Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет119/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
108
морфологиясынан барлық мүшелер мен тіндерге ортақ өзгерістермен қатар
белгілі бір мүше мен тінге ғана тән өзгерістер байқалады. Олар әлгі мүше мен 
тіннің құрылымдық қызметтік ерекшелігіне ғана емес, әсіресе олардың қан 
тамырлары мен лимфалық тамырларының ерекшеліктеріне де байланысты. 
Қан және лимфа айналымдарының бұзылуы тек қана осы жүйелер 
зақымдалғанда ғана емес, жүрек қызметін жүйкелік-гуморальдық реттеу, немесе 
қандай да болмаса, құрылымдық деңгей — жүрек, қан тамырлары, 
микроциркуляциялық арна, лимфалық тамырлар мен көкірек өзегі – зақымдалса 
да орын алады. Жүрек жұмысын реттеу бұзылса немесе жүректе патологиялық 
үдеріс дамыса, қан және лимфа айналымдары бұзылуының 
жалпы
түрі, ал қан 
тамырлары арнасының қандай да болмаса бір бөлігінің қызметі дұрыс 
реттелмесе, әлде осы буынның құрылымы зақымдалса, қан және лимфа 
айналымдары 
бұзылуының 
жергілікті
түрі 
дамиды. 
Қанайналымы 
бұзылуының (мысалы, миға қан құйылу) жергілікті түрі оның жалпы түрінің 
даму себебі бола алады. Қан мен лимфа айналымдары бұзылуының жалпы және 
жергілікті түрлері өте көп ауруларда байқалады және олардың ағымын 
асқынтып, қауіпті зардаптарға ұрындыруы да ықтимал. 
Қанайналымының бұзылуы 
Қанайналымының бұзылуын 3 топқа бөлуге болады: 1) қанның толу дәрежісі 
өзгеретін – толыққандылық (артериялық, веналық) пен қаназдық; 2) қан 
тамырларының өткізгіштігі өзгеретін – қан кету (қан құйылу) мен плазмаррагия 
(плазма ағу); 3) қанның ағысы мен сипатының, яғни реологиясының бұзылуына 
негізделген – стаз, сладж-феномен, тромбоз бен эмболия. 
Қанайналымы бұзылуының түрлері бір-бірімен патогенездік әрі себеп-
салдарлық қатынаста дамиды; мысалы, қан кету, плазмаррагия мен сулы ісіну 
толыққандылықпен, тромбоз бен эмболия қаназдықпен, ал тромбоздың өзі стаз 
бен веналық толыққандылықпен тығыз сабақтас. Және қанайналымының 
бұзылуы 
жүрек қызметінің жедел 
және 
созылмалы (жүрек-қан тамыры) 
жеткіліксіздігінің, қанның тамырдағы диссеминациялы ұюы (ҚДҰ -синдром), 
тромб-эмболиялық синдром 
сияқты
 
бірқатар клиникалық синдромдардың және 
шоктың 
үдерістік негізі болып табылады.
Құрсақтағы шарананың, жаңа туған нәрестенің және 3 жасқа дейінгі сәбидің 
қанайналымын реттейтін механизмдері толық жетілмеген, сондықтан оларда 
толыққандылықтың жалпы және жергілікті түрлері, қаназдық, қан құйылу, стаз, 
ересектерге қарағанда, тез және жиірек дамиды. Тромбоз бен инфаркт сиректеу 
байқалады. Қанайналымы бұзылуының бұл түрлері көбінесе жүрек-қан тамырлық 
жүйеде кемістік қалыптасқан балаларда дамып, оған сепсистік немесе бірқатар жедел 
инфекциялық аурулар (дифтерия, вирустық миокардит, т.б.) қосарланады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет