефрон 
құрылымының ерекшелігіне байланысты, әсіресе өзекшелер эпителийінде 
дистрофиялық пен некроздық өзгерістер басым. 
Бауырда
жедел толыққандылық 
кезінде 
бауыр 
бөлікшелері 
архитектоникасының 
қанайналымдық 
ерекшеліктеріне 
байланысты, 
әдетте 
бөлікшелер 
орталығында 
(центрлобулалық) қанды ошақтар мен некроз ошақтары қалыптасады. 
Веналық жалпы созылмалы толыққандылық 
жүректің
 
бірқатар созылмалы 
ауруларының (кемістік, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы миокардит, 
эндокард фиброэластозы, т.б.) асқынулық зардабы – 
жүрек қызметінің 
созылмалы (жүрек-қан тамыры) жеткіліксіздігі 
синдромына тән. Оның даму 
барысында мүшелер мен тіндерде ауыр және қайтымсыз өзгерістер 
қалыптасады. Гипоксия ұзақ мерзімді болғандықтан, плазмаррагия, суланып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет