Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет156/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
140
Қан тамыры жоқ тіндерде (көздің қасаң қабықшасы, жүрек қақпақшасының 
жақтаушасы) қабынудың алғашқы кезінде альтерациялық үдерістер басым 
болып, тез арада төңірегінен қан тамырлары өрістеп, қабыну үдерісіне 
қатынасады. 
Қанның 
реологиялық 
қасиеттерінің 
өзгеруіне
венулалар 
мен 
посткапиллярлардың тарылуы, қан ағысының бәсеңдеуі және қан ағысындағы 
лейкоциттер мен эритроциттер арақатынасының өзгеруі тән. Полиморфядролы 
лейкоциттер біртіндеп қан ағысының орталығынан шетіне қарай ығысып, қан 
тамырларының қабырғасын қуалай жайғасады. Ақырында нейтрофилдер 
шетке 
жайғасып
барып, біртіндеп қан тамырынан шығады (
эмиграция
). 
Қабыну ошағында гемодинамика мен қан тамырының тонусы өзгеріп, 
посткапиллярлар мен венулаларда 
стаз
дамып, кейін 
тромбозға
ұласады. 
Лимфалық тамырларда да тап осындай өзгерістер орын алады. Сөйтіп, қабыну 
ошағына қанның келуі тоқтамаса да, лимфаайналымы бұзылады. Қабыну 
ошағында қан тамырлары мен лимфалық тамырлардың әкету әрекеті тежеліп, 
үдерістің жайылып, жалпы сипатта өршу қаупінің алдын алған бөген 
қалыптасады. 
Микроциркуляциялық арна тамырлары өткізгіштігінің артуы
– қабыну 
үдерісінің маңызды нышандарының бірі. Тіндік өзгерістердің бәрі және 
қабынудың әр түрінің ерекшеліктері тамыр өткізгіштігінің ахуалы мен 
зақымдалу дәрежесіне тікелей байланысты. Микроциркуляциялық арна 
тамырлары 
өткізгіштігінің 
артуында 
жасушалық 
ультрақұрылымдар 
зақымының маңызы зор; өйткені 
микропиноцитозды үдетеді
. Қан тамырлары 
өткізгіштігі артса, 
қанның плазмалық сұйықтықтары тінге
және іш 
қуыстарына шығып (
экссудация
), экссудат түзіледі және 
қабынулық жасушалы 
инфильтрат
пайда болады. 
Қан плазмасының құрам бөліктерінің шығуы
– қан тамырының 
микроциркуляциялық арна деңгейіндегі жауабы. Нәтижесінде қан тамырының 
сыртына қанның сұйық бөлімін құрайтын су, белок, электролиттер шығады. 
Қан жасушаларының эмиграциясы
, яғни жасушалардың қан ағысынан қан 
тамырларының сыртына шығуы хемотаксистік медиаторлардың әсеріне 
негізделген (X тәсімді
қара). Жоғарыда айтылғандай, сыртқа шығардан бұрын 
нейтрофилдер қан тамырларының жиегіне тұрақтайды. Олар көбіне 
посткапиллярлардың қабырғасына жабысып, жалған аяқ – псевдоподийлер 
түзіп, солардың көмегімен эндотелийлік жасушалардың арасы арқылы 
тамырдың сыртына шағады (
эндотелийаралық эмиграция;
63-сурет). Сондай-ақ, 
нейтрофилдер қан тамырының базал мембранасынан тиксотропия феномені 
(
тиксотропия
– коллоид тұтқырлығының изометриялық қайтымды нашарлауы) 
негізінде, яғни жасушалық мембрананың гель күйінен золь күйіне ауысуы 
арқылы өтетін сияқты. Лейкоциттер қан тамыры төңірегіндегі тіндерде 
псевдоподийлерімен жылжу әркетін жалғастыра береді. Лейкоциттердің қан 
тамырынан шығуы – 
лейкодиапедез
деп, эритроциттердің – 
эритродиапедез
деп 
аталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет